- •1. Мемлекеттің қаржылық қызметін атаңыз.
- •2. Қаржының ұғымы мен мемлекеттік қаржының функцияларына сипаттама беріңіз.
- •3. Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістерін ашыңыз.
- •4. Қаржылық құқық, пәні және жүйесі, құқықтық әдістеріне анықтама беріңіз.
- •5. Қаржылық құқықтық нормалардың түсінігі, түрлері және құрылымын сипаттаңыз.
- •6. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекше белгілерін атаңыз.
- •7. Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз.
- •8. Ақшаның ұғымы және функцияларын атаңыз.
- •9. Мемлекеттің ақша реформаларын сипаттаңыз.
- •10. Мемлекеттің валюта жүйесінің құқықтық негіздерін ашып көрсетіңіз.
- •11. Валюта реттеудің ұғымына анықтама беріңіз.
- •12. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдерін сипаттап көрсетіңіз.
- •13. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз.
- •14. Қаржылық бақылаудың ұғымы, субьектілері, обьектілері, міндеттері, әдістерін атаңыз.
- •15. Қаржылық бақылаудың жіктелуін жазыңыз.
- •16. Қаржылық бақылау органдары және олардың компетенциясын ашыңыз.
- •17. Қаржылық бақылаудың әдістерін атаңыз.
- •18. Қаржылық бақылаудың әдістерінің ұғымына анықтама беріңіз.
- •19. Бюджет құрылымын ашыңыз.
- •20. Бюджеттің ұғымы және бюджет терминінің мағынасына анықтама беріңіз.
- •21. Бюджеттердің түрлерін атаңыз.
- •22. Бюджет жүйесі және оның құрылымын сипаттаңыз.
- •23. Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқаруды ашыңыз.
- •24. Қр бюджет құқығы ұғымына анықтама беріңіз.
- •25. Бюджеттік саласындағы басқару органдарын сипаттаңыз.
- •26. Бюджеттік бақылаудың түрлері, қағидаларын атаңыз.
- •27. Бюджет процесінің ұғымы, қағидалары, сатыларын сипаттаңыз.
- •29. Бюджеттік саласындағы басқару органдарын атаңыз.
- •30. Бюджеттік бақылаудың түрлері, қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •32. Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын құрастыруды сипаттаңыз.
- •33. Бюджет кірістерінің құрамын ашыңыз.
- •34. Бюджет кірістерінің құрылымына сипаттама беріңіз.
- •35. Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау реттігін анықтаңыз.
- •36. Салықтың ұғымына анықтама беріңіз.
- •37. Салықтардың белгілерін атаңыз.
- •38. Мемлекеттік алымдардың баж салығының ұғымына анықтама беріңіз.
- •39. Мемлекеттік баж салығының ұғымына анықтама беріңіз.
- •40. Салық түрлерін атаңыз.
- •41. Салық функцияларын атаңыз.
- •42. Қр банк жүйесін сипаттаңыз.
- •43. Банк қызметін мемлекеттік реттеуді сипаттап көрсетіңіз.
- •44. Қр ұлттық банк ісінің құқықтық жағдайын атаңыз.
- •45. Екінші деңгейлі банктерінің құқықтық негіздерін ашыңыз.
21. Бюджеттердің түрлерін атаңыз.
Мемлекеттік бюджет – Қазақстан Республикасындағы қаржылық қызмет үшін тағайындалатын бюджет қаражатын қалыптастыру және бөлу және тиісті қаржылық жылға сәйкес негізгі қаржылық заңның мәртебесіне ие мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары, қаржылық ресурстары орталықтандырылған қорын білдіреді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық - заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында ақшалынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады.
22. Бюджет жүйесі және оның құрылымын сипаттаңыз.
Бюджет құрылымы бұл бюджеттің әр-түрлерінің құрамдас бөлігінің өзара әрекетінің және мемлекеттің бюджет жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын анықтайтын институт. Бюджет қызметінің нәтежесінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры құрылады. Бюджет жоспарын ұйымдастыруды мемлекет ақшасынан түсетін және мемлекеттік звено құрылысының басқа да ақша қаражатын алушылар арасында бөлінуін есептеуге мүмкіндік береді. Бюджет нақты анықталған мақсаттарға бағытталған ақша қаражатын ұсыну болып табылады. Мемлекетіміздің бюджет жүйесі әр деңгейде және әртүрлі орын алады. Олар республикалық бюджет, қала-аудандық бюджеттер және т.б. болып бөлінеді. Негізінен бюджет жүйесі күрделі құрылым болып табылады және көптеген құрамдас элементтердің жиынтығынан тұрады. Сондықтан бюджет жүйесі деп мемлекетіміздегі бюджеттердің, оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру әдістерінің, бюджеттерді әзірлеу қарау бекіту және атқару тәсілдері мен жолдарының бюджеттік қатынастарының тиісті қаржылық құқықтық актілерді бюджеттік қызмет аясындағы қаржылық және басқа мемлекеттік өкілетті органдарының бюджеттік бақылаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығын айтамыз. Бюджет құрылымы жүйесінің ұйымдастыру құру принциптері бюджет құқығының екі элементінен тұрады: 1.бюджет жүйесі; 2.бюджет жүйесін құру қағидалары. Кез келген елдің бюджеттік құқығы мемлекеттік және әкімшілік аумақтық бөліністеріне байланысты анықталады ҚР-ң бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттен тұрады осы екеуі бірігіп мемлекеттік құрылысын құрайды. Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi: 1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету; 2)толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге жол бермеу; 3)реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi; 4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы бақылауын жүргiзу; 5)дәйектiлiк принципi - бюджеттiк қатынастар аясында бұрын қабылданған шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы.
