- •1 Психологиялық пәндерді оқу пәні ретінде оқытудың әдістері, оның құрылымы
- •2 Лекция – оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы.
- •3 Жұмыстың жеке формалары
- •5 Такырыптык жоспар
- •50 Өзіндік жұмыс, оның түрлері мен бақылау формалары
- •51 Меңгерудің әр этапында пікір айтудың сөздік формаларын ұйымдастыру.
- •52 Оқытудың формаларының өзарабайланысы
- •53 Оқушыларменбіріккенжәнежекеәрекеттердіқұрастырабілу
- •54 Психологияныоқытуәдістеріндегітренингтіңалатынорны
5 Такырыптык жоспар
Күнтізбелік- тақырыптық жоспар - бұл білімдік мекеменің мектеп оқушыларын нақты пән бойынша дайындау деңгейі мен мазмұндық минимум талаптарын іске асыруға арналған құжат. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар нақты пән бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген үлгі оқу бағдарламасы негізінде педагогтың өздігінен құрастырылады. Онда берілген пәнді үйрену нәтижесі бойынша оқушылар даярлығына қойылатын талаптар, білімдік үдерісті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар болып, нақты пәнді оқытудағы педагогтың тәжірибелік қызметінде мемлекеттік стандарттар компоненттерінің қалайша іске асырылатыны жайында түсінік берілуі тиіс. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар ең бастысы - өздерін толығымен іске асыруға ықпал етуші жергілікті жердегі жағдайларды есепке ала отырып, мемлекеттік стандарттарға сәйкес оқушылардың білім берудегі міндетті минимумдарды иегіруіне кепілдікті қамтамасыз етеді.
50 Өзіндік жұмыс, оның түрлері мен бақылау формалары
Өзіндік оқу жұмыстарында арналып бөлінген білімді іздеу, олардың мағыналылығы, нығаюы, дағдылар мен икемінің қалыптасуы мен дамуы, білімді жинақтау және жүйелеу уақытында алға қойылған дидактикалық мақсаттарды орындауға бағытталған студенттердің кез-келген басқаратын және дербес жүзеге асырылатын қызметі түсіндіріледі.
Студенттердің өзіндік жұмысы- аудитория және аудиториядан тыс орындалатын танымдық үрдістердің ағымын үлкен белсенділікпен сипаттайтын оқытушының жетекшілігімен жүзеге асатын және оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға және студенттердің өз білімдерін дербес толықтыруға қызмет ететін студенттердің оқу жұмыстарының ерекше түрі.
Өзіндік жұмыс тұлғаны қалыптастыра отырып, студенттерге жұмыс уақытын ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады, еңбек тәртібіне баулиды. «Өзіндік жұмыс» бәрінен бұрын басқа оқу жұмыс түрлерінің міндеттерін аяқтайды. Адамның ешбір білімі, егер де ол өзінің қызметінің объектісіне айналмаса, қажетті нәтиже бере алмайды. Өзіндік жұмыс жасай білудің негізі, алғашқы дағдысы мектепте қалануы тиіс. Мектептен жаңа оқу орнына келген студент, өз бетімен жұмыс жасау қабілеттілігі төменділігінен, жұмыс жасау тәсілдерін білмегендігінен көп қиналады. Мысалы, 1-курс студенттерінің 80%-ы материалды талдау, жүйелеу, амал-тәсілді қолдану дағдылары жоқтың қасы. Электронды кітапхана, интернет ресурстарын пайдаланумен қатар, энциклопедия, сөздікпен жұмыс жасау дағдысы жоқ студенттерде кездеседі. Сондықтан да, студенттердің өзіндік жұмыс жасауына көмек беру оқытушының негізгі міндеттерінің біріне айналады.
Өзіндік жұмыстың маңыздылығы
сауал мәнін терең зерделеу, оны нақтылап түсіну мүмкіндігі.
өзіндік берік көзқарастары мен пайымдаларын жасау.
Құнды сапаларын қалыптастыру:еңбексүйгіштік, тәртіп, ұқыптылық, іске шығармашылық көзқарас, ойлаудың дербестігі.
білімді өздіктерінен алу және тереңдету біліктерін дамыту.
Өзіндік жұмыстарды табысты орындауды қамтамасыз ететін шарттар:
Тапсырмалардың мотивациясы (не үшін, неге мүмкіндік туғызу);
Міндеттердің анық қойылуы;
Студенттердің өзіндік жұмыстарды орындау амалдары жөніндегі білімдері,әдістері, үлгілері;
жұмыс көлемін мен есеп беру формасын оқытушының нақты белгілеуі;
есеп беру, бағалау критериилері;
бақылау түрлері мен формалары
Студенттердің өзіндік жұмысының мақсаты
ЖОО-ның оқыту мақсаты - өз бетімен оқу әдістемесін, ғылымның қазіргі жетістіктерін өзінше игеру. СӨЖ мақсаты - білімге жеке күш жұмсауын, дағды мен икемділіктері арқылы, оқытушы кеңесі мен аудиториядағы сабақ барысында алынған нұсқау мен бағдарды студенттің ауыстыруын қамтамасыз ету.
Студенттердің өзіндік жұмысының міндеттері
- білім алушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға (таным мен білімді қолданудағы байқағыштық, үйірлік, қисынды ойлау, шығармашылық белсенділік);
- осы білімдерге ие болуда белсенді мүдде мен өзінше білім ізденушілік дағдысын дамытуға;
- қажетті шарттары төмендегілер болып табылатын белсенділік пен өзіндік дағдыларына баулу; жұмыстағы мақсаттылық, сабақтағы қолайлы психологиялық ахуал, жетістікке жетудегі сенімділік, оқу материалымен жұмыс жасау жүйелілігі, оқу бағдарламасын саналы меңгеруге;
- терең білім алуға бағытталған шығармашылық және зерттеу жұмыстарының дағдыларына байытуға;
- оқытудың техника құралдырымен СӨЖ дағдыларына баулу; көрнекілік оқу құралдарының әр түрлерінің ролі мен орнын анықтауға;
- студенттердің зияткерлік деңгейін көтеруге ықпал ететін қисынды ойлаудың белсенділігін арттыруға;
- ой еңбегін ғылыми ұйымдастырудағы студенттер дағдыларын жасауға;
- ой еңбегі мәдениетіне баулуға.
Ұтымды және сындарлы өзіндік жұмыстарға міндетті түрде студенттеріне үйрету:
Кітап, журналдармен жұмыс істеуге;
Конспектілеуге;
Есте сақтау тәсілдеріне;
Хабарлама, баяндама, реферат дайындауға;
өзін өзі реттеу тәсіліне және т.с.с
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда оқытушыға қажетті:
-оқу үрдісінің жалпы құрылымында сол жұмыстың рөлін анық көру;
-оқу материалын меңгерудің белгілі деңгей талаптарына бағдарлау;
- студенттердің дайындық және мүмкіндік деңгейлерін барынша есепке алу;
-өзіндік жұмыстарды орындау барысында туындайтын қиындықтарды алдын ала болжау;
-дербес және диффереционалды тапсырмаларды қолдану;
-жұмыс көлемін негіздеп таңдау;
-өзіндік жұмыстың ұзақтығын студенттердің дайындығы мен қиындық деңгейін есепке ала отырып анықтау;
-тапсырмалардың мазмұнын түрлендіру;
-жұмысты тексерудің ұтымды тәсілдерін таңдау;
-өзіндік жұмысты оқытушының жетекшілігімен жүргізетін жұмыспен дұрыс байланыстыру;
-өзіндік жұмысты жетістік деңгейлерін есепке ала отырып жобалау.
Студенттердің жұмыстарын ұйымдастыру
Студенттердің өзіндік жұмыстарын оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамушы мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналады. СӨЖ және оны қадағалау мен дұрыс ұйымдастыру студенттерді табысты оқытудың ең маңызды шарттарының бірі болып табылады.
СӨЖ ұйымдастыру бірінші кезекте оның мағынасының анықтамасын талап етеді. Бұл жағдайда ескеріледі:
курс мазмұнының тұтастығы мен жүйелілігі;
оқу үрдісінің барлық құрамы мен түрлерінің бірлігі және әр пән бойынша студент дайындығын қамтамасыз етудегі олардың өзара байланысы;
дағды мен икемділік арқылы бөлінген материалды меңгерудің соңғы нәтижесін нақты анықтау қажеттілігі.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру формалары
- Оқыту тәжірибесінде студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың төмендегі формалары пайдаланылады:
- мәселелік сұрақтар бойынша реферат, курстық және дипломдық жұмыстарға дайындығы;
- арнайы және басқа оқу әдебиеттерді реферат жазу және аннотациялау;
- кәсіби-бағдарланған іскерлік ойындар сценариін құрастыру;
- аннотацияны құрастыру;
- жұмыс бағдарламасына сәйкес үй тапсырмаларын орындау;
- студенттердің ғылыми конференциясына қатысу.
