- •1 Билет
- •1. Ұйым. Ұйымның белгілері, түрлері, заңдары.
- •2. Іс кеңестері мен келіссөздер
- •3.Туризм индустриясындағы қызметкерлерді басқару
- •2 Билет
- •1.Туристік кәсіпкерлік мінез-құлқының ерекшелігі
- •2. Іскерлік жиындарға дайындық пен оны өткізу. Іскерлік жиындардың тиімділік шарттары.
- •3.Туризм индустриясындағы адам факторының ролі.
- •Ұйымдастыру жүйесі және оның құрылымы
- •2.Іс кеңестерінің түрлері
- •Басқарудың уәждемелік негіздері
- •1.Басқару құрылымы. Басқару құрылымының түрлері
- •2.Істегі қарым – қатынас негіздері
- •3.Жеке тұлғаның негізі мен темпераменті
- •5. Ұйымдастырушылық құрылымдарды жобалау
- •4. Меланхолик - қозғалыетарына баяулылық тэн, сөйлеу
- •11 Билет
- •3. Билік нысандары.
- •12 Билет
- •3. Үжымдық басқару.
- •1. Үйымдастыру құрылымын жобалау эдістемесі
- •2. Адамдардың іс-әрекетінің экономикалық уәждері.Уәждеменің экономнкалык емес әдістері
- •3. Басқару стильдер
- •20 Билет
- •1) Шешім қабылдаудың тәсілдері мен модельдері
- •2) Қарым-қатынас түрлері
- •3)Мотивацияның мазмұндық теориясы
- •21 Билет
- •3) Менеджердің абыройы. Жетекші және озат
- •1.Басқарушының түрлері, ұтымды шешім және оны қабылдау кезіңдері стр 26
- •1. Басқару құрылымы түсінігі.
- •3. Рационалды шешімдер және оны қабылдау этаптары.
- •2. Жеке тұлға мінезі мен темпераменті.
- •3. Туризмдегі ақпарат алмасу
- •23. Билет
- •1. Жоспарлау функциясының маңызы мен стратегиялық жоспарлаудың мәні.
- •2. Басқарудың ұйымдастырушылық – әкімшілік әдістері: бұйрықтар, елісімдік, кепілдемелік әдістер.
- •3.Шешім қабылдаудың жеке стильдері
4. Меланхолик - қозғалыетарына баяулылық тэн, сөйлеу
мэнерінде ұстамдылық пен психикалық белсенділігі төмен, тез
ренжитін,тіпті болмашы нәрсеге қатты күйзелетін, теріс эмоциялардың
басымдылығын жеңіпалатын темпераментгің элсіз түрі.
Темперамент түрлерін анықгауда түлғаның еңбек серпінімен
эмоциясын ескеру қажет.
Адамның мінез-құлығының элеуметтік негіздері. Әлеуметтік
ортадағы адамның мінез-құлығы тумысынан беріледі жэне ол
адамдардың өз ісіне орналасуына, құндылыққа, наным мен қағидаға
негізделеді. Олар өзара әрекетгесуці құрайтын барлық мінездердің бір-
біріне сіңуі мен өзара ықпалдары, адам мінез-құлығын ұстап тұратын
белпсі бар негіздері. Түбегейлі өзара тэуекелділікті сипатгай Отырып,
оньщ мінез-құлқына ықпал ететін адамдардың оқшау мінездемелері
сияқты қарауға болады.
№ 9 билет
1.Ұйым басқарудың коммуникациялық құрылымы.
Ұйым –деп, алға қойған мақсаттарға жету үшін адамдар тобының бірлесіп еңбек етуі.
Жұмыстың орндалуына байланысты топтар бойынша еңбек ұжымын қалыптастырып, бір адам жетекшілігін тағайындап, кадр бөлімін құру. Ұйым ұжымын құру нәтижелі еңбек кепілі.
Барлық ұйымдарға тән сипаттамалар: ресурстар,сыртқы ортадан тәуелділігі,еңбек бөлінісі,басқарудың тәртіптілігі,бөлімдер.
Ұйымның ішкі ортасының негізгі элементтері:
1. ұйымның мақсаты, ұйымда басты мақсат болуы тиіс
2. ұйымның құрылымы, менеджмент деңгейі негізінде әр түрлі бөлімдерінің өзара байланысы
3. тапсырмалары, белгілі уақытта орындалуы тиіс жұмыс көлемі
4. технология, адамдардың біліктілігі, білімділігі.
Ұйымның екі түрі бар:
1. Ресми ұйымдар
2. Бейресми ұйымдар.
Ресми ұйымдар- ұйымның мақсатына жету үшін басшылықтың еркімен құрылған адамдар тобы. Жалпы ұйым туралы айтылса, ол ресми ұйымдар тобы. Ресми ұйымдар белгілі бір заңды талаптарға негізделген.
Бейресми ұйымдар — әр түрлі әлеуметтік ішкі себептерге байланысты ресми ұйымның ішінен құралған ұйымдар.
Ұйымның негізгі мінездемесі оның сыртқы ортамен өзара қатынасы. Бірде бір ұйым «жеке арал» бола алмайды.Ұйым ресурстық қатынастарда да, тұтынушылық қатынастарда да қоршаған әлем сыртқы ортаға толықтай бағынышты.
Сыртқы орталар: экономикалық шарттар, тұтынушылар, кәсіподақтар, басқарма актілері, заңды нормалар, бәсекелес ұйымдар, қоғамдық көзқарастар, техника және технологиялар.
2.Істегі қарым қатынастардың маңызы.
Істегі қарым қатынас бұл қызмет ортасында адамдар арасындағы байланыстар дамуының күрделі көпжоспарлы үрдісі.Оған қатысушылар ресми лауазымдарда қызмет жасайды,сонымен қатар белгілі бір міндеттелген мақсаттарға бағытталған мәселелерді шешеді.Бұл үрдістің ерекшелігі тәртәптілік болып табылады.Негізгі шарты адамдар арасындағы қарым қатынас болып табылады.
Қарым-қатынас – адамдар арасындабірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен,тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті,перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) эффективті-коммуникативті (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор.
3.Билік және атқару әдістері.
Билікке ие болу адамдарға ықпал жасай алу, адамдардың немесе адамдар тобының іс қимылын және қарым қатынасын өзгерту.Менеджер билігі потенциялы бағыныштыларға ықпал ету факторы болып табылады.Ол жұмысының мүлтіксіз орындалғанын талап ете алады.Билік функциясы белгілі бір арналар арқылы басқаруда көрінеді.Биліктің жеті түрі болады:
Мәжбүрлеу;
Ықпал жасау;
Құзырлық;
Ақпарат
Қызметтегі орны;
Абырой;
Марапаттау (159 бет оқып алындар)
Жарлық биліктің атқару әдісі болып табылады.Жарлық бұл Президенттің жеке өзі және атқарушы билік басшысы шығаратын заңдылық акті.
Жарлық шығару құқығына ұйымдардың басқарушысының орынбасарлары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша, жеке құрылымдық бөлімдердің басқарушылары,ұйымдардың бас мамандары ие болады.
№ 10 билет
1.Ұйымдастыру жүйесі және оның құрылымы.
Ұйымдастыру жүйесіне фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.
Туризм саласын басқару тәжірбиесінде желілік,функциялық және желілік-функциялық ұйымдастырушылық құрылымдар көбірек шоғырланған.
Желілік ұйымдастыру құрылымы.
Ұйымдағы желілік байланыстар басқару шешімінің және сызықтық менеджердің ақпараты,яғни шағын ұйымның немесе оның құрылымдық бөлімдерінің жауапты тұлғасының іс қимылын көрсетеді.Бұл басқарудың ең қарапайым ұйымдыұ құрылымының бірі.Оның ерекшелігі:
Әр құрылым бөлімінің басында оған бағынатын жұмысшыларды басқаратын және өз қолындағы барлық басқару функциясын қадағалайтын өкілеттігі бар басшысы болады.(кітапта 38 бет 15 сурет карандар)
Функциялық ұйымдастыру құрылымы.
Ол ақпарат қозғалысының желісі бойынша және басқарушылық шешімі қатағ басқару функциясымен жүзеге асырылады.Ұйымда бір бағыттағы мамандар мамандандырылған құрылымдық бөлімге бірігеді.Мысалы ,маркетинг бөлімі,жоспарлау б,бугалтерия б. .(кітапта 39 бет 16 сурет карандар)
Желілік-функциялық ұйымдастыру құрылымы.
Мәні ортақ басқарманың желісі бойынша әр жұмысшы тек бір басшыға бағынады.Функцмялық басшыларға оларға қатысты сұрақтарды шешуге құқық береді. .(кітапта 41 бет 17 сурет карандар)
2.Істегі қарым қатынасты ұйымдастыру.Істегі қарым қатынастың қорытындысын жасау.
Істегі қарым қатынас адам өмірінің қажетті құрамдас бөлігі әрі адамдар арасындағықатынастың бір түрі.Қатынастың ауызша және ауызша емес түрлері бар.
Істегі қарым қатынасты ұйымдастырдың негізгі шарты адамдар арасындағы қарым қатынас.Жұмысымызда осы қарым қатынас түрін негізге алдық.Туризмдегі ақпарат алмасу турагенттік пен турларға тапсырыс беруші арасында келісім жасау үшін қажет болады.Бұл жағдайда ауызша және ауызша емес қатынас түрлері қолданылуы мүмкін.Туристік келісімнің нәтижесі осы ақпараттың дәл алмасуына тәуелді болады.Сол себепті ақпарат міндетті түрде нақы және айқын болу тиіс.Турагенттік пен турларды тұтынушылар арасындағы келісім жасаған сәтте ауызша қатынас негізгі рөлге ие болады,яғни оларды дұрыс жеткізу,құжаттар толтырылымы және т б
3.Басқару стильдері.Билік негіздері.
Стильдерді зерттеудің екі тәсілі бар:Дәстүрлі және осы күнгі.Дәстүрлі тәсілге #Бірөлшемді# басқару стильі жатады. #Бірөлшемді# стильдер белгілі бір ықыласпен сипатталады,олар:Авторитарлық,Демократиялық,Либералдық-салғырттық.
Басқару стильн алғаш рет Авторитарлық,Демократиялық,Либералдық деп бөлген К.Левинь болды.Осы тәсіл автор мен басқару стильдері жіктемесінің негізін салды.
Авторитарлық стиль концепцуалдық негізі және оның «эксплутациялық» «тілектестік» әртүрлілігі адам факторына алғашқы көңіл бөлген авторлардың бірі Д. Мак-Грегор «Х» теориясына сай келеді.
Бағынушымен шектеулі байланыс, адамдармен қатаң, бұйрық беру, сұрау жоқ, жаңа әсерді қорқынышпен қабылдайды не мүлдем қабылдамайды, өйткені бір ғана әдіс қолданылады. Жиылыс жүргізудегі орны орталықтан. Автократ өз қасиеттері адамдар деңгейінен төмен болса немесе бағынушылар жалпы кәсіби мәдениеті ең төмен. Жұмыс тиімділігі артпайды. Қанағат жоқ.
Демократиялық стиль өкілеттіліктің жоғары деңгейдей орталықтан тыс болуы, шешім қабылдауға бедсене қатысқан қызметкерлерге қызмет міндеттерін орындаса, ол ынталандырылады. Тәжірибеде екі түрі: кеңестік және партисипативтік.
Арнайы зерттеулер негізінде авторитарлық стиль жағдайында сандық көрсеткіштер деп санап қарағанда екі есе көп жұмыс жасалады, бірақ жұмыс сапасы, қайталанбастығы, жаңалығы, шығармашылық элементтер төмен болады. Авторитарлық стиль сандық нәтижеге, қарапайым, ал демократиялық стиль сапалық, күрделі түрде.
Сынға жақсы көзқарспен қарау. Тұрақты байланыста болады. талап қоя біледі, әділетті. Жиылыс жүргізгенде топ ортасында отырады.
Либералды стиль шығармашылық көзқарасты ынталандыру қажеттілігі үшін қойылған міндеттерді шешуде қолданылады. Екі түрге бөлінеді: либералды және бюроратиялық. Бұл стиль қолданысы Ғылыми Техникалық Революция және тәжірибелік-конструкторлық өңдеуде кең қолданыста. Біруақытта бюрократиялық болады.
Либерал өте сыпайы, ұжымға өтініш білдіру арқылы әсер етеді. Басқарушылық функцияларды орындауда өте пассивті, «ағыммен жүзеді». Шиеленістен қорқады, бағын.көзқарасымен келіседі. Жұмсақтық беделге кедергі болады. дистанция маңызды емес.
