- •Бабыр және Ұлы Моғол империясы
- •«Бабырнама» тарихы-әдеби естелік шығарма.
- •I. Бабыр және Ұлы Моғол империясы
- •Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр тұлғасы
- •1.2 Бабыр билігіндегі Ұлы моғолдар империясы.
- •II. «Бабырнама» тарихы-әдеби естелік шығарма.
- •2.1 «Бабырнама» шығармасындағы Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия тарихы
- •2.2 «Бабырнама» - көне түркі туындысы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі:
1.2 Бабыр билігіндегі Ұлы моғолдар империясы.
Ұлы Моғол империясы Бабыр кезінде ең күшті мемлекеттердің қатарында болды. Бабыр ел билігін өз қолына шоғырландырып, Алла тағаланың қайырымдылығы оған құлшылық етуден туындайды, пенделері жалған дүниеден пәк болса, жаратқан иесіне жалбарынса оның шапағатына бөленеді деп ұрандатып саяси тізгінді тартқан. Оның айтуынша жұмыр жер бетінде осыдан артық бақыт жоқ, ал алланың рахымына, қайырымдылығына қайырым жасау деген сөз кәпірдің күштілерінің еңсесін түсіріп, құтын қашырып, тізе бүктіру, рухтың басымдылығы да осында. Жаратқан иенің өсиетін орындау жолында жағаласқан мұсылман баласы алла тағаланың уәжіндегі: «Опасыз, ұждансыз кәпірлер алланың кәріне ұшырайды» дегеніміз осы емес пе. Ел басқаруда Бабыр сайыпқырандарымыз имандылық, мұсылмандық жолында ақ туын желбіретіп жеңіске жетті, дос қуанып, дұшпан күңіренді. Қыран жүрек ұландардың есімі алланың атымен кәпірлерге қарсы күрескен мұсылман баһадүрларының тізіміне жазылды, сөйтіп сайыпқыран ұландарымыздың ерлігінің арқасында исламның туы желбіреді.
Исламның ақ туының астындағы мұсылман қырандары сайдың тасындай, ну ормандағы ырғайдай сап түзеді. Олардың балқарағайдың бүріндей дулығасының ұшы күн нұрына шағылысып, нұр шашып, алла атымен аттанған пендесінің жүрегіндей шынайылық сезілді. Жауынгерлердің сабы Ескендір Зұлхарнайының темір сауытты қырандары сияқты, олардың түп-түзу болаттан құйылғандай бітісіп, жұбы жазылмайтын құрсаудай көрінді. Оң қанатта – жаратушы иемнің шапағатына бөленген, халифат көгінде оның сәуле шашқан шоқ жұлдызы, бостандық алған алла пенделерінің мақтанышы сұлтанат пен халифатынан даңқын әлемге жаюшы біздің ұлымыз Мұхаммед Құсайын баһадүр бастады. Сол күн нұрына бөленген қымбатты ұлдың ұланына мынадай сарбазда сап түзеді. Билік қолынан түспеген мырза, әрі ағзамның шапағаты тиіп жүрген адамы – Қасым Құсайын сұлтан; қалаулы азамат Низам ад-дин Ахмет Жүсіп Оғамақшы; патшалықтың қолдаушысы, шексіз секілді жан – Жалал ад-дин Хұсрау Көкелтас; патшалықтың сүйеушісі – Қауам бек Ұрду шаһ;
Моғол империясы кезеңінде империя оң қанатының шетінде Үнді әмірлері бұйырылған орындарда тұрды. Олар: патшалықтың тірегі, хан Ханан –Дилауар хан, манаптардың тірегі Мәлік Дад Карарани, шейхтің шейхы – шейх Гуран. Ислам әскерінің сол қанатының шетіне: текті тұқымынан шыққан, накибтардың панасы, манаптардың ұйытқысы Та-ха мен Я-сина руларының мақтанышы, Сейіт Мағди қожа ұрпақтарының көшбастары, сондай-ақ оның ардақты да қайратты бауыры, алла тағаланың рахымы түскен Мұхаммед Сұлтан мырза; Мағди Сұлтанның ұлы, биліктен қол үзбеген, халифтар ұрпағы, ағзамның шапағаты түскен Әділ сұлтан, патшалықтың тірегі, шексіз сенімді жан. Му изз ад-дин Әбді әл-Әзиз минахур патшалықтың тірегі болған.
Айналып соғатын топтың оң қанатына: қалаулылардың тірегі, сенімге кірген, Тардика мен Баба Кашканың бауыры Мәлік Қасым моғол тайпаларынан құралған жасағымен, қалаулыларымен сенімді серігі Момын Атқа мен ағзамның күзетіндегі Рүстем Түрікмен бастаған жасақтың қолдаушылары топтастырылды.
Моғолдар империясының сыртқы саяси сапарлары барысының бүгінде мына жәйттерге тоқтала келіп, елдің саяси әл-ахуалын айта кеткен жөн.
...Намаздыгер арасындағы айқас шегіне жеткен кезде аспанда алаулап ту желбіреді. Ислам әскерінің оң қанаты мен сол қанаты кәпірлердің әскерінің оң мен сол қанатын бүрістіріп, тағадай иіп ортаға үйірді. Дін жолындағы мұсылмандардың жеңіске жеткені байқалып ислам туы желбірей бастағанда опасыз кәпірлердің құты қашып, не істерін білмей, аспанға түскен қасқырдай аласұрды. Ақыры олар жанталасып біздің ортаңғы қолдың сол қанаты мен оң қанатына ұмтылды. Олардың сол қанаттағы тегеуріні күшейіп, бізге жетті, бірақ біздің ұландарды періштелері демеп садақты жаудырып, жандарын жаһаннамға жөнелтті, кәпірлер жер жастанды. Осы кезде жеңістің желі есіп, дала күңіреніп біздің құлағымызға: «Сендердің қолдарыңды жеңіске жеткіздік» деген үн естілді. Діннен безген үнділердің құты қашып, «түтілген жүндей» ыдырап жел қуған қаңбақтай далалады. Соғыс алаңы қан сасыды; өлген адамға қисап жоқ; жанынан безіп, дала кезіп, қарға-құзғынға жем болғаны қаншама. Бабырдың айтуынша, Алланың жазуы, оның ақ жолына түспеген пендесін осылай тозаққа айдайды емес пе. Майдан жолында тозаққа жан тапсырмақ жаралылар шибөрі құсап ыңырсып жатса, жаны тозаққа кеткендердің денесінің аяқ алып жүргісіз. Ислам әскерінің аяқ басқан жерінің бәрінде де өліктер жатыр. Даңқты ноян жасақ қашқындарды қуғанда тоқтаған бекеттің бәрінде де осындай жағдайға душар болған.
Жоғарыда айтылған іс-әрекеттер болмысы мен ойлардан Бабырдың империясының саяси қуаттылығы мен діни дәріптілігі басым болған іспеттес.
