- •Лекция тезистері
- •2. Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты:
- •1. Қаржының ұғымы. Мемлекеттік қаржының функциялары.
- •2. Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы, мазмұны және саласы.
- •3. Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістері.
- •3. Лекция тақырыбы: Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге ақша жүйесін, валюта реттеуді үйрету.
- •4. Лекцияныњ мазм±ны: Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •Акционерлік қоғамдар. Бағалы қағаздардың пайда болуы.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •4. Лекцияныњ мазм±ны: Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •5.2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері.
- •5.3. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі.
- •5.Лекция тақырыбы: Қаржылық бақылауды құқықтық негіздері.
- •2.Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге қаржылық бақылауды үйрету.
- •1. Сызба. Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы
- •6.Лекция тақырыбы: Қаржылық бақылаудың әдістері.
- •2.Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге қаржылық бақылаудың әдістерінің жүзеге асырылуын және атқарушы органдардың қызметінің нысандарын түсіндіру.
- •7. Лекция тақырыбы: Бюджет құрылымы.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге бюджет құрылымымен таныстыру.
- •Шет елдердің бюджет құқығынын принциптері мен негіздері
- •Бюджет табыстарын құқықтық реттеу.
- •Үкіметтік қарыздар.
- •8. Лекция тақырыбы: Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқару.
- •2. Лекция жоспары:
- •Қаржы саласындағы басқару.
- •Салалар, бірлестіктер, кәсіпорындар каржыларын басқарудың ұйымдық құрылымы.
- •10. Лекция тақырыбы: Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы.
- •2. Лекция жоспары:
- •3 Кесте. Республикалык бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы.
- •11. Лекция тақырыбы: Қаржы құқықтық категориясы ретіндегі салық.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •Салық жүйесі.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •2. Алымдар.
- •3. Төлемақылар:
- •4. Мемлекеттік баж.
- •5. Кеден төлемдері:
- •Салық алуды ұйымдастыру.
- •13. Лекция тақырыбы. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері
- •2. Лекцияның жоспары:
- •Банкілік несие шарты.
- •14. Лекция тақырыбы: Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері.
- •2 Лекция жоспары:
- •Банк жүйесін ұйымдастырудың құқықтық ретелуі. Банк қызметінің түсінігі.
- •Коммерциялық банктер.
- •Банкілік несие шарты.
- •Банк есеп шарты.
- •Сақтандыруды ұйымдастырудың құқықтық реттелуі. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары.
- •2.1. Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері.
- •2.2. Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-құқықтық қызметін жоспарлау.
- •2.3. Қаржылық - шаруашылық хұқы.
- •5.4. Халықаралық есеп айырысу баланстары.
Сақтандыруды ұйымдастырудың құқықтық реттелуі. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары.
Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының ықшам сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеументік экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін ұйымдастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың тобының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып еді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген — мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ белгілері бар:
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарып отырады;
сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының ;
ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мудделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу ушін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының бөлу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен — қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған..
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерін төлеу үшін (сақтық жағдайының бөлу немесе сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) танылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық салымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтерін істетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық өзгеруші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт ізеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын игіліктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде материалдық игіліктерді ендіру, бөлу, айырбастау және өну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сиы мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдарының түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі активті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның экологиясы мен географиялық орналасуы, экологиясының деңгейін көре отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз да.
Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін барынша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болып көрінеді.
Сақтандыру — сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жагдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың заңды мудделерін мүліктік жагынан қоргауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:
міндеттілік дәрежесі бойынша — ерікті және міндетті;
сақтандыру объектісі бойынша — жеке және мүліктік;
