- •1 Билет
- •1. Ұйым. Ұйымның белгілері, түрлері, заңдары.
- •2. Іс кеңестері мен келіссөздер
- •3.Туризм индустриясындағы қызметкерлерді басқару
- •2 Билет
- •1.Туристік кәсіпкерлік мінез-құлқының ерекшелігі
- •2. Іскерлік жиындарға дайындық пен оны өткізу. Іскерлік жиындардың тиімділік шарттары.
- •3.Туризм индустриясындағы адам факторының ролі.
- •Ұйымдастыру жүйесі және оның құрылымы
- •2.Іс кеңестерінің түрлері
- •Басқарудың уәждемелік негіздері
- •1.Басқару құрылымы. Басқару құрылымының түрлері
- •2.Істегі қарым – қатынас негіздері
- •3.Жеке тұлғаның негізі мен темпераменті
- •5. Ұйымдастырушылық құрылымдарды жобалау
- •4. Меланхолик - қозғалыетарына баяулылық тэн, сөйлеу
- •11 Билет
- •3. Билік нысандары.
- •12 Билет
- •3. Үжымдық басқару.
- •1. Үйымдастыру құрылымын жобалау эдістемесі
- •2. Адамдардың іс-әрекетінің экономикалық уәждері.Уәждеменің экономнкалык емес әдістері
- •3. Басқару стильдер
- •20 Билет
- •1) Шешім қабылдаудың тәсілдері мен модельдері
- •2) Қарым-қатынас түрлері
- •3)Мотивацияның мазмұндық теориясы
- •21 Билет
- •3) Менеджердің абыройы. Жетекші және озат
- •1.Басқарушының түрлері, ұтымды шешім және оны қабылдау кезіңдері стр 26
- •1. Басқару құрылымы түсінігі.
- •3. Рационалды шешімдер және оны қабылдау этаптары.
- •2. Жеке тұлға мінезі мен темпераменті.
- •3. Туризмдегі ақпарат алмасу
- •23. Билет
- •1. Жоспарлау функциясының маңызы мен стратегиялық жоспарлаудың мәні.
- •2. Басқарудың ұйымдастырушылық – әкімшілік әдістері: бұйрықтар, елісімдік, кепілдемелік әдістер.
- •3.Шешім қабылдаудың жеке стильдері
1 Билет
1.Қазақстанның туристік саласы жоғары қарқымен дамуда. 2011–2014 жылдарындағы туризмді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама бұған дәлел бола алады. Туризмді дамытудың 2011– 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ұлттың туристік өнімнің тартымдылығы арттыруға және Қазақстанның әлемдік туристік нарық жүйесіне кіруге әсер етеді. Туристік нарық жұйесіне, туризм менеджментінің негізгі роль атқарады.
Туризм менеджмент дегеніміз туристік өнімді және қызыметкерлерді басқару қағидаттарының, әдістерінің, тәсілдері мен құралдарының жиынтығы, онда басқару ғылымның соңғы жетістіктер қолданады. Туризм менеджментінің басты мақсаты – турөнімнің жоғары тиімділігіне қол жеткізу, кәсіпорының, фирманың, коспанияның ресурстарын ұтымды пайдалану. Қазіргі кезде елімізде 1325 аса туристік ұйымдар қызымет атқарады.
1. Ұйым. Ұйымның белгілері, түрлері, заңдары.
«Ұйым» термині адамдар өз мақсаттарына жету үшін бірігетін белгілі бір құрылымды сипаттайды, яғни бұл менеджмент объектісі. Ұйым – бұл қызметтері ортақ немесе жеке мақсатқа жетуге координацияланатын адамдар тобы. Кез – келген ұйым нақты тағайындалуына тәуелсіз белгілі бір параметрлер көмегімен сипатталуы мүмкін, бұл парамертлердің ең негізгілері: мақсатты тағайындалуы, құқықтық және нормативті негіз, ресурстар, процестер мен құрылым, еңбекті бөлу және ролдерді тағайындау, сыртқы орта және әлеуметтік және экономикалық байланыстардың ішкі жүйесі.
Туристік ұйым – қызметінің негізгі түрі туристік қызмет болып табылатын заңды тұлға.
Белгілері бойынша ұйымдардың жіктелуі:
- заңдылық критерийіне байланысты: ресми; бейресми.
- меншік формасына қарай: жеке; мемлекеттік; муниципалдық; қоғамдық.
- мақсаттық тағайындалуы бойынша: өнім өндіру; жұмыс атқару; қызмет көрсету.
- өндірістік бағдарының көлеміне байланысты: мамандандырылған; диверсификацияланған.
- ғылым мен білімді біріктіру түріне байланысты: ғылыми; өндірістік; ғылыми – өндірістік.
- өндірістік процестің сатыларының санына байланысты: бірсатылы; көпсатылы.
- кәсіпорынның орналасуына байланысты: бір аймақта; бір географиялық нүктеде; әртүрлі географиялық нүктеде.
- көлеміне байланысты: ірі; орта; шағын.
Туристік нарық – туристік саладағы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) мен ақшаның айналымы.
Туристік қызмет – туристік қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалардың қызметі. Қазақстанда туристік қызметті жүзеге асырушы туристік ұйымдар саны күн санап өсуде.
Туристік аймаққа біріккен туристік ұйымның қажеттілігі және жұмыс жасауының маңыздылығы туралы сұрақ тіпті талқылануға жатпайды да. Мұндай ұйым өз аймағындағы кооперативті тапсырмалардың орындалуын өз мойнына алуы тиіс. Әртүрлі әдебиет көздерінде туристік ұйымдарды әртүрлі атайды және олар менеджменттің әртүрлі қызметтерін атқарады.
Басқару процесі жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау қызметтерінен тұрады. Бұл басқарудың төрт бірінші ретті қызметтері коммуникацияның және шешім қабылдаудың байланыстырушы процестерімен біріккен.
1- сурет. Менеджменттің қызметтері
Бір жағынан, туристік ұйымды өзіне туристік аймақтағы координатор қызметін алатын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының ерекше түрі ретінде анықтауға болады. Менеджмент үшін жеке кәсіпорындардың да, туристік ұйымның да әртүрлі қызметтері арнайы ұйымдастырушылық құрылымымен координациялануы маңызды болып табылады.
Екінші бір жағынан, туристік ұйымдар туристік делдалдар арқылы ұсынылады, яғни мұндай типтегі туристік ұйымдар маркетингтік қызмет атқаруы, кооперативтік сипатқа ие болуы және мемлекеттік дәрежеде және жеке тәртіпте жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болуы тиіс.
Кез-келген жағдайда туристік ұйымдар туристік саясатты қалыптастырады, яғни туризм үшін тиімді жағдайлар құруы тиіс және белгілі бір аймақта оның дамуын ынталандыруы тиіс.
Осылайша, туристік менеджментке арналған ұйымдастырушылық құрылымдар аймақтық, ұлттық және халықаралық, сонымен қатар кейде жергілікті дәрежеде мемлекеттік және жеке ұйымдарды қамтып отыр (2 - сурет). Мұндай ұйымдар аймақтар мен елдерде туризмнің дамуын жоспарлауға, туристік өнімді өткізуді координациялауға қажетті болып табылады.
Туристік ұйым қолданатын туризмнің нормативтік – құқықтық базасының негізгі құжаттарының тізімі:
- ҚР мемлекеттік конституциясы;
- «ҚР-дағы туристік қызметтердің негіздері» туралы ҚР Заңы;
- «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» туралы ҚР Заңы;
- «Стандарттау» туралы, «Өнім мен қызметтердің сертфикациясы» туралы
Заңдар;
- «Халықаралық туристік қызметті лицензиялау» туралы ҚР Үкіметінің
Қаулысы;
- «ҚР-да қонақ үйлерде қызмет көрсету ережелері» ҚР Үкіметінің Қаулысы;
- Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға
арналған бағдарламасы;
- СТ ҚР 1142-2002 «Туристік-экскурсиялық қызмет көрсету. Терминдер мен
анықтамалар»;
