- •Бабыр және Ұлы Моғол империясы
 - •«Бабырнама» тарихы-әдеби естелік шығарма.
 - •I. Бабыр және Ұлы Моғол империясы
 - •Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр тұлғасы
 - •1.2 Бабыр билігіндегі Ұлы моғолдар империясы.
 - •II. «Бабырнама» тарихы-әдеби естелік шығарма.
 - •2.1 «Бабырнама» шығармасындағы Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия тарихы
 - •2.2 «Бабырнама» - көне түркі туындысы
 - •Қорытынды
 - •Әдебиеттер тізімі:
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Курстық жұмыс
Пәні: «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
Тақырыбы: «Бабыр және Моғол империясы»
Айткенов Сағыныш Төлеубекұлы
2 курс
Мамандық:
05011400 Тарих
Ғылыми жетекші:
Мукатаева З.К
Семей 2015 жыл.
ЖОСПАР
Кіріспе
Бабыр және Ұлы Моғол империясы
Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр бейнесі
Бабыр билігіндегі Ұлы моғолдар империясы
«Бабырнама» тарихы-әдеби естелік шығарма.
2.1 «Бабырнама» шығармасындағы Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия тарихы
2.2 «Бабырнама» - көне түркі туындысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ұлы бабамыз – шығыстың талантты жазушысы, ақын, заманының озық ойлы адамы және мемлекет қайраткері, ер жүрек қолбасшы, Үндістанда Ұлы моғол мемлекетін құрған Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр тарих ғылымына зор үлес қосар еңбегі дерек көзі «Бабырнама» туындысын мұра етіп қалдырды. Ұлы бабамыз өз шығармашылығымен қайраткерлік, қолбасшылық қарекеттерімен жауап беріп кеткен. «Қайыры жоқ көлден без, қайырымы жоқ елден без» дегендей дүниеге жар салып, адамзат ұрпағына салауатты өсиетін айтып, тарихын жазып қалдырған ұлы тұлға.
Аталған дәлел тақырыптың өзектілігін бүгінде дербестікке қолы жетіп, екі мың жылдан бұрын-ақ ата-бабалары мемлекет құрған Орталық Азияның, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан еліне «Бабырнама» - ортақ мұра, өйткені бұл шығармада бабамыз сол мемлекетті құрып отырған халықтардың тарихын жазып қалдыруымен ашамыз.
Бабыр еңбектерінің ішінде «Бабырнаманың» алатын орны ерекше. Кітап сол кездің әдебиетіне тән сөзуарлық, тақуалық, тілмарлықтан аулақ, халыққа түсінікті қарапайым тілмен жазылған. Шығармада, ол бір жағынан, айлакер, саясатшы, қатал қолбасшы ретінде көрінсе, екінші жағынан, әдебиетке, өнерге, ғылымға ерекше ықыласпен қараған, қамқорлық жасаған кісі болып танылады.
«Бабырнама» - тек түрік монархының ғана өмірбаяны емес, сонымен бірге ол өз заманының тамаша тарихы. Бұдан XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында Орта Азия, Хорасан, Ауғанстан және Үндістанда болған саяси оқиғалар мен ұрыстар тарихын анық көруге болады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыптың зерттелу деңгейіне тоқталар болсақ, «Бабырнаманың» тілін танып, зерттеуге әлем тарихшы- ғалымдары зерттеулерінің орны ерекше.
«Бабырнамада» келтірілген деректердің құндылығы, автордың адалдығы, әр түрлі деректерге өзіндік көзқарасы, деректің нақтылығы ғалымдарды тәнті етті.
Бұл орайда мысалы, В.В.Бартольд, А.М.Белинский, А.А.Семенов, А.Ю.Якубовский, Я.Г.Гулямова, А.Мұхтаров және тіл мамандары: А.К.Баровков, А.Н.Кононов, Х.Назарова тағы басқалардың еңбектерін ерекше атаған жөн. Сондай-ақ, «Бабырнаманы» зерттеуге шет ел ғалымдары да, атап айтқанда: Голландия (Витсен), Англия (У.Эрскин мен Ж.Лейден, Р.Колдекот, А.Беверидж, Толбот), Германия (Ю.Клопрат, А.Кейзер), Франция (Паве де Куртейл, Бакке Грамон), Ауғанстан (Абдул Хай Хабиби), Пакистан (Рашид Ахтар Надви, шаһ Аам Мавлийат), Түркия (Р.Р.Арат пен И.Н.Баюр) ғалымдары үлес қосты.
«Бабырнаманы» зерттеу, өз тілдеріне аударма жасау, бастырып шығару істеріне Үндістан ( М.Н.Хайдар, С.А.Шарми, Р.П.Трипатхи), Ауғанстан ( А.Х.Хабиби, А.А.Кохзад), Түркия ( Р.Р. Арат, И.Н.Баюр). Пакистан ( Р.А.Надви, А.Мавлийат), т.б. Шығыс елдерінің ғалымдары да едәуір үлес қосты.
«Бабырнаманың» Өзбекстанда алғашқы қолжазба көшірмесін 1714 жылы Темір Пулатов қолға түсіріп, оны Санкт-Петербургте Георгий Джекат Кер зерттеген, сол көшірменің негізінде 1857 жылы Н.Ильминский «Бабырнаманың» Ресейдегі алғашқы басылымын ұсынды. Келесі бір данасын 1709 жылы Гиждувандағы мұғалім Әбу әл-вахаб көшіріп, Кердің қолжазбасынан жүз жылдан кейін барып, Петербургке жетіп, одан Сенковский 1824 жылы жеке көшірме жасады. Келтірілген осы деректерге қарағанда «Бабырнманың» алғаш таратылуы XVIII ғасырдың басында Орталық Азияда басталған, кейін осы көшірменің негізінде орыс тіліне аударылды.
«Бабырнаманы» зерттеуге, сол сияқты Бабырдың поэзиялық мұрасын жинақтап шығаруға Өзбекстан ғалымдары үлкен үлес қосты. 1948 жылы «Бабырнаманың» өзбек тілінде жарық көрген екі томдығын П.Шамсаев пен С.Мирзаев дайындаған. Олардың қатысуымен «Бабырнама» бір том болып та басылды. Соңғы нұсқасы 1905 жылы Лондонда жарық көрген Хайдарабад қолжазбасы бойынша А.Беверидж басылымынан орыс тілінде аударылды. Өзбек тіліндегі нұсқа да М.Сальенің осы аудармасы негізінде шықты.
Курастық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Аталмыш тақырыпқа арналған курстық жұмысты жазуда басты мақсат – мәселенің мән – жайын толыққанды баяндап, «Бабырнама» шығармасын құнды тарихи дерек ретінде көрсету болса, одан туындайтын негізгі міндеттер мынадай:
Ұлы бабамыз Бабырдың тұлғалық ерекшелігіне тоқталу;
Бабыр құрған Моғол империясының сол кездегі саяси дамуын, жай-күйін баян ету;
«Бабырнаманы» Орталық Азия, Үндістан, Ауғанстан түркі халықтарының тарихын танудағы басты дерек ретінде көрсету;
Зерттеудің хронологиялық және аймақтық шеңбері. «Бабырнама» тақырыбының кезеңдік және географиялық шектемесі Ұлы Бабырдың өмір сүрген жылдарымен және саяси ықпал еткен аймақтарымен ұштастырамыз; Олай болса хронологиялық шегі 1483 жылдан 1530 жылға дейінгі аралықты қамтыса, географиялық ауқымы Орталық Азия, Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Үндістан территорияларын алып жатыр. Яғни осы аймақтарда оқиғалардың өрбу барысы «Бабырнамаға» түсірілген.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Ұзақ тарихи жылдар ішінде қалыптасқан, әлемдік және отандық ғылыми ойдың мұрасына айналған «Бабырнама» тарихи-әдеби шығармасы, мәдени және саяси процестер мен құбылыстарды объективті ғылыми талдау назарда болды.
Курстық жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараушалардан, қорытынды бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
