- •1. Бұрғылау қондырғыларының құрамы мен бөлімдерінің орналасуы
- •1.1. Бұрғылау жабдығын құрастыру принциптері. Құрастырудың (конструирования) міндеттері мен техникалық негіздері
- •1.2. Бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар
- •2. Тау жынысын қирату аспап сайманы, құбырлардың бұрандалық жалғамалары және шегендеу құбырлары
- •2.1. Тау жынысын қирату (бұзу, ұсақтау) аспап сайманы (құралы)
- •2.2. Құбырлардың бұрандалық жалғамалары
- •2.2.1. Бұрғылау бағанасын есептеу
- •Жуу сұйығынан азаятынын ескермесек бұрғылау бағанасының ауырлық күшінен болатын созылу кернеуі
- •2.3. Шегендеу құбырлары
- •2.3.1. Шегендеу бағанасын беріктікке есептеу
- •3. Көтеру механизмі мен бұрғылау шығырлары
- •3.1. Көтеру механизмі
- •3.1.1. Көтеру арқандары
- •3.1.2. Есептеу күштердің мәндері
- •3.1.3. Көтеру арқандарын есептеу
- •3.2. Бұрғылау шығырлары
- •3.2.1. Негізгі параметрлерін есептеу және таңдау
- •3.2.2. Көтеру механизмінің кинематикасы
- •3.2.3. Көтеру механизмінің динамикасы
- •3.3. Түсіру– көтеру операцияларының (әрекеттерінің) ұзақтығы және (күштерді) жүктеуді бөлу (тарату)
- •4. Бұрғылау сорғыштары мен жуу ерітндісінің айналым (циркуляция) жүйесі
- •4.1. Бұрғылау сорғыштары қызметі мен негізгі талаптар
- •4.1.1. Бұрғылау сорғышының кинематикасы
- •4.1.2. Сорғыштардың негізгі техникалық көрсеткіштерін есептеу және қабылдау
- •4.1.3. Сорғыштың конструкциялық параметрлері
- •5. Бұрғылау қондырғыларының жетегі және ғимараттары
- •5.1. Бұрғылау қондырғыларының жетегі
- •5.2. Бұрғылау қондырғыларының қозғалтқыштары
- •5.2.1. Арнаулы модификациялы айналмалы және тұрақты токта электр электрқозғалтқыштары
- •5.3. Күш берілістері мен агрегаттары
- •5.4. Бұрғылау ғимараттары
- •Қолданылған әдебиеттер
2.3.1. Шегендеу бағанасын беріктікке есептеу
Шегендеу бағанасын беріктікке ВНИИТнефть жасаған тәсілмен (әдіспен) есептейді. Бақылау көрсеткендей шегендеу бағанасы ішкі және сыртқы қысымдарын және ауырлық күшінің әсерінен бұзылады. Шегендеу бағанасы тозудан және бұранда жалғамаларының саңылаусыздығының бұзылуынан жұмыстан шығады.
Шегендеу бағанасының беріктікке мынандай жағдайларын есептейді:
ішкі қысымға
n=рТ/рВ≥[n]
сыртқы қысымға
S=рКР/рН≥[S]
созылуға
К=рСТ/G≥[h]
мұндағы рТ, рКР, рСТ – шекті ішкі және сыртқы қысымдары және де шегендеу бағанасының созылу күші; рВ, рН, G – артық ішкі және сыртқы қысымдар және созылу күші, n, S, h – ішкі және сыртқы қысымдар мен созылу күшінің беріктік қорлары; [п], [S], [h] – солардың жіберілген беріктік қорлары.
Шекті ішкі қысым
рТ=2δσTc/D
мұндағы
δ
– құбыр қабырғасының кәдімгі (номиналды)
қалыңдығы, мм; σT
–
құбыр материалының ағу шегі, МПа; D
– құбырдың сыртқы диаметрі, мм; с
– стандарт бойынша құбыр қалыңдығының
кәдімгі мәнінен ауытқу коэффициенті
.
4-і кесте
Бағананың конструкциясы және пайдалану жағдайлары
Пайдалану бағана |
Аралық бағана |
|||
Конструкция және пайдалану жағдайлары |
Беріктік қоры |
Конструкция және пайдалану жағдайлары |
Беріктік қоры |
|
Ішкі қысым бойынша |
||||
Құбыр диаметрі 114…219 |
1,15 |
Құбыр диаметрі 114…219 |
1,15 |
|
Құбыр диаметрі 219 |
1,52 |
Құбыр диаметрі 219 |
1,52 |
|
Сыртқы қысым бойынша |
||||
Пайдалану аймағында құбыр секциялары |
1…1,3 |
Барлық секциялар |
1,10 |
|
Бағананың қалған секциялары |
1,0 |
Бағананың кесіндісіндегі өз салмағынан кернеуі 0,56 |
1,1 |
|
Өз салмағынан созылу бойынша |
||||
Тік ұңғыма құбыр диаметрі 114…168 мм, (l 3000 м) |
1,15 |
Құбыр диаметрі 114…168 мм (l3000 м) |
1,15 |
|
сол диаметр, тек l 3000 м |
1,3 |
Құбыр диаметрі 178…245 мм (l1500 м) |
1,3 |
|
Құбыр диаметрі 178…219 мм, (l1500 м) |
1,3 |
Құбыр диаметрі 178…245 мм (l1500 м) |
1,45 |
|
сол диаметр, тек (l1500 м) |
1,45 |
Құбыр диаметрі 273…324 мм (l1500 м) |
1,45 |
|
Еңкіш ұңғыма |
||||
Құбыр диаметрі 114…168 мм, (l3000 м) |
1,3 |
Құбыр диаметрі 273…324 мм (l1500 м) |
1,6 |
|
сол диаметр, тек (l3000 м) |
1,3 |
Құбыр диаметрі 324 мм (l1500 м) |
1,25 |
|
Құбыр диаметрі 178…219 мм (l 1500 м) |
1,45 |
|
|
|
сол диаметр, тек (l1500 м) |
1,45 |
|
|
|
Шекті сыртқы қысымы
мұндағы σР – пропорциялық шегі, құбыр болаттар үшін ағу шегіне тең, МПа; Е – серпімділік модулі, 2,1·105 МПа; Kmin=δmin/D; K0=6δ0/D; ρ=δ0/δmin; δmin=0,8756; δ0=0,9056; ρ=1,034; е – құбырдың овалдығы, оның мәндері құбыр диаметрлеріне байланысты 114...219 – 0,01; 245...324 – 0,015; 324– 0,02.
Шекті созылу күші, МН
мұндағы D0 – бұранданың негізгі жазықтығы қимасының орташа диаметрі, м (бірінші толық жібінің); D0=D– 2h1– b; h1 – бұранда тереңдігі, м; b – бұранданың негізгі жазықтығындағы құбыр қабырғасынығ қалыңдығы, м; η=b/(δ+b) – түсіру коэффициенті; l – бұранданың негізгі жазықтыққа дейінгі ұзындығы, м; α – бұранданың негізгі жазықтығы мен құбыр осі арасындағы бұрыш; φ – үйкеліс бұрышы (7° қабылданады).
Артық қысымдар шегендеу бағанасына оны сынағанда пайдаланғанда және төмендегенде әсер ететін ішкі және сыртқы қысымдардың ең қатерлі бір кесіндісі арқылы есейтейді.
Сыртқы артық қысым алғашқы барлау ұңғымасы үшін
мұнай ұңғымасының бағанасын есептегенде
0≤ z ≤ Н кезінде pH=ρgz
H ≤z ≤L кезінде pH=g[ρPz– ρ(z– Н)]
арасында газ ұңғымасының бағанасын есептегенде
0 ≤ z ≤ Н кезінде pH=gρPz – рmiп
мұндағы Н – ұңғыма сағасынан бағанадағы сұйық деңгейіне дейінгі қашықтық, м; z – ұңғыма сағасынан есептелетін кесіндіге дейінгі қашықтық, м; L – ұңғыма тереңдігі, м; pmin – пайдалану сағындағы газ ұңғымасының ең аз ішкі қысымы, Па; ρP – бағана сыртындағы бұрғылау ерітіндісінің тығыздығы, кг/м3; ρ – бағана ішіндегі сұйық тығыздығы, кг/м3; g – еркін түсу үдеуі, м/с;
Түсірілген бағананың өзінің массасынан болатын созылу күші
мұндағы m – шегендеу бағанасының секциялар саны; li – i секциясының ұзындығы, м; qi – шегендеу бағанасының i секциясы құбырларының 1 м–інің теориялық массасы, кг.
