Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_arzhy__1179__1201__1179_y_1171_y.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.02 Кб
Скачать

14. Қаржылық бақылаудың ұғымы, субьектілері, обьектілері, міндеттері, әдістерін атаңыз.

Қаржылық бақылаудың мына келесідей міндеттері болады: қаржылық қызметтің барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттің ақша қаржаттарының орынды және тиімді түрде пайдалануын қамтамасыз ету; кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерінің орындалуын тексеру; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық операцияларының тиімді және белгілі мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеру; мемлекеттік емес шаруашылық субьекетілерінің ақшалай операцияларының заңды негізде жүзеге асырылуын тексеру; қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қаржылық тәртіп бұзушылықтың алдын алу және жою. Сонымен қатар, осы қаржылық қызмет аясындағы уәкілетті қаржылық органдардың қызметтеріне де бақылау жүргізіледі. Сондықтан қаржылық бақылаудың ұғымын екі тұрғыдан түсіндіріледі. Қаржылық бақылау деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және мемлекеттің ақша қорларын қаражаттарын пайдалану процестерінің заңды түрде, сондай-ақ мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеруді айтамыз. Қаржылық бақылаудың екінші ұғымы қаржылық қызметке қатысушылардың өз қаржылық міндеттерін орындауларын тексеру жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органдардың іс-қимылдары болып табылады. Қаржылық бақылау субъектілері тиісті өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес органдар мемлекеттің тапсырмасы бойынша жұмыс істейді. Қаржылық бақылау объектілері мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, мемлкеттік емес заңды тұлғалар және жеке азаматтар. Бақылау пәні бұл бақылау объектісінің өз міндеттерін орындау кезіндегі іс-әрекеттері болып табылады. Ол бақылау обьектісімен анықталады. Қаржылық бақылауды жүзеге асыру әдістеріне мыналар жатады: 1.Ревизия. 2.Алғашқы ақша құжаттарын тексеру. 3.Бухгалтерлік есеп тіркеліміндегі жазуларды тексеру. 4.Статистикалық және бухгалтерлік есептеулерді тексеру. 5.Жоспарлар мен сметаларды тексеру. 6.Тексеру кезінде туындаған мәселелер бойынша лауазымды адамдар мен материалдық жауаптылық жүктелген тұлғалардан жазбаша түсініктемелер алу. 7.Негізгі қорларды, нақты ақша қаражаттарын және тауарлық-материалдық құндылықтарды түгелдеу. 8.Банктер мен басқа да есеп айырысу мекемелеріне ресми сұраныс жасау. 9.Құқық қорғау органдары мен соттардан түскен ақпараттарға талдау жасау. Қаржылық бақылау әдістерінің ішіндегі ең бастысы ревизия болып табылады. Ревизия дегеніміз бұл кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің заңдылығын алғашқы құжаттармен бухалтерлік жазбалар арқылы тексеруге негізделген әдіс.

15. Қаржылық бақылаудың жіктелуін жазыңыз.

Қаржылық бақылаудың жіктелуі субъектлердегі айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген. Осы белгілеріне қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жүзеге асырылады. Бақылауды жүзеге асыратын субъектілерге қарай бақылаулар келесі түрлерге бөлінеді: - жалпы мемлекеттік (мемлекеттік, ведомствалық, ішкі шаруашылықтық, парламенттік); - қоғамдық (профсоюздік, партиялық және массалық қозғалыстар және т.б.). Жалпы мемлекеттік бақылау кез-келген объектіге қатысты оның ведомстволық және меншіктік нысанына байланыссыз жүргізілетін бақылау.Оны мемлекеттік билік пен басқару органдары жүзеге асырады. Жалпы мемлекеттік бақылаудың келесідей түрлерін атап көрсетуге болады: салықтық, бюджеттік, валюталық және кедендік бақылау. Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведоствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндетіне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді, үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін, бақылау – тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, заң бұзушылықтарды айқындау. Ішкі шаруашылық бақылау кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтеріне экономикалық және қаржылық ұйымдарға жүргізіледі. Мұндай бақылаудың объектісіне шаруашылық және қаржылық қызмет жатады. Қоғамдық бақылау түрлі қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын бақылау түрі. Бұл бақылаудың объектісі олардың алдында тұрған міндеттерге байланысты. Тәуелсіз бақылау арнайы мамандандырылған органдар арқылы – аудиторлық ұйымдар мен фирмалар арқылы жүргізіледі. Қаржылық бақылау жүргізілу уақытына сәйкес келесі түрлерге бөлінеді: 1)Алдын – ала бақылау; 2)Кейінгі бақылау. Алдын – ала қаржылық бақылау қаржылық операциялар жүрзілер алдында жүзеге асырылады. Ол қаржылық болжау мен бағдарламаларды және барлық деңгейдегі бюджеттік жоспарларды құру үрдісіне негізделген нақты бағалау жүргізуге мүмкіндік береді. Кейінгі қаржылық бақылау есептік кезең соңындағы қаржылық және бухгалтерлік тексеріс пен талдау негізінде жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі шаруашылық қызметтің нәтижелерін бағалау үшін және қаржылық стратегияның тиімді жүзеге асырылуын бағалау үшін қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]