Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R__1178_arzhy__1179__1201__1179_y_1171_y_l...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
981.5 Кб
Скачать

5.3. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі.

Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қантыстарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру, оны нарық рельстеріне түсіріу мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрды.

Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде «Валюталық реттеу туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқтың қасында болатын. Сонымен қатар еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң бағаны ырқына жіберу (либерализация) деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң қабылданды.

Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған. Олар жоғарыда айтылған заңға қоса, «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң;

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» 1995 жылдың 30 наурыздағы заң; «Асыл тастар және қымбат бағалы металдармен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы» 1995 жылдың 20шілдедегі заң; «Банк және банк қызметі туралы» 1995 жылдың 31тамызындағы заң; сонымен қатар ҚР Президентінің Жарлықтары үкімет Қаулылары мен Ұлттық банк басқармасының нормативтік актілері (мысалы 1994 жылдың 24 қарашасында ҰБ басқармасы бекіткен «ҚР-да валюталық операцияларды жүргізу тәртібі»)

Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, аффинирленген (тазартылған) алтын мен басқа да бағалы металдарды республикаға әкелу, алып кету және жіберу тәртібін белгілеу болып есептеледі. Валюталық қатынастардың субъектілері болып «резиденттер» және «резидент еместер» саналады. Резиденттерге жататындар: Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде уақытша шетелдерге мемлекеттік қызметте жүргендер Қазақстан Республикасының заңдары бойынша құрылған заңды тұлғалар, сондай - ақ олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және одан тыс жерлердегі өкілдіктері;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дипломатиялық сауда басқа ресми өкілдіктер сондай ақ шаруашылық немесе коммерциялық іспен шұғылданбайтын өкілдіктер.

Қазақстан Республикасындағы « резидент еместерге « жоғарыда республика « резиденттері түсінігінде көрсетілмеген заңды және жеке тұлғалары жатады.

Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу- сату мәмілелері Ұлттық банк валюта операцияларын жүргізуге берген .лицензия бойынша өкілетті комметциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.

Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып Ұлттық банк саналады. Ол;

шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздар айналасының аясы (сфера) мен тәртібін белгілейді шетел валютасында операциялар жүргізуге қажетті шектелуге енгізеді ондай шектеулерді сыйақы (мүлде ) көлеміне де енгізеді;

резиденттердің мен резидент еместердің республикада шетел валютасымен және шетел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар жургізуге ережелерін белгілейді;

резиденттердің шетел банктерінде шот ашу шарттарын анықтайды; беру, тіркеу ережелерін белгілеп валюталық операциялар бойынша Қазақстан теңгесіне нарықтық баға белгілеу мақсатында Ұлттық банктің ресми бағамен белгілеу жолымен реттейді.

Алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар жүргізеді.

Халық аралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен қаржы- валюталық және несие - есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді.

Қабылданған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық ұйымдармен шетел валюталарын тартады.

Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдарын және олардың агенттері жүргізеді. Валюталық бақылау органдары болып Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.

Валюталық бақылау негізінен мына бағытта жүргізіледі:

Жүргізілетін валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және оған қажетті лицензиялар мен рұқсаттың болуы;

Резиденттердің мемлекет алдындағы шетел валютасымен міндеттемелерін орындауын тексеру; сондай-ақ ҚР-ның ішкі валюта нарығында шетел валютасын сату міндеттемелерінің орындалуын тексеру; шетел валютасымен жүргізілген төлемдердің дәлелділігі, валюта операциялары бойынша есеп пен есептесудің толықтығы және объективтілігі тексеріліп, сонымен бірге резиденттер еместердің теңгемен жүргізген операциялары бойынша бақылау жүргізіледі .

Сөйтіп, валюта қатынастары халықаралық экономикалық , саяси және мәдени қатынастарға қызмет етіп , ол мемлекеттің төлем балансынан көрініс табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]