Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тілектесова Сымбат Курсовой жоспар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.59 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВА АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

“ Экономик және құқық” факультеті

“Қаржы, есеп және аудит” кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні: Қаржылық есеп I

Тақырыбы: «Әкімшілік шығыстар есебі»

Тексерген: “Қаржы, және аудит” кафедрасының аға оқытушы Ондаханова Айнұр

Орындаған: УА 13-1 студенті Тілектесова Сымбат

Ақтау -2015жыл

ЖОСПАР

Кіріспе

1. Әкімшілік шығындардың маңызы және оны тану

1.1 Әкімшілік шығыстардың сипаттамасы және оларды қалыптастырудағы бухалтерлік есептің рөлі

1.2 Шығындарды мойындау әдістері мен өлшемдері

2. Кәсіпорындағы әкімшілік шығыстар есебін ұйымдастыру

2.1 Әкімшілік шығыстардың есепте көрініс табуы және есептен шығарылуы

2.2 Әкімшілік шығыстар есебін жетілдіру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Экономикалық қатынастардың мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу мен ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау қызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.

Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы мен өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпарттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.

Бухгалтерлік есептің ең басты бөлігінің бірі – әкімшілік шығындарды есептеу, ұйымдастыру және тарату болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың біріне иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды» - деген сөздің бекер айтылмагандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға, оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандайда бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез-келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.

Курстық жұмыстың өзектілігі - әкімшілік шығындар бойынша мәліметтердің бухгалтерияда дұрыс және уақытында ұйымдастырылып, кәсіпорынның табыстылығына әсерін қарастыру. Сонымен қатар өндіріске жедел басшылық жасауға тиісті нақтылы мәліметтерді алу.

Курстық жұмыстың мақсаты – әкімшілік шығындары бойынша есеп айырысу есебін ұйымдастырылуын зерттей отырып, жетілдіру жолдарын анықтау

Ал, курстық жұмыстың негізгі міндеті – кәсіпорынмен өндірілетін өнімдер мен істелінетін жұмысқа кеткен шығындар мөлшерін, оның маңыздылығын дұрыс бағалау. Білімімізді тереңдету, бекіту және бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау мақсатында осы тақырыпты таңдадық.