- •1 Дипломдық жобаның бекітілген тақырыбын дәлелдеу
- •2 Өндірістің технологиясы және технологиялық жабдықтарды таңдау
- •3 Электр қондырғыларды таңдау, күштік және жарықтандыру торабтарын жобалау
- •4 Үйрек қорадағы микроклимат жүйесін автоматтандыру
- •5 Үйрек қорасында жарықтандыру режимін микропроцессорлық жүйемен басқару
- •6 Сумен қамтамасыз ететін қондырғыны есептеу
- •7 Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік, экология
- •10/04 Кв трансформалар подстанциясының жерге енгізу құрылғысының есебі
- •8 Жобаның техника – экономикалық көрсеткіштері
Кіріспе
Ғылыми – техникалық процестің өзекті бөлігі үйрек шаруашылығындағы технологиялық процестерді автоматтандыру.
Технологиялық процестерді автоматты жүйемен басқару, электр жетектерін басқару станцияларын және жұмыс істеп жатқан жүйелер жаңадан ойластырылған, жаңадан өндіріске ендірілген жүйелер сенімділігін арттыру технологиялық тәртіпті күшейтеді. Бұл үйрек етінің өзіндік құнын төмендетіп, кейбір учаскелерде еңбек шығынын төмендетеді.
Қазіргі заман үйрек қораларында оншақты электр қозғалтқыштар, басқару жүйелері әр уақыт жетілдіріліп, күрделеніп отырады. Қазіргі заманғы үйрек шаруашылығы өндірісінде жұмысшы технологиялық процестерді бақылап отыратын қызметті оператор атқарады.
2002 жылы «Мамет» шаруақожалығында үйрек шаруашылық өндірісі құрылды. Үйрек фабрикасы мынадай бағытта жұмыс істейді: үйрек етінің өндірісі.
Қазіргі заман талабына сай инновациялық технологияны қолданып, үйрек қораларды толық автоматтандыру жолдарын қарастыру керек. Мұндай жолға жету үшін Республикамызда бар жабдықтарды пайдаланып, сонымен қатар алыс және бергі шетелдің технологиялық сұлбаларын енгізу қажет.
Желдету арқылы микроклиматты жақсарту үйректердің салмағының өсуін, жем қолданудың шығынын азайтудың ең оңтайлы шарттарын жасады.
Жылыту-желдету қондырғыларының міндеттері: қоражайда ауа температурасын тұрақты ұстау, ауаның салыстырмалы ылғалдығын мүмкіндік шекте сақтау, зиянды газдарды сыртқа шығару, сыртқы қоршамдардың ішкі беттерінде булардың конденсациялануынан сақтандыру. Ауаның жоғары дымқылдығы ылғалдың булануын тежейді, ауадағы пайдалы теріс зарядталған иондарды жоюдың негізгі себебі болады және қоражайдың температурасын төмендетеді.
Үйрек шаруашылығындағы технологиялық үрдістерді электрлендіру мен автоматтандыру өндірісінің өнімділігін жоғарылатады, төлдердің өлуін азайтады, үйрек азығының меншікті шығынын төмендетеді, эксплуатациялық шығындарды кемітеді, қызметкерлердің жұмыс істеу жағдайын жақсартады. Сонымен қатар, үйрек шаруашылығын кең электрлендіру әлеуметтік өзгерістерге әкеледі де, ауылдық жерлерде халықтың еңбек етуіне.
Ауыл шаруашылығын оның ішінде үйрек шаруашылығын жоғары деңгейлі технологиямен жабдықтау, үйрекдардың еттілігін, сүттілігін, күтіп-баптау процестерін арттырады. Сала-аралық байланыстарға негізделген ауыл шаруашылығы өндірістік комплексінің индустриялизациялау және оның тиімділігін арттыру ауыл шаруашылығындағы диспропорцияны жоюға мүмкіндік береді, өнімді өндіру кезінде және өткізгенде оның көп шығындалуын жояды.
Қазіргі нарықтық экономика кезінде өндірісті ұйымдастыру және жобалау жұмыстарын жетілдіру кезек күттірмейтін басты мәселелер.
1 Дипломдық жобаның бекітілген тақырыбын дәлелдеу
Бекітілген тақырып бойынша дәлелдеу жоба жасау үшін төмендегідей жоспар құрамыз.
Жобаланатын объекті – Алматы обылысы, Қарасай ауданындағы «Мамет» шаруақожалығының үйрек қорасы. Бұл үйрек қора – үйрек етін өндіруге, сондай-ақ үйректің балапандарын өсіруге және халықты үйрек етімен қамтамсыз ету мақсатымен мамандандырылған болуы керек. Үйрек қорасында ет өндіруге арналған 3 үйрек қора, оның біреуі инкубатория мен балапандарға арналған қора. Осындай сұраныстарды қамтуда төмендегідей сұрақтарды қарастырамыз:
үйректерді ұстау технологиясы;
жылыту және желдету жүйелерін есептеу;
үйрек қорасын жарықтандыру торабын есептеу;
транспортерлардың электр жетегін таңдау;
күштік және электр торабын жобалау;
желдеткіш қондырғыларын басқаруды автоматтандыру;
трансформаторлық қосалқы станцияның қуатын есептеп таңдай және әуе желісінің сымының көлденең қимасын есептеу;
еңбекті және қоршаған ортаны қорғау шараларын ойластыру:
жобаның техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу.
Дипломдық жобада қаралатын арнайы сұрақ, үйрек қорадағы микроклимат жүйесін автоматтандыруды жобалау, микроклимат көрсеткіштерін реттеу. Реттелген микроклиматтың арқасында қорадағы үйректердің бір тәуліктік өсуі 4,5% - пайызды құрайды. Ал электр энергиясын сатылап реттеумен салыстырғандағы үнем – 20% пайызды құрайды. Нәтижесінде үйрек қора микроклимат жүйесін қамтамасыз ету үшін “Климат - 4” қондырғысын таңдап аламыз.
2 Өндірістің технологиясы және технологиялық жабдықтарды таңдау
«Мамет» шаруа қожалығының үйрек қорасы дәнді дақылдарды, жүгеріні, сояны өсіре отырып, өзін сапалы жеммен қамтамасыз етеді. Шығарылатын өнімнің өзіндік құны жемді өздері шығарғандықтан төмен.
Шығарылған өнімнің мөлшері мен құны үйрек қорасының коммерциялық құпиясы болғандықтан дипломдық жобада коммерциялық өндірістік көрсеткіштердің мәні тұспалдап алынды.
КБР-2 құрылғысының комплектісі реттелетін микроклиматты типті құрылыстарда тұқымдық жұмыртқалағыш үйректердің еркек үйректермен бірге ұсталуына арналған жан – жақты, механикаландырылған техонолгиялық процестерді іске асыруға арналған.
Үйректер бөлмесінде 6 төрт деңгейлі КБР-2 батареясы бар. Әр батареяда 74 тор. Әр торда 20 үйрек және 2 еркек үйрек бар. Үйректер берілген программаға сәйкес реттелетін жасанды жарықта ұсталады.
Батарея торы екі – екі дөңгелекті бір қабатты. Әр батареяның сыйымдылығы 1628 дана. Тор батареясының негізгі биіктігі екі деңгейге бөлінген, алдынғы – артқы белдемшелері, аралық қабырғалары бар металл каркасты құрайды. Алдынғы белдемшеде мотор – редуктор орнатылатын орын бар. Мотор редукторы бағыттайтын блоктар мен басқару қорабының басты механизмі.
Әр деңгейде артирленген әйнек, не жалпақ асбест цементті төсеніш бар.
Үйректер мен еркек үйректер торы қаркас бойына көлденең тор көздермен әрбір 3 аралық тіректен кейін бөлу арқылы жасалынған.
Үйректі отырғызуға арналған есік ішке ашылатын, алынып – салынатын үш есік батареяның сол жағынан, ал оң жағынан үш ұя алмалы – салмалы есігімен оның қабырғасымен бірге орналасқан. Алдынғы есіктер аралығын 65 мм, оң жағы еңіс торкөз сымының диаметрі 2мм, әр торы 25х50мм. Тор полиэтиленмен жабылған. Бір жағынан еден торы жалғағыш белдемшелерде, екінші жағынан ілгекпен аралық тіреулерге қабылған. Торларда бірнеше жұмыртқаны топтап жинауына арналған металл ұялар торкөздер жай қабылған, не тіреулерге бекітілген. КБР-2 торларының мөлшері 700х400х4500.
Батарея клеткаларында тамақтандыру, суғару, жұмыртқаны жинау, дәретін тазалау механикаландырылған.
Үйректер рацион бойынша құрғақ көпқұамды жемдермен ЗСК-10 тасымалдағышымен жем қоймасынан жеткізіліп жемделеді. Жем бункерінен үйрек бөлмесіне ТУУ-2 әмбебап унифицирленген жеткізгіш арқылы батарея бункерлері толтырылады. Батареяның сол жағында орналасқан тізбекті жем бөлгіштері жемді жем салғыштарға береді.
Ауыз тәрізді сөрелер арқылы суарылады. Жұмыртқалар ұялы желдеткіштерден және жинағыш үстелдерден жиналып алынады.
Батареялардың оң жағында ұялар жалпақ күкіртті болаттан жасалынған. Ұяның аузына қарама – қарсы бетке жұмыртқа домалап келетін саңылау бар. Үйректің шағын өнімділігінде 600 жұмыртқа/сағатына жұмыртқа жинағыштың жеткілікті істерін қамтамасыз етеді. Ұядағы жұмыртқалар механизмінде жеткізгіш жұмыртқа жинағыш жолағына домалап жинағыш үстелдерге ауысады. Үстел батареяның алдында орналасқан, ал үйрекші орамның ұяшаларына қолмен салады.
Батареяның ортаңғы, артқы қабырғасында орналасқан өзектерге үйректің көңі пышақтармен қырылып тасталады. ТСИ-3.ОБ жеткізгіштеріне көң салынып ГЛТС-ИМ 285А жеткізгіш арбаларымен қиқоймасына шығарылады.
