- •1. Бұрғылау қондырғыларының құрамы мен бөлімдерінің орналасуы
- •1.1. Бұрғылау жабдығын құрастыру принциптері. Құрастырудың (конструирования) міндеттері мен техникалық негіздері
- •1.2. Бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар
- •2. Тау жынысын қирату аспап сайманы, құбырлардың бұрандалық жалғамалары және шегендеу құбырлары
- •2.1. Тау жынысын қирату (бұзу, ұсақтау) аспап сайманы (құралы)
- •2.2. Құбырлардың бұрандалық жалғамалары
- •2.2.1. Бұрғылау бағанасын есептеу
- •Жуу сұйығынан азаятынын ескермесек бұрғылау бағанасының ауырлық күшінен болатын созылу кернеуі
- •2.3. Шегендеу құбырлары
- •2.3.1. Шегендеу бағанасын беріктікке есептеу
- •3. Көтеру механизмі мен бұрғылау шығырлары
- •3.1. Көтеру механизмі
- •3.1.1. Көтеру арқандары
- •3.1.2. Есептеу күштердің мәндері
- •3.1.3. Көтеру арқандарын есептеу
- •3.2. Бұрғылау шығырлары
- •3.2.1. Негізгі параметрлерін есептеу және таңдау
- •3.2.2. Көтеру механизмінің кинематикасы
- •3.2.3. Көтеру механизмінің динамикасы
- •3.3. Түсіру– көтеру операцияларының (әрекеттерінің) ұзақтығы және (күштерді) жүктеуді бөлу (тарату)
- •4. Бұрғылау сорғыштары мен жуу ерітндісінің айналым (циркуляция) жүйесі
- •4.1. Бұрғылау сорғыштары қызметі мен негізгі талаптар
- •4.1.1. Бұрғылау сорғышының кинематикасы
- •4.1.2. Сорғыштардың негізгі техникалық көрсеткіштерін есептеу және қабылдау
- •4.1.3. Сорғыштың конструкциялық параметрлері
- •5. Бұрғылау қондырғыларының жетегі және ғимараттары
- •5.1. Бұрғылау қондырғыларының жетегі
- •5.2. Бұрғылау қондырғыларының қозғалтқыштары
- •5.2.1. Арнаулы модификациялы айналмалы және тұрақты токта электр электрқозғалтқыштары
- •5.3. Күш берілістері мен агрегаттары
- •5.4. Бұрғылау ғимараттары
- •Қолданылған әдебиеттер
Жуу сұйығынан азаятынын ескермесек бұрғылау бағанасының ауырлық күшінен болатын созылу кернеуі
σ=[(l – l0)q+ql0]/F
Гидромониторлық қашаулармен бұрғылағанда қашаудағы қысымдар өзгеруінен болатын күшті ескереді.
Жанама кернеуі
τ=MK/WK
мұндағы MK – бұру (айналдыру) моменті; WK – құбырдың тегіс бөлігінің полярлық кедергі моменті.
Бұрғылау моментін бұрғылау бағанасына айналдыруға және қашау мен ұңғыма түбін бұзуға керек қуаттар арқылы табады
MK=(NХ.B +NД)/ω
мұндағы NХ.B және NД – сәйкесінше бұрғылау бағанасын бос айналдыруға және қашау мен түпті бұзуға кететін қуаттар В.С.Федоровтың формуласы бойынша
NХB=сρЖgd2lп 1,7
мұндағы d – бұрғылау бағанасының сыртқы диаметрі, м; l – бұрғылау бағанасының ұзындығы, м; п – айналу жиілігі, айн/мин; с – ұңғыманың қисықтығына тәуелді коэффициент.
Тік ұңғымалар үшін с=1,7·10– 9; бағытталған қисық ұңғымаларда қисықтың бұрышы 6 – 9, с=30,8·10– 9, 26 – 35° бұрышта с=(47,5…52,2)·10– 9.
Қашау мен жынысты бұзуға керек қуат тәжірибе мәліметтеріне байланысты төмендегі 3-і кестеден қабылдайды.
3-і кесте
Қашауды бұзуға және жынысты бұзуға керек қуат, кВт.
Қашау диаметрі, мм |
Қашаудың остік күші, кН |
Ротордың айналу жиілігі, айн/мин. |
||||||
68 |
92 |
118 |
168 |
220 |
296 |
420 |
||
394 |
140 |
32 |
– |
48 |
– |
70 |
– |
– |
346 |
150 |
– |
60 |
70 |
84 |
– |
160 |
210 |
295 |
140 – 160 |
– |
– |
– |
– |
84 |
84 |
108 |
243 |
75 |
– |
10 |
15 |
25 |
– |
– |
– |
140 |
55 |
2 |
– |
– |
– |
– |
– |
– |
2.3. Шегендеу құбырлары
Шегендеу құбырларын тігіссіз болат құбырлардан жасап, ұштарына жалғастыратын конусты бұранда жасайды. Шегендеу құбырлардың бұрғылаулардан айырмашылығы ұштары жуандатылмайды, сондықтан олардың тартылуға беріктігі бұранданың беріктігімен шекттеледі.
Стандарт бойынша шегендеу құбырлары екі А және Б орындалумен шығарылады, олар жасалуыларының сапасымен және дәлдігімен ерекшелінеді. Сонымен қатар олар жалғасу түрімен, құбырлар қабырғасының диаметрі және қалыңдығымен, болат беріктігінің тобынан және муфталарының түрімен бөлектенеді.
Жалғасу түріне байланысты шегендеу құбырларының 5 бөлінеді: қысқа үшбұрышты бұрандасы құбырлар және олардың муфталары, ұзартылған үшбұрышты бұрандасы құбырлар және олардың муфталары.
Трапециадалды бұрандасы құбырлар және олардың муфталар – ОТТМ; жоғары герметикалық жалғаулы құбырлар және олардың муфталары ОТТГ; Муфтасыз ұшы кеңейтілген құбырлар – ТБО.
Құбырлардың барлық түрлерінің стандарт бойынша жалғануы бұранданың конустығы 1:16.
Трапециадалдылығы бұранданың үшбұрыштыға қарағанда тартылу беріктігі 1,5…2 есе жоғары. ОТТМ құбырлары шегендеу бағанасының жоғарғы секцияларында қолданылады.
ОТТМ және ТБО құбырлары жоғары саңылаусыздығымен ерекшелігі және өте терең ұңғымаларды бекітуге арналған, олардағы газ қысымы 50 Мпа дейін.
А және Б орындалған құбырлар 9,5 м – ден 13 м – ге дейін жасалынады, Б орындалған құбырлар 10...20 – ге дейін жіберіледі.
Стандарт бойынша шегендеу құбырлары 114 мм – ден 508 мм – ге дейін диаметрмен істелінеді, ал қабырға қалыңдығы олардың диаметрлеріне байланысты 5,2 мм – ден 16,5 мм – ге дейін өзгеріледі.
Муфталары бұралған құбырлар ішкі гидравликалық қысым сынағанда берік болуы керек
p=2sR/D
мұндағы р – сынау қысымы, Мпа; s – қабырғаның қалыңдығы; R – жіберілген кернеу, МПа; D – құбырдың сыртқы диаметрі, мм.
Жіберілген кернеу
-
А орындалуы
R=0,6σТmin (D ≥ 273 мм)
R=0,8σТmin (басқа құбырлар)
Б орындалуы
R=0,8σТmin (D ≥ 219 мм)
R=0,6σТmin (басқа құбырлар)
Муфтаның беріктігі шектелген құбырларды
р=0,8σТ min(DM –dp)/DM
мұндағы DM – нормальды және арнаулы муфтаның сыртқы номинальды диаметрі, мм; dp – муфтаның сыртқы диаметрі, мм; σТ min – минимальды ағымдылық шегі, МПа.
