Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Буровые машины1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
484.96 Кб
Скачать

1.2. Бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар

Бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар бұрғылау жағдайлары мен олардың техникалық жетілгендігінің деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерімен анықталады. Бұрғылау жағдайын анықтайтын факторлардың ішінен бірінші кезекте мыналар ескерілсе:

  • табиғи климаттың және геологиялық;

  • энергия көздері мен жөндеу базаларының қашықтығы;

  • бұрғылаудың жаңа нүктелерін алмастыру жиілігі;

  • қоршаған ортаның газдануы мен жұмыс орнының жуу ерітіндісімен ластануы;

  • ұңғыманың оқпанындағы қиыншылықтарды жеңу үшін бұрғылау әрекетін үздіксіз жүргізуді қамтамсыз ең керектігі;

  • жуу ерітіндісінің жоғары түрпілігі (абразивті) мен мүжілу белсінділігі (әрекеттілігі);

  • жұмыс орнының тарлығы және басқалары.

1. Техникалық талаптар:

  • бұрғылау қондырғысы конструкциясы ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктеріне жауап беруі керек;

  • оның (бұрғылау қондырғысы) параметрлері әлемдік стандартқа және бұрғылаудың қазіргі технология талаптарына сай болуы шарт;

  • қондырғы құрамына кіретін машиналар мен жабдықтар жоғары ПӘК – і жеткілікті беріктікті, сенімді және өміршеңді болуы керек.

2. Пайдаланулық талаптар:

  • бұрғылау қондырғысы жөндеуге жоғары жарамдылығы;

  • оның агрегаттарын техникалық күтім мен жөндеу үшін қолайлылығы;

  • техникалық жағдайын бақылау мен тез тозатын бөлшектерін алмастыру мүмкіндігі.

3. Технологиялық талаптар:

  • машиналар конструкциясының қарапайымдылығы;

  • бөлшектер пішінінің қарапайымдығы, материалдарының арзандығы;

  • жасаудың үйлесімді дәлдігі, бетінің бұжырлығының қолайлығы, өңдеу бетінің өлшемдерінің аздығы;

  • өзара ауыспалылықты қамтамасыз ететін шек пен отырғызу өлшемдерін дұрыс қабылдау;

  • стандартты унификацияланған тараптар мен бөлшектерді кең пайдалану.

4. Экономикалық талаптар:

  • конструкцияның технологиялылығы;

  • материал сиымдылығының төмендігі;

  • бұрғылау қондырғыларының – жоғары өнімділігі.

5. Социалдық талаптар:

  • бұрғылау қондырғылары жұмысының қауіпсіздігі;

  • басқарудың жеңілділігі;

  • оператордың еңбек жағдайын жақсарту.

6. Арнаулы талаптар:

  • тұратын орнының аздығы;

  • массасының қоры мен көліктің жүк көтергіштігіне сайлылығы;

  • жинау мен бөлшектерге оңайлылығы;

  • электр жабдық.

2. Тау жынысын қирату аспап сайманы, құбырлардың бұрандалық жалғамалары және шегендеу құбырлары

2.1. Тау жынысын қирату (бұзу, ұсақтау) аспап сайманы (құралы)

Мұнай және газ ұңғымасын бұрғылағанда тау жыныстарын бұзуға саймандары мынадай түрлері қолданылады:

  1. Қызметіне байланысты

    1. Ұңғыманы тұтас өңдеп бұрғылауға арналған бұрғылау қашаулары;

    2. Ұңғыманы сақиналы өңдеп бұрғылауға арналған бұрғылау ұштары;

    3. Ұңғыманы бағанасын кеңейтуге арналған кеңейткіштер;

    4. Ұңғыманы қабырғаларын тегістеуге және бұрғылау бағанасын орталықтандыруға арналған калибраторлар, стаблизаторлар, орталықтағыштар (центратор).

  2. Бұзу қимылының сипатына байланысы

    1. Уату – жару бұрғылау қашауы (шарошкалы);

    2. Кесу – жару бұрғылау қашауы (қалақты);

    3. Уату – кесу бұрғылау ұшы (алмазды).

Қашаудың төзімділігі (тұрақтылығы) оның шекті жағдайына дейін тозуы уақытымен анықталады (оны әрі қарай қолдау мүмкін емес немесе тиімді емес). Төзімділік алғашқы өлшемді және оның тозуына тәуелді.

Қашаудың тозуына, демек оның төзімділігіне ең көп ықпал ететіндер:

  • қашаудың айналу жиілігі;

  • қашаудың остік күші;

  • жуу ерітіндісінің сапасы мен жіберілуі.

Қашаудың төзімділігіне тағы да едәуір әсер етеді:

  • пайдаланған материалының сапасы мен физико – механикалық қасиеттері;

  • қашаудың жуу құралы мен құралдануы;

  • жасау дәлдігі;

  • басқа да конструкциясын және технология факторлары.

Циклдың күштер деңгейіне, тозудың әртүрлі түрлерінің тіркесуінің (түрпілі, соққылы– түрпілі, мүжілу, шаршау) байланысты бұрғылау қашаулары бұрғылауда қолданылатын басқа жабдықтар мен салыстырғанда ең қолайсыз жағдайда болады. Соған қарамай бұрғылауда ешқандай басқа жабдық ұңғы салудың мерзімі мен өзіндік құнына қашау сияқты елеулі әсер ете алмайды.

Қашаудың өтуі (метрмен өлшемді) оның түсуінен бастап тозуына, сынуына және басқа ақауына байланысты көтеруіне дейінгі бұрғылау тереңдігі.

Бұрғылаудың механикалық жылдамдығы

мұндағы h – қашаумен өту, м; t – қашаудың өңдеудегі жұмыс ұзақтығы, сағат.

Қашаудың өтуі мен механикалық жылдамдығы ұңғыма тереңдеу қарқынын (темп) сипаттайтын бұрғылаудың оралу (рейстік) жылдамдығы (көтеруге) жоғарылатуға мүмкіндік туғызады.

мұндағы tСПО – қашауды алмастырғандағы және бұрғылау бағанасы ұзартудағы орындалатын түсіру – көтеру әрекеттерінің уақыты, сағ.

Қызметіне, конструкциясына және түріне қарамай (яғни байланыссыз) бұрғылау қашауларының диаметрлері бұрғылау және отырғызылатын құбырларының (және де бұрғылау қозғалтқыштарының) диаметрлерімен келісілуі керек.

1-і кесте

Бұрғылау қашауларының стандарты диаметрлері мен басқа кейбір параметрлері

Қашаудың номинальды диаметрі, мм

Қашаудың биіктігі, мм, (көп емес)

Қашаудың массасы, кг, (көп емес)

Бұрғылауға жіберілген остік күш, кН

Төмен айналымды n=40…250 айн/мин

Жоғары айналымды n>40…250 айн/мин

108

180

6

100

158,7

300

18

250

150

228,6

380

45

420

300

444,5

600

260

800

500

508

650

310

900

550

Қашаудың қазынды түбіндегі жұмыс уақыты қашаудың түрі мен конструкциясына, оның жасалу сапасына, бұрғыланатын жыныстау қасиеттеріне және қашауды пайдалану ерекше байланысты.

2-і кесте

Қашаудың қазынды түбінде болуының орташа ұзақтығы

Қашау түрі

Бұрғылау тәсілі

Турбиналық бұрғылау

Роторлы бұрғылау

Қатты жыныс

Жұмсақ жыныс

Қатты жыныс

Жұмсақ жыныс

1

Шарошкалы қашаулар

1,5…3

5…15

20…100

80…250

2

Кесу және тозу қашаулары

1,0…200

30…60

3

Алмазды қашаулар

12…20

≤200

12…20

≤200

Шарошкалы қашаулар (шарошенные)

1-і сурет

Қалақты қашаулар (лопостые)

Алмазды қашаулар (алмазные)

2-і сурет

3-і сурет