Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shynar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148.15 Кб
Скачать

48)Мемлекеттің сыртқы экономикалықәрекеті— бұл сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралык еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.

Сонымен бірге, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.

Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы — өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымы мен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатын да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық-саяси механизм ретінде қарастыруға болады.

49)Шығындар - нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның  өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Экономикалық шығындар  ресурстардың сиректігіне және оларды балама  пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.

Айқын шығындар — өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б.

Айқын емес шығындар — өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.

Тұрақты шығындар – (FC) белгілі уақыт аралығында өндіріс пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды атаймыз.

Қалдық шығындар дегеніміз — өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады.

Өзгермелі шығындар (VC) – белгіленген мерзімде өнімді өткізу мен  өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар. Оларға жалақы, шикізат отын, көлік қызметіне, электр жүйесіне шығындар. Ол шығындарды кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерте отырып болжай алады. Өзгермелі шығындар 3 түрге бөлінеді:

Шекті шығындар  – бұл қосымша  өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс  көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың  көмегімен  өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті  шығындар орташа  шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.

Орташа жығын- өндірісті басқару үшін өндірілетін өнімнің бірлігі

Тұрақты (ҒС) шығындар — фирма өнім  өндірмеген жағдайда да  төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын  шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.)

  1. МС= ТС,    мұнда: МС-шекті шығындар,

Q                   Q = өндірілген өнім саны.

2.  АС = ТС ,

Q             АС – орташа жалпы шығындар.

3. АҒС = ҒС .       АҒС- орташа тұрақты шығындар.

                 Q

4. АVС =     АVС – орташа өзгермелі шығындар.

Q

Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал жабдықтарының шығындарынан тұрады. Фирма өндіретін өнім бірлігі – зат немесе құн түрінде өндіріс нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды.

Фирманың басты мақсаты — пайда табу. Пайда дегеніміз –  табыс пен шығындардың  арасындағы  айырмашылық. Табыс  дегеніміз —  сатқан өнімнен түскен түсім. Шығындарға  сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:

  1. Жалпы табыс – ТR = PxQ

  2. Орташа табыс – АR = TR = P

Q

  1. Шекті табыс – MR =  ТR

Q

50)Өндіріс факторлары -өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) барысында дайдаланылатын негізгі компоненттер: еңбек, жер, табиғат ресурстары, капитал. Қазіргі заманғы экономикалық теория игіліктерді (тауарларды) өндіру (қызметтерді көрсету) үшін қажетті есурстарды топтарға - өндіріс факторларына бөледі. Олардың алғашқысы - еңбек факторы. Жер факторының (табиғи ресурстар) мағынасы кең (адамдардың келген жері ретінде кәсіпорындар алып отырған аумақ ретінде, пайдалы қазындылардын, су ресурстары мен басқа да ресурстардың көзі ретінде ұғынылады). Капитал факторы дегеніміз заттық (нақты) капитал — ұзақ уақыт және сан қайтара пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдығы (шикізат, машиналар, жабдық, өндірістік ғимарат, т. б.). Осы классикалық өндіріс факторларынан басқа қазіргі заманғы экономикалык теорияда кәсіпкерлік қабілет, ғылыми-техникалық прогресс және ақпарат та жиі бөліп көрсетіледі.[1]

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін  тауар ретінде сату — сатып алу  туралы  экономикалық  қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

Еңбек нарығына  тән қасиеттер:

—       жұмыс  орындарын ұсынатын  кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

—       әртүрлі мамандықтағы  еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің  ұсынысы);

—       еңбек нарығында бірде — бір кәсіпорын  және бірде — бір еңбекккердің  күш ықпалының жүрмеуі;

—       жұмыс күшінің жалақының  мөлшерімен бағалануы.

Қазіргі экономикалық теорияда  жалақыны кең және тар мағынада  түсіндіруге болады.  Кең мағынада жалақы  әртүрлі мамандықтағы  еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына  еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық  ақылары  кіреді. Тар мағынада,  жалақы –  пайдаланған еңбек  бірлігінің бағасы.

Жалақы номиналды және нақты түрінде  ажыратылады. Номинальды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы.

Нақты жалақы  еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға  болатынын көрсетеді.

Нақты жалақы екі факторға тәуелді:

  1. Номиналды жалақыға.

  2. Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне.

Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте  сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныстың қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс  күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының  қисығымен ұқсас болады.

Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне  және жалақыны өсіруге  әкеледі, ал сұраныстың азаюы — жұмыспен қамту жағдайына  жалақыны  төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы  жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі.

П.Самуэльсонның  теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

—         халықтың жалпы саны;

—         жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

—         белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);

—         халықтың сапалық  құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.

Осы  көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін  теорияда екі фактор бар. Бұл  алмастыру эффектісі — жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).

Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір  атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос  уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.

Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне  қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне  еңбеккер  өзінің бос уақытын  өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни  жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек  ұсынысының  төмендеуіне әкеледі.

51)1. Кәсіпкерлік- осы инициативті шаруашылық қызметінің барлық қатысушылары пайда табу мақсатында өзіндік және басқа да мүліктер есебінен тәуекелге баратын іс-әрекет. Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі белгілерге мыналар жатады: өз еркіндік, өзін өзі қаржыландыруы, инициативы, белсенді ізденіс, серпінділік (динамика), мобильдік(жұмылдыру) Кәсіпкерлік – жалпыға бірдей ортақ қызмет түрі. Кәсіпкер болып жұмыс істеу қабілеті бар Қ.Р-ның кез келген азаматы бола алады. Кәсіпкерлік қызметтін негізгі басқа коммерциалық емес құрылымдардан ерекшелігі болып табыс пен шығын арасындағы айырмашылық ретінде пайда табу саналады. Кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторларға мыналар жатады:

Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлеріге бөлінеді: Өндірістік кәсіпкерлік — тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік, кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады Коммерідиялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар кұрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болады. алз.шсатарлық болып есептелмейді Қаржылық кәсіпкерлік — коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдеделі жактардың басын қосатын қызметте керінеді Бұңдай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады. Сақтандыру кәсіпкерлік — кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жариалардан қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды. Керіп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қарастырып пайдалануға үйрену керек. Кәсіпкерлік түрлерін келесідей көрсетуге болады: Өнд-к, коммерциялық, қаржылық, делдалдық, сақтандырушылық 1. Өндірістік кәсіпкерлік – сауда ұйымдарының сатып алушыларға, тұтынушыларға сату үшін еңбек құралдарын, еңбек күштерін факторларға қолдана отырып тауарлар мен қызметтер өндіретін кәсіпкерлік қызметі. 2. Коммерциялық – тауарларды ақшалай, тауарлы айырбас операциялар мен байланысты кәсіпкерлік түрі. Кәсіпкер саудагер рөлінде болады. 3. қаржылық — бұл кәсіпкерлік ерекше формасы. Сатып алу, сату құралы ретінде: ақша, бағалы қағаздар, құнды қағаздар ретінде жүреді. 4. серіктестік кәсіпкерлік – тауарлы ақшалай операциясындағы тауарлы айырбас процесінде кәсіпкер тек серіктес ретінде ғана қызмет атқарады. Олар тауар тауарларды өндірмейді және сатпайды. Негізгі мақсаты: қызығушылық танытқан екі жақты байланыстырады. 5. сақтандырушылық – кәсіпкер қандай да бір төлем ақы көлемінде сақтандырушыға мүлікті жоғалту және нұқсан келтіру кезінде төлем ақыны ( компенсация) кепіл етеді. (гарантирует).

Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден — бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажат»,-делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жүзеге асырылды.

52)Бәсеке (Состязание; contention) — ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін үстаным.

Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

БӘСЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ

2.1 Жетілген бәсеке

Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.

Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.

2.2 Монополистік, жетілмеген бәсеке

Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал 19 ғасыр басында монополиялардың пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдың шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагентерге әсер етеді.

53) Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.                                          

        Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.

        Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.

   Қаржылық  инвестициялар  иелену  мерзіміне   қарай мынадай  категорияларға жіктеледі:

                   а)  қысқа мерзімдік – иелену  мерзімі  бір жылға дейін;

                   ә)  ұзақ  мерзімдік – иелену  мерзімі  бір жылдан  артық.

        Жылжымайтын мүліктерге салынған ивестицияларды  иеленуші  субъектілер  ұзақ мерзімдік  ретінде  есептейді.     

54 Табыс – бұл фирманың өнімнің белгілі бір көлемін сатудан түскен жалпы түсімі. Жалпы түсім нарықтағы тауардың бағасына және өткізілетін өнімнің көлеміне тәуелді болып табылады. Алайда, фирманың табыстарын пайдамен шатастыруға болмайды.  Фирма табыстарының негізгі үш түрі болады: 1. Жалпы табыс – тауардың бағасы мен өнім көлемінің көбейтіндісі.  TR = P×Q. Мұнда, TR (total revenue) – жалпы табыс; Р (price) – тауардың бағасы; Q (quant) - өнім көлемі. 2. Орташа табыс - өнімнің бір бірлігін сатудан түскен түсім және ол жалпы табыстың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады: AR = TR / Q. Мұнда, AR (average revenue) – орташа табыс. 3. Шекті табыс - өнімнің келесі бір бірлігін сатудан түскен қосымша түсім және ол жалпы табыс өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады: MR = ∆ TR / ∆Q. Мұнда, МR (marginal revenue) – шекті табыс. Жетілген бәсеке жағдайында фирманың жалпы табысы өнім көлемі өскен сайын арта береді. Ал орташа табыс пен шекті табыс бір-біріне тең болады және олар жетілген бәсеке жағдайында өндірілген өнімге деген сұраныспен анықталады. Жетілген бәсекеде біртекті өнім шығаратын фирма нарықтағы қалыптасқан бағаға әсер ете алмағандықтан оның орташа табысы мен шекті табысы тауардың бағасына тең болады. Жетілмеген бәсеке жағдайында монополист, олигополист және монополистік бәсекелес фирмалар нарықтағы қалыптасқан бағаға әсер ете алғандықтан өнімнің бағасын шекті табыстан жоғары етіп тағайындайды және сол арқылы үстеме пайда алу мүмкіндігіне ие болады.

55)Трансакциялық шығындар – айырбас саласындағы, спецификациясымен және меншік құқығының қорғалуымен байланысты шығындар. Экономикалық жүйе неғұрлым жақсы ұйымдастырылса, трансакциялық шығындар көлемі соғұрлым кіші болады. Экономикалық жүйе элементтерінің экономикалық ықпал етуі институттар көмегімен жүзеге асырылады.

Д. Норт трансакциялық шығындардың келесідей негізгі типтерін бөліп көрсетеді:

1) ақпаратты іздеу шығындары – қажетті контрагентті табу мен белгілі бір бағаларды күтуді қалыптастыратын бағалар туралы ақпараттарды табуға жұмсалатын уақыт пен ресурстар шығындары;

2) айырбас шарты, келісім-шарт пен мәмілені толтыруды анықтау үшін келісімдер жүргізу шығындары;

3) сапаның қатеден болатын шығынын, стандарттар жүйесін дайындау мен оларды бақылау шығынын, фирмалық белгілер мен сауда маркаларын қорғау шығынын өлшеу мен анықтау шығындары;

4) меншік құқығын анық анықтау мен қорғау шығындары, қоғамда әрекет етуші меншік құқығын бөлудің әділдігіне қатысты бәтуаластық (консенсустық) идеологияны қолдау мен заңдық жүйе көмегімен құқықтық режимді тікелей қорғау шығындары;

5) аппортунистік мінез-құлықтан болатын ысыраптар.

Рынок қызметі трансакциялық шығындарды үнемдеуде болып табылады. Трансакциялық шығындар теориясы тұрғысынан рыноктың басты басымдылығы ретінде оның ақпаратқа айырбастауда әр қатысушының шығындарын төмендету тенденциясы жүреді.

56)Ұлттық экономика —қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).[1] Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар — бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды.[2]

Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы

Макроэкономикалық теорияда ұлттық экономика шеңберінде табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы туралы зерттеледі.  Нарықтық қатынастар жағдайында алуан түрлі тауарлар мен қызметтердің көптеп өндіріледі, ал олардың өндірісіне әртүрлі фактор-лар қатысады. Нарықтың белгілі субъектілері әртүрлі факторлардың иелері ретінде табыстарды алып отырады. Бірақ осындай субъектілердің табыстары бір уақытта нарықтағы басқа бір субъектілердің шығындары ретінде көрінеді. Сондықтанда, макроэкономикалық талдау тұрғысынан табыстар мен шығындардың айналымы туралы қарастырудың маңызы зор болып табылады.  Негізінен, ұлттық экономика шеңберінде айналатын табыстар мен шығындардың қалыптасуына нарықтың барлық субъектілері қатысады. Ол қарапайымнан күрделіге қарай кете береді. Осындай айналымның бірнеше түрлері орын алады. 1.    Жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуынсыз табыстар мен шығындардың айналым үлгісі.  2.    Жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуымен табыстар мен шығындардың айналым үлгісі.  3.    Ашық экономикадағы табыстар мен шығындардың айналым үлгісі. Біздің мысаламызда мемлекет және сыртқы орта қатыспайтын табыстар мен шығындардың қарапайым айналым үлгісі сөз етіледі (сурет 10.1).

57) Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.

Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер: Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек. Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]