- •1. Бұрғылау қондырғыларының құрамы мен бөлімдерінің орналасуы
- •1.1. Бұрғылау жабдығын құрастыру принциптері. Құрастырудың (конструирования) міндеттері мен техникалық негіздері
- •1.2. Бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар
- •2. Тау жынысын қирату аспап сайманы, құбырлардың бұрандалық жалғамалары және шегендеу құбырлары
- •2.1. Тау жынысын қирату (бұзу, ұсақтау) аспап сайманы (құралы)
- •2.2. Құбырлардың бұрандалық жалғамалары
- •2.2.1. Бұрғылау бағанасын есептеу
- •Жуу сұйығынан азаятынын ескермесек бұрғылау бағанасының ауырлық күшінен болатын созылу кернеуі
- •2.3. Шегендеу құбырлары
- •2.3.1. Шегендеу бағанасын беріктікке есептеу
- •3. Көтеру механизмі мен бұрғылау шығырлары
- •3.1. Көтеру механизмі
- •3.1.1. Көтеру арқандары
- •3.1.2. Есептеу күштердің мәндері
- •3.1.3. Көтеру арқандарын есептеу
- •3.2. Бұрғылау шығырлары
- •3.2.1. Негізгі параметрлерін есептеу және таңдау
- •3.2.2. Көтеру механизмінің кинематикасы
- •3.2.3. Көтеру механизмінің динамикасы
- •3.3. Түсіру– көтеру операцияларының (әрекеттерінің) ұзақтығы және (күштерді) жүктеуді бөлу (тарату)
- •4. Бұрғылау сорғыштары мен жуу ерітндісінің айналым (циркуляция) жүйесі
- •4.1. Бұрғылау сорғыштары қызметі мен негізгі талаптар
- •4.1.1. Бұрғылау сорғышының кинематикасы
- •4.1.2. Сорғыштардың негізгі техникалық көрсеткіштерін есептеу және қабылдау
- •4.1.3. Сорғыштың конструкциялық параметрлері
- •5. Бұрғылау қондырғыларының жетегі және ғимараттары
- •5.1. Бұрғылау қондырғыларының жетегі
- •5.2. Бұрғылау қондырғыларының қозғалтқыштары
- •5.2.1. Арнаулы модификациялы айналмалы және тұрақты токта электр электрқозғалтқыштары
- •5.3. Күш берілістері мен агрегаттары
- •5.4. Бұрғылау ғимараттары
- •Қолданылған әдебиеттер
4. Бұрғылау сорғыштары мен жуу ерітндісінің айналым (циркуляция) жүйесі
4.1. Бұрғылау сорғыштары қызметі мен негізгі талаптар
Бұрғылау сорғыштары: ұңғымаға оның түбі мен оқпанды бұзылған жыныстардан тазарту және оны жер бетіне шығару; қашауды салқындатуға және майлау; сорғылау қашауларымен бұрғылағанда гидромониторлық эффект тудыру; түптік гидравликалық қозғалтқыштарда қозғалысқа келтіру үшін жуу сұйығын айдауға арналған.
Қызметі мен пайдалану жағдайын ескеріп бұрғылау сорғыштарына мынандай негізгі талаптар қойылады:
ұңғыманы тиімді жууды қамтамасыз ететін шектеп сорғыштың реттелетін берілісі қажет;
сорғыштың қуаты ұңғыманы жууда және түптік қозғалтқышынан жетектеуге жеткілікті болуы керек;
сорғыштан шығатын жуу сұйығының жылдамдығы бұрғылаудағы шиеленіске соқтыратын инерциялық жүктелу мен қысым теңселісін, қосымша энергетикалық шығындар мен шаршау бұзылуларын болдырмау үшін бір қалыпты болуы керек;
сорғыштар абразив мен май құрамында бар коррозиялық, белсенді әртүрлі тығыздығы жуу ерітінділерімен жұмысқа бейімделінуі керек;
жуу ерітіндісімен әрекеттесетін тараптар мен бөлшектер жеткілікті өміршеңдікке қабысып және істеп шыққанда ыңғайлы да тез алмастыруға бейімді болулары керек;
ірі габаритті тараптар мен бөлшектер сенімді ұстататын және жөндеу мен техникалық күтімде қозғалатын құрылым жабдықталуы керек;
жетектеу бөлімінің тораптары мен бөлшектері жуу ерітіндісінен қорғалуы және қарау мен техникалық күтімде қолайлы болуы керек;
сорғыштар жиналған түрінде алыс және жақын қашықтықтарды тасымалдауға және бұрғылау қондырғысы шетінде сүйреп жылжытуға бейімді болуы керек;
сорғыштың конструкциясы олардың қозғалтқыштарының сол және оң жағымен де орналасуына мүмкіндік беру керек;
сорғыштардың сенімділігі мен өміршеңдігі олардың тиімділігі мен пайдалану қауіпсіздігімен үйлесуі керек.
Бұрғылау сорғыштарын жасаудың техникалық шарттары стандарттармен тәртіптелген.
Бұрғылау тереңдігінің өсуіне байланысты бұрғылау сорғыштарының қуаттары да айтарлықтай көбейеді, бұрғылау талапатарының жоғарылауына жауап беретін бұрғылау сорғыштарының жаңа үлгілері өндіріске дайындалуға және мөлшерінде ғылыми – зерттеу және тәжірибелік – конструкциялық жұмыстарда жиналған тәжірибе және де ғылым мен техникалық сорғыш жасау және шектес салаларының жаңа жетістіктері негізінде бұрғылау сорғыштары үздіксіз жетілуде: олардың сенімділігі мен өміршеңдігі жоғарылауда, массасы төмендеуде және жасауға пайдалану мен жөндеуге кететін материалдар мен еңбек шығындары қысқаруда. Бұл пайдалану мен барлау ұңғымаларын бұрғылаудың отандық және шетелдік тәжірибесінде қолданылатын бұрғылау сорғыштарының кеңінен үлгідегі мен түрлерінің қамтамасыз етеді.
Бұрғылау сорғыштарының екі жақты әрекетті екі поршеньді түрі кең тараған, оларды соңғы жылдары бір жақты әрекетті үш поршеньді сорғыштар алмастыруда оларға тарелкалы конструкциясы қолданылады, сорғыш және айдағыш машиналар өзара алмастырмалы жасалған.
Жетектеуші білік сорғыштың трансмиссиялық білігінен цилиндрлік тісті жұппен қозғалысқа келтіріледі. Жуу сұйығы жалпы қабылдау желісінен және бір рет бұрғының бір сатылы және бір аяғында схемадан қозғалады. Поршеннің бір қалыпты емес жылдамдығынан туған қысымның тең өзгерілуі пневматикалық компрессорлар арқылы практикада қолайлы деңгейге дейін төмендетіледі. Бұрғылау сорғыш агрегаттарында көбінесе электроқозғалтқыштары және дизельдер пайдаланады, олардан айналғаш сорғышының трансмиссиялық білігіне сыналы белдікті немесе шынжырлы берілістермен жеткізіледі.
