- •1 Билет
- •1. Ұйым. Ұйымның белгілері, түрлері, заңдары.
- •2. Іс кеңестері мен келіссөздер
- •3.Туризм индустриясындағы қызметкерлерді басқару
- •2 Билет
- •1.Туристік кәсіпкерлік мінез-құлқының ерекшелігі
- •2. Іскерлік жиындарға дайындық пен оны өткізу. Іскерлік жиындардың тиімділік шарттары.
- •3.Туризм индустриясындағы адам факторының ролі.
- •Ұйымдастыру жүйесі және оның құрылымы
- •2.Іс кеңестерінің түрлері
- •Басқарудың уәждемелік негіздері
- •1.Басқару құрылымы. Басқару құрылымының түрлері
- •2.Істегі қарым – қатынас негіздері
- •3.Жеке тұлғаның негізі мен темпераменті
- •5. Ұйымдастырушылық құрылымдарды жобалау
- •4. Меланхолик - қозғалыетарына баяулылық тэн, сөйлеу
- •11 Билет
- •3. Билік нысандары.
- •12 Билет
- •3. Үжымдық басқару.
- •1. Үйымдастыру құрылымын жобалау эдістемесі
- •2. Адамдардың іс-әрекетінің экономикалық уәждері.Уәждеменің экономнкалык емес әдістері
- •3. Басқару стильдер
- •20 Билет
- •1) Шешім қабылдаудың тәсілдері мен модельдері
- •2) Қарым-қатынас түрлері
- •3)Мотивацияның мазмұндық теориясы
- •21 Билет
- •3) Менеджердің абыройы. Жетекші және озат
- •1.Басқарушының түрлері, ұтымды шешім және оны қабылдау кезіңдері стр 26
- •1. Басқару құрылымы түсінігі.
- •3. Рационалды шешімдер және оны қабылдау этаптары.
- •2. Жеке тұлға мінезі мен темпераменті.
- •3. Туризмдегі ақпарат алмасу
- •23. Билет
- •1. Жоспарлау функциясының маңызы мен стратегиялық жоспарлаудың мәні.
- •2. Басқарудың ұйымдастырушылық – әкімшілік әдістері: бұйрықтар, елісімдік, кепілдемелік әдістер.
- •3.Шешім қабылдаудың жеке стильдері
20 Билет
1) Шешім қабылдаудың тәсілдері мен модельдері
Басқару шешңмдерін қабылдаудың барлық әдістерін мынадай түрлерге бөлуге болады:
-формальды емес (эвристикалық)
-ұжымдық
-мөлшерлік
Шешім қабылдаудың формальды емес (эвристикалық) әдісі – басқарушының оңтайлы шешімдерді қабылдау жиынтығы мен таңдау әдістері, жиналған тәжірбие көмегімен альтернативаларды теориялық түрде салыстыруында қолданады. Формальды емес әдістер негізінен түйсікпен қалыптасады.
Талқылаудың ұжымдық әдістері және қабылдау шешімдері. Ұжымдық жұмыс үрдісіндегі басқару шешімдерін жүзеге асыруда ортаны анықтау,яғни белгіленген үрдіске қатысушыларды анықтау негізгі кезең болып табылады.Топтық жұмыстың ұжымдық формалары әр түрлі болуы мүмкін:отырыс,жиналыс,комиссиядағы жұмыс және т.б Басқару шешімінің ұжымдық дайындығының көп таралған әдістерінің бірі-«ми шабуылы»(жаңа ойлардың бірігуі мен алдағы шешімдерді қабылдау). «Ми шабуылының» негізгі шарты-жаңа ойлардың максималды жағымды болуына жағдай туғызу.
2) Қарым-қатынас түрлері
Вербальды емес қатынас-ежелгі және базисті коммуникация түрі болып табылады. Біздің бабаларымыз мимика, тембр немесе дыбыс ырғағын қолданып қатынасқан, қазіргі таңда да біз кей жағдайларда бір-бірімізді сөзсіз түсінуіміз мүмкін.
Оның үш түрі Тән тілі, дауыс, мимика
Вербальды қатынас-біздің салыстырмалы таяудағы өткен уақыт аралығы мен онымен бірге пайда болған абстрактылы ойлаудың иемденуі.
Оның екі түрі Ауызша және Жазбаша
Вербальды емес қатынас- Вербальды қатынасқа қарағанда көп қиындық тудырмайды. Бұл жағдайда біз өз сезімдерімізді біркелкі жеткізудің жалпы қолданысқа енгізілген сөздіктер, грамматика, мимика мен интонацияны қажет етпейді.
3)Мотивацияның мазмұндық теориясы
а)Маслоу бойынша қажеттіліктер пирамидасы.
Ынталандырудың мазмұнды теориялары бірінші кезекте,әсіресе жұмыстың көлемі мен мазмұнын анықтауда адамдардың сұранысын анықтайды. Ынталандырудың қазіргі крнцепцияларының негіздерін салуда Абраам маслоу, Фредерик Герцберг еңбектері үлкен маңызға ие болды.
Басқарушылары адамның қажеттілктерінің күнделікті және олардың ынталандыруға әсері туралы еңбегінен еңбегінен білген бихевиорисердің бірі болып А.Маслоу табылды.
Онымен құрастырылған кең танымал қажеттіліктердің иерархиясы келесі негізгі ойлар мен алғы шарттарды кіргізеді:
·адамдар үнемі қандай да қажеттілктерді сезеді;
·адамдар бөлшек топтарға біріккен күшті белгіленген қажеттіліктер жинағын бастан кешіреді;
·қажеттіліктер тобы бір-біріне қатысты иерархиялық түрде орналасқан;
·қажеттілктер қанағаттандырылмаса,адамды іс-әрекеттерге түрткілейді.Қанағаттандырылған қажеттіліктер адамдарды қайта ынталандырмайды;
·егер қажеттілік қанағаттандырылса,оның орнын басқа қанағаттанбаған қажеттілік басады;
·көп жағдайда адам бір-бірімен жинақтылық қатынаста болатын бір уақытта бірнеше әр түрлі қажеттіліктерді сезеді;
·»пирамиданың» негізіне жақын тұрған қажеттіліктер ең бірінші ретте қанағаттандыруды талап етеді;
·жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктер төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттанған соң адамға белсенді түрде әсер етуді бастайды;
·төменгі деңгейдегі қажеттіліктерге қарағанда жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктердің көп санымен қанағаттанулары қажет.
Маслоудың теориясына сәйкес қажеттіліктердің бес тобы бар:
1.Физиологиялық қажеттіліктер.Олар адам организмінің тамаққа,суға,жылуға,ұйқыға деген қажеттіліктері.
2.Өзіне физиологиялық және психологиялық факторларды кіргізетін қауіпсіздіктегі қажеттілік. Адам денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалу үшін жарақаттанудан қашық болуға тырысады. Адам қауіпсіздікте және жинағының сақталуында психологиялық қажеттілікті сезеді. Қажеттіліктің осы түрі адамдарды өрттен сақтану келісімдерін жасауға немесе өзінің ақшасын банкте сақтауға итермелейді.
3.Әлеуметтік топқа жату қажеттілігі. Адам басқалардың жағынан достық қатынасты қажетсінеді және белгілі әлеуметтік топқа жатуға тырысады.
4.Сыйластық қажеттілігі өзіне өзіндік құндылық сезімінде,сыйласу және топтың басқа мүшелерінің жағынан қадірін арту қажеттілігін енгізеді.Көптеген басқарушылардың іс-әрекеттерінің себебі болып дәл осы қажеттілікті қанағаттандыруға тырысу табылады.
5.Өзін таныту қажеттілігі-өзінің мүмкіндіктерін толық көрсету,ол адамның оған деген басқалардың көзқарастарына қарамай өзімен өзі болуға ұмтылу.
Қажеттіліктерді иерархиялық құру теориясы әрбір қажеттіліктердің табиғаты қандай деген сұраққа жауап бермейді. Бұл теорияның негізгі міндеті адамды ынталандыруға қажеттіліктің әсер етуінің белгілі динамикасын біле отырып адамға әсер ету оған белгілі дәрежеде өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беруін көрсетуге ұмтылу болып табылады. Бұл теория қазіргі басқару теориясы мен тәжірибесінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Бірақ өмір осал жерлері бар екенін де көрсетті.
