Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_arzhy__1179__1201__1179_y_1171_y.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.02 Кб
Скачать

19. Бюджет құрылымын ашыңыз.

Бюджет дегеніміз – мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органның шешімімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтың, міндетті төлемдер, алымдар капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен орталықтандырылған ақша қоры. Ал қысқаша айтқанда, бюджет дегеніміз – ақша қорларының нысанын айтамыз. Мемлекеттік бюджет – Қазақстан Республикасындағы қаржылық қызмет үшін тағайындалатын бюджет қаражатын қалыптастыру және бөлу және тиісті қаржылық жылға сәйкес негізгі қаржылық заңның мәртебесіне ие мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары, қаржылық ресурстары орталықтандырылған қорын білдіреді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында ақшалынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджет құрылымы бұл бюджеттің әр-түрлерінің құрамдас бөлігінің өзара әрекетінің және мемлекеттің бюджет жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын анықтайтын институт. Бюджет қызметінің нәтежесінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры құрылады. Бюджет жоспарын ұйымдастыруды мемлекет ақшасынан түсетін және мемлекеттік звено құрылысының басқа да ақша қаражатын алушылар арасында бөлінуін есептеуге мүмкіндік береді. Бюджет нақты анықталған мақсаттарға бағытталған ақша қаражатын ұсыну болып табылады. Мемлекетіміздің бюджет жүйесі әр деңгейде және әртүрлі орын алады. Олар республикалық бюджет, қала-аудандық бюджеттер және т.б. болып бөлінеді. Негізінен бюджет жүйесі күрделі құрылым болып табылады және көптеген құрамдас элементтердің жиынтығынан тұрады. Сондықтан бюджет жүйесі деп мемлекетіміздегі бюджеттердің, оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру әдістерінің, бюджеттерді әзірлеу қарау бекіту және атқару тәсілдері мен жолдарының бюджеттік қатынастарының тиісті қаржылық құқықтық актілерді бюджеттік қызмет аясындағы қаржылық және басқа мемлекеттік өкілетті органдарының бюджеттік бақылаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығын айтамыз. Бюджет құрылымы жүйесінің ұйымдастыру құру принциптері бюджет құқығының екі элементінен тұрады: 1.бюджет жүйесі; 2.бюджет жүйесін құру қағидалары. Кез келген елдің бюджеттік құқығы мемлекеттік және әкімшілік аумақтық бөліністеріне байланысты анықталады ҚР-ң бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттен тұрады осы екеуі бірігіп мемлекеттік құрылысын құрайды.

20. Бюджеттің ұғымы және бюджет терминінің мағынасына анықтама беріңіз.

Бюджет дегеніміз – мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органның шешімімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтың, міндетті төлемдер, алымдар капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен орталықтандырылған ақша қоры. Ал қысқаша айтқанда, бюджет дегеніміз – ақша қорларының нысанын айтамыз. Мемлекеттік бюджет – Қазақстан Республикасындағы қаржылық қызмет үшін тағайындалатын бюджет қаражатын қалыптастыру және бөлу және тиісті қаржылық жылға сәйкес негізгі қаржылық заңның мәртебесіне ие мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары, қаржылық ресурстары орталықтандырылған қорын білдіреді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында ақшалынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]