- •Курстық жұмыс
- •1. Әкімшілік шығындардың маңызы және оны тану
- •2. Кәсіпорындағы әкімшілік шығыстар есебін ұйымдастыру
- •1. Әкімшілік шығындардың маңызы және оны тану
- •1.1 Әкімшілік шығыстардың сипаттамасы және оларды қалыптастырудағы бухалтерлік есептің рөлі
- •1.2 Шығындарды мойындау әдістері мен өлшемдері
- •2. Кәсіпорындағы әкімшілік шығыстар есебін ұйымдастыру
- •2.1 Әкімшілік шығыстардың есепте көрініс табуы және есептен шығарылуы.
- •2.2 Әкімшілік шығыстар есебін жетілдіру жолдары
2. Кәсіпорындағы әкімшілік шығыстар есебін ұйымдастыру
2.1 Әкімшілік шығыстардың есепте көрініс табуы және есептен шығарылуы.
Мекеме өнімдер мен тауарларды өткізу щығындарынан басқа жалпы және әкімшілік шығындарын шегеді.
Жалпы және әкімшілік шығындарының бухалтерлік есебін дұрыс ұйымдастыру мен олардың көлеміне және барынша азайтуға жүйелі бақылау жасау үшін шығындар баптарының ғылыми негізделген тізбегі қажет. Атап айтқанда, нарықтық экономикаға көшу жағдайында туындап отырған «Материалдық емес активтердің амортизациясы», «Мүліктік және басты сақтандыру шығындары», т.б. шығындар баптары жоқ.
Экономикалық жағынан біріңғай кейбір шығындар бірнешеұасақ баптарға бөлінген, мысалы: «Жалпы шаруашылық мақсаитындағы негізгі құралдарды жалға алу щығындары» және «Жалпы шаруашылық мақсатына пайдаланатын негізгі құралдарды ұстау шығындары»; «Қоймадағы тауарлы-материалдық қорлардың нормативтен тыс ысырапталуы, бұзылуы және жетіспеушілігі және басқадай өндірістік еменс шығындар мен ысыраптар» және «Қымқырудан болған залалдар». Көрсетілген экономикалық мазмұны біріңғай шығындарды өзара біріктіріп, тиісті бапта көрсету керек еді.
«Біржолғы сыйақылар» бабын тиісінше «Әкімшілік қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу» немесе «Қызмет көрсету шаруашылығымен шұғылданатын қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу» баптарына кіргізу керек еді. Сол сияқты «Банк қызметіне ақы төлеу», «Өкілдік шығындар», «Салықтар, алымдар және мүліктен, жылжымайтын мүліктен аударымдар», «Күмәнді қарыздар бойынша резерв құру шығындары», «Алдағы шығындарға резерв құру шығындары», «Кесілген немесе танылған айыппұлдар, өсімдер, тұрақсыздық айыбы және басқадай жазалау шаралар түрлері» тәрізді барлық мекемелерде кездеспейтін шығындарды біріктіріп, «Басқадай шығындар» атты бапта көрсету керек. «Күзет, өртке қарсы күзет, денсаулықты жақсарту щараларын жүзеге асыру шығындары және жалпы шаруашылық сипаттағы шығындар» бабында экономикалық мазмұны біртекті ұқсас емес шығындар негізсіз біріктірілген.
Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жою, жалпы және әкімшілік шығындар көлеміне бақылауды күшейту және олардың тиімділігін арттыру мүмкіндігін анықтау мақсатында саудамен шұғылданатын мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметінің ерекшіліктерін ескеріп жалпы және әкімшілік шығындарын есепке алуды мынандай жасалған есептік баптар тізбегі бойынша жүргізуді ұсынамыз.
Жалпы және әкімшілік шығындарының ұсынылған баптарының біріңғай тізбегін сақтау және солар бойынша біртектес шаруашылық операцияларын бірдей және экономикалық дұрыс көрініс табу үшін шығындардың жекеленген баптарының экономикалық мазмұнын және бухгалтерлік есепте көрсету әдістемесі егжей-тегжейлі қарастырамыз.
Жалпы және әкімшілік шығындар баптарының тізбесі.
Баптар № |
Шығындар баптарының атаулары |
А |
Б |
1 |
Көліктік қызмет көрсету шығындары
|
2 |
Басқару аппараты, күзет және басқа да тізімдік құрамдағы қызметкерлерінің еңбектеріне ақы төлеу шығындары
|
3 |
Еңбекке ақы төлеуден аударымдар |
4 |
Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы обьектілерден (кеңсе, офис т.б) күзету қызметкерлердің еңбек және техника қауіпсіздігін сақтау шығындары |
5 |
Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы ғимараттарды , құрылыстарды, жабдықтар мен инвентарларды жалға алу және ұстау шығындары
|
6 |
Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы |
7 |
Басқару техникалық құралдарын ұстау және қызмет көрсету шығындары |
8 |
Басқару аппараты, күзет және басқа да тізімдік құрамдағы қызметкерлердің іссапарлары мен жүріп-тұру шығындары |
9 |
Мүліктік және басқару аппараты, кузет және басқа да тізімдік құрамдағы қызметкерлерді жеке сақтандыру шығындары |
10 |
Тауарлық-материалдық қорлардың белгіленген табиғи кему шегінен тыс ысырапталуы сондай-ақ талаптардың негізсіздігінен соттың өндіріп алуға қарсылығына байланысты жетіспеушілігінен және жұмсап қоюдан болған ысыраптар |
11 |
Басқадай жалпы және әкімшілік шығындар |
Мекеменің жалпы және әкімшілік шығындар өнімдер мен тауарларды өткізу шығындарынан жеке есепке алу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгісі жоспарында 7210 «Әкімшілік шығыстар» деген шот қарастырылған. Есептің бұлай қойылуының жалпы және әкімшілік басқару шығындардың нақты мөлшеріне жүйелі түрде бақылау жасау, олардың бекітілген сметамен салыстыру және олардың барынша азайтуға ұтымды басшылық шешімдер қабылдау үшін үлкен маңызы зор.
Жалпы және әкімшілік шығындардың бухалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсету және оларыдың нақты мөлшеріне бақылауды күшейту үшін көрсетілген шығындардың жеке түрлерін ұсынылған есептік баптар тізбегенің экономикалық мазмұнына сәйкес құжаттармен рәсімдеу тәртібі мен бухгалтерлік есеп әдістемесін жанөжаұқты қайраймыз:
1-бап «Көліктік қызмет көрсету шығындары» бойынша осы баптың экономикалық мазмұнына сәйкес 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотында көрініс табатын жалпы шаруашылық және әкімшілік-басқару шараларына көліктік қызмет көрсетуге кеткен мынандай шығындар есепке алынады.
|
№ |
Операция мазмұны |
Дебиті |
Кредиті |
|
|
|
1
|
Гараждар мен қызмет бабындағы жеңіл автомобильдер және басқа даж алпы шаруашылық пен әкімшілік мақсатындағы көлік құралдарының арнайы есептеулерге сәйкес есептелген амортизация сомасы мынандай бухгатерлік тізбемен есептен шығарылады: |
7210
|
2420 |
|
|
|
2 |
Гараждарды ұстау және жөндеуге жұмсалған шаруашылық пен құрылыс материалдары, қызмет бабындағы жеңіл автомобильдер мен басқа да көлік құралдарын жөндеуге кеткен сүртетін және майлайтын материалдар, жанар май және қосалқы бөлшектер сомасына шығыс құжаттар есептен негізінде келесі бухалтерлік жазба жасалады: |
7210 |
1310
|
|
|
|
3 |
Заңдармен белгіленген мөлшердегі қызмет бабында жүріп-түруға жеке меншік жеңіл автомобильдерді пайдаланғаны үшін қызметкерлерге төлеген төлемақы сомасына олармен жасалған келісім-шарт пен төлем тізімдемесіне сәйкес бухгалтерлік шоттарға мынандай жазу жүргізіледі: |
7210 |
1010 |
|
|
|
4 |
Гараждарды жылыту және жарық беру, қызмет бабындағы жеңіл автомобильдер мен басқа да көлік құралдарын жөндеу мен техникалық қызмет көрсеткені үшін сырт мекемелерге олармен жасалған келісім-шарт пен төлеуге ұсынылған есеп айырысу шоттар негізінде есептелген сомасы бухгалтерлік есеп шоттарында мынандай жазумен көрсетіледі: |
7210 |
3310 |
|
|
5 |
Қызмет бабындағы жеңіл автомобильдер мен басқа да көлік құралдарын жөндеуге арнайы шақырылған тізімдік құрамда жоқ адамдарға есептелген еңбекақы сомасына олармен жасалған келісім-шарт пен есеп айырысу-төлем тізімдемесіне сәйкес бухгалтерлік есепте мынандай жазу жазылады: |
7210 |
3350 |
|
||
6 |
Аталған жұмысшылардың тиісті еңбекақыларынан заңдар мен бекітілген ставка бойынша арнайы есептеу негізінде есептелген әлеуметтік салық және сақтандыру бойынша аударымдар сомаларына мынандай бухгалтерлік тізбе беріледі: |
7210 |
3150
|
|
||
7 |
Гараж немесе қызмет бабындағы жеңіл автомобильдер мен басқа да көлік құралдардың тұру орындарын жалға алу шығындарының жасалған жалға беру келісім-шарт мен төлеуге ұсынылған есеп айырысу шоттар негізінде есептелген сомасына мынандай бухгалтерлік жазу жасалады: |
7210 |
3360 |
|
||
8 |
Гараждарды немесе қызмет бабындағы жеңіл автомобильдер мен басқа да көлік құралдардың тұру орындарын жалға алу бойынша аванстық төлемдерді төлеу мерзімі келгенде қосымша құн салығынсыз жалгерлік ақының бұрын сол есепті кезеңге енгізілген сомасы мынандай жазумен есептен шығарылады: |
7210 |
2920
|
|
||
2-бап «Басқару аппараты, күзет және басқа да тізімдік құрамдағы қызметкерлердің еңбектеріне ақы төлеу шығындары»
№ |
Операция мазмұны |
Дебиті |
Кредиті |
1 |
Мекеменің басқару аппаратының, күзет және басқа да тізімдік құрамдағы қызметкерлерге еңбекақы төлеудің барлық түрлері бойынша есептелген сомасына есеп айырысу-төлеу тізімдемесіне сәйкес мынандай бухгалтерлік жазу жүргізіледі: |
7210 |
3350 |
2 |
Басқару аппараты, күзет және басқа да тізімдік құрамдағы қызметкерлердің еңбек демалыстарын төлеу үшін есептелген алдағы шығындар резерві сомасына арнайы есептеу негізінде мынандай бухгалтерлік тізбе беріледі: |
7210 |
3430 |
3-бап «Еңбекке ақы төлеуден аударымдар»
№ |
Операция мазмұны |
Дебиті |
Кредиті |
1 |
Басқару аппараты, күзет және басқа да тізімдік құрамдағы қызметкерлердің еңбекке ақы төлеу шығындарынан заңмен белгіленген ставка бойынша арнайы есептеулер негізінде есептелген әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомалары бухгалтерлік есеп шоттарында мынандай жазумен көрсетіледі: |
7210 |
3150 3210 |
4-бап «Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы обьектілерді күзету, қызметкерледің еңбегін қорлау және техника қауіпсіздігін сақтау шығындары» бойынша осы баптың экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетілген мақсаттарға жұмсалатын төмендегідей шығындар есепке алынады.
№ |
Операция мазмұны |
Дебиті |
Кредиті |
1 |
.Қызметкерлерге қалыпты еңбек жағдайлары мен техника қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кеткен шығындар сомасы: қол жуатын сабын, орамал жуатын жуу құралдары, дәрі-дәрмек пен таңу материалдарымен аптечканы толтыру; т,б, құрал-жабдықтардың құны шығыс құжаттамасы мен төлеуге ұсынылған есеп айырысу шоттар негізінде мынандай бухгалтерлік жазулармен есептен шығарылады: |
7210 |
1010 1310 1350 |
2 |
Желдеткіштерді орнату және ұстауға, машиналар мен олардың қолданып жүрген басқадай күрделі емес сипаттғы құрылғылардың түрлерін қорғауға жұмсалған құрылыс, шаруашылық, майлайтын және сүртетін материалдар, сондай-ақ өрттен сақтану күзетіне кеткен материалдық шығындар сомасы тиісті шығыс құжаттарына сәйкес мынандай бухгалтерлік тізбемен есептен шығарылады: |
7210 |
1310 1350
|
Бухгалтерлік есеп шоттарында осындай жазу мынандай шығындарды есептен шығарғанда жасалады:
Дем алатын және киім ілетін бөлмелерді, су қайнатқыштарды, қол жуғыштарды, душтарды, арнайы киімдерге арналған шкафтарды, кептіргіштерді және негізгі құралдардың құрамына кірмейтін басқа да жабдықтарды ұйымдастыру және ұстауға тиісті тәртіп бойынша құжаттармен рәсімделіп жұмсалған шаруашылық материалдар мен отындардың сомаларына құжаттардың, белгіленген нысандағы қабылдау кесімдеріне сәйкес;
Денсаулық сақтау нысандарының, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, денсаулықты жақсартатын лагерлердің, мәдениет және спорт, тұрғын-үй қорларының нысандарының ғимараттарын, жайлар және жабдықтарын ағымдағы жөндеу мен ұстауға, жылыту мен шаруашылық және құрылыс материалдары мен отындар құнына шығыс құжаттары-шығыс құжаттамасы, материалдарды есептен шығару кесімдері, белгіленген нысандағы қабылдау кесімдері, т.б. құжаттар негізінде.
№ |
Операция мазмұны |
Дебиті |
Кредиті |
1 |
Кассадан қолма-қол төленген ведомстволық күзетті ұстау шығындар сомасына: кеңсе, пошта-телеграфтар, телефондар және басқадай шығындар, күзеттің тізімдік құрамдағы қызметкерлерінің еңбектеріне ақы төлеуден басқа, сондай-ақ күзет иттерін ұстау шығындар сомасына төлеуге ұсынылған есеп айырысу шоттарына сәйкес бухгалтерлік есеп шоттарында мынандай жазу жүргізіледі: |
7210 |
1010 |
2 |
Мемлекеттік күзет қызметін көрсету және төтенше жағдайлар ұйымдарының жанындағы ведомстволық емес қарауыл өрттен сақтау күзетін ұстау шығындары және күзетуге жасалған келісім-шарттар бойынша сырт мекемелерінің көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу үшін шығындарының есептелген сомалары мынандай бухгалтерлік тізбемен есептен шығарылады: |
7210 |
3310 |
-Күзет және өртке қарсы белгі беру қондырғыларын орнату жұмыстарының құны мен белгі беру құралдарына қызмет көрсету шығындар сомалары, сондай-ақ арнайы белгі беру қондырғыларын пайдалану және қызмет көрсету шығындар сомасына жасалған келісім-шарттар мен шығындардың сметаларына сәйкес;
-Қызметкерлердің еңбегін қорғау мен техника қауіпсіздігі жөніндегі көрнекі үгіт плакаттарды, бейне-диафильмдерді сипаттау және курстарды өткізу шығындарының есептелген сомасы төлеуге ұсынылған есеп айырысу шоттар негізінде;
-Денсаулық сақтау, денсаулықты жақсартатын лагерлер, мәдениет пен спорт нысандарына жылу, жарық, сумен жабдықтау, канализация, қоқыстарды шығару және басқа да коммуналдық қызмет көрсеткен сырт мекемелерге ақы төлеу шығындарының есептелген сомасы жасалған келісім-шарттар мен төлеуге ұсынылған есеп айырысу шоттарға сәйкес;
-Медициналық мекемелерге қызметкерлерді дәрігерлік бақылау жасаған қызметтеріне олармен жасалған келісім-шарттарға сәйкес ақы төлеу шығындарының есептелген сомасы.
№ |
Операция мазмұны |
Дебиті |
Кредиті |
1 |
Жалпы және әкімшілік шығындарына жатқызылатын әлеуметтік салалардың өтеу сомаларын шегергеннен кейін шығындар үлесін есептен шығару бухгалтерлік есеп шоттарындамынандай жазулармен көрсетіледі: |
7210 |
8410 |
5-бап «Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсатындағы ғимараттарды, құрылыстарды, жайларды, жабдықтар мен инвентарларды жалға алу және ұстау шығындар» бойынша осы баптың экономикалық мазмұнына сай тиісті шығыс құжаттары негізінде келесі шығындар есепке алынады.
№ |
Операция мазмұны |
Дебиті |
Кредиті |
|
|
1 |
Ғимараттар, құрылыстар, жайлар, жабдықтар мен инвентарлардыұстау және ағымдағы жөндеу жүргізуге тиісті тәртіп бойынша құжаттармен рәсімделіп жұмсалған шаруашылық пен құрылыс материалдары, қосалқы бөлшектер мен жылытуға кеткен отындар құны тиісті шығыс құжаттарына сәйкес мынандай бухгалтерлік есептен шығарылады: |
7210 |
1310 1350
|
|
|
2 |
Жылу, жарық, сумен жабдықтау, канализация, қоқыстарды шығару және басқа да коммуналдық қызметтері үшін сырт мекемелердің төлеуге ұсынылған есеп айырысу шоттары негізінде есептелген төлеу шығындары сомасына мынандай бухгалтерлік жазу жасалады: |
7210 |
3310
|
|
|
3 |
Кеңсе және офистердегі бір жолғы жұмыстарды істеуге арнайы шақырылған тізімдік құрамда жоқ адамдарға олармен жасалған келісім-шарттар мен есеп айырысу-төлем тізімдемесі негізінде есептелген еңбекақы сомасы бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазумен көрсетіледі: |
7210 |
3350 |
|
|
4 |
Көрсетілген адамдардың еңбекақыларының заңдарында көрсетілген ставка бойынша арнайы есептеулерге сәйкес есептелген әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомаларына келесі бухгалтерлік жазу жасалады: |
7210 |
3150 |
|
|
5 |
.Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттарға жалға алынған негізгі құралдар нысандарын жалға беру келісім-шартына сәйкес жалгердің есебінен жүргізілетін күрделі жөндеудің алда тұрған шығындар сомасын өтеу үшін жыл бойында жөндеудің сметалық құны мен шартпен қарастырылған жалға беру мерзімі негізінде бірдей үлестерменарнайы қор құрылады және және бухгалтерлік есепте келесі жазумен көрсетіледі: |
7210 |
7470 |
|
|
6 |
Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы негізгі құралдардың жалға алынған ғимараттар, жайлар, қондырғылар, жабдықтар инвентарлар және басқа да нысандары үшін жалгерге жалға беру келісім-шартқа сәйкес тиәсті есептелген жалдық төлем сомасына қосымша құн салығынсызбухгалтерлік тізбе жасалады: |
7210 |
3360 4150 |
|
|
|
7 |
Негізгі құралдардың жалға алынған нысандары бойынша аванстық төлемді төлеу мерзімі келгенде, қосымша құн салығынсыз амортизациялық төлемдер бөлігіндегі жалгерлік ақының бұрын осы есепті кезеңге енгізілген сомасы келесі бухгалтерлік жазумен есептен шығарылады: |
7210 |
1620 1622 |
|
6-бап «Жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы» бойынша көрсетілген шығындар арнайы сай есепке алынады.
№ |
Операция мазмұны |
Дебиті |
Кредиті |
1 |
Жалпы шаруашылық пен әкімшілік мақсаттағы негізгі құралдар нысандарының теңгерімдік құны мен белгіленген тәртіп бойынша бекітілген амортизациялық мөлшерлер негізінде осы нысандар бойынша есептелген амортизациялық аударымдар шамасында есептелген тозу сомасына заңға сәйкес жүргізілетін өндірістік негізгі құралдардың белсенді бөлігін жеделдетілген амортизация жүргізу тәсілін пайдаланып есептелген сомаларды қоса бухгалтерлік есепте келесі жазулар жасалады: |
7210
|
2420
|
2 |
Материалдық емес активтердің бастапқы құны мен пайдалы қызмет ету мерзімі негізнде есептелген мөлшер бойынша ай сайынғы есептелген амортизациялық аударымдар сомасы бухгалтерлік есеп шоттарында мынандай жазулармен есепке алынады: |
7210 |
2740 |
Айта кету керек, материалдық емес активтердің пайдалы қолданылу мерзімін айқындау мүмкін емес болған жағдайда, амортизациялық мөлшерлер он жыл көлемінде бекітіледі, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен асып кетпеуі керек.
7-бап «Басқару техникалық құралдарын ұстау және қызмет көрсету шығындары» бойынша осы баптың экономикалық мазмұнына сәйкес мекеменің жалпы және әкімшілік шығындарына жататын келесі шығындар есепке алынады.
№ |
Операция мазмұны |
Дебиті |
Кредиті |
1 |
Меншікті телефон бекеттері, коммутаторлдар, телетайптар, диспетчер мен радио байланыстарын ұстау және пайдалану үшін құжаттармен тиісті тәртіпте рәсімделіп жұмсалған шаруашылық, сүрту және майлайтын материалдар, қосалқы бөлшектердің құны шығыс құжаттамасы, материалды есептен шығаруға белгіленген нысандағы әртүрлі кесімдер негізінде бухгалтерлік есеп шоттарында мынандай жазулармен көрініс табады: |
7210 |
1310 1350 |
2 |
.Жалпы шаруашылық және әкімшілік-басқару жүйесі мен техникалық құралдарын жасау, пайдалану және жетілдіру үшін сырт мекемелердің атқарған қызметін төлеуге есептелген шығындар сомасына: компьютерлер мен ақпаратты технологияларды істеу, енгізу және пайдалануға байланысты шығындар; ғылыми-зерттеу сипатындағы жұмыстарды орындау, сондай-ақ добалау, конструкторлық және технологиялық жұмыстармен байланысты есептеулер шығындарына жасалған келісім-шарттар мен сметалық-жобалау құжаттары негізінде келесі бухгалтерлік тізбе беріледі: |
7210 |
3310 |
8-бап. «Басқару аппараты, күзет және басқа да тізімдік құрамдағы қызметкерлердің іссапарлары мен жүріп-тұру шығындары» бойынша осы баптың экономикалық мазмұндарына сай көрсетілген мақсаттарға арналған келесі шығындар көрсетіледі:
№ |
Операция мазмұны |
Дебиті |
Кредиті |
1 |
Қолданып жүрген қызмет бабындағы іссапарлар туралы заңға сәйкес есеп беруге міндетті адамдардың негізгі қыхметімен байланысты іссапарға жұмсалған сомаға аванстық есеп беруге қосымша бастапқы құжаттар негізінде бухгалтерлік жазу жасалады: |
7210 |
1250 |
2 |
Басқару аппараты қызметкерлері мен басқа да тізімдік құрамдағы адамдарды2.Басқару аппараты қызметкерлері мен басқа да тізімдік құрамдағы адамдардың мекеме мен кәсіпорындардың орналасқан аумақта қызмет бабындағы іссапарлармен рәсімделмей жүріп-тұру шығындарын қолма-қол ақшамен төлеу сомасы басшының нұсқауы мен тиісті дәлелдейтін ақша құжаттары негізінде бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазумен есептен шығарылады: |
7210
|
1010
|
9-бап «Мүліктік және басқару аппарты, күзет және басқа да тізімдік құрамдағы қызметкерлерді жеке сақтандыру шығындары»
№ |
Операция мазмұны |
Дебиті |
Кредиті |
1 |
негізгі құралдар, тауарлық- материалдық қорлар және басқа да жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсатындағы мүліктерді сақтандыру мекемелерінде ерікті және міндетті сақтандыру бойынша есептелген сақтандыру төлемдер сомалары ерікті сақтандыру келісім-шарттар мен шарттар-полистер негізінде бухгалтерлік есепте келесі жазумен көрсетіледі: |
7210 |
3410 4210 |
2 |
Сақтандыру полисінің ½ сома көлемдегі сақтандыру төлемдері ай сайын бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазумен есептен шығарылады: |
7210 |
1620
|
10-бап «Тауарлық-материалдық қорлардың белгіленген табиғи кему мөлшерлерінен тыс ысырапталуы, сондай –ақ талаптардың негізсіздігінен соттың өндіріп алуға қарсылығына байланысты жетіспеушілігінен және жұмсап қоюдан болған ысыраптар» бойынша осы баптың экономикалық мазмұнына сәйкес жалпы және әкімшілік шығындарына енгізілген келесі шығындар есепке алынады.
№ |
Операция мазмұны |
Дебиті |
Кредиті |
1 |
Тауарлар мен өнімдердің жоғалтулар сомасы сатып алу құны бойынша есептен шығару бухгалтерлік есеп шоттарында мынандай жазумен көрсетіледі: |
7210
|
1280
|
11-бап «Басқадай жалпы және әкімшілік шығындар» бойынша жоғарыда көрсетілген баптардың бірде-біреуіне жатпайтын, бірақ экономикалық мазмұнына сәйкес жалпы және әкімшілік шығындар құрамына енгізілетін және қаржы жоспарында қарастырылған келесі шығындар есепке алынады.
Жалпы және әкімшілк шығындарына күмәнді талаптар жөнінде құрылатын резервтер сомаларына жаткызуға болады.
Күмәнді талаптар деп келісім-шартпен қарастырылған мерзімде етілмеген дебиторлық борыштар танылады.
Күмәнді талаптарды жабатын резрвтер есепті кезеңнің соңында жүргізілген дебиторлық борыштарды түгендеу нәтижесін хаттамаммен рәсімдеп және оны мекеменің жетекшісі бекіткен түгендеу коммисиясының шешімі бойынша құрылады.
Құрылатын резервтер көлемі борышкердіңтөлеу қабілеті мен борышты толық немесе жарым-жартылай өтеу мүмкіндігіне қарай әрбір күмәнді талаптар анықталады.
№ |
Операция мазмұны |
Дебиті |
Кредиті |
1 |
Күмәнді борыштарға құрылатын резервтердің арнайы есептеулерге сәйкес есептелген сомаларына бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазу жүргізіледі: |
7210 |
1290 |
2 |
Қызмет бабында пайдаланылатын мерзімді басылымға жазылуға кеткен шығындардың осы есепті кезеңге жатқызылатын үлесін байланыс бөлімдерінің түбіртек пен шығындардың пошта үлесін есептеу негізінде есептен шығару келесі бухгалтерлік тізбемен көрсетіледі: |
7210
|
1620 |
3 |
Банк қызметін төлеу шығындары мен төленген айыппұл, өсім және тұрақсыздық айыбы сомалары банктің жазбаша үзіндісіне сәйкес бухгалтерлік есеп шоттары бойынша келесі жазу жасалады: |
7210
|
1030 |
4 |
Арнайы және анықтама әдебиеттер, баға көрсеткіштер, каталогтар, нұсқаулық және басқа да қызметбабындағы пайдаланатын материалды алуға қолма-қол ақша төленген шығындар сомасына, сондай-ақ мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметімен байланысты және тиісті сметалармен қарастырылған кеңсе мен канцелерия жабдықтарының құнын төлеуге ұсынылған есеп айырысу шоттарына сәйкес мынандай бухгалтерлік жазу жүргізіледі: |
7210 |
1010 |
Заңмен белгіленген және жергілікті басқару ұйымдардың шешімімен қарастырылған және жаңадан енгізілген бюджетке төлеуге тиіс арнайы есептеуге сай есептелген салықтар, алымдар және мүліктер мен жылжымайтые мүліктерден аударымдар сомалары бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазумен көрсетіледі: |
7210 |
3160 3170 3180 3190 3230 3240 |
|
5 |
Мекеменің теңгерімінде тұрмайтын кеңес беру, аудиторлық және ақпараттық- есептеу орталықтарымен жасалған келісім-шарттарға сай көрсетілген кеңес беру, аудиторлық және ақпараттық-есептеу қызметтеріне ақы төлеуге есептелген шығындар сомасына келесі бухгалтерлік жазу жасалады: |
7210
|
3310
|
6 |
Банк қызметі мен жалпы шаруашылықты басқаруға көрсеткен сырт мекемелер мен жеке тұлғалардың қызметтеріне ақы төлеуге есептелген басқадай шығындар сомасы, егер де мекеменің штаттық кестесінде осы немесе өзге де функционалдық қызметтер қарастырылмаса, олармен жасалған келісім-шарттар негізінде бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулармен көрсетіледі: |
7210
|
3310 |
7 |
Мекемелер мен кәсіпорындардың қайта құрылуы , жабылуы , қызметкерлерге штаттың қысқартылуына байланысты босаған қызметкерлерге төленетін төлемдердің сомасына басшы бұйрығына, есеп айырысу-төлем тізімдемесіне сай мынандай бухгалтерлік тізбе беріледі: |
7210
|
3350 |
|
Есепті жыл соңында осылай есептелген және жиналған жалпы және әкімшілік-басқару шығындар сомасы қаржы нәтижелеріне бухгалтерлік есеп шоттарында мынандай жазулармен есептен шығарылады:
5610 «Қорытынды пайда» Дебеті
7210 «Әкімшілік шығыстар есебі»
