- •1. Сыйлау, кұрметтеу мәнді жұрнақтар
- •3. Еркелету, әрі кішірейту мәнді жұрнақтар
- •4. Кемсіну, қомсыну мәнді жұрнақтар
- •6. Кішірейту мәнді жұрнақтар
- •6. Дерексіз заттық ұғым атауларын жасайтын жұрнақтар
- •1. Адам сынын білдіретін жұрнақтар
- •2. Жансыз заттардың белгісін білдіретін жұрнақ
- •4. Сындық мәнді қимыл атауының жұрнақтары
6. Дерексіз заттық ұғым атауларын жасайтын жұрнақтар
-дық, -дік: кажығандық, түңілгендік, еріккендік, алжығандык, білместік, зорлық
-малық, -палық: ауырмалық, ауыртпалық
-мшы: алдамшы, жолдамшы
-ық, -ік: қызық, бұзық, пысық, білік, бұйрық
-ыш, -іш: қуаныш, күйініш, сүйініш, сағыныш, аяныш, алданыш
-ыс, -іс: қарғыс, алғыс, таныс, өзгеріс, ілініс
-мақ, -мек: қыспақ, салмақ, жұмбақ
-мыс: тұрмыс, болмыс, жазмыш
-ман: алдарман, өлермен.
-жал: болжал
-мал: жорамал
-асы, -есі: шығасы, кіресі, аласы, бересі, тиесі
-ын, -ін: мақтан, шығын, жасырын
7. Ауру атауларын жасайтын жұрнақтар
-ма, -ме: шойрылма (радикулит), баспа (ангина) -кақ: тырысқақ.
8. Өнерге қатысты атауларды жасайтын жұрнақтар
-ме: терме, қайырма, желдірме -ер: серпер
9. Ұлттық ойынға қатысты атауларды жасайтын жұрнақтар
-пақ: аударыспақ
-ыс, -іс: сайыс, күрес, айқас, жарыс
-ушы: жаттықтырушы
10. Етістіктен зат атауларын жасайтын жүрнақтардың термин сөздер жасауы
Жоғарыда келтіріген жүрнақтардың біразы түрлі ғылым саласында термин сөздер жасаған.
Тіл білімінің терминдерін жасаған жұрнақтар
-уыш, -уіш: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, еліктеуіш
-ша: қосымша
-у: жалғау
-нды: құранды (жұрнақ), туынды
-тік: көптік, септік, жалғаулық, септеулік, демеулік
-ік: ілік
-ыс: барыс, табыс, шығыс, жатыс, көмектес (септік), тіркес, құрмалас, салалас
-ын: буын
-м: сөйлем
-ма: қыстырма, қосарлама (қос сөз), қайталама
-мал: тасымал
-ды, -ді: өнімді, асырмалы, күшейтпелі, салыстырмалы
-сіз: өнімсіз т.б.
Күрделі зат атауының жасалуы
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған заттық атаулар күрделі атаулар деп аталады. Көне замандардан қазірге дейін қолданылып келе жатқан аналитикалық тәсіл тілдің сөздік қорының күрделі атаулары арқылы баюына орасан қызмет еткен. Сондықтан тілімізде күрделі атаулар құрамы, мағынасы жағынан алуан түрлі. Құрамына қарай күрделі зат есім сөздерді 4-ке бөлу қалыптасқан: біріккен, кіріккен сөздер, тіркескен күрделі сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер. Мағынасы жағынан олардың әрқайсысы іштей бірнеше топ құрайды.
Біріккен, кіріккен атаулар. Бұл сөздердің көне түрі-кіріккен заттық атаулар. Кіріккен атаулар деп өзінің құрамындағы сыңарлардың дыбыстық өзгеріске түсіп, бір-бірімен жымдасып, ықшамдалып кірігуінен жасалған түрі аталады. Мысалы, білезік -білек жүзік, қарлығаш - кара ала кұс, белбеу - бел бау, ағайын - аға іні, қолғанат - қол қанат, сәресі - сахар асы. Кейде кіріккен сөздердін құрамын ажырату қиынға түседі. Мысалы, Е.Жанпейісов атан, қоян, құлан, қабан, қыран, торлан, сазан, жылан сөздерінің -ан/-аң сөзіне бітуі кездейсоқ емес деп, олардың құрамында алғаш аң сыңары болған деген жорамал айтады .
Ал бір сыңары ғана дыбыстық өзгеріске түскен кіріккен зат есім сөздердің сыңарларын ажырату онша қиын емес. Мысалы, көгал, қолғап, құлагер, жарғанат, бегзат, жегжат, қайната т.б.
А.Ысқаков кіріккен сөздерге мынадай анықтама берген: "Кіріккен сөз деп компоненттерінің я біреуі, я екеуі де бірдей әуелі өз мағыналарынан айрылып (делексикаланып), тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағына білдіретін және, сонымен бірге, сол компоненттеріне фонетикалық (дыбыстары, екпіндері) жағынан әр килы өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдалып құралған күрделі сөзді айтамыз". Осы кіріккен сөзге берілген жалпы анықтама кіріккен зат есім сөздерге тікелей қатысты.
Біріккен атаулар деп сыңарлары дыбыстық жағынан өзгеріссіз қалыпта тұрып, мағына тұтастығына көшкен сөздер аталады. Мысалы, азатжол, айбалта, айнакөз, әнтаспа, балабақша, балқаймақ, бозкөде, жемазық, жолбасшы, қарасөз, мүшелтой, өткел, пікірталас, шұбаршөп т.б.
Мағына жағынан біріккен атаулар әртүрлі:
1) Өсімдік атаулары: абжауқын, адамтамыр, адамшөп, айбалдырған, айгүл, ақбасшөп, бозшалғын, боркөз, даратүйнек т.б. Қасым Балқия Қасымқызының "Күрделі зат есімдер сөздігінде" 1400 біріккен өсімдік атаулары берілген.
2)Жан-жануар, жөндік атаулары: абжылан, ағашжегі, айбалық, айырқұйрық, айырмүйіз, ақалтеке, ақбалық, ақбауыр, ақбөкен, ақкекіре, ақкөз, аққаптал, аққарқара, аққоян, ақкұйрық, ақкұлақ, ақмарал т.б. Мұндай күрделі атаулар аталған сөздікте үш жүздей.
3) Көне атаулар: арайна, алдаспан, алтыбасар, арқармүйіз, асатаяқ, аттеріс, атшабар, ашамай, әбілхаят, безаяқ, бетқағаз, бауыркөппе, бойтұмар т.б. Көне, этнографиялық атаулар сөздікте жүз елу шамалы.
4) туыстық атаулар: ағайын, ақсақал, жамағайын, қайнаға, қайны, қайынбике, қайынене, қайынжұрт, қайынсіңлі, шөпшек т.б.
5) ауру атаулары: айкезбе, айырбақай, ақауыз, ақбайпақ, ақбас, аққаптал, аққатпа, аққұрт, ақтаңдақ, ақтопалаң, ақшелек, ақшешек, алабауыр, алагүлік, ашбаспақ, бақайқұрт т.б.
6) ойын атаулары: айгөлек, ақсүйек, алакүшік, алтыбақан, алтыбасар, алтынсақа, көжекжарыс, қазандоп, қарабие, карақұлақ, қаралақ, қолтұзақ, күжтеке т.б.
Тіркескен күрделі зат атаулары. Тіркескен күрделі зат атаулары деп екі не одан да көп сыңарлардан құралып, бір лексикалық мағына беретін, бір лексема қызметін атқаратын сөздер аталады. Біріккен сөздер бірге жазылса, тіркесті күрделі зат атауларының ішкі сыңарлары бөлек жазылады. Мысалы, азу тіс, ақ түйіршік, бас бармақ, жақ сүйек, желке тамыр, кәрі жілік, мүшел жас т.б.
Тіркескен күрделі зат атаулары көне кезеңдерден бастап қолданылып, қазір де сөздік қорды толықтырып келе жатыр. Аға буын, ай мүйіз, ақ бата, ақ жол, ақ тұйғын, бесік бау, ер бала, жабағы жүн, жеті қазына, жеті нан, күшік күйеу, кіндік бала сияқты тіркесті күрделі зат атаулары тілде қашаннан қолданылып келе жатса, сәулет өнері, шағын несие, азат жол, ақ түйіршік (термин), баж салығы, ғарыш айлағы (космодром), жат жазу, жол қағаз (путевка), қабылдау бөлмесі, оқу бөлімі, іс қағазы, іс бөлме сияқты тіркес-күрделі зат атаулары кейін қосылған сөздер.
Тілімізде тіркескен күрделі зат атаулары да үлкен орын алады.
Қосарланған күрделі атаулар. Күрделі зат атауларының қомақты тобы - қос сөздер. Күрделі сөзжасамының бір түріне жататын қосақтау тәсілі арқылы жасалған күрделі зат атауларының бір түрі қос сөздер деп аталады. Олар тілден кең орын алады. Олар -тілден көне замандардан бастау алған өте белсенді сөздер. Қос сөздерге жататын күрделі атаулар тілдің сөздік қорын үнемі толықтырып келеді. Аға-жеңге, ағайын-туған, ағайын-жекжат, ата-тек, әке-шеше, әке-баба, жетім-жесір, аға-іні сияқты туыстық атаулар; ас-дәм, ас-су, дәм-түз, қазы-қарта, құрт-май, өкпе-бауыр сияқты тамақ атаулары; ақыл-ес, ақыл-ой, ақыл-сана, арман-үміт, ар-үждан, ар-үят, атақ-даңк, ашу-кек, ашу-зіл сияқты дерексіз зат атаулары, т.б. толып жатқан өмірдегі түрлі заттық ұғымдарды, қос сөздер білдіре береді. Қосақтау тәсілі арқылы соңғы кезде де бірсыпыра жаңа ұғымдарға атаулар жасалды: косметолог-дәрігер, мектеп-гимназия, мектеп-лицей, модельер-пішуші, суретші-модельер, эксперт-кеңесші, эксперт-маман, эксперт-сарапшы, экспресс-ақпарат т.б.
Қысқарған атаулар. Қысқарған аталымдардың тілде белгілі орны бар. Қысқарған аталымдар қазақ тілінде үлкен екі топқа бөлінеді:
1) кісі аттарының қысқартылуы
2) мекеме, ұйым т.б. атауларының қысқартылуы
Кісі аттарын қысқарту қазақ тілінде ертеден қолданылып келе жатыр. Ол сөйлеу тілінен бастау алып, жазба тілде де орнықты. Көркем шығармада ол жиі қолданылады. Мысалы, Рақмет Әбдеке (Әбдуәли) үйі жағынан келіп кет деген хат алып еді, сізбен бірге тез жүріп кетсе, жолы болады (Х.Есенжанов). Мұндай қысқартуды кез келген шығармадан кездестіруге болады.
Зат есімнің лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуы.
Лексика-семантикалық тәсіл аркылы жасалған туынды зат есім сөздер ғылымда субстантив зат есімдер деп аталады.
Сын есім, сан есім, етістік сөздер қолданыста заттық маганаға ие болып, бара-бара зат есімге көшеді. Бұл үрдісте ықшамдалу зандылығының қызметі күшті. Сын есімдер сөйлемде соңындағы зат есім сөздің қолданыста түсіп калуы арқылы оның мағынасын қосып алып, заттық мәнге көшеді. Мысалы, кәрі кісілер - кәрілер, жас адамдар - жастар, қызыл әскерлер - қызылдар, ақ әскерлер –ақтар. Сан есім сөздерден де заттық ұғымға ауысқан біраз сөздер бар: тоқсан (оқу мерзімі), жеті (неделя), екі, үш, төрт, бес (оқу бағасы), үші, жетісі, қырқы, жүзі (өлімге қатысты). Сөйлемде қолданысы. Мысалы, Оспанның қырқына жиналған ел топ-топ болып орналасты (М.Әуезов). Оқушылар бүл тоқсанды жақсы аяқтады (газеттен).
Етістіктен заттық ұғымға көшкен сөздер көп: туған-туысқан, туыс, жасаған, жаратқан, бойжеткен, атқамінер, күн қақты, ауызашар, қолкесер, қолүздік, жанкүйер, алтыатар, нақсүйер, антұрған, жиған-терген т.б.
Зат есімнің сөзжасаушы тәсілдері
Зат есімнің синтетикалық тәсілі
Есім сөздерден зат есім жасайтын жұрнақтар
Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі зат есімдер
Біріккен зат есім
Қосарланған зат есім
Тіркескен зат атауы
Қысқарған зат есім
№ 10 лекция. Тақырыбы: Сын есім сөзжасамы
Жоспар
Сын есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы
Сын есмінің сөзжасамдық жұрнақтары
Сын есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы
Күрделі сын есімнің жасалу жолдары
Зат есім, етістік сөзжасамынан кейінгі орында сын есім сөзжасамы тұрады. Сын есім туындылар есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Мысалы, хабардар, мәдени, жолақ - зат есімнен, жетілік, үштік (шам) — сан есімнен, жақсылы-жаманды, ұзынды-қысқалы — сын есімнен жасалған сын есім туындылары. Сын есім туындыларға негіз болатын сөздер негізгі түбір, күрделі түбір, күрделі сөздерден де болады: сақалды, ақылды - негізгі түбірден, ерттеулі, жинаулы — туынды түбірден, адырақ көзді, кабырға қайысарлық, майда тілді — күрделі негізден жасалған сын есім туындылары.
Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақтар бір ғана морфемадан тұрады, құрамын бөлуге болмайды. Мысалы, мұртты, күндік, батыл, қарыздар, тарихи, ызақор туынды түбірлеріндегі -ты, -дік, -ыл, -дар, -и, -қор жұрнақтары - дара жұрнақтар. Ал сұрампаз, жатыңқы, аумалы, жарасымды туынды түбірлеріндегі -мпаз, -ыңқы, -малы, -ымды жұрнақтары - құранды жұрнақтар. Бұл туынды түбірлерге сұра, жат, ау, жарас сөздері негіз болған, өйткені тілде сұрам, жатың, аума, жарасым сөздері осы қалыпта қолданылмайды. Ол -мпаз=м+паз, -ыңқы=ың+қы, -малы=ма+лы морфемаларының кірісуінен жасалған.
Сын есімнің туынды атаулары құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді. Дара туындыларға бір сөзден тұратын жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір сын атаулары жатады. Мысалы, көктемгі, атақты, ақылсыз, инабатты, калалық, пікірлес, көйлекшең, ашушаң т.б.
Күрделі сын атаулары екі не одан да көп сыңарлардан жасалып, бір сындық белгінің атын білдіреді. Мысалы, қара көк, күрең қоңыр, теке сақалды, қара кер, қара шұбар т.б.
Есімдерден сын атауын жасайтын жұрнақтар
Сын есімнің сөзжасамдык жұрнақтарының бір тобы есім сөздерден сындық туынды түбір атауларды жасайды. Сын есімнін сөзжасамдық жұрнактары сөзжасамдық кабілеті жағынан әр түрлі.
Есім сөздерден туынды түбір жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар сөзжасамдық қабілеті жағынан өнімді және өнімсіз болып бөлінеді. Тілге көптеген туынды түбір сын есім қосқан жұрнақтар өнімді болып саналады. Өнімді сөзжасамдық жұрнақтардың ішінен -ды, -ді, -ты, -ті, -лы, -лі жұрнағы ерекше көзге түседі. Бұл жұрнақ арқылы жасалған туынды сын атаулары тілде көп, нақтылы саны белгісіз болса да, олар бірнеше жүздей болатыны анық. Мысалы, бетті, таулы, тасты, қамысты, шилі, балалы, өзенді (жер), қызылды-жасылды, білімді, ақылды, атақты, малды, жанды т.б.
Өнімсіз жұрнақтар тілге жекелеген туынды түбір сын аталымдарын ғана қосқан, сондықтан олар өнімсіз жұрнақ аталады. Мысалы, -қы, -кі жұрнағы арқылы жинақы, күлдіргі, бұралқы сияқты туынды сын атаулары ғана жасалған. Сол сияқты -ын, -ін жұрнағы да аз ғана туынды жасаған. Мысалы, бүтін, ұзын, ортан (қолдай). Сын есім сөзжасамы сөзжасамдық жұрнақтарға байлығы жағынан ерекше орында болмаса да, сөзжасамдық жұрнақтарының мағынасы бірсыпыра.
Есім сөздерден туынды сын аталымын жасайтын жұрнақтар түрлі мағына береді. Олардың ірілерін келтіреміз.
1. Белгінің барлығын, молдығын білдіретін жұрнақтар -лы, -лі: қамысты көл, сулы жер, таулы жер, балалы әйел, білімді адам, орманды тау, пайдалы жұмыс, қарлы қыс, жауынды күз т.б. Мысалы, Таулы жерде өскен адамның ойы да биік болады (С.Мұқанов).
-дар: хабардар, қарыздар.
2. Қабілеттілікті, қатыстық мәнді білдіретін жұрнақтар -паз: өнерпаз, аспаз, білімпаз, әсемпаз.
-и: тарихи, мәдени, әскери, әдеби. Мысалы, Тарихи деректерге сүйенеміз (газеттен).
3. Адам қасиеттерін білдіретін жұрнақтар -ыр, -ір: сылбыр, болбыр.
-ак,: жалтақ, бұлтақ-
-ғақ, -гек: ұрысқақ, тоңғақ.
-тал: сезімтал, ұғымтал, өсімтал
-қой, -гөй: жанжалқой, жәдігөй, әзілқой
-қор: мансапқор, бейнетқор, қамқор, парақор, намысқор
-шыл, -шіл: ұйымшыл, уайымшыл, өзімшіл, зорлықшыл, тұрашыл, сауықшыл, ойшыл
-лы, -лі: арлы, инабатты, әдепті, байыпты, икемді
-шаң, -шең: сөзшең, ашушаң
-уар: сөзуар
4. Мезгіл мәнді жұрнақтар
-ғы, -гі: күзгі, көктемгі, түнгі, күндізгі, жазғы, қысқы, түскі -лық, -лік: апталық, жылдық, тәуліктік. Мысалы, Таудан сокқан күзгі салқын ызғар мінездердің ызғары тәрізді (М.Әуезов).
5. Мекендік мәнді жұрнақ.
-ғы, -гі: ауызғы (бөлме), төменгі, төргі, жоғарш, түпкі, үйдегі, даладағы, қаладағы
-ғын: тұрғын (жай). Мысалы, Тұрғын үйлер әуелі үйлі-баранды адамдарға берілген (М.Ғабдуллин).
6. Белгінің жоқтығын және салыстыру мәнді жұрнақ -сыз, -сіз: сусыз, білімсіз, баласыз, түйсіксіз, ақылсыз.
Мысалы, Бұл өмірден алаңсыз сәби жатыр бесікте, ұйықта, бөбек, үлкендердің жұмбақтарын есітпе (М.Мақатаев).
-дай, -дей, -тай, -тей: ауадай, күндей, аттай, сүттей. Мысалы, Айдай әлемге әйгілі. Ардақтың уыздай өңінде жастық шаттығы ойнап тұрса да, ауық-ауық баса беретін әкесінің осы қара көлеңкесі еді (Ғ.Мұстафин).
7. Ортақ белгі және туыстық мәнді жұрнақгтар
-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: ниеттес, сырлас, тілеулес, пікірлес, ауылдас, көршілес, іргелес, әріптес, дәмдес, кәсіптес. Мысалы, Ол өзімен тендес адамдармен айырылыспауды арман ететін (Ғ.Мүсірепов).
-лық, лік: інілік, туыстық, аталық, әкелік, қарындастық. Мысалы, Бұл — менің әкелік міндетім (С.Мүқанов).
8. Жансыз заттар белгісін білдіретін жұрнақтар
-тақ: тастақ, солқылдақ (кереует), былқылдақ (орындық), құмдақ, мұздақ. Мысалы, Тастақ жер өнім бермес (газеттен).
-ы, -і: казақы, арабы (киім), қырмызы, бөстегі
-ақ, -ек: жалпақ, бүрқақ, бұлтақ
-лық: майлық, сулық. Мысалы, Майлық, сулық орамалдар дайын (сөйлеу тілінен).
9. Дерексіз сындық белгіні білдіретін жұрнақ
-лық, -лік: азаматтық, ақгық (күш), дүниелік, шетелдік, кісілік, өмірлік, азаттык, куаныштық, жеңілдік, ауырлық.
-тек: жеңілтек, тапалтақ
-қыр, -кір: ұшкыр (киял), өткір (сөз), алғыр (ой)
-дас: мұңдас, сыйлас, қадірлес
-лы: сыйлы, құрметті, бақытты, саналы
Етістіктен сын атауын жасайтын жұрнақтар
Сын есім атауларының жасалымында етістік негіз сөздер белсенді қызмет атқарады. Етістіктен сын атауларын жасайтын жұрнақтар да бірсыпыра. Олардың өнімділері де, өнімсіздері де, құрамы жағынан жалаң, құрандылары да бар. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының мағыналары да түрлі-түрлі.
