- •49)Шығындар - нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
- •Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
- •Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
- •Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер):
- •Мазмұны
- •[Жасыру]
Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер):
64)Игілік адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын құралдар (товарлар мен қызметтер). Тұтынылған товарлар мен қызметтер әр тұтынушы үшін субъективті болып табылатын «пайдалылық» әкеледі. Рыноктағы тұтынушының мақсаты шектелген кіріске максималды пайдалылық әкелетін товарлар мен қызметтер комбинциясын сатып алу немесе кірісті рационалды жұмсау. Экономикалық ғылымда пайдалылықпен байланысты жалпы пайдалылық және шекті пайдалылық түсініктері қолданылады. Пайдалылықты өлшеу туралы дау экономистерді екіге бөлді: ординалистер мен кардиналистерге. Кардиналистер шекті пайдалылыққа абсолютті өлшемді іздеумен айналысты. Пайдалылықты көбінде ақшалай бағалауды пайдаланды. Ординалистер салыстырмалы, товарлар комбинациясын таңдауды ұсынды. Ол үшін талғаусыздық қисығын, талғаусыздық картасын, айырбастаудың шекті нормасын, бюджет сызығын пайдалануды ұсынды.
Жалпы пайдалылылық бірнеше товарлар порциясын пайдаланудан тұтынушы алатын пайдалылық сомасы. Шекті пайдалылық қосымша товар порциясын пайдаланудан жалпы пайдалылықтың өзгерісі. Шекті пайдалылықтың кему заңы тұтынылған товарлар саны өскен сайын шекті пайдалылық азаяды. Бұл Госсеннің бірінші заңы деп аталады. Госсеннің екінші заңы бойынша жалпы пайдалылықты максимизациялау кезінде барлық тұтынылатын игіліктердің шекті пайдалылықтары біркелкі болуы керек.
Тұтынушының бюджет сызығы DI=PXx+PYy функциясымен өрнектелетін түзу сызық. Ол тұтынушының екі түрлі товарлар сатып алу мүмкіндігін көрсетеді. Талғаусыздық қисығы біркелкі пайдалылық әкелетін екі түрлі товарлар үйлесімін көрсетеді. Талғаусыздық қисығы мен бюджет қисықтарының жанасу нүктесі тұтынушының тепе теңдігін көрсетеді. Тұтынушының тепе теңдігін келесі функциямен өрнектеуге болады:
MU1/P1=MU2/P2=MU3/P3=……=MUn/Pn
Айырбастаудың шекті нормасы (MRS) дегеніміз бір товардың қосымша бірлігін алу үшін екінші товардың қанша бірлігінен бас тару керек екенін көрсететін өлшем.
MRS=ΔB/ΔA
Тұтынушының қалауына байланысты талғаусыздық қисығы формада болуы мүм
65) Банкроттық-бұл жекелеген азаматтардың, кәсіпорындардың т.б. өз қарыздарын төлеуге қабілетсіздігін білдіретін ұғым. Банкроттық кәсіпорындардың жабылуына не таралуына әкеліп соқтырады. Банкротқа ұшырағандар қарызды өтеу үшін өз мүліктерінің бәрін сатуға мәжбұр болады. Экономикалық дағдарыс кезінде банкрот етек алып, барлық саланы бірдей банкроттықа ұшыратуы мүмкін, бұл еңбекшілердің тұрмыс-жағдайын нашарлатады, жұмыссыздар санын көбейтеді, т.б.
Жалпы пайда, табыс-кәсіпорынның жалпы табысынан барлық өнімге (жұмысқа) кеткен шығынды алып тастағандағы пайда.
Жалпы өнім-кәсіпорындар мен халық шаруашылығының жекелеген салаларында белгілі бір мерзім ішінде (ай, тоқсан, жыл) өндірілген өнімнің (жұмыстың) жалпы көлемі, яғни ақшалай көрсетілген жалпы мөлшері.
Табыс, кіріс, түсім-белгілі бір өнімді өндіру, жұмысты атқарунәтижесінде тиісті кәсіпорындарға, сауда - өнеркәсіп мекемелеріне жән жеке адамдарға түсетін ақшалай табыс немесе материалдық игіліктер.
Өндіріс шығындары-өнім өндіруге жұмсалған нақты және затқа айналған еңбек шығындарының жиынтығы. Өндіріс шығындары қоғамның өнімдері өндіруге жұмсалған шығындары және кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай шығындары болып бөлінеді. Қоғамдық өдіріс шығындарына өнімді өндіруге жұмсалған өндіріс құрал – жабдықтары бағасының бір бөлігі әне қажетті еңбекпен жасалған өнімнің құны кіреді. Олар тауардың жалпы құнын анықтайды. Кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай түріндегі шығындары сол өнімнің өзіндік құны түрінде әрекет етеді. Өндіріс шығындарының бұл бөлігіне материалдық қорларға және жұмысшылардың еңбекақысына жұмсалатын шығындар жатады. Тауар өндірісі кезіндегі өндіріс шығындары құн түрінде көрініп, іске асады. Оғамдық өндіріс шығындары өндірілген өнімнің құнына тең болады.
Материал сіңіргіштік, материалды көп қажет ету-белгілі бір өнімді өндіруге, жұмысты орындауға кеткен материалдық қорлар шығынын білдіретін көрсеткіш.
Айналым қаржысы-кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың айналым қаржылары өндірістік қор жасауы үшін, аяқталмай қалғанөнім қалдықтарын, дайын өнімдерді, т.б. мүліктерді дайындау үшін және айналыс пен өндірістің басқа қажеттерін өтеу үшін пайдаланылады.
Айналым қорлары-өндірістің бір циклына тугелмен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бір бөлігі. Олардың құны өндірілген өнімге толығымен аударылады, кіреді. Айналым қорларының негізгі элеметтері еңбек заттары, қоймадағы шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, отын ыдыс, өндірісте аяқталмай қалған өнім шала фабрикат, арзан және тез тозатын еңбек құралдары, саймандар, алдағы жылдардың шығындары т.б. айналым қорлары кәсіпорынның айналым қаржылар есебінен алынады.
Айналым капиталы- тұтыну процесіндегі өнімге толық сіңірілетін және әрбір ауспалы айналым ақша түріндегі түгелдей қайтып оралып отыратын өндіргіш капиталдың бір бөлігі.
Өнім көлемі-жеке бір кәсіпорынның, шаруашылықтын не саланың белгілі бір уақыт ішінде шығырған немесе істеп шығаруға тиісті өнім мөлшері.
Негізгі шығындар-өнімді жасайтын технологиялық процесттермен тікелей байланысты шығындар (шикізат, материал, энергия, амортизация, т.б.)
Негізгі қаржы, құрал, қор-өндірістің неізгі қорға деген суранымы өндіріс көлеміне анықталады.
Негізгі қорлар-кәсіпорынның өдіріс құралы мен еңбек құрал жабдықтары. Өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы пайдалынылатын өндіріс құрал – жабдықтары негізгі қорға жатады.
Өнім, бұйым-белгілі бір уақыт ішінде тиісті кәсіпорынның, өнеркәсіп саласының шығарған өнімнің жиынтығы.
Өндіріс қуаты-өндіріс құрал– жабдықтарын аса тиімді пайдаланып, еңбек пен өндірісті дұрыс ұйымдастырғанда белгілі бір саланың, кәсіпорының, цехтің тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі түрін шығарудаң жоғары қабылеттілігі, мүмкіндігі.
66)Жер бағасы — капиталға айналған жер рентасы. Егер жердің адамзаттың мекені тұрғысынан қарасақ, жерге ешқандай баға жоқ. Жерсіз адам да, жан-жануар да,өсімдіктер де өмір сүре алмайды. Жерді жаратуға ешқандай да адам еңбегі шығындалмаған. Өздігінен адам еңбегінің нәтижесі бола алмайтындықтан жердің құны болмайды. Жеке меншік жағдайында жер тауар ретінде алып-сатылады, тауар айналысына енеді, яғни жер бағаланады. Жер бағасы, бір жағынан, рента мөлшерімен, екінші жағынан, қарыз процентімен белгіленеді. Жер бағасы рентаның көмегімен анықталады, ал жер рентасы жер иесінің оны пайдаланушыдан алатын табысының бір бөлігі, яғни арендалық төлемнің бөлігі. Егер жер учаскесі жыл сайын 10000 теңге рента келтіретін болса, ал банк салымнан 10% алатын болса онда жердің бағасы (10000100):10=100000 теңге болады, бұл жерге төлем шамасын жуықтап анықтау үшін пайдаланылатын әдіс [1]
Өндіріс факторы ретінде жер тауарлық сипат алады, ол сатылады және сатып алынады, оның нарықтағы бағасы оған сұранысқа тәуелді болады. Өндірістік құрал-жабдықтар нарығына түсуден бұрын жер экономикалық жағынан бағаланады — жер кадастры арқылы (старттық баға).
Жер кадастры деп жер туралы мәліметтердің жиынтығын атайды.
Салыстырмалы цифрлар арқылы жер топырағының ауыл шаруашылық өндірісіне жарамдылық дәрежесі белгіленеді, жер сапасы жағынан бағаланады. Ірілеп бағалау жердің жарамдылық (пайдалылық) класын белгілеумен аяқталады, ал жан-жақты бағалау бонитеттік балдар (әдетте 100 балдық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бонитеттік балды белгілеу үшін критерий ретінде негізгі ауыл шаруашылық өнімдерінің көпжылдық түсімділігі (өнімділігі) қол- данылады.
Жер еңбек процесіне жатпайды. Ол ауыл шаруашылығында еңбек заты, бірақ өнімі емес. Сондықтан жерді бағалау үшін керек жағдайлар мынау:
жердің тұтыну қасиеттеріне баға беру;
жердің пайдалы қасиеттеріне баға беру.
Бұдан басқа, жер учаскелеріне, жылжымайтын объект деп, оңашаланған су объектері, ормандар және басқа объектер жатқызылады.
Жылжымайтын объект ретіндегі жер учаскесінің физикалық параметрлерінен және сипаттамаларынан басқа құқықтық тәртібі болады. бұл оның сәйкестігіне (ұқсастығына) және бағаланған құнына өте мәнді әсер етеді. Жер учаскесін сипаттайтын құқықтық тәртіптің белгілері: жер учаскесі орналасқан шеңбердегі жердің категориясы, жер учаскесін пайдалану мақсаты, меншіктің формасы, сервитуттар. оған заттық құқықты шектеу.
Жерді бағалаудың бірнеше әдістері бар. Салыстырмалы құнарлылықты дифференциялдық жер табысы қамтамасыз етеді. Бұлардың көлемі табиғат жасаған құнарлылықтың дәрежесімен ғана емес, жерді жетілдіру үшін жасалған қосымша капитал салымдары мен еңбектен тәуелді болады. Бірақ жер сатылғанда, оның иесі жердің қыртысын салып қоймайды, ол одан жылдар бойы табыс (рента) алу құқын сатады. Сондықтан, оның есебі бойынша, жер үшін алынатын сома, егер ол банкіде сақталғанда, оған процент формасында рентаға тең табыс әкелуге тиісті.
Мұндағы Jb - жердің бағасы, Rm - рента мөлшері және Qpm - Қарыз процентінің мөлшері.
Ауыл шаруашылық жерлердің құны, әдетте, белгілі бірнеше шамаға көбейтілген ағымдағы ақшаға шағылған арендалық төлем түрінде көрсетіледі немесе басқа сөзбен, осы рентаны "бірнеше жылға сатып алу" түрінде. Бірақ бұл көрініспен алғашқы танысу болып табылады. Жерді бағалау жүйесі бірнеше элементтерден тұрады. Осыған жататындар:
жер учаскелерінің құқықтық тәртібі және сапалық сипаттамалары туралы кадастрлық тіркеу кітабының информациясы;
басқа көздерден түсетін жер учаскелерімен мәміле туралы информация, жер және басқа жылжымайтын мүліктер нарықтары туралы информация;
бағалау аймақтары мен жер учаскелері бойынша жердің кадастрлық бағалануы;
кадастрлық карталар және жер құнының регистрлері.
Жерді бағалау жүйесі, осымен қатар, жерді бағалау және қайта бағалау бағытында қызмет ұйымдастыруды талап етеді. Қазақстан экономикасының реформаланужағдайында жер салыстырмалы бағаланады, өйткені көлеңкелі нарықтың болуы, жер учаскелерімен мәмілелер туралы, жерді пайдаланатын кәсіпорындарының шаруашылық қызметтерінің нәтижесі туралы ақиқат мәліметтердін, жоқ болуы, жерді жақсарту шығындары мен тиімділігінің парапар еместігі, халықаралық практика қабылдаған жерге баға беру принциптері мен әдістерін механикалық түрде қолдануға мүмкіндік бермейді.
Неоклассикалық теория жердің құнын басқа өндіріс факторларынікіндей, түпкі өнімнің құнынан туынды етіп түсінеді. Мысалы, егер астықтың бағасы төмендесе, онда осыны өсіретін жерге де сұраныс төмендейді, ал сұраныс төмендегенде, арендалық төлем ставкасы да төмен болады.[2]
67) Макроэкономика (грекше μακρός — ұзын, үлкен, οἶκος — үй және Nόμος — заң) —
экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер менэкономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы,жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономистДж.М. Кейнстің (1883 — 1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды[1]. Нарықтық экономикаға көзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа-тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді. Макроэкономиканың дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдар: ағылшын экономистері Р.Харрод (1900 — 1978), Дж.Хикс (1904 — 1989), америкалық экономистер В.Леонтьев (1906 — 1999), М.Фридмен (1912 ж.т.), Р.Лукас (1937 ж.т.), т.б. Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі — [макроэкономикалық үлгілер]. Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін мәселелерге теориялық талдау жасалып қана қоймай, сонымен бірге,экономикалық саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру — қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі;
жан-жақты көрсеткіштерді бағалауға негізделген экономикалық талдау әдісі. Макроэкономикалық талдау нышандары саяси экономияның классикалық мектебінің өкілдерінде ғана кездесетін. Француз экономисі Ф.Кенэнің (1694 — 1774) экономикалық кестесі алғашқы макроэкономикалық үлгілердің бірі болып табылады.[2]
Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы жоне өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономика экономиканыңтұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады.[3]
