Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпор.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.87 Кб
Скачать

Өлшеу құралдар түсінігі. Өлшеу құралдардың метрологиялық сипаттамалары.

Өлшеу құралы, біріншіден, нормаланған метрологиялық сипаттамаларға ие болу керек. Нормаланған метрологиялық сипаттамалар - өлшеу құралының осы типінің, өлшеу құралының нормативтік құжатында тағайындалған метрологиялық сипаттамаларының жиынтығы б.т.

Екіншіден, анықтамаға сәйкес, өлшеу құралы шама бірлігін сақтай немесе ұдайы қайталай алады (қайталауды «біледі»).

Үшіншіден, сақталатын бірлік өз мөлшерін өзгертпейді.

Аталған факторлар өлшеу жүргізуді орындауға мүмкүндік береді, яғни техникалық құралды өлшеу құралы қылады.

Өлшеу құралының метрологиялық сипаттамасы - өлшеу құралының қасиеттерінің біреуінің сипаттамасы, өлшеу нәтижесіне және оның қателігіне әсер етеді.

Нормаланатын өлшеу құралының метрологиялық сипаттамасы нормативтік құжаттармен тағайындалған метрологиялық сипаттамалар.

Эксперимент арқылы анықталған метрологиялық сипаттамаларды өлшеу құралының нақты метрологиялық сипаттамалары деп атайды.

Өлшеу құралдарының жіктелуі келесі. Өлшеу құралдары стандартталған және стандартталмаған болып бөлінеді.

Стандартталған өлшеу құралдары – стандарттардың талаптарына сәйкес жасап шығарылған және қолданылатын өлшеу құралдары.

Стандартталмаған өлшеу құралдары – бұл өлшеу құралдары талаптарды стандарттау қажет емес деп есептеледі.

Өлшем – физикалық шаманың бір немесе бірнеше берілген мөлшерін ұдайы қайталау және (немесе) сақтауға арналған өлшеу құралы. Физикалық шаманың мөлшері (мөлшерлері) тағайындалған бірліктерде берілген және қажетті дәлдікпен белгілі болуы керек.

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі – Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі субъектілерді, нормаларды, құралдарды және әрекет (қызмет) түрлерін басқарудың мемлекеттік жүйесі.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің негізгі мақсаты - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу үшін құқықтық, нормативтік, ұйымдастыру, техникалық және экономикалық жағдайлар жасау болып табылады.

 Шама бiрлiктерi, шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары, шама бiрлiктерiнiң эталондары, өлшем құралдары, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi, өлшем құралдарына, әдiстерiне және нәтижелерiне қойылатын талаптар, өлшемдердi орындау әдiстемелерi, өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк басқару органдарының, жеке, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысы өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi болып табылады.

Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар түрлері

Стандарт - нормативтік құжат,ол белгілі бір саланы оптималды дәрежеде ретке келтіруге бағытталған, уәкілетті ұйыммен бекітілген келісім бойынша дайындалған нормативтік құжат. Стандарт ғылыми зерттеудің нәтижесі және техникалық жетістіктерге, тәжірбиеге негізделуі тиіс. Стандарттаудан басқа стандарттау ережелері, стандарттау бойынша нұсқаулықтар да нормативтік құжатқа кіреді. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес міндетті сертификаттауға жататын өнімнің нормативтік құжатына көп көңіл бөлінеді. Стандарттау құжаттары  нұсқаушылық түрде беріледі, олардың орындалуы ерікті. Нарықтық экономиканың қағидаларының бірінде көрсетілгендей - барынша шектеулерді азайтып, еркін таңдау мүмкіндігі.ҚР стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар ҚР «Техникалық реттеу туралы»Заңымен бекітілген, олар:

  1. ҚР СТ- ҚР мемлекеттік стандарттары;

  2. Мемлекеттік техникалық экономикалық ақпараттар жіктегіштері – ТЭА МЖ;

  3. Мемлекетаралық ТМД елдерінің стандарттары – МЕМСТ, негізінен ол КСРО стандарттары, бірақ әлі күнге дейін қолданылады, егер ҚР заңымен, ғылыми – техникалық саласына қайшы келмеген жағдайда;

  4. Құқықтық нормаға сай қолданылатын халықаралық аймақтық,ұлттық стандарттар, техникалық экономика жіктегіштері, техникалық шарттар, ережелер және стандарттау бойынша нұсқаулар;

  5. Стандарттау жөніндегі нұсқаулықтар;

  6. Ұйымдық стандарттар, оған өндіріс стандарттары және ғылыми – техникалық, инженерлік қауымдастық стандарттары да кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]