Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_arzhy__1179__1201__1179_y_1171_y.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.02 Кб
Скачать

1. Мемлекеттің қаржылық қызметін атаңыз.

Мемлекеттің қаржылық қызметі – қаржы, несие және мемлекеттік органдардың мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануға бағытталған қызметі. Мемлекеттің қаржы жүйесінің бүгінгі таңда атқаратын қызметі мемлекеттік және жекеменшік қаржылардың аясыңдағы мүдделердің біршама болса да теңдестірілуін камтамасыз етуге бағытталады. Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі әр түрлі қаржылардың функциялары тек мемлекеттің қаржылық қызметінің басымды бағыттарында іске асырылады. Мемлекеттің қаржылық қызметі мемлекеттің біртүтас өзінің немесе оның уәкілетті мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасының қаржылық құрылысын үйымдастыру және оның тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қоғамдық-мемлекеттік мүдделердін әлеуметтік-экономикалық және саяси-әкімшілік басымдықтарын айкындау, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды атқаруға кажетгі ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және оларды пайдалануды ұйымдастыру, елдің қаржы жүйесін халықаралық қаржы жүйесіне интеграциялау жөніндегі және т.б. іс қимылдары мен қызметін қамтиды. Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік-экономикалық инфракұрылымдарының тиісінше жұмыс істеулері үшін ыңғайлы жағдай жасау, оның ішінде қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды, ауыл-селоның өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамыту, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі қаржылық экономикалық дайындық іс-шараларын аяқтау жатады. Мемлекеттің қаржылық қызметінің аясы қаржылық құқықтың ауқымы болғандықтан уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және оларды пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қызметі әрқашанда қаржыллық құқықтық нормалардың негізінде, б.а. тек құқықтық нысанда жүзеге асырылады. Мемлекеттің қаржылық кызметінің құқыктық нысандары ретінде, қаржылық қызметтің жалпы және арнаулы мәселелері бойынша, өз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекіеттік органдар қабылдаған нормативтік қаржылық құқьпсгық актілер көрініс табады. Мемлекетгің қаржылық қызметінің құқықтық негіздерін Қазақстан Республикасы Конституциясының тиісті ережелері мен қаржылық заңнамалық актілер құрайды. Қаржылық заңнамалық актілер арнаулы және жалпы болып бөлінеді. Арнаулы қаржылық заңнамаға нормативтік қаржылық құқықтық актілер (қаржылар туралы заңдар), ал жалпы қаржылық заңнамаға мемлекеттің қаржылық қызметін белгілі бір көлемде реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің нормалары жатады. Мемлекеттік қаржы қызметінің әлеуметтік басқару механизмінің қажетті, маңызды құрамды бөлігі ретінде қатысады. Мемлекеттің қаржы қызметінің мазмұны әртүрлі бағыттардағы функцияларынан көрініс табады. Мемлекеттік ақша қорын қалыптастыру, бөлу, пайдалану, ұйымдастыру және оларға қарсы бақылау елдің ақшалай инфрақұрылымдарын құру, ақша эмиссиясы және мемлекеттік құнды эмиссиясы, қаржылық, несиелік және фискальды мемлекеттік органдардың қалыптасуы. Мемлекеттің қаржылық сферасындағы мемлекеттік органдарды анықтау, қаржы заңдылықтарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]