Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Буровые машины1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
484.96 Кб
Скачать

3. Көтеру механизмі мен бұрғылау шығырлары

3.1. Көтеру механизмі

Көтеру механизмі бұрғылау қондырғыларының көтеру бөлігі – болат арқанмен айналған қозғалмайтын (кронблоктан) және қозғалатын (таль блоктан) блоктардан тұратын полипаст болып табылады. Қозғалатын блок бұрғылау бағанасын және шегендеу құбырларын ілу үшін қармақпен немесе автоматтың элеватормен жабдықталған.

Көтеру механизмінің болат арқанының екі шеті де қозғалмайтын блоктан шығып, біреуі бұрғылау шығырының дағырасына бекітіледі де, жүру немесе тарту арқаны деп аталады, ал екінші – мұнараның металл негізіндегі арнаулы құрылымға бекітіледі. Арқан дағыраға оралғанда қозғалатын блок қармағымен қозғалмайтын блокқа тартылады, ал түсірілген қозғалатын блок пен оған ілінген құбырлар бағаналық салмағымен арқан дағырадан тартылады. Арқанның қозғалмайтын (ілгегі) қармақ күшті өлшеуге арналған көрсету бергіштерді орнатуға пайдаланылады.

Көтеру арқанның жұмыс ілгек блоктардың шкифтері арасында орналасады да қармағы көтеріп – түсіреді, өздерінің ұзындықтары өзгереді. Арқанның жұмыс ілгектерінің санының шығырға баратын жүру ілгектерінің санына қатынасын жабдықтың еселігі деп аталады.

Жүру ілгегі біреу болғандықтан жабдық еселігі арқанның жұмыс ілгектерінің санына тең, өйткені арқанның екінші шеті қозғалмайды.

Екі дағыралы шығырларда арқанның екі шеті де жүретін жабдықтың еселігі жұмыс ілгегі санынан 2 есе аз.

Көтеру механизмі бұрғылау қондырғысының мұнарасына орналасуы мынандай сипатты ерекшеліктері бар:

  • қозғалатын қармағымен ұңғыма сағасының үстіне де ерікті ілінген жағдайында орналасады және тік бағытта дәл ұңғыма осі бойымен жүреді;

  • қармақтың көтерілу биіктігі мұнара биіктігімен және түсіру – көтеру операцияларының қауіпсіздігімен шектелінеді;

  • шкифтер диаметрлері мен басқа да жүк көтеру құралдарының өлшемдерін бұрғылау мұнарасының кесе өлшемдерін ескертіп қабылдайды;

  • әрекеттегі күштерді бақылау және бұрғылау процесіндегі қашауға берілетін остік күшті қолдау мақсатында көтеру механизмі көрсету бергіштерінен және бақылау – өлшеу аспаптарымен жабдықталады;

  • әрекеттегі күштер және түсіру – көтеру операцияларының жылдамдықтары ұңғыма тереңдігі мен құбырлар бағанасының ұзындығына байланысты кең шекте өзгеріледі.

(Крон блоктар) қозғалмайтын блоктар, қозғалатын блоктар, шкифтер, қармақтар мен арнаулы аспаптер (ілгіштер).

3.1.1. Көтеру арқандары

Болат сын арқандары пайдалану процесінде тартылуға және шкифтер мен шығыр дағырасында бірнеше рет майысуға ұшырауларына байланысты шаршап үзілуі мүмкін. Арқанның сыртқы сымдары шкифтер мен дағыраға үйкеліп үдемелі тозуға ұшырайды.

а) - өзегі металды; б) - өзегі органикалық үш иірімді; в) - өзегі пластмассалы

5-і сурет

Стандартқа байланысты бұрғылау жабдығында пайдаланылатын арқандар ортасындағы өзегіне қарай үш түрлі орындалады:

1 – өзегі металды (м.с);

2 – өзегі органикалық үш иірімді (о.с);

3 – өзегі пластмассалы (н.с);

Мысалы, түрі ЛК– РО 6×31+м.с немесе 6×31+о.с

Үзілуге есептеу күші Р шекті үзілу беріктігіне байланысты . Арқанда жоғарғы көміртегі 0,4…0,7  марганец пен 0,3 кальций қосылған сымдардан жасайды.

Сын иіріміне байланысты:

ТК – нүктелі жанасатын сымды иірім; ЛК – сызықты жанасатын сымды иірім.

Диаметріне байланысты: Р – әртүрлі диаметрі; О – біртүрлі диаметрі.