Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макроэкономика(МП)_(каз)250 не в макр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.39 Кб
Скачать

Telerade dj. Intеl Ltd компаниясы арқылы өтетін тапсырыстар қозғалысының сызбасы

Группа 19

Сурет 1.

Халықаралық банкаралық қаржылық операциялар нарығында сауда кейбір белгіленген валюта көлемдері-лоттармен жүзеге асады. Чикагоның Сауда Биржасының (СМЕ) бөлігі болып келетін Халықаралық валюта рыногімен белгіленген әрқайсысының мөлшері бар.

Бұндай лотты рынокқа шығарғанда (орналасуын сатып немесе сатып алумен ашу) клиент оның барлық нақты құнын төлемей, тек шарты кепіл мен (гарантиный залог-марела) қамтамасыз етеді. Бір лот үшін $ 1000 күндізгі саудада, ал кештен таңға дейін сатылса (over night) $1500. Орналасуын жабумен қатар орнынан тапқан пайдадан шартты кепіл мен әр жабылған лот үшін $ 100 тең болатын бір жолғы ұстамдар клиенттің сауда шотына қайтарылады.

Маржелік сауданың мұндай механизмі, яғни, клиенттің өз капиталына қарағанда, компанияның клиенттің рынокқа қойған позиция көлемін 200 есе көбейтуі, жылішілік, аптаішілік және де күнішілік валюта бағамының ауытқуын қолдану кезінде клиентке жоғары нәтижені қамтамасыз етеді.

3.2 Қазақстан Республикасының валюталық саясаты

КСРО күйрегеннен кейін Қазақстан Республикасында да өндірістің құлдырауы, инфляция мен жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі типтес көптеген экономикалық проблемалар туындады.

Қазақстан Республикасы экономиканы тұрақтандыру, оны терең құрылымдық, валюталық және әлеуметтік дағдарыстан шығару бойынша бірқатар реформаларды қолға алды. Қазақстанда ашық экономика принципі жарияланған еді. Бұл принцип оның әлемдік шаруашылық байланыстар мен халықаралық еңбек бөлінісіне біртіндеп кіруінің қажетті шарты болып есептелінеді.

Қазақстанның экономикаға өту мерзімін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:

1-кезең. 1992-1994 ж.ж. Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болды. Меншік пен нарықтық қатынастардың жаңа субъектілерін құрудың негізі ретінде мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру бағамы қолға алынды. Аралық капиталы бар бірлескен кәсіпорындар, шетелдік инвесторлар үшін жеңілдік жүйесі және қолайлы режимі бар еркін кәсіпкерлік аймақтар құрылды.

Елде нарықтық инфрақұрылым қалыптасты: коммерциялық банктердің кең жүйесі құрылды, биржалық сауда зор қарқынмен дамыды. Бірақ өнеркәсіптік және тұтынушылық пайдаланудағы өнімдерді шығару төмендеді. Инфляция 45-50% жетті.

Республика өзінің ұлттық валютасы - теңгені енгізуге мәжбур болды. Айырбастаудың әлемдік жүйесінде қазақстандық ақша бірлігі өтімді емес (еркін айналмайтын) валюта болып саналады. Банктік ортада теңге жартылай айналымға түсетін валюта бола алады, яғни бұл келісімдер банкаралық валютада жүргізілуі тиіс.

Ұлттық валюта - теңгені енгізу күнінде (1993 жылдың 15 қарашасында) республика қажетті тұтынудың 60-65% көлеміндегі өзіндік алтын валюталық резервтерімен қамтамасыз етілген еді.

Қазақстан теңгесінің айналымға түскеннен кейінгі бағамы Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта биржасындағы күнделікті сауда-саттық кезінде анықталып отырды.

Валюталық нарыққа ұлттық валютаны енгізу сәтінде оның айырбас бағамы АҚШ-тың 1 долларына қатысты 4,68 теңгеге тең болды. Ұлттық банк теңгенің жүйеге келтірген валюталық айырбас бағамы саясатын жүргізіп отыр, ол валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын сипаттайды.

Қазақстан «рубльдік аймақ» режимін сақтап қалуға ұмтылған еді, өйткені қалыптасқан экономикалық кеңістік пен шаруашылық байланыстарды қолдау қажет болды.

Бірақ көптеген экономистер пікірі бойнша, бұл режим ең нашар ақшалық режимнің бірі болған еді. Қазақстан валютасы теңгені енгізуге дайындық процесі кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шетелдер, соның ішінде ТМД елдері тәжірибесін мұқият зерттеді. Ұлттық валютаны енгізудің әр түрлі нұсқалары түбегейлі қарастырылды.

Әлемдік тәжірибеде валютаны енгізудің 3 түрлі нұсқасы бар:

• аралық енгізу;

• параллелді енгізу;

• тікелей енгізу.

Осы әдістердің үшінші нұсқасы таңдалды.

Валюталық режимді таңдау кезінде мемлекеттік комиссия Ұлттық банктің интервенциясымен валюталық нарықты басқаратын жүзу режимін белгіледі. Бұнымен қатар, біртұтас валюта бағамы мен теңгенің еркін айырбасталуы қолданылды. Олар ағымдық шот бойынша операцияларды қамтыды және шетелдік инвесторлардың пайдасын тіркеді.

2-кезең: 1994-1995жж. Бұл кезеңде отандық заңды құқықтық база, соның ішінде валюталық базасы қалыптасты. Екінші кезеңде жекешелендіру процесін аяқтау және шетелдік акциялардың мемлекеттік пакетінің 80%-ке дейінгі беру жоспарланды.

Валюта нарығының қалыптасуымен қатар, құнды қағаздар нарығы да құрылды.

Реформалау саясатының басым мақсаттарының бірі – еркін ауыстырылу (конвертация) проблемасы болды. Сондықтан валюталық нарықтың өтімділігін қамтамасыз ету және теңгенің ішкі өтімділігіне қол жеткізу мақсатында барлық валюталық табысты елге қайтару шаралары жүргізілді. 1993 жылдың желтоқсан айының соңында АҚШ долларына да, Ресей рубліне де қатысты теңге бағамы күрт төмендегені атап өтілді. Қаңтар-ақпан айларында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі қатаң несиелік саясат жүргізді, ол нақты айырбас бағамын салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Бірақ наурыз айында номиналды айырбас бағамы төмендей берді (осының әсерінен несиелік эмиссия күшейді).

1994 жылы Ұлттық валюта бағамының төмендеу қарқыны шамамен 11,6%-ті құрады (орташа айлық есептеу бойынша), ол 1995жылы 11,5%-ке тең болды. Осы жылдардағы валюта бағамының динамикасы оның төмендеу қабілетілігін көрсетті, ол инфляция деңгейі мен экономиканың дағдарыстық жағдайына толық сәйкес келеді.

Теңге бағамы төмендеуінің соңғы кездегі тенденциялары халықтың теңгеге деген сенімінің артқанын дәлелдейді, ол мүмкіндігінше экономиканың доллардан арылуы процесін жеделдетеді.

Теңге тұрақтылығын сақтау және төлем балансының тапшылығын қысқарту мақсатында сыртқы саудадағы экспорт ынталандырылды.

Осы шарамен бірге бір мезетте ішкі нарықты және отандық өндірушілерді қорғау мақсатында жекелеген тауарлар импортына шектеулер енгізілді.

Төлемдік дағдарыстың әсерінен отандық өндірушілер жаппай банкротқа ұшырады. Несиеге қойылған процент шектен тыс жоғары болғандықтан, көптеген кәсіпорындардың оларды алуға мүмкіндіктері болмады.

1995 жылдың екінші жартысынан бастап, валюталық нарықтың биржадан тыс сегменті жедел дамыды. 1996 жылы оның көлемі валюта биржасындағы операциялардың көлемінен асып кетті.

3-кезең. 1996-1998 ж.ж. әлеуметтік-экономикалық жағдайға жүргізілген талдау көрсеткендей, ел экономикасының барлық салаларында реформалар процесінің әлі де жүргізілгендігі анықталған. Республикадағы мұнай-газ кешенінде ТМД-дегі ең ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

4-кезең. 1998-2005 ж.ж. Шетелдік инвесторлар үшін салық салудың ұлттық режимі белгіленген, сонымен бірге, осы қолайлы режимді қамтамасыз ететін бірқатар заңдар қабылданды. Осы кезеңнің мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады.

• Ұлттық валютаның тұрақтануы;

• Болжамдалған инфляция мен жұмыссыздық;

• Отандық банктік жүйенің құрылуы;

• Шетелдік банктердің қызметі;

• Қаржылық нарықтың, соның ішінде бағалы қағаздар нарығының дамуы.

Валютаның айырбас бағамы сияқты – валюталарды сатып алу қабілетін қамтамасыз ету және ішкі валюта нарығында валюталық алып-сатушылық (саудагерлік) операциялардың белсенді дамуына жол бермеу шараларын ескере отырып құралады. Бұл саясаттың мақсаты – барлық басқа қаржылық нарықтардың дұрыс қызмет етуі мен теңгені нығайтуға жағдай жасау.

Валюталық саясаттың дәстүрлі формаларының ішінде мынадай құралдар қолданылады: валюта бағамы тәртібін реттеу, валюталық интервенциялар, алтын-валюталық резервтерді басқару және теңгенің еркін айырбасталуы дәрежесін реттеу. Ұлттық банк теңгенің реттейтін еркін өзгермелі айырбас бағамын белгілеген еді. Канада және бірқатар басқа елдерде кең қолданылатын валюталық интервенциялар Қазақстанның ішкі валюталық нарықтарында жүзеге асырылуда. Валюталық интервенцияның мақсаты: валюталық нарықтағы конъюнктураның қысқа мерзімді өзгерістері арқылы теңгенің номиналды бағамының тербелісін баяулату болып табылады. Шетелдік валютадағы алтын-валюталық активтердің уақытша төмендеуі Ұлттық банктің валюталық интервенцияларды жүргізу саясаты нәтижесінде болды (1991 жылы - 11,2 млн. АҚШ долларына, 1994 жылы - 18,9 млн. АҚШ долларына, 1995 жылы - 106,8 млн. АҚШ долларына). Осы биылғы 2005 жылдың алты айында ұлттық валюта бағамын тұрақтандырып белгілі деңгейде ұстап тұру үшін ҚР Ұлттық банкі 700 млн. доллар көлеміндегі алтын-валюта резервін қолданып интервенция жасағанын Ұлттық банктің Төрағасы А. Сәйденов айтты. Мұның басты себебі, ҚР Президентінің биылғы жылғы Жолдауына орай шілде айының басынан бастап әлеуметтік жағдайды көтеру барысында (зейнетақының, шәкіртақының т.б. өсуі) туындаған ақша массасының елде ұлғаюына байланысты болып отыр. Мұндай интервенция Үкіметтің еліміздегі инфляцияны 7% көлемінде ұстауға өз септегін тигізеді.

Сонымен қатар, ұлттық валютаның тұрақты бағамын сақтау үшін алтынның құнын анықтаудың жаңа жолы іздестірілуде, оның құны энергия тасымалдаушылардың құнына байланысты белгіленген, бүкіл әлемде осы жол қабылданған.

АҚШ долларына қатысты теңгенің ресми айырбас бағамы биржалық және биржадан тыс валюта нарығының жағдайына, сонымен бірге, инфляция деңгейі мен басқа макроэкономикалық көрсеткіштер деңгейіне байланысты белгіленеді.

Көп жағдайда мұндай бағам заңды тұлғалар арасындағы келісімдерде қолданылады.

1996 жылы халықаралық валюталық қормен келісімдегі 8-баптың шартына қосыла отырып, Қазақстан өзіне төмендегідей міндеттемелерді алды:

• Валюталық шектеулерді енгізбеу немесе күшейтпеу міндеттемесі;

• Көп валюталық бағамдарды қолдану тәжірибесін енгізбеу немесе езгерту;

• Төлемдік балансқа байланысты себептер бойынша импортқа деген шектеулерді енгізу немесе күшейту.

Келісімге сәйкес, ағымдық халықаралық келісімдер бойынша төлемдер мен аударымдарды орындаудың шектеулері алынып тасталды. Бұл жағдай теңгенің еркін айырбасталуын қамтамасыз ету және төлемдердің көп жақты жүйесіне өту шарттарына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Неміс маркасына қатысты теңге бағамы динамикасы мен АҚШ долларына қатысты теңге бағамы динамикасыының ұқсастығы болғанымен, бірақ оның кең ауқымды қысқа мерзімдік тербелістері бар.

Ресей "рубліне" қатысты теңге бағамы динамикасы АҚШ долларына қатысты теңге бағамы динамикасына қарама-қарсы дәрежеде дамыды.

Валюта нарығы – Қазақстанның өте динамикалық қаржылық нарықтарының бірі.

Биржалық және биржадан тыс нарықтардан тұратын валюта нарығының жалпы айналымының өсу тенденциясы бар.

Табыстылық, өтімділік, тәуекелділіктің іс жүзінде жоқ болуы сияқты көрсеткіштер бойынша валюта нарығы мен мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына елде әзірше альтернатива (балама) жоқ.

1996 жылғы валюталық тәуелділіктерді хеджирлеу механизмін құру валюталық нарыққа тән ерекшелік болды. 1996 жыл ішінде валюталық фьючерс бойынша екі ауданда: Қазақстандық агроөнеркәсіптік биржасы (ҚАӨБ) мен Қазақстандық қор биржасында сауда жүргізілді.

1997 жылдың ішкі валюталық нарықтағы валюталық айырбастау операцияларының ерекшелігі операциялық тәжірибеге СПОТ операциялары сияқты құралдарды енгізу болды. Мұндай операциялар АҚШ долларына және Қазақстан теңгесі бойынша қысқа мерзімдік өтімділікті көтерудегі банктік тұтынуды қанағаттандыруға мүмкіндік берді.

Бұл кезде биржа нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың көтерілмеуі және валюта бағамының сәйкес түрде өзгермеуі тиіс ішкі рыноктар 10 СПОТ операциясы жүргізілді. Биржадан тыс валюта нарығының дамуына қарай, биржадағы сауда-саттық көлемдері азайды валюталық операциялардың едәуір бөлігі биржадан тыс нарықтың үлесінде. Биржалық көлемдер динамикасындағы мерзімдік факторды атап өту керек.

Жыл басы мен аяғы шетел валютасына деген жоғарғы сұранысты сипаттайды. Қаңтар айында сұраныс биржалық көлемнен артық болды. Мұндай мерзімдік фактор экономиканың барлық субъектілері үшін қаржылық жылдың алдыңғы жылдың аяқталумен байланыстырылған.

1997 жыл ішінде қыркүйекте қаржылық құралдардың (AFINEX) Алматы биржасы болып өзгертілген қазақстандық қор биржасында 257 валюталық сауда-саттық жүргізілген. Сауда-саттық көлемі 1.124.7 млн. АҚШ долларына және 11,2 млн. неміс маркасына тең болды.

1996 жылмен салыстырғанда, АҚШ доллары бойынша сауда-саттық 10,5% -ке, ол неміс маркасы бойынша 25,3%-ке азайды.

Фьючерстік контрактілар шетелдік валютаның сауда-саттығынан кейін 1,2 және 3 айға (СПОТ) шарты бойынша жасалады.

Есеп беру жылында Қазақстан валютасының нарығын ары қарай ырықтандыру бойынша жұмыстар жалғастырылды. Сонымен бірге, 1996 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасының (Валюталық реттеу жөніндегі) жаңа Заңы қабылданды.

Валюталық реттеуді заңды тұрғыда қамтамасыз ету - Қазақстанның валюталық ақша-жүйесін реформалау жағдайында үнемі өзгерістерге ұшырап отырды. "Валюталық реттеу жөніндегі" алғашқы Заң 1993 жылдың 14 сәуірінде қабылданды. Бұл Заң осы жүйедегі ырықтандырудың қол жеткен деңгейіне жауап бере алмады, ал кей жағдайларда нормативті актілер бір-біріне қарама-қайшы болды. Жоғарыда аталған себептер "Валюталық реттеу жөніндегі" жаңа заң жобасын жасаудың қажеттілігіне әкеп соқты. Ол Заң 1996 жылдың 24 желтоқсанында қабылданды.

Валюталық ретте, басқаша айтқанда, бірқатар әкімшілік шаралар валюталық түсімдерді арттыруға және де валютаның елден шығып кетуін қысқартуға бағытталған. Валюталық реттеудің негізгі басымдықтары:

• елдің төлем балансының теңгерілуіне қол жеткізу;

• теңгенің тұрақты бағамын сақтау;

• мемлекет қарамағындағы валюталық ресурстардың шоғырлануы.

Шетел валютасы, бағалы қағаздар және төлем құжаттары – құйма түріндегі алтын-валюталық реттеу объектілері болып табылады. Валюта дегеніміз – банкнот, монета түрінде, соның ішінде бағалы металдардан жасалған, заңды түрдегі төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері.

Шетел валютасы – шет мемлекеттер валютасы. Бұл заңда валюталық операциялардың екі түрі көрсетілген:

• ағымдағы операциялар;

• капитал қозғалысымен байланысқан операциялар.

Жаңа заң валюталық заңдылықты бұзудағы жауапкершілікті қарастырады.

1995 жылы Ұлттық банк ішкі рыноктағы шетел валютасымен өрнектелген экспорттан түскен табысты міндетті түрде сату бойынша өз талаптарын 30%-ке дейін төмендетті, ал кейіннен мүлдем оны алып тастады.

Осыған байланысты биржалық саудаңы жүзеге асыруды ұлғайту керектігі атап өтілді.

Қазақстанның Ұлттық банкі ұлттық валюта бағамын шетел валютасына қатысты реттеп тұрады, яғни аптасына бір рет, дүйсенбі күні Ұлттық банк жетекші әлемдік валюталарға қатысты теңге бағамын белгілеп отырады. Мұндай белгілеу есеп жүргізу және кедендік төлемдер үшін керек.

Ұлттық банк мынадай қызметтерді жүзеге асыруға құқығы бар:

• шетел валютасын сатып алу және сату;

• қазынашылық вексельдер және басқа бағалы қағаздармен операциялар жүргізу;

• алтынның қабылдануын, сақталуын және өңделуін қамтамасыз ету.

Теңгенің ішкі және сырткы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк алтыннан, шетел валютасынан тұратын, шетелде сақталатын банкнот, монета түрінде; валюталық құндылықтар; халықаралық резервтік активтер; кепілдеме негізінде шетелдік үкімет шығарған вексельдер түрінде алтын-валюталық резервтерді құрады.