- •Бабыр және Ұлы Моғол империясы
- •«Бабырнама» тарихы-әдеби естелік шығарма.
- •I. Бабыр және Ұлы Моғол империясы
- •Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр тұлғасы
- •1.2 Бабыр билігіндегі Ұлы моғолдар империясы.
- •II. «Бабырнама» тарихы-әдеби естелік шығарма.
- •2.1 «Бабырнама» шығармасындағы Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия тарихы
- •2.2 «Бабырнама» - көне түркі туындысы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі:
2.2 «Бабырнама» - көне түркі туындысы
Бүгінде дербестікке қолы жетіп, екі мың жылдан бұрын-ақ ата-бабалары мемлекет құрған Орталық Азияның Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан еліне «Бабырнама» - ортақ мұра, өйткені бұл шығармада бабамыз сол мемлекетті құрып отырған халықтардың тарихын жазып қалдырған.
Мәселен, ірі қалаларының бірінің негізгі халқы туралы: «Әндіжан тұрғындарының бәрі түріктер. Қалада да, базарда да түрікше сөйлемейтін адам ұшыраспайды. Халықтың ауызекі сөзі әдеби тілінен айырғысыз. Мір Әлішер Науаи Гератта өсіп, сонда тәрбиеленгенімен, шығармалары түркі тілінде жазылған»-дейді. Осы сөйлемнен және Әндіжанды түріктің моғол, барлас, арғын, дулат, қатаған, қоңырат, маңғыт,т.б. тайпаларының өкілдері мекен еткенін кітаптың кез келген бетінде жазылған адамдардың есімінен, жер-су аттарынан немесе тарихына байланысты жазылған деректерінен байқап отыруға болады.
Қазақ тарихына дерек болар қала, адам, жер-су аттары ғана емес, тарихи оқиғалар, Мауараннахр әмірлерінің бүгінгі Қазақстан жеріне, яғни Әбілқайыр хандығының аймағына Түркістанға, Жетісудағы Моғолстанның елді-мекендеріне жасаған жорықтарынан да мол мағлұмат алуға болады. Бұл аймақтарға дүркін-дүркін шабуыл жасап, Тоқтамысты күйретіп, Жетісуға он бір рет жорыққа аттанған да сол Бабырдың бабасы Ақсақ Темір емес пе еді?! Оның кейінгі ұрпақтары иелікті, билікті қалай бөлісті. Одан кейінгі, жүз жылдай уақытта нендей өзгерістер болды. Кімдер билік жүргізді? Міне осының бәрін Бабыр ешбір бүкпесіз қарапайым тілмен баяндайды, өз тумаларының іс-әрекетін жасырмай жазады. Әрине, пенде болған соң жеке басында да бүгінгі тұрғыдан қарағанда, кемшілік жетерлік. Енді Бабырдың өз сөзіне жүгінсек: «Ұшпу қаласына қарай кішігірім үш өзен ағады, оның екеуі Күл-Гинаның маңында. Оның біреуінің жағасында Қожа Шамудың мазары, бірінде Қожа-Қызырдың қадамқағы салынған, бұл жерде Кабулдың тұрғындары серуендейді. Енді бір өзен Қожа Әбді ас – Самадтың мазарының қарсысынан ағып жатыр, оны Қожа Рушнан деп атайды.
Шаһ-и Кабул тауынан Укабейн деп аталатын қырат бөлініп шығады, одан басқа тағы бір кішірек тармақ та оқшауланады. Кабул қамалыныың аркасы осы тауда үлкен қорған арықтың солтүстік жағына салынған. Арка ауасы таза биік жерге орналасқан.
Үнділер өз елінен тысқары бұл жерді Хиндустани Хорасан деп атаған, сол сияқты арабтар да Арабиядан тысқары жерде Аджам деп атаған, Үндістан мен Хорасанның аралығындағы екі сауда қаласы бар.
Кабулдан Хорасан, Ирак, Рим, Чин тауларын табуға болады.
Кабулда дәнді дақыл онша мақтаулы емес, егер Хорасаннан әкеліп сепкен тұқым болса, онда жаман болмайды. Бұл жердің ауасы өте тамаша. Самарқан мен Тербез де таза ауасымен атағы шыққан жер, бірақ суығы қатты болады.
Кабул аймағы аяқ асты жер емес, жаудың өтуіне бөгет көп, бір жағынан Балқы, Құндыз және Бадахшан аралығы сілемдері жатыр. Бұл таудан тоғыз жол торабы таралады. Үш жол Панжхир арқылы өтеді, олардың жоғары жағында Хауақ асуы, төменде Тұл, одан төменірек Базарақ асуы. Бұл үш асудың ең қолайлысы Тұл, бірақ бұл жол алыстау, сондықтан да Тұл аталған.
Ғазни онша үлкен аймақ емес. Үндістан мен Хорасанды билеген адамдар осындай мардымсыз жерді астана жасағанына қайран қалуға болады. Сұлтан Махмуттың билік жүргізген кезінде, мұнда үш-төрт бөгет болды. Қаланың терістік жағынан үш иғаш жерден, Ғазни өзенінің бойынан Сұлтан үлкен бөген жасатты. Бөгеннің биіктігі қырық – елу кари, ұзындығы үш жүз кариге жуық.
Оған суды тоспалап, қажет уақытында егін суаруға пайдаланып отыратын болған. Ала ад-дин Жаһансұз Ғұрид бұл аймақты басып алғанда, бөгенді ағызып, сұлтанның үрім-бұтағының бейітіне қиратып, өртеп, Ғазни қаласын да жойып жіберді, халқын тонап, қырды. Жұртқа жәбір көрсетуге, тонауға келгенде, одан өткен зұлым, қаныпезер жан болған емес. Содан бәрі бұл тоған қирап жатыр.
Кабул – таулы өлке, оның таулары жоңышқа төсеп қойған көпір сияқты. Оның аралығында елді-мекендер бытырай орналасқан. Онда киік пен құс аз. Көктемде, күзде қызыл киік, яғни арқар-құлжа жайылымнан, қыстаудан қайтқанда белгілі сүрлеумен ауады.
Үндістан – кең байтақ, халқы мол, жері құнарлы өлке. Ол шығысында да, оңтүстігінде де, тіпті батысында да мұхитпен шектеліп жатады, солтүстігінде Хиндукуш пен Кәпірістанның, Кашмирдің тауларымен шектеседі. Солтүстік – батысында Кабул, Ғазни, Қандағар, бүкіл мемлекеттің астанасы Дихли қаласы болып есептеледі.
Сұлтан Шихаб ад-дин Гуриден Сұлтан Фируз шаһтың патшалығының ақырына дейін Үндістанның үлкен бөлігі Дихли сұлтандарының қол астында болды. Тау мен орманда үлкенді-кішілі көптеген рай мен раджалар билік жүргізгенмен, белді де тәуелсіз болған мыналар.
Біріншісі, Бхирадан Бихараға дейінгі аймақты жаулап алған, астаналық қала Дихлиге билік жүргізген ауғандықтар. Жанфур ауғандықтарға дейін Сұлтан Құсаин Шарқиға қараған, бұл әкімдерді үндістандықтар Тураби деп атады. Олардың ата-бабалары Сұлтан Фируз шаһтың, оның сұлтандарының қарақшылары болған, Фируз шаһтың, оның сұлтандарының қарақшылары болған.
Екіншісі, гуджераттық Сұлтан Мұзаффар. Ол Сұлтан Ибраһимді күйретіп жеңіске жеткенмен, бернеше күн бұрын ғана жарық дүниемен қоштасқан. Бұл діншіл, тақуа ағзам болған, ғылымға да құштарлығы болды, ол хадисты оқып, құранды өне бойы көшіріп отырды. Бұл әулетті Таңқ деп атаған, оның арғы тегі де Сұлтан Фирузге, оның үрім-бұтағынан щыққан сұлтандарға қызмет атқарған. Фируз шаһтан кейін Гуджарат аймағына билік жүргізді.
Үшінші, билеушілері – Декандағы Бахманидтер, бірақ бұл күнде декандық сұлтандарда күш те, мән де қалмаған. Оның иеліктерінің бәрін атақты бектер басып алған, егер билеушілерге бірдеме қажет болса, осы бектерденсұрайды. Үндістанның шеткі аймағында рай мен раджалар көп, олардың біразы исламға бағынған, өзгелері жыраққа орналасқандықтан, әрі олардың иеліктері жақсы бекінгендіктен ислам патшаларына бағына қоймады.
Үндістан аймағының көпшілік жері жазықта орналасқан. Үндістанда қала да, аймақ та көп болғанымен, суы ағып жатқан канал жоқтың қасы, ағынды су өзенде ғана болады. Кей жерлерде тоспалы су кездеседі.
Кейбір қалаларда арық қазуға, су жүргізуге мүмкіндік болғанмен оны жасамайды. Мұның себептері көп. Біріншіден, Үндістанның егісі мен бақшасы мүлдем суаруды қажет етпейді. Күздік егін жауын суымен-ақ суарылады, бір ғажайыбы көктемгі егіс жаңбыр жаумаса да шығады. Кейбір көкөністер ғана суаруды қажет етеді.
Лахорда, Дибальпурда, Сирхинде және оған шектес жататын аймақтарда жер шығыр арқылы суарылады.
Үндістанның қалалары да, аймақтары да көріксіз. Оның барлық қалалары да, қыстақтары да біркелкі, бақшалары дуалмен қоршалмаған, көп жері мидай жазық, теп-тегіс. Кейбір өзендердің жағасын көктемгі жаңбыр жыршалап кетеді, сондықтан мұнымен жүру оңайға түспейді. Жазықтың кейбір жерінде тікенекті жыныс бұталар кездеседі. Бұл аймақтың адамдары қалың тоғайлардың арасына жасырынып, бағынғысы келмей, салық төлеуден бас тартып жүреді.
Үндістанда өзендерден өзге ағынды су жоқ. Кейбір жерде тоспалы су ұшырасып қалады. Осыншама үлкен қалалар мен аймақтар жаңбырдың суынан жиналған құдық пен тоспаның суын пайдаланады.
Үндістанда мекеннің, қыстақтың, тіпті қаланың қаңырап қалуы да, гүл жайнап құлпырып кетуі де оп-оңай, егер көп жыл өмір сүрген үлкен қаланың тұрғындары бұл қаладан кеткісі келсе, бір немесе бір жарым күннің ішінде өре көшіп, орны теп-тегіс болады. Ал егер қала тұрғызамыз десе онда арық қазып, тоспа құрып жатпайды, барлық егін суарусыз өнеді. Быжынаған адам, еңбек қолы жетерлік, олар топтала қалып тоспа жасап, құдықты қазып тастайды, ал үй тұрғызып, керегесін қалаудың қажеті жоқ. Бұтақ та мол, ағашқа сан жетпейді. Күркені тігіп жібереді, сол мезетте қала немесе қыстақ пайда бола қалады.
Үндістан – ұлан-байтақ өлке, онда алтын да, күміс те мол. Жауынды күндері ауасы өте тамаша. Кейде жаңбыр он, он бес, тіпті жиырма рет те жауатын уақыты болады. Жаңбыр жауғанда сай-саланы су қаптап, бұрын суы жоқ жердің өзін су басып қалады.
Үндістанның тағы бір артықшылығы, онда жұмысшы қолы мен ұсақ қолөнершілеріне сан жетпейді. Қандай істі, қандай жұмысты болмасын ата кәсібін жалғастырып келе жатқан адамдар атқарады.
Аградағы құрылыстарда, бір Аграның өзінде ғана күн сайын алты жүз-сегіз жүз тас қалаушы жұмыс атқарады. Аградағы, Сикридегі, Биандағы, Дүлпурдағы, Гвалирдағы және Куилдегі құрылыстарда күн сайын 1491 тас қалаушы жұмыс істейді. Үндістанда қандай да болмасын қолөнерші, жұмысшы дегеннен жер қайысады.»
Осындай мәліметтерге Бабыр еңбегі толы және ол тарихи дерек болып табылады.
Сөзді шағым жасайын немесе қайырымдылығымды білдірейін деп мақтан үшін жазбадым, шындықты, болған оқиғаны ешбір қоспасыз қағазға түсіріп отырмын. Естелікті жазуда алға қойған мақсатым – ақиқатты, қандай да болмасын істі қалпында баяндап жазу. Сондықтан тумаларымның, бауырларымның жақсы-жаман істерін, алыс-жақын адамдардың кемшілігін де артықшылығын да бүкпесіз айтып отырмын. Жарандар, жамағаттар, меймандар кешірім етер деймін.
«Бүкпесіз айтып отырмын» деген сөздің анық-қанығын оқырман қауымы кітапты парақтағанда біледі. Сол бүкпесіз айтылған ақиқат қазақ тарихының да еншім үлесіне тиді. Соңғы жылдары тарихтың шылбырын тартқан жандайшаптар пайда болып, «жылтырағанның бәрін алтын» көріп, «барды – жоқ, жоқты – бар» деп жазып жатқанын оқып-біліп отырсыздар. Сол тарихышыларының моғол мен монғол атауына мән бермей, моғолды – монғол деп жазып келеді. Бұл атаудың қазақ тарихына қатысы мол, сол себепті де «Бабырнаманың» басынан аяғына дейін бұл сөз жиі ұшырасады.
Шығыстың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов: «Моғол мен монғолды айыра білген жөн. Моғол-жете, чете жалайыр тайпасының тармағы» дегенді тектен-текке айтпаса керек. Жетісу мен Қашқарияда 1346 жылы құрылған мемлекет Моғолстан аталды. Оның халқы сол заманда қыпшақ, қазақ, өзбек деген сияқты моғол деп аталғаны «Бабырнамада», Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашидиінде» егжей-тегжейлі баяндалады.
А.И.Левшиннің зерттеуінде XVI ғасырда Қыпшақ пен Жете даласын Дадан хан билеген моғол және қазақтар мекендейді. (Московский вестник, 1827, № 16) деп жазғанына қарағанда сол дәуірде қазақ даласы емес, қыпшақ, чете жаласы аталған. Шағатай ұлысы, яғни оның мұрагерлері билік жүргізген Моғолстан Бабыр жазып отырған кезеңде күйреп, жауласқан екі топқа бөлінеді. Моғолдарды шағатай нәсілі – чете, ал моғолдар шағатайлықтарды – карунас деп атайды. Жете-түрік, қаңғыбас, кезбе бұзақылар, ал караунас – араб нәсілімен араласқан бұдандар саналады. Соған қарағанда шағатай нәсілдері араб, парсы елімен қуданбалы жұртқа айналса керек. Бұл дерек «Бабырнамада» да айтылып отырылады.
Шараф ад-дин Әли Иезди Моғолстанды қауым-и жете атайды («Зафар-наме», 22, 24-бет), соған сүйенген Мұхаммед Хайдар Дулати да «Тарих-и Рашидиінде» жете атауына түсінік беріп: «жете – дегеніміз - Моғолстан» деп жазған. Сондықтан да болар «Бабырнамада» «ел», «ұлыс», «мардан» (қауым-и жете, мардан-и жете) елдікті, жұрттықты білдіретін атаулар ретінде қатар қолданылған. Бұл да түбімізден, тірлігіміздің бірлігін танытса керек. Шараф ад-дин Әли Йезди құсап, Бабыр да кейде Моғолстанның орнына ұлыс атауын қолдана береді. Әрине, бұл атау Шыңғысхан нәсілінде: Жошы ұлысы, Бату ұлысы, Берке ұлысы, Өзбек ұлысы деп Дешті қыпшақта айтылады емес пе. Сол атау XVI ғасырда да арқауын үзбей: «ел-и моғол, ел-ва ұлыс моғол», деп те қолданылады. Әйтсе де аудармада оқырманға ұғынықты болу мақсатымен ұлыс, ел деп алынады. Ал, Бабыр әңгімелейтін кезеңдегі «мауараннахр мен моғолстанды, Қашқарды мекендейтін қай халық еді?» деген сауалға жауапты «Бабырнамадағы» тарихи деректерден табамыз. Ежелгі тарихи-этнографиялық аймақта – үйсін мен қыпшақ тайпаларының одағы, Ақ Орда мен Моғолстанды XIV-XV ғасырларда негізінен байырғы Қазақстан тайпаларының нәсілдері мекен еткен.
Шоқан жазып кеткен чете, жете – жалайырлар жайында тарихшылар Рашид ад-диннің жазбасына сүйенеді. Шағатайға бөлінген төрт мыңдықтың (хазара) құрамында арлат, барластармен қатар жалайырлар да айтылады. Сол жалайырлар Мауараннахрдың терістік-шығыс жағында отырып Моғолстан тайпаларымен араласып, Жетісудан тамырын үзбей, көбінесе Әмір Темірге қарсы күресіп, Орысханмен, Ақ Орда хандарымен байланыс жасады, Жетісудағы атақты қолбасшысы Камар ад-дин Дулатимен одақтасты. «Бабырнамада» осы Дулат тайпасынан шыққан нояндар да айтылады.
Олай болса, қазақ халқының негізін қалаған тайпалардың бірі – моғол – жалайырлар. Сондықтан Үндістанда құрылған Моғолстан, Моғол мемлекеті, Жетісу мен Қашқарияда Ұлы Моғол мемлекетінің атауы бір тамырлы, бір мағыналы атау екеніне дау болмаса керек. Оған қоса Бабырдың әжесі Дулаттың, шешесі Жүніс ханның қызы.
Бабыр жазбасында анасы Құтлық Нигер ханым туралы былай дейді: «Ол Жүніс ханның екінші қызы, Сұлтан Махмұд хан мен Сұлтан Ахмет ханның әпкесі. Жүніс хан – Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай ханның ұрпағы – Уәйіс хан – Шерәлі Оғланның, ол – Мұхаммед ханның, ол Қызыр Қожа ханның, ол Тұғлық Темір ханның, ол – Дува ханның, ол – Барақ ханның, ол Есу Туваның, ол – Мутугенің, ол – Шағатай ханның, ол – Шыңғыс ханның ұлы.
Сөз иіні келіп қалған соң хандардың тегіне тоқталып өтелік. Жүніс хан мен Есенбұға Уәйіс ханның ұлдары, Жүніс ханның шешесі – Темірдің рахымы түскен түркістандық, қыпшақ бегі Шейх Нур ад-диннің иә қызы, иә немересі.»
Осы жолдардың әрбір дерегіне үңіле қарасақ барлас, қыпшақ, жалайыр, дулат елдерінің қаны араласқанына көз жетеді, әрі сол заманда жаңа ғана Жетісудағы Уәйіс ханның иелігінен пана тауып құрыла бастаған қазақ хандығы осы тайпалардың ұрпағынан қалыптасады ма?
Сондықтан Бабыр жазбасының бірінші тарауында баяндалатын XV ғасырдың соңындағы Мауараннахр оқиғалары, ондағы қолөнер, өзінің шыққан тегі, билік үшін жүргізген жанталас соғысы, нағашы атасы – Моғолстанның билеушісі Жүніс хан мен оның Ташкентті билеген үлкен ұлы Сұлтан Махмұд ханның қарекеті дәлел болады. Қазақтар оны Жәнке хан атаған. «Бабырнамадағы» Темір тұқымдары - әмір, сұлтан, ал Шағатай нәсілінен тарағандар – Жүніс, оның ұлдары Сұлтан Махмуд, Ахмет хан аталады. Соңғы екі хан иелігінен айырылып қалған жиеніне аттанады. Бірақ өз билігін жүргізуді бір сәт те естерінен шығарған емес. Сондықтан жеңіске жетсе Ферғана аймағын кіші хан – Ахметке, ал Ахсикенттен бастап Ходженттің солтүстігін Бабырдың иелігіне бермек болды. Осы оқиғаны Бабыр былайша баяндайды.
«Үлкен ханнан шығып кіші ханға бара жатқанда, Саллақ деген есіммен мәлім болған Қамбар Әли қатарласа келіп былай деді: «Аңғардыңыз ба, тақсыр, олар табан астында бар жеріңізді алып қойды ғой. Сіз нағашыларыңызбен мәмілеге келе алмайсыз. Қазірге Ош, Марғилан, Үзкент аймағы айтқаныңыздан шықпайды. Сондықтан Ошқа қайтыңыз да қамалды мықтап бекітіп, Сұлтан Ахмет Таңбалға адам салып татуласыңыздар, ағайыншылықпен, Таңбалмен бөлісіп алыңыздар».
Мен оған: «Әділетсіздік болмай ма? Хандар менің туған нағашы ағаларым ғой. Таңбалдың патшасы болғаннан көрі, солардың қызметшісі болғаным артық емес пе?! Деп қайырып тастадым»
Қандай жазушы болмасын, шығармасында оның өз ойы, парасаты, көзқарасы танылады деген осы шығар. Нағашы жұртым деп іш тартқанмен, билік жолында ешкімді аяп, есіркеп көрмеген Шыңғыс тұқымы бөрілігін танытпай қоймады. Бабыр солардың әділетсіздігінен жапа шекті.
«Бабырнамада» қазақ еліне тікелей байланысты ақын Хасан Әли Жалаири мен Бабырдың бөлесі Мұхаммед Хайдар Дулати Үндістанда әкімшілік жүргізгендігі айтылады. Олар жалғыз емес еді. Жетісудан, Түркістаннан ондаған түркі тайпаларының сарбаздары Бабыр жасағында сап түзеді. «Жылан жылы – жылыс, жылқы жылы – ұрыс болды, қой жылы зеңгір тоғыс болды» дегеннің кейпі келеді. Ұзақ жылға созылған соғыс Үндістанда Ұлы моғол мемлекетінің салтанат құруымен аяқталады. Осы тұста оқырман: «Сол ұрысты жүргізген қай халық?» деп сұрауы орынды болар еді.
Бұл сауалға академик В.В. Бартольд «Өзбек хандығы» деген мақаласында: «Бухара и Самарканд снова перешли в руки одного из потомков Тимур султана Бабура ... записки которого являются одним из лучших произведений турецкой прозы... Султан Бабур ушел в Индию, где им было основано одно из самых блестящих мусульманских царств, потрадиции также считавшейся «чагатайским», хотя никаких потомков в нем не было» деп жазды. Бұл тарихи шындық. Жалпы Шыңғысханның жорығында да, оның кейінгі әулетінің жорығында да әскердің басым көпшілігі – түрік халқы. Ал «Бабырнамада» монғол туралы сөз де болмайды. Өйткені Шағатай нәсілінен емес, Жетісу мен Қашқардың, Түркістанның байырғы тайпаларынан тарағандар еді. Олардың «Бабырнамадағы» есімдеріне назар аударып көрсек, молда Мұхаммед Түркістани, Мұхаммед Хайдар Дулати, Әді әл-Қадус Дулати, Сұлтан Ахмет Дулати, Әбді әл-Уахатта Моғол, Әли Сейіт Сихыма Моғол, Сұлтан Ахмет Моғол, Әбу Жүсіп, Әмин Мұхаммед Тархан, Мұхаммед Сейіт Арғын. Бұлар бүгінгі Орталық Азияның ежелгі тайпаларынан дараланған тарланбоздары. «Алып ел – дүрліккенде көрінеді» деп ұлы бабамыз Махмұд Қашқари айтқандай, олар дүрбелең заманда көрінген бабаларымыз.
Сол тоқсан екі баулы түркі халқы билеуші қолбасшыларының соңынан ерді. Көшпелі өзбектер – Мұхаммед Шайбанидің, ал Орталық Азияның жартылай көшпелі түріктері Бабырдың соңынан ілесті. «Көпте – ақыл жоқ, ебін тап та жөнге сал» - деп Абай айтқандай, көпті шайқаған, қоныс аудартқан қолбасшы көсемдері еді.
Сол түркі халқы «Бабырнамада» жазылғандай XVI ғасырдан бұрынғы Үндістанда, Ауғанстанда мекен құрған. Бұған дәлелді әуелі Бабырдың Бхираның жер иеленушілеріне айтқан мына сөзінен аңғаруға болады: «Бұл жер – атам заманнан бері түріктердің иелігі. Байқаңыздар, жүректеріңіз қобалжып, үрей ұялап, халықты тоздырып алмаңыздар. Біз бұл халыққа, оның жеріне іргелес тұрамыз, төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылған бір елміз. Сондықтан шапқыншылыққа, тонаушылыққа жол бермейміз».
Бабырдың сөзінің жаны бар. Түркі халқы Үндістанға б.з. IV ғасырында аяқ басқанын, Үндістан мен Орталық Азияның тарихынан, әсіресе, Махмуд Қашқаридың «Диуани Лұғат ат-түрік» және «Түркі сөздерінің жинағында» жазылған деректерден анық білеміз. Осы ретте бұлтартпайтын бір дәлел әйгілі ғалым Әмір Нәжиптің «XI-XV ғасырлардағы түркі тілінің тарихы туралы зерттеуінде» бұрын ғылым дүниесіне белгісіз ұмыт болып келген шығарманы оқырманға ұсынған. XIV ғасырдың басында терістік Үндістанда Дели сұлтандығында Бабыр ад-дин Ыбырайымның бірнеше тілдің түп-тамырын талдайтын парсы тілінің лұғаты жасалған. Мұнда түркі тілі де қамтылды. Шығарма – «Ауызекті лұғат». Бұл шығарманың қолжазбасы Таш Му-дің қолжазба қорынан табылған. Сол сияқты «Бадам әл-лұғат» «Санлақ», «Кітаби лұғат-и атракияда» да түркі сөздеріне талдау жасалды. Бұл шығармалар Ұлы моғол мемлекеті орнағанға дейін Үндістанда түркі тілдес тайпалар мекендеп, олардың мемлекеттік тілге ие болғанын дәлелдейді.
Бабыр ад-дин Ыбырайымның 238 беттен тұратын бұл лұғатындағы түркі сөздерінің көпшілігі бүгінгі қазақ сөзінен айырғысыз. Мысалы, іні, келін, ене, болдыз, т.б. сөздер молшылық. Демек, Бабыр барғанға дейін де Үндістанда түркі тілі халықтар арасындағы қарым-қатынас тілі болған.
Барын ұмытып, содан кейін қайта оқыған кезде таңырқап отыру адамзатқа жат әдет емес. Сондықтан да болар, «Бабырнаманы» жерден жеті қоян тапқандай қуана ақтарып, бұрын бабаларымыз білмегендей әлде кімдерді кінәлап таңырқап, «кім еді?» деп сауал қойып мерзімді баспасөзде жазылған мақала да болды. Шынтуайтына жүгінсек, «Бабырнама» - қазақ халқының мақтаныш еткен тағылымды дүниесі. Оны ойшыл ұлдары оқтын-оқтын есіне алып отырған. Солардың бірі – Абай да, екіншісі – Шоқан.
Абай қазақтың қайдан шыққаны туралы сөз қозғағанда: «Әмір Темір нәсілінен Омар шейх баласы, белгілі Бабыр патшаның шешесімен бір туысқан екі бауыры болған. Үлкені Ташкентте хан болып, кішісі екі бауыры болған. Үлкені Ташкентте хан болып, кішісі қазақты билеген. Бұлар Шағатай нәсілінен Жүніс ханның балалары болған. Сол қазақты билегенінің аты Ахмет екен. Сол аз уақытында аттанысқа жарарлық қазақтан үш жүз әскер шығарып, үш жүз басына бөліпті. Әр жүздің халқы өз ынтымағымен бір туысқанға есеп болыпты. Қазақтың «үш жүздің баласы» дейтұғыны сол деп жазған. Абайдың бұл айтқанына зер салсаңыз, ол «Бабырнаманы» түпнұсқадан немесе А.Ильиминскийдің араласуымен Қазан қаласында жарық көрген орысша басылымынан оқыған тәрізді. Өйткені «Бабырнамада» Абай айтып отырған деректер Шаһ бике, - деп жазылған «Бабырнамада» - Бадахшанның шаһы Сұлтан Мұхаммедтің қызы еді. Жұрттың айтуынша Бадақшанның шаһтары арғы тегін Файлакустың баласы Ескендірден таратады. Шаһ бикеден... Сұлтан Махмуд хан еді, оны Самарқан мен Сұлтан Ахмет еді, ол жұртқа Алаша хан деген есіммен мәшһүр болды. Оның Алаша хан аталуының себебі, қалмақтар мен моғолдар кісі өлтірген адамды «алаш» атаған. Сұлтан Ахмет хан болса қалмақтарды талай рет жеңіп, көп адамды қырғынға ұшыратқан да ол «алаш» аталып келе-келе «Алаш» оның есіміне айналған».
Бұдан бес жүз жыл шамасы бұрын алаш туралы айтылған осыдан артық нақты дерек әзірге жоқ. Өсиетшілеріміз әр түрлі жорамалдар ұсынып жатыр. Бірақ Бабырдың жазбасындағыдан дәйекті дерек қазірде табылмайды десек, қателеспейміз.
Абай «Бабырнама» деректеріне көрегендікпен жөн сілтеп: «Самарқанның сар жолы, Буланайдың тар жолы» дегені, - бәрі Шыңғыстың сапарын көрсеткен сөз. Буланай деп Гималайды айтқаны ма, Үндукеш тауы ма? Әйтеуір бір тауды айтқан сөз екені: «Буланайдың үлкен тау болмас, бұланнан үлкен аң болмас» деген мақалынан, бұл қазаққа жат шығарма еместігін еске салып кеткен.
Бабырдан бұрын оның бабасы Әмір Темір де жорық жасаған, бірақ оның қиындығын Бабырдай көп көрген қолбасшы жоқ шығар.
«Бабырнамадағы» қазақ тарихының алтын қазығындай қазыналы дерегі – халқымыздың тұңғыш тарихшысы Хайдар Дулатидың ғұмыры жайындағы әңгімелері. Бабыр туған бөлесі жайында былай деп жазған: «Хұб Нигер ханымның ұлы Хайдар мырза еді. Әкесін өзбектер өлтіргеннен кейін ол үш-төрт жыл менің қасымда болды. Содан кейін рұқсат сұрап, Қашқарияға, ханға кетті.
Енді ол орнықты, байсалды азамат болып жақсы жолға түсіпті деп естідім. Жазуға, сурет салуға машық, жебе жасауға, зергерлікке, садақ шыбығын июге, қолының ебі бар еді. Ол менен кешірім сұрап хат жазыпты, сөз саптауы тәуір».
Мұхаммед Хайдар Дулати бөлесі Бабырдың сенімін ақтады. Ол «Жаһаннама» атты дастан, «Тарих-и Рашиди» атты тарихи жылнама жазып қалдырды. 1499 жылы Ташкентте дүниеге келген Мұхаммед Хайдар 1551 жылы Үндістанның Кашмир қаласында қайтыс болды. Ол ата-анасының мекені Жетісуға жете алмай жат жерде қалды, әйтсе де еңбегі зор.
Шоқан Уалихановтың деректеріне сүйенсек: «В древности слова казак встречается в смысле вольной и вольница, я не смею сомневаться. Глагол қазақлық очень часто попадается в «Бабур-наме» - записках Бабура, в Шайбаниаде, что значение слово казак в смысле бродяга, скитальца было достаточно известно и употреблялось в древней Руси …»
Бұл сөз біздің қазақ атауымыз емес, казак-орыс, монғол үстемдігіндегі – жазалаушы жасақ. Сол сөзді қазаққа келіп, қазақтық жасадық, ұры-қары, қаңғыбас болып жүргенімізді деп Бабырдың аузынан айттырып, тарихты бұрмалауға бола ма? Мұны ғылыми жұртшылық дұрыс түсінді. Мысалы, «Қазақ әдебиеті» газетінің 1991 жылғы қаңтардағы санында жарияланған филология ғылымының докторы Сапарғали Омарбеков «Бабырнама - ортақ мұра» атты сын мақаласында: «Орысша тексте, соның әрпіне басыбайлы болып қала алмай, көп жағдайда аудармашы қаламын еркінірек ұстап, тіркестердің, фразалардың қазақ» ұғымына етене жақын, түсінікке жеңіл келу жағын қарастырған. «Во времена казачества и безвластия» дегенді: «Қуғын-сүргінге түсіп биліктен айрылып, ұшарымды жел, қонарымды сай біліп» деген сияқты түйіндермен, немесе, «Онсыз да талай жырымдалып, қаңырап қалған жердің тоқымын қайта қаққаннан не түседі» деп келетін сөйлемдер аудармашының тәжімелеу принципін дұрыс түсініп, еркін игере білгендігінің айқын бір көрінісі іспетті деп жазды.
Абай бабамыз «Бабырнаманы» оқығанын «Бабырнамада» солай жазылған деп кесіп айтқанын аңғарсақ, ал орыс тіліндегі басылыммен таныс деуіміздің сыры кейбір атауды қолданысына келіп тіреледі.
«Бабырнама» Ауғанстан жеріндегі хазарлар туралы да қарастыратын бірден бір дерек көзі болып табылады. Онда әңгіме болатын хазарлардың ұрпағы бүгінде Ауғанстан мен Иранды мекендейтін түркі тілдес халық. Хазарлар болса, XII-X ғасыр аралығында Солтүстік Кавказда Қырым жағалауында қағанат құрған ел болып табылады.
