Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.87 Кб
Скачать

Техникалық құжаттарды метрологиялық бақылау

Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) – конструкторлық құжаттармен жұмыс істеу процедураларын – есепке алу, сақтау, өзгерістер енгізуді белгілейтін стандарттар жиынтығы. Олар құжаттарды әзірлеу және олармен жұмыс істеу бойынша кәсіпорын мен ұйымдардың қызметін реттейтін ұйымдастыру әдістемелік және нұсқау өндірістік құжаттарын жасау және баспада шығару негізі ретінде қолданылады.

  МЕМСТ 2.102-18 сәйкес КҚ әзірлеудің келесі кезеңдерін бөліп алайық:

1. Тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасы негізінде өнімді дайындаудың тиімділігін техникалық және техникалық- экономикалық негіздеуі бар  конструкторлық құжаттар – техникалық ұсынысты анықтау;

2. Қондырғы туралы, оның техникалық мәліметтерін көрсету арқылы жұмыс істеу принциптері туралы толық мәлімет бере алатын КҚ эскиздік жобасын әзірлеу;

3. Эскиздік сызба негізінде құрылғы және бұйымның жұмыс істеу принциптері туралы неғұрлым толық мәлімет бере алатын техникалық шешім дайындау, онда жұмысшы құжаттамасын әзірлеуге арналған бастапқы мәліметтер болуы тиіс.Жалпы ақпараттар:

Құжатталған процедура бақылау құжаты болып табылады. Құжаттың түп нұсқасы ИСО 9001 енгізу тобында сақталады. Сапа жүйесі (СЖ) құжаттарының көшірмесін түсіру үшін құжаттың барлық беттерінің төменгі колонтитулының соңғы жолы толтырылады.

Берілген процедураға  жауапты орындаушының:

- қызметтік нұсқауға сәйкес біліктілігі немесе біріңғай тарифтік – біліктілік анықтамасына сәйкес білім деңгейі болуы тиіс;

- зауытты қолданылатын нұсқауларға сәйкес техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет.

БӨҚ және А инженері аптасына кем дегенде бір-екі рет барлық құралдарды тексеріп шығады және автоматика, қорғау, дабылдама барлық жөндеу және алдын-алу жұмыстарын орындайды.

БӨҚ және А инженері қорғау, сигнализация, автоматика нобайларын құрастырады және енгізеді.

Жалпы ақпараттар. Құжатталған процедура бақыланатын құжат болып табылады. Көшірмесі сақтаушы материалдардың түзетілуін қадағалау тиіс. Визасы жоқ көшірмелер тек анықтама түрінде қолданылады. Құжаттың түп нұсқасы ИСО 9001 енгізу бойынша топқа сақталады. Сапа жүйесі СЖ құжаттарының көшірмесін түсіру үшін құжаттың барлық беттеріндегі төменгі колонтитулының соңғы жолы толтырылады.

Сапа жүйесін сертификаттаудың маңызы. Соңғы жылдары әлемнің барлық Телдерінде өздерінің сапа жүйелерінің ИСО 9000 сериялы стандарттарға сәйкестігін сертификаттаған мекемелер саны қарқынды өсіп келеді. Бүгінгі күнде бұл стандарттар 80-нен астам елдерде қолданылады. Мұның себебі, шетелдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сапа жүйесін сертификаттаған мекемелерде басқалармен салыстырғанда тиімділік деңгейінің 2-3 есе жоғары болуында, өйткені бұл жағдайда өнімді сату бағасы 1,5-2,0 есе өседі.Сапа жүйелерінің қарқынды дамуының сыртқы (тапсырма берушілердің талаптары, бәсекелестіктің артуы) және ішкі себептері бар. Маңызды сыртқы себептердің бірі - көптеген шетелдік органдар мен сертификаттау жүйелерінің сапа жүйесін өнімді сертификаттау процедурасына енгізуі. Мысалы,Еуропалық Одақта өнімді міндетті түрде сертификаттауға қатысты 11 директиваның жетеуінде сапа жүйесін сертификаттау сапа белгісін берудің шарты ретінде көрсетілген. Сапа жүйесі бар кәсіпорындарға несие алу және сақтандыру жақтарынан жеңілдіктер берілуі мүмкін. Сонымен қатар, сапа жүйесі бар кәсіпорындардың халықаралық тендерлерді ұтып алу мүмкіндігі ұлғаяды. Егер өнім сапасының төмендігі туралы сотқа арыз түскен болса, онда сапа жүйесінің сертификаты кәсіпорынның кінәлі еместігінің дәлелі ретінде бағаланады. Көптеген елдердің Үкіметтері мемлекеттік тапсырма жөнінде мәселе қарастырылғанда алғашқы орындарды сапа жүйелері бар кәсіпорындарға береді. Сапа жүйесіне ынталылық ішкі себептерге де байланысты:тұтынушылардың талабын толығымен орындау, өндіру шығынын азайту, тұтынушылар мен бақылау органдары тарапынан тексеруді азайту, өндірістің мәдениетін жақсарту, сапаға деген жауапкершілікті арттыру. Қазіргі кезде ТМД елдерінің басқалары сияқты Қазақстан Республикасында сапа жүйесі сертификатталған мекемелер саны жағынан шет елдерден көп кейін қалған. Мысалы, Ұлыбританияда мұндай мекемелер саны шамамен 66,7 мың, АҚШ-та 37,0 мың болса, Ресейде бар болғаны 1500 шамасында, Қазақстанда бұл жұмыс соңғы жылдары ғана қолға алынып отыр. Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан экономиканы дамытуға, отандық өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету бағытында нақты шаралар қолданыла бастады. 2001 жылғы мамырда Үкіметтің № 590 қаулысы бойынша 2001-2005 жылдарға арналған Республикалық «Сапа» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада кәсіпорындардың өнімді сертификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға ауысуы көзделген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде көптеген кәсіпорындар сапа жүйесі мен өндірістерге сертификат алды.

ҚР сәйкестікті растауды декларациялау.берілген талаптарға сәкестігін куәландыратын мемлекеттік сертификаттау жүйесімен енгізілген өндіруші құжат.Отандық өндірушілерді қолдау үшін және сертификаттау шығынын азайту үшін ҚРң мем серт жүйесінде сәйкестікті бекіту үшін халықаралық талаптарға сай келетін сәйкестік декларацияны қабылдады. Бірақ бүл тек отандық өнімдерге ғана қолдана алады, ал импорталатын өнімдерге қолданбайды. Сәйкестік декларациясы міндетті сертификаттауға жататын және 2003 жылдың 22қаңтарында ҚР Өкіметінің №77 қаулысымен бекітілген. Өнім өндіруші өнімнің орнатылған талаптарына сәйкестігін дәлелдейтін құжаттармен ғана сәйкестік декларациясын алуына болады. СД біркелкі талаптарға сай бекітілген белгілі өнім түріне немесе өнім тобына қолданылады. СД Мемстандарт бекіткен форма түрінде толтырылады және оған өнім өндіруші қолы қойылады. Өнім өндіруші сд алғаннан кейін өнімгің қауіпсіздігіне және сапасына ҚР заңдылық актілеріне сәйкес толықтай жауап береді. Өнім өндіруші алған сд серт жөніндегі ұйымыа тіркеледі. Тіркеуге жіберілген сд бірге келесідей құжаттар тіркеледі: тіркеу туралы өтініш;бекітілген талаптарға өнімнің сай екендігін дәлелдейтін құжаттардың көшірмесі; өндірістің тұрақтылығын дәлелдейтін құжаттардың көшірмесі;өнім өндіруші сынақ зертханасының техникалық құзырлығын бекітетін құжаттардың көшірмесі немесе сынақ жүргізетін аккредиттелген зертханалардың келісімшарты.мемлекеттік реестрде сәйкестік декларациясын алған өндіріс орын ың толықтай атауы, мекен жайы, сд тіркеу нөмері,бектілген сәйкестігі және сд жарамдылық мерзімі ензізіледі.

Міндетті сертификаттау,қолданылуы және ерекшелігі. Міндетті сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі органдрдың қатысуымен өнімнің, көрсетілетін қызметтің техниклық реттеу саласындағы нормтивтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестікті растау нысаны.Міндетті сертификаттау міндетті сертификаттауға жататын өнімдер (процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) тізіміне кірген өнімдер (процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) үшін жүргізіледі.Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге техникалық регламенттер, стандарттар немесе өнімнің, процестің, көрсетілетін қызметтің адам өмірі, денсаулығы, мүлкі үшін және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да нормативтік құжаттар жатады.Міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер тізімі, сондай-ақ сәйкестігі туралы декларациямен растауға болатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің тізімін Мемстандарт мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша әзірлейді. Тізімдер ҚРҮ бекітіледі.Қазіргі кезде мұндай тізілімдер мыңнан астам өнімдер және онға тақау көрсетілетін қызметтерді ауқымдайды.Заңға сәйкес тізілімдерге енгізілген өнімдерді тек қана сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы болған жағдайда сатуға болады. Міндетті сертификаттау. Сертификаттауды жүргізу тәртібі

Өнімді сертификаттауға мыналар кіреді:

1) сертификаттауға өтінім беру және оны қарау;

2) өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау;

3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу;

4) үлгілерді іріктеу, сәйкестендіру .және оларды сынау;

5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);

6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы шешім;

Техникалық реттеудің. ТР негізі негізгі мақсаттарымен ұстанымдары. 2004 жылы қараша айында елімізде «ТР туралы» заң қабылданып 2005 жылдың 9маусымында күшіне енді. Бұл заңда еліміздегі сту саясатын жаңаша жүргізу стратегиясы құқықтық негізде бекітілген. Бұл заңның енуімен ескі басқару жүйесіндегі сту толығымен өзгерді. Студың жаңа концепия бойынша стандартты орындау ерікті түрде жүргізіледі. бұл жағдайда өндірушілер өз қалаулары бойынша жұмыс жасайды мемлекет өнімнің жұмысына араласпайды. Сту тр үрдістін құраушы бөліктерінің маңыздыларының бірі болып табылады.

Тр бұл қарама қайшылықтарды реттеу, ол өнімге үрдіске қатысты міндетті Тр бұл қарама қайшылықтарды реттеу, ол өнімге үрдіске қатысты міндетті және ерікті талаптарды белгілеумен және ерікті талаптарды белгілеумен, қолданумен, орындауменбайланысты. Сонымен қатар сәйкестікті растау, аккредиттеу, белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау, жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Тр негізгі мақсаттары:

  • Өнім қызмет,үрдістің,адам өмірі мен денсаулығына,қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  • Ұлттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету.

  • Саудадағы техникалық кедергіні жою.

  • Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату.

Тр келесі қағидаларға негізделген:

  • Мемлекеттік тр заңының ортақтығы, біртұтастығы.

  • Үрдіске,қызметке,өнімге қойылатын талаптар,бірдей терминдерді қолдану.

  • Мемлекет пен қызығушы жақтардың қызығушылығына байланысты техникалық мақсатқа жету үшін тр үрдісіне қатысып тең мүмкіндікті екі жаққа беру.

  • Отандық импортталған тауарларға, үрдістеріне, қызметтеріне бірдей талап бойынша сәйкестігін растау.

  • Тр және стандарттау саласындағы нормативтік құқықтық актілер дайындау барысында ғылыми техникалық жетістіктерді,халықаралық және аймақтық ұйымның стандарттау ескеру.

  • Тр саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекттің экономикалық, материалдық техникалық даму деңгейіне сай болуы.

  • Тр саласындағы нормативтік құқықтық актілер,стандарттар, басылымдар, оларды дайындау реті.

  • Қолдану мақсатындағы стандарттауды ерікті түрде таңдау.

  • Сәйкестікті растау жүйесімен ережелерінің бірдейлігі.

  • Бір ұйымның аккредиттеу және сәйкестік құжатын беру функциясын атқаруға мүмкіндік бермеу.

  • Тұтынушы мен өндірушілерден сәйкестікті растаудағы ұйымның тәуелсіздігі.

  • Сәйкестікті растау жұмыстарындағы бәсекелестікті шектеулерді болдырмау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]