- •1 Психологиялық пәндерді оқу пәні ретінде оқытудың әдістері, оның құрылымы
- •2 Лекция – оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы.
- •3 Жұмыстың жеке формалары
- •5 Такырыптык жоспар
- •50 Өзіндік жұмыс, оның түрлері мен бақылау формалары
- •51 Меңгерудің әр этапында пікір айтудың сөздік формаларын ұйымдастыру.
- •52 Оқытудың формаларының өзарабайланысы
- •53 Оқушыларменбіріккенжәнежекеәрекеттердіқұрастырабілу
- •54 Психологияныоқытуәдістеріндегітренингтіңалатынорны
1 Психологиялық пәндерді оқу пәні ретінде оқытудың әдістері, оның құрылымы
Психикалық құбылыстардың сипаттамасы. Психологиялық зерттеулерге белгілі психикалық құбылыстардың бейнелік сипаттамасы. Психологиялық таным іс-әрекет ретінде. Жан зерттеу объектісі ретінде. Психология пәні туралы қазіргі көзқарастар. Күнделікті тұрмыстағы және ғылыми психологияның ерекшеліктері және салыстырмалы талдау. Ғылыми-психологиялық зерттеулердің нәтижелері, олардың теориялық және қолданбалы маңызы. Ғылымдар жүйесіндегі психология. Психикалық құбылыстар мен психикалық факт.
Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология” термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі- “логос”(сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.
Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдалды. Жан туралы осындай амнистик пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі.
2 Лекция – оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы.
Оқыту процесін ұйымдастыру туралы түсінік. Лекция, семинар, практикалық және лабораториялық сабақтар, олардың түрлері. Лекция ― лекция – ЖОО оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаласы.
Лекцияға қойылатын заманауи талаптар. Лекцияның білімдік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерін күшейтуге қойылатын заманауи талаптар. Дидактикадағы оқыту және прогрессивті педагогикалық тәжірибе формаларын дамыту. Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстар, оларды ұйымдастыру түрлері.
3 Жұмыстың жеке формалары
Оқушылар бұрынғы білімдеріне сүйеніп тәжірибелік жұмыстар жасайды, алдымен үй тапсырмасы тексеріледі. Мысалы, экскурсия кезінде жинаған материалдарға сүйеніп, мектеп жанындағы алаңға егілетін өсімдіктердің сызбасын жасайды. Шет тілі сабағында түрлі тақырыптарға диалог құрастырады. Осылайша оқытудың өмірмен байланысы жүзеге асады. Жаппай, топтың және жеке жұмыстар жүргізіледі. 3 оқушыдан тұратын бөлім мектеп алаңында егілетін өсімдіктердің сызбасын жасайды. Түрлі ұжымдық жұмыстар оқушылардың арасындағы ізгі қатынастарға жақсы әсер етіп, білімдерін жаңа жағдайда шығармашылықпен қолдану оқушыны дамытады. Практикум мақсаты – зертханалық жұмыстар өткізу. Кезеңдері: • ұйымдастыру; • мақсат қою; • білімді еске түсіру; • нұсқау; • құрал-жабдықтарды іске қосу; • эксперимент және оны бақылау; • бақылау нәтижелерін талдау және безендіру; • есеп жазу; • есепті мұғалімге тапсыру.
