- •Әдеби тіл туралы түсінік
- •7. С.Исаев «Қазақ әдеби тілінің тарихы»,-Алматы,1994
- •Лексиканың нормалануы
- •Көнерген сөздер
- •Халық ауыз әдеби тілі. Оның ауызша әдеби тілге қатысы
- •Кітаби тіл. Оның басты белгілері.
- •XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің структуралық құрылымы
- •Қазақтың төл сөздері
- •Кірме сөздер (араб- парсы сөздері)
- •IV. Стилистикасы
- •XIX ғасырдың і жартысындағы қазақ әдеби тілінің тарихы
- •Орыс тілінен енген сөздер
- •Араб -парсы сөздері
- •Фразеологиялық тіркестер
- •XIX ғасырдың і жартысындағы қазақ әдеби тілінің сөзжасамы
- •XIX ғасырдың іі жартысындағы қазақ әдеби тілі
- •Лексикалық құрамы
- •Жаңа фразалық тіркестер
- •Араб-парсы сөздері
- •Қазақ әдеби тіліне енген орыс сөздері
- •XIX ғасырдың іі жартысындағы жаңа жазба әдеби тіл
- •Қазақтың төл сөздері
- •Араб-парсы сөздері
- •Орыс тілінен енген сөздер
- •Фразеологиялық тіркестер
IV. Стилистикасы
а) Аталған кездегі қазақ әдеби тілінің стилистикасында, стилінде қазақтың поэзиясына тән, оны жеткізушісі тіліне тән психологиялық параллелизм кездеседі.
Мысалы, Бұқарда «Уақытым кетті басымнан» дегенді айту үшін құлпырып тұрған бәйшешектің де қурай болатынын, уақыты келіп екі қанаты талғанда қыран бүркіттің төмендейтінін, уақыты келіп, заманы өтіп, қайраты кемігенде ханның да қасынан қарашасының кететінін айтар идеясына параллель етіп қояды.
ә) Метафораның ерекше қолданысы кездеседі.
Мысалы, Шал ақында:
Ашу – пышақ болғанда,
Ақыл – таяқ.
Иман – қой, ақыл – қойшы,
Нәпсі – бөрі,
Бұл дүние басы биік бір бәтерек.
Байқаймыз, метафораланған сөз тура мағынадағы сөзбен қатар қолданылып тұр. Әрі алдыңғы кезеңдегідей төрт түлік мал, хайуанаттар ғана емес, абстрактілі ұғым атаулары метафораланып тұр.
б) Семантикасы жанаспайтын тіркестер кездеседі. Бұл қолданыс кейін абайда кезеседі және Абайдың жаңалығы деп танылады: талаптың тұлпары, ұлттың күзетшісі, үміттің оты, тентек жиын, жүректің көзі,т.т.
в) Қаратпаның ерекше қолданысы кездеседі:
Мысалы, Шал ақында:
Кедейлік жабыстың ғой бала жастан,
Мені ұят қылдың-ау қарындасқа.
Аш белімнен құшақтап айырылмайсың
Көз танысың жоқ па еді менен басқа.
Біз білеміз, қараптпа адамға қаратылып айтылады деген пікір бар. Әрі жамбылдың бір кезеде табиғатқа қарата айтуы жаңалық болса, ал абстракті ұғымға қаратпа айту XVIII ғасырдағы стильдік жаңалық болып табылады.
V. Аталған кезеңде жоғарыда атап кеткеніміздей, тіл тәжірибесінің
тағы бір түрі болды. Ол қазақ хан-сұлтандарының орыс империясының әкімшілік органдарына жазған ресми хаттар тілі. Бұлар орысша прошение, уведомление, донисение деп аталған ресми хаттар, құжаттар. Бұл ресми құжаттарды көркем әдеби тілден бөліп алудың мынадай себептері бар:
Жанры өзге, ресми эпистолярлық жанр;
Пайдаланған тілі өзге, жалпыхалықтық тілге жатпайды.
Аталған материалдарды зерттеген ғалым М.П.Вяткин: «Хандардың хаттарын жазған қазақтар емес, татар молдалары. Сондықтан мұнда татар элементтері басым, қазақ тіліне тән элементтер аз. Тілі жағынан алғанда бұл документтер кеңсе тілі үлгілеріне жатады» - дейді.
Ал І.Кеңесбаев Абай дәуіріне дейінгі хан-сұландардың түрліше хат, грамоталарына келсек, олар сол кездегі мода болған эпистолярлық стильдің бөлшектері еді. Мұнда шағатай, араб-парсы, татар элементтері басым болды дегенді айтады.
Оның тілдік ерекшеліктері
Аталған кезеңде қағаздардың Орта Азиялық түрки тілде қалыптасқан стилі болды. Сонымен қатар лексика-фонетикалық құрамында, орфографиясында өзгешелік байқалды.
Мәселен:
а) Орта ғасырдан бастап 18-19 ғасырға дейін әкімдерді дәріптеп атайтын тұрақты элементтерді қолдану міндетті болды. Сондықтан дәріптеу мағынасындағы сөздер кезедседі: ғизатлу, хурметлу (уважаемый), мархабатлу (милостлевый), сағадатлу (блаженный),т.т.
Бұл сөздердің әрқайсысы белгілі бір эпитеттік осы стильге тән нормаға айналған.
Әңгіме етіп отырған стильдің сөзік құрамы түркі тілдік болғанымен, қазақ қағазы үшін ерекшеліктері бар. Сондай ерекшеліктердің бірі: «еді», «бол» етістіктері «ерді», «ол» түрінде берілген.
Мысалы: Хойран олдым.
Жазған ердім.
Лексикалық құрамында іс-қағаздардың әрқайсысының өз атымен аталып берілгендігі байқалады: өтініш, арыс, арызхат. Сонымен қатар мынадай терминге айналған сөздер кездеседі: харакат – поведение, поступки; аскер, яскер – войска; саудагер – купец; шабул – набеги; елші–посланец, депутат; сахара халқы – народ; әкім –начальник.
Орфографиясында мынадай ерекшеліктер байқалады: юрт,елчі қылып, чауып алды, кічі юз (қаза тіліндегі сқздер қысқы й-ден басталып жазылмайды).
Есімдіктердің септелуінде мынадай грамматикалық ерекшеліктер байқалады: бәнге, сендің, т.т.
Дүр вариантының қолданылғандығы байқалады: оңайдүр, алынадүр.
Лек.№5
