- •1. Мемлекеттің қаржылық қызметін атаңыз.
- •2. Қаржының ұғымы мен мемлекеттік қаржының функцияларына сипаттама беріңіз.
- •3. Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістерін ашыңыз.
- •4. Қаржылық құқық, пәні және жүйесі, құқықтық әдістеріне анықтама беріңіз.
- •5. Қаржылық құқықтық нормалардың түсінігі, түрлері және құрылымын сипаттаңыз.
- •6. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекше белгілерін атаңыз.
- •7. Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз.
- •8. Ақшаның ұғымы және функцияларын атаңыз.
- •9. Мемлекеттің ақша реформаларын сипаттаңыз.
- •10. Мемлекеттің валюта жүйесінің құқықтық негіздерін ашып көрсетіңіз.
- •11. Валюта реттеудің ұғымына анықтама беріңіз.
- •12. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдерін сипаттап көрсетіңіз.
- •13. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз.
- •14. Қаржылық бақылаудың ұғымы, субьектілері, обьектілері, міндеттері, әдістерін атаңыз.
- •15. Қаржылық бақылаудың жіктелуін жазыңыз.
- •16. Қаржылық бақылау органдары және олардың компетенциясын ашыңыз.
- •17. Қаржылық бақылаудың әдістерін атаңыз.
- •18. Қаржылық бақылаудың әдістерінің ұғымына анықтама беріңіз.
- •19. Бюджет құрылымын ашыңыз.
- •20. Бюджеттің ұғымы және бюджет терминінің мағынасына анықтама беріңіз.
- •21. Бюджеттердің түрлерін атаңыз.
- •22. Бюджет жүйесі және оның құрылымын сипаттаңыз.
- •23. Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқаруды ашыңыз.
- •24. Қр бюджет құқығы ұғымына анықтама беріңіз.
- •25. Бюджеттік саласындағы басқару органдарын сипаттаңыз.
- •26. Бюджеттік бақылаудың түрлері, қағидаларын атаңыз.
- •27. Бюджет процесінің ұғымы, қағидалары, сатыларын сипаттаңыз.
- •29. Бюджеттік саласындағы басқару органдарын атаңыз.
- •30. Бюджеттік бақылаудың түрлері, қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •32. Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын құрастыруды сипаттаңыз.
- •33. Бюджет кірістерінің құрамын ашыңыз.
- •34. Бюджет кірістерінің құрылымына сипаттама беріңіз.
- •35. Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау реттігін анықтаңыз.
- •36. Салықтың ұғымына анықтама беріңіз.
- •37. Салықтардың белгілерін атаңыз.
- •38. Мемлекеттік алымдардың баж салығының ұғымына анықтама беріңіз.
- •39. Мемлекеттік баж салығының ұғымына анықтама беріңіз.
- •40. Салық түрлерін атаңыз.
- •41. Салық функцияларын атаңыз.
- •42. Қр банк жүйесін сипаттаңыз.
- •43. Банк қызметін мемлекеттік реттеуді сипаттап көрсетіңіз.
- •44. Қр ұлттық банк ісінің құқықтық жағдайын атаңыз.
- •45. Екінші деңгейлі банктерінің құқықтық негіздерін ашыңыз.
16. Қаржылық бақылау органдары және олардың компетенциясын ашыңыз.
Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады. Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, жергілікті өкілдікті органдар (депутаттардың жиналыстары), жергілікті әкімшілік органдары. Бақылаудың бұл түрін Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді. Жалпымемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Ұлттық банкі жатады. Қаржы министрлігі, оның Қаржылық бақылау комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік-экономикалық сфераның қаржы саласын тексереді. Олар жоспар, қаржыландырудың дара жоспары және қаржылық тәртіптің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер кезділігін, мемлекет қаражаттарының жұмсалу заңдылығы мен мақсатқа сәйкестігін, бухгалтерлік есеп-қисаптың және есептеменің дұрыстығын бақылап отырады. Қаржылық бақылау комитетінің маңызды функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, экспорттық-импорттық операцияларды валюталық бақылау болып табылады. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті; мәслихаттардың тексеру комиссиялары; Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті берген ішкі бақылау жөніндегі орган; орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау службалары; облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері құрайды. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады. Мәслихаттардың тексеру комиссиялары жергілікті деңгейде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Барлық баспалдақтардың өкілетті органдары (мәслихаттар, депуттардың жиналыстары) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді қарау және бекіту үдерісінде қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Яғни олар бақылауды екі нысанда - алдын ала және кейінгі нысанда жүзеге асырады. Ағымдағы бақылау олардың қызметінде болғанымен негізгісі болып табылмайды. Бақылаудың негізгі әдісі тексерулер болып табылады. Бақылау объекті жергілікті ақшалай қорлар болып келеді. Мәслихаттың тексеру комиссиясы Есеп комитетінің функцияларына ұқсас, бірақ тиісті жергілікті деңгейге қатысты функцияларды орындайды. Мемлекеттік бақылауды өздерінің өкілеттік шектерінде Қаржы министрлігінің заңи тұлға құқығындағы Қазынашылық комитеті де орындайды. Қазынашылық органдарының негізгі міндеттерінің бірі республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау болып табылады.
