Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R__1178_arzhy__1179__1201__1179_y_1171_y_l...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
981.5 Кб
Скачать

Лекция тезистері

1. Лекцияның тақырыбы. Мемлекеттің қаржылық қызметі.

2. Лекцияның жоспары:

1.Қаржының ұғымы. Мемлекеттік қаржының функциялары.

2.Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы, мазмұны және саласы.

3.Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістері

3. Лекцияныњ маќсаты:

Студенттерге ЌР қаржы құқығын зерттеп, мењгерту.

4. Лекцияныњ мазм±ны:Мемлекеттің қаржылық қызметі.Мемлекеттің қаржы жүйесінің бүгінгі таңда атқаратын қызметі мемлекеттік және жекеменшік қаржылардың аясыңдағы мүдделердің біршама болса да теңдестірілуін камтамасыз етуге бағытталады. Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі әр түрлі қаржылардың функциялары тек мемлекеттің қаржылық қызметінің басымды бағыттарында іске асырылады.

Мемлекеттің қаржылық қызметі мемлекеттің біртүтас өзінің немесе оның уәкілетті мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасының қаржылық құрылысын үйымдастыру және оның тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қоғамдық-мемлекеттік мүдделердін әлеуметтік-экономикалық және саяси-әкімшілік басымдықтарын айкындау, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды атқаруға кажетгі ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және оларды пайдалануды ұйымдастыру, елдің қаржы жүйесін халықаралық қаржы жүйесіне интеграциялау жөніндегі және т.б. іс қимылдары мен қызметін қамтиды.

Мемлекеттін қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік-экономикалық инфракұрылымдарының тиісінше жұмыс істеулері үшін ыңғайлы жағдай жасау, оның ішіңде қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды, ауыл-селоның өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамыту, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі қаржылық экономикалық дайындық іс-шараларын аяқтау жатады.

Мемлекеттің қаржылық қызметі:

1. Қазақстан Республикасының инвестициялық-қаржылық кешенін дамытуға, қаржы рыногын және ақша жүйесін ұйымдастыруға, оның ішінде ұлттык валюталық жүйені жетілдіруге және қоғамныңақшалайң инфрақұрылымының тиісінше жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауға;

2. Мемлекеттің билік және басқару органдарының, құқық қорғау органдарының, оңың ішінде қаржылық құқықтық тәртіпті қорғау органдарыңың жұмыстары мен қызметінің тиісінше іске асырылуына, соңдай-ақ отанды қорғау ісі мен елдің қауіпсіздігін және экономикадақ егемендігін қамтамасыз етуге қажетті мемлекеттің қаржылық экономикалық әлеуетін күшейтуге;

3. Мемлекеттің қаржылық ресурстарын(ақшалай қорларын) қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары мен қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ нарықтық қатынастардың және өркениетті қаржы рыногынын дамуына ықпалын тигізуге пайдалану тәрізді негізгі міндеттерді шешуге бағдарланып, нысаналанған.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі бағыттары:

- мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру;

- мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу;

- мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалануды үйымдастыру;

- мемлекеттік қдржылық жоспарлауды жүзеге асыру;

- мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу (қайта бөлу) және пайдалануды (жұмсауды) ұйымдастыру барысында мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру;

- мемлекеттің мамандаңдырылған қаржылық, кредиттік және фискалдық органдарың қалыптастыру;

- қаржылық заңнаманың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылғаны үшін заңи жауапкершілік белгілеу;

Қазақстанның Халықаралық Валюталық Қор құзырындағы қаржылық-экономикалық позициясын нығайту;

- қаржылық өкілеттіктер мен қаржылық ресурстарды орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының арасында бөлу жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру;

— Қазақстанның халықаралық қаржы жүйесіне интеграциялануын жалғастыру;

— Қазақстан аумағындағы валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

— Қазақстан Республикасындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету;

— мемлекеттің қаржы жүйесінін тұрақтылығын қамтамасыз ету;

— әкімшілік-аумақтық бірліктердін (олардың мәслихаттары мен әкімдіктерінің) қаржылық-экономикалық дербестіктерін және жауапкершіліктерін күшейту;

— Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі қаржылық-экономикалық және т.б. дайындық іс-шараларын аяқтау;

— ауыл-селоның өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарын тиісті деңгейде дамытуға қажетті мемлекеттік қаржылық-инвестициялық және кредиттік көмектер көрсету барысында жарқын көрініс табады.

Мемлекеттің қаржылық қызметі:

— қоғамдық мемлекеттік қажеттіліктер мен мүдделердің басымдығы;

— қоғамның бақылауыңда болу және коғамға есеп беріп отыру;

— заңдық және жариялылық;

— мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалану кезіндегі үнемділік;

—стратегиялық экономикалық-қаржылық мақсаттар мен макрокономикалық даму көрсеткіштерін есепке алу;

— орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдардың қаржылық құзыретін бөлу әрі олардың аражігін ажырату;

— көзделген экономикалық-қаржылық максаттарды іске асыру жолдары мен тәсілдерін ғылыми негіздеу;

— жоспарлылық және нормативтілік;

— тиімділік және айқындылық;

қаржы жүйесінің әрі Қазақстандағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету сияқты және т.б. қаржылық құқық нормаларында бекітілген принциптерге негізделіне отырып жүзеге асырылады.

Өз аяларына орай мемлекеттің қаржылық қызметінің:

— бюджеттік қызмет;

— мемлекеттік валюталық-қаржылық қызмет;

— мемлекетгік қаржылық-банктік қызмет;

—мемлекеттік кредиттік-қаржылық қызмет;

мемлекеттік қаржылық-сақтандыру қызметі;

— мемлекеттік қаржылық-шаруашылық қызметі;

— салықтық қызмет;

— мемлекеттік инвестициялық қызмет;

— мемлекеттік қаржылық жоспарлау;

мемлекеттік қаржылық бақылау сияқты түрлері болады.

Қазакстан Республикасының қаржылық құрылысы ауқымындағы мемлекеттің қаржылық қызмегі мемлекетгік ақшалай қорларды қалыптастыру, мемлекеггік-ақшалай қорларды бөлу және ақшалай қорларды пайдалануды ұйымдастыру тәрізді негізгі үш әдіс арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік ақшалай қорларды қалыптастыру әдістеріне:

- ақша қаражаттарын олардың иелерінен мәжбүрлі әрі қайтарымсыз түрде алып қою;

- ақша қаражаттарын олардың иелерінен мәжбүрлі бірақ қайтарымды түрде алып қою;

- ақша қаражаттарын ерікті және қайтарымсыз түрде тарту;

- ақша қаражаттарын ерікті және қайтарымды түрде тарту;

- мемлекеттік қызмет көрсету негізінде ақша қаражаттарын тарту;

- мемлекеттік мүлікті сатудан және пайдаланудан түскен ақша қаражаттарын мемлекет кірісіне айналдыру;

- ақша және мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы жатады.

Мемлекеттік ақшалай қорларды бөлу әдістері:

- мемлекетгің ақша қаражаттарын бюджеттен біржола — қайтарымсыз әрі ақысыз түрде беру арқылы қаржыландыру;

- мемлекеттің ақша қаражаттарын қайтарымды әрі ақылы негізде және белгілі мерзімге уақытша пайдалануға кредит ретіндеберу;

- мемлекеттің өз кредиторлары алдындағы қаржылық міндеттемесін орындауы жолымен іске асырылады.

- ақшалай қорларды пайдалану басымдығын және бағыттарын белгілеу;

- мемлекеттің ақшалай қорларынан алдаған ақша қаражаттарын пайдалану тәртібін белгілеу;

- мемлекеттің ақша қаражаттарьга пайдалануды жоспарлау;

- мемлекеттің ақша қаражаттарын берудің қаржылық нормативтерін және шекті мөлшерін белгілеу;

- мемлекеттік кәсшорындардың пайдаларын бөлудің нормативтерін жөн? төртібін белгілеу;

- ақшалай қорларды пайдалану процесіне мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу сияқты әдістер арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің аясы қаржылық құқықтың ауқымы болғандықтан уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және оларды пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қызметі әрқашанда қаржыллық құқықтық нормалардың негізінде, б.а. тек құқықтық нысанда жүзеге асырылады. Мемлекеттің қаржылық кызметінің құқыктық нысандары ретінде, қаржылық қызметтің жалпы және арнаулы мәселелері бойынша, өз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекіеттік органдар қабылдаған нормативтік қаржылық құқьпсгық актілер көрініс табады.

Мемлекетгің қаржылық қызметінің құқықтық негіздерін Қазақстан Республикасы Конституциясының тиісті ережелері мен қаржылық заңнамалық актілер құрайды. Қаржылық заңнамалық актілер арнаулы және жалпы болып бөлінеді. Арнаулы қаржылық заңнамаға нормативтік қаржылық құқықтық актілер (қаржылар туралы заңдар), ал жалпы қаржылық заңнамаға мемлекеттің қаржылық қызметін белгілі бір көлемде реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің нормалары жатады.

Қаржылық құқықтық актілер өздерінің заңи мән-жайларына байланысты нормативтік және жекелей қаржылық құқықтық актілер болып бөлінеді. Сонымен қатар, қаржылық құқықтық актілердің бір түріне жоспарлы қаржылық актілер жатады. Осындай актілер бір мезгілде нормативтік және жекелей сипатта болады. Әдетте оларды аралас қаржылық құқықтық актілер депте атайды.

Сонымен, мемлекеттің қаржылық қызметінің құқыктық нысандарына:

1) нормативтік сипаттағы біржақты қаржылық құқықтық (заңнамалық) актілерді шығару;

2) заңға тәуелді жекелей қаржылық құқықтық актілер шығару;

3) екіжақты қаржылық құқықтық актілерді (шарттарды) жасасу;

4) мемлекеттің нақты қаржылық құкықтық қатынастың субъекгісі ретінде өзіне тиесілі құқықтары мен міңдеттерін өз уәкілетгі органы арқылы іске асыруы жатады.

Бүгінде Казақстан Республикасындағы тиісті қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті мемлекетгік органдар:

1) Казақстан Республикасы Парламенті;

2) Тиісті әкімшілік аумақгық құрылыстардың Мәслихаттары;

3) Казақстан Республикасыный Үкіметі;

4) Казакстан Ресгіубдикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;

5) Қазакстан Республикасының Қаржы министрлігі;

6) Қазакстан Респубдикасының министрліктері мен ведомствалары;

7) Тиісті әкімшілік-аумақтық кұрылыстардың Әкімдіктері:

8) Казакстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті;

9) Қазакстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті;

10) Қазакстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;

11) Қазакстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;

12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

13) Қазакстан Республикасының Даму банкі;

14) Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі иерархияны сақтай отырып өздеріне тиесілі орындарға ие болған.

Мемлекеттің қаржы саясатының басымдықтары арқылы қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының қаржылық құрылысы іс жүзінде мемлекеттік бюджеттік, фискалдық, кредиттік және валюталық қаржылық қатынастар негіздерінің стратегиялық құрылысын, б.а. мемлекеттің қаржылық қатынастарының негізін қалау процестерін көрсетеді.

Осы орайда, мемлекеттің қаржы.саясаты мемлекеттік қаржылық ресурстарды пайдалану, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару, олардың кірістері мен шығыстарын реттеу, экономиканы салықтық реттеу, ақша айналысын басқару, ұлттық валюта бағамына ықпал ету бағыты ретінде көрініс табатын мемлекеггік әрі үкіметтік экономикалық саясаттың бөлігін білдіреді.

Мемлекеттін қаржы саясатының осындай негізгі бағыттарында бюджеттік саясат, салық саясаты, ақша-кредит саясаты, валюталық саясат,инвестициялық саясат, кедендік саясат, ішкі және сыртқы мемлекегпіқ қарыз алу саясаты, халықаралық қаржылар саласыңдағы саясат, баға саясаты, әлеумеггік саясат көрініс табады.

Мемлекеттің қаржы саясатының нарық жағдайындағы басымдықтарына:

- қаржы жүйесінің тұрақгылығын қамтамасыз ету арқылы оның тиімділігін әрі оған деген сенімді нығайту;

- қаржы жүйесінің тиімді жұмыс істеуінің негізінде мемлекеггің қаржылық орнықгылығына және қаржылық егемендігіне қол жеткізу;

- әкімшілік-аумақтық құрылыстардың қаржылық құзыретін күшейту арқылы олардың қажетгі көлемдегі қаржылық экономикалық дербестіктерін нығайту;

- мемлекеттік қаржыларды мемлекет саясатының басымды бағыттарына пайдалануды, оның ішінде қоғамдық-мемлекеттік маңыздылығы аса зор бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету;

- тұрғылықты халықтың табысын айтарлықтай денгейде қалыптастыруға, сондай-ақ корпоративтік шаруашылық әрі жеке кәсіпкерлік аяларының тиімді жұмыс істеуіне инвестициялық және нормативтік қүқықтық қолдау көрсетуге ат салысу арқылы әлеуметтік шиеленістерді төмендетуді нысаналау;

- мемлекеттік қаржылық (бюджеттік) реттеу және Қазақстан Ұлттық Банкінің тиісті қызметі негізінде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығың әрі оларға деген сенімді қамтамасыз етуге ат салысу;

- қаржылық үрлық-қарлықгың және жемқорлықтың тамырына балта шабу негізіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ қаржылық құқықтық тәртіпті қорғау органдарының қызметін жетілдіру жатады.

5. Баќылау с±раќтары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]