- •1 Психологиялық пәндерді оқу пәні ретінде оқытудың әдістері, оның құрылымы
- •2 Лекция – оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы.
- •3 Жұмыстың жеке формалары
- •5 Такырыптык жоспар
- •50 Өзіндік жұмыс, оның түрлері мен бақылау формалары
- •51 Меңгерудің әр этапында пікір айтудың сөздік формаларын ұйымдастыру.
- •52 Оқытудың формаларының өзарабайланысы
- •53 Оқушыларменбіріккенжәнежекеәрекеттердіқұрастырабілу
- •54 Психологияныоқытуәдістеріндегітренингтіңалатынорны
52 Оқытудың формаларының өзарабайланысы
Оқытудың ұжымдық танымдық іс-әрекеті түсінігіне сипаттама, оның негізгі белгілері. Топтық жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері, оған қойылатын талаптар. Оқыту процесін ұйымдастыру ретіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру.
Оқыту процесіндегі оқушылардың ойлау әрекетінің психологиялық негіздері.
Оқушылар шынайы танымның субъектісі ретінде. Тиімді игеру мен оқыту мотивтеріндегі қажеттіліктің қалыптасуы. Оқытудың міндеттерін шешуге бағытталған таным іс-әрекетінің жүйесі ретінде. Білімді игеру процесінің құрылымы: қабылдау, ойлау, бекіту, білімін пайдалану, дағдылар мен икемділіктің қалыптасуы.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің барысына бақылау мен реттеу. Оқудағы оқушылардың шығармашылық ойлауы мен танымдық тәуелсіздігін дамыту. Оқушылардың жалпы және арнайы оқу икемділіктері мен дағдыларының қалыптасу жүйесі. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендіру жолдары
Оқытуды ұйымдастыру формалары түсінігінің мәні. Оқытуды ұйымдастыру формаларының даму тарихы. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде. Сабақ түрлері мен құрылымы. Сабаққа қойылатын талаптар. Оқтуды ұйымдастырудың қосымша формалары.
Оқытуды ұймдастыру туралы түсінік. Оқыту жұмысының ұйымдастыру формасының даму тарихы. Сабақ – оқыту процестерін ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақтан бақса да оқыту формалары. Мектеп тарихында оқытудың сыныптық – сабақтың жүйесінің дамуы.
Сабақтың құрылымы және типологиясы. Оқушылардың сабақта оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың фронтальді, топтық, жекелік формасы.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Тақырыптың немесе сабақ жоспары, сабақ анализі. Мектепте сабақтың нәтижелілігін жоғарлату жолдары. Әр түрлі оқыту тәрбиелік мекемелердегі, мектептегі, шағын кешенді мектептегі сабақтың құрылу ерекшелікері.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың басқа да формалары: тәжірибе және семинарлар және олардың оқыту жүйесіндегі орны, факултативті сабақ, оқу экскурсиялары, экскурсияларды жүргізудің дидактикалық негізі, жекеше және топтық консултация ұйымдастыру оқыту мүмкіндігін ескерту, оқу шеберханасында және сабақтан тыс жұмыстар жүргізу (пәндік үйірмелер, студия, клуб, олимпиада жарыстар).
Оқушылардың үй жұмысы және оның білімді игерудегі ролі. Оқушылардың үй жұмысы нормасы. Оқушылар үй жұмысын оқытудағы ережесі. Оқушыларда үй жұмысындағы қабілет пен дағдының қалыптасуы. Мұғалімнің оқушыларды өздік білім алуға дайындауы. Оқушылардың кітаппен және басқа да білім көздерімен жұмыс істеуі.
Қазіргі кездегі мектептегі оқытудың өзара байланысы.
53 Оқушыларменбіріккенжәнежекеәрекеттердіқұрастырабілу
Оқу процесінде қолданылатын ең тиімді технологиялардың бірі – оқу жүйесі арқылы іске асатын педагогкалық технологиялар болып табылады. Бұл жағдайда оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ өзгереді. Оның өзгеруі мектептің білім беру тұжырымдамасының згерімен байланысты. Сабақтың басты мақсаты – ұстаз оқушыларға білім беру кекрек болатын, ал мұнда оқушыларды өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге жүйелі түрде баулу болады. Қазіргі сабақтардың ерекшеліктері бірлесе жұмыс істеу атмосферасы, оқушылармен қарым-қатынастыағы өзгеріс, оларды оқуға, ұстаз еңбегіне араластыру. Сондықтан да ұстаз сабақ барысында күшін оқушылардың танымдық әрекетін өздігінен ұйымдастыруды үйретуге жұмсайды. Егер де сабақты шығармашылық бағытта өткізсе, сабақ біркелкі, күнделікті, жалықтыратындай болмайды. Ол әрекеттің әр түрлі формаларын қамтуы керек, сондықтан сарамандық сабақты саяхат-сабақ, конференция –сабақ түрлерінде өткізуге болады. Осылайша, сабақты өзгертудің бір бағыты – сабақтың негізгі дидактикалық бағыттарының ерекшеліктері бойынша ғана емес, оның өткізу тәсілдеріне де байланысты. Соңғы кезде сарамандық сабақтарды ойын түрінде өткізілетін сабақтар көп қолданылуда. Географияны оқыту әдістемесінде дидактикалық танымдық ойындар бұрыннан белгілі, бірақ бүкіл сабақта қолданылмады (тек психологиялық, физикалық шаршағанды басу үшін эпизодтық түрде қолданылды). Сарамандық сабақтардағы ойын әрекеттері танымдық әрекеттермен қатар оқу үрдісініңнегізі бола алады. Оқыту барысында ойындар әрқашан оқу материалдарымен байланыста болады, әрі оқушыларды қызықтыратын жағдай туғызады. Ол оқушыларға оқу мәліметтерін тез әрі жеңіл қабылдауға көмектеседі. Дидактикада оқыту әдістемесі деп – мұғалімнің басшылығымен оқушылардың білім, білік, дағды, дүниетануы, танымдық қабілеттерін дамытуды айтамыз. Қазақстан Республикасы «Білім беру» туралы заңы бойынша вариативтілік ұстанымды бекітілген. Педагогтерге, ұстаздарға оқытудың тиімді әдістерін пайдалануға, оқу процесін кез келген модель бойынша (авторлықты қоса) құруға мүмкіншіліктер жасалған.
