Iridium
1998 жылғы қарашаның 1-нен қызмет көрсетуді бастап, Iridium LLC компаниясы (1991 жылы құрылған және жобаға 7 миллиардқа жуық доллар инвестиция тартылған) 2000 жылғы наурыздың 17-де абоненттерге қызмет көрсетуді тоқтатқаны туралы жариялады.
Сурет 3.2. Типтік таратқыш желі
Алайда, осы жылдың өзінде, қарашаның 22-сінде қайта құрылған Iridium Satellite LLC компаниясы Пентагонмен қызмет көрсету келісімшартына қол қойды және активтерді аудару мен Boeing компаниясының топтарын басқаруды берді. 2000 жылғы желтоқсанның 12-сінен бастап, Пентагонның және АҚШ Үкіметінің абоненттеріне қызмет көрсетуді қайта жандандырды. Жүйені коммерциялық пайдалану 2001 жылғы наурыздың 28-інде қайта жанданды. Алайда Қазақстанда “Иридиум” абоненттерін бүгінгі күні іс жүзінде табу мүмкін емес.
“Иридиум” негізгі төмен орбиталық спутниктердің 66 тобын басқарады, бұл желінің префиксі +8816 және +8817.
Inmarsat
Бұл әлемдегі ең көне спутникті байланыс. 1979 жылы негізі қаланған Inmarsat халықаралық компаниясы бастапқыда мемлекетаралық ұйым ретінде көрініс тапты. Бүгінгі таңда ол он бір геосинхронды телекоммуникация спутниктерінің топтарын басқарады. Ұсынылатын қызметтер кәдімгі телефон байланысын және деректерді беруді, сондай-ақ, апат жағдайларының сигналдарын беруді өзіне қамтиды.
Қазақстанда оны Inmarsat-ті iSat желісі ұсынады. Оның провайдері Tarlan Telecom компаниясы болып табылады. iSat-тың қолайлылығы – абоненттерге бағытына, қашықтығына және басқа да факторларға тәуелсіз, бүкіл әлем бойынша айтарлықтай арзан, бірыңғай жаһандық кіру байланысын ұсынуға негізделген. Бұл ретте, iSatPhone спутникті телефоны мынадай – спутникті және GSM 900 екі бірдей тәртібінде жұмыс істеуге қабілетті. Бұл K’Cell, Beeline немесе NEO сияқты жергілікті байланыс операторларының SIM-карталары бар трубканы пайдалануға мүмкіндік береді.
Айта кетерлік жәй, желі ішінде iSat-қа соғылған қоңырау басқа бағыттардағы қоңырауларға қарағанда 195 теңге/мин қымбат. Бұл орайда, байланысу еліне тәуелсіз кез келген нөмірге соғылған қоңырудың 1 минуты 135 теңге тұрады. Inmarsat iSatphone телефонының бағасы бүгінгі күні 115 000 теңге.
Инмарсатқа мынадай телефон кодтары жатады:
- +870 - SNAC (желіге қатынаудың жалпы коды)
- +871 - Атлантика Мұхиты, шығыс (AOR-E)
- +872- Тынық Мұхит өңірі (POR)
- +873 -Үнді Мұхиты (IOR)
- +874 - Атлантика Мұхиты, батыс (AOR-W).
- +870 коды - ортақ код, ол қай спутник арқылы қоңырау соғылғаны белгісіз кезде пайдаланылады. Алайда SNAC Inmarsat-A терминалында қоңырауларды қабылдамайды.
Қалған төрт код нақтылы қызмет көрсетілетін өңір-лерге жатады, тәртіп бойынша әрқайсысына бір-бір спутниктен келеді, әдетте оларды “мұхиттық өңірлер” деп атайды.
Globalstar
Globalstar
1410 шақырым биіктікте 48 белсенді спутник бар – олар Globalstar желісінің негізі. Бұл ретте, олардың кемі төртеуі бір мезгілде Қазақстанды толық қамтып, оның аумағына қызмет көрсетеді. Бұл байланыс басымдықтарының ішінде CDMA технологияларының қолданылуын атап айтуға болады, ол терминалдың сәуле тарату қуатын азайтуға мүмкіндік беріп, оның адам денсаулығына кері әсерін барынша азайтады.
Қазіргі уақытта, Globalstar жүйесі Африканың оңтүстігін, Индияны, Арктиканы және Антарктиданы қоспағанда іс жүзінде әлемнің барлық жерінде қол жетімді.
Қазақстан аума-ғында Globalstar эксклюзивті ресми операторы Paladin Telecom компаниясы болып отыр. Ұтқыр терминалдың бағасы 165 мыңнан 230 мың теңге аралығында ауытқиды.
Желі ішіндегі 1 минут сөйлесудің бағасы – 145 теңге/мин, Арменияны (165 теңге/мин) есепк алмағанда ТМД/Прибалтика – 155 теңге/мин, қалған бағыттарға 1 минут сөйлесу үшін – 155 теңгеден 405 теңгеге дейін. Бұл ретте, Globalstar Қазақстан аумағында соғылған қоңырауы ақылы жалғыз ғана желі күйінде қалып отыр – 155 теңге/мин. Сөз орайында айта кету керек, компания өкілдері таяу уақыттары мұндай қоңыраулардың тегін болатынын жоққа шығармайды.
