Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдеби тіл тарихы лекциялары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.88 Кб
Скачать

Халық ауыз әдеби тілі. Оның ауызша әдеби тілге қатысы

Біз білеміз, ауыз әдебиетіне халықпен бірге жасасып, ұрпақтан - ұрпаққа ауызша жеткен, авторлығын жоғалтса да, үнемі жетіліп, шыңдалып келген әдеби туындылар жатады.

Оның бірнеше түрі бар, әрқайсысының тілдік, жанрлық ерекшелігі бар.

Қазақ халқының мол ауыз әдебиеті мұраларының ішінде эпостар ХV-XVII ғасырдағы ақын-жыраулар творчествосына тілдік тұрғыдан жақын.

Бұл жақындық, әсіресе, көркемдік тәсілі мен лексика-фразеологиялық сипатынан көрінеді.

Мәселен, ХV-XVII ғасырдағы қазақтың төл әдеби тіл үлгілерінде де ақын-жыраулар образды табиғаттан алады.

Эпостарда да солай. Қарлығаның аналық бейнесін саулы інгенге теңеу, Қыз Жібектің «тотыдайын таранған, сұңқардайын сыланған» деп берілуі, Ақжүністің портретінің «наурыздың ақша қарындай, ақ бетінің қызылы ақ тауықтың қанындай» деп берілуі осыны дәлелдейді.

Сонымен қатар қару –жарақ атаулары да ұқсас.

Мысалы, бадана көзді кіреуке; алты аршын ақ болат,көк сүңгі, т.т.

Ауыз әдеби тілінің өзіндік ерекшелігі:

  • Фольклор, ауыз әдебиеті мұраларының авторының белгісіз болуы;

  • Негізінен ауызша тарағандықтан көп вариантты болуы;

  • Кейбір сөздер,сөз тіркестері ортақ болып, бір шығармадан екінші шығармаға ауысып жүруі;

  • Бірнеше өнердің бірлесе көрінуі, яғни фольклор синкретті өнер.

Ғалым Ә. Жұбанов ауыз әдебиетінің тілі «әдебиетке түсіп»

қалыптасқан халық тілі екендігі, яғни «әдеби тіл» екендігін айта келіп: «Өмір сүру формасы ауызша болғандықтан фольклор тілі өзінің біршама әдеби жүйесін бұзбас үшін «өзгеше тілдік штамбтарды», ерекше тек ауыз әдеби тіліне тән белгілерді, көне тұлғаларды, айырым, айшықты сөз оралымдарын бойына сақтап, соларды өзіндік стильдік нормасы ретінде тұтынады. Ал қандай да бір норманы ұстану дегеніміз – жүйеге түсу, әдебилену болып табылады» - дейді.

Сондықтан қазақ әдеби тілінің тарихында ауыз әдебиеті тілінің өзіндік орны бар. Сол себепті Р.Сыздықова қазақ төл әдеби тілін 3-ке бөледі.

Кітаби тіл. Оның басты белгілері.

Кітаби тіл дәстүрі деген тілдік құбылысты былай түсінуге болады:

1. Жалпыхалықтық сипат ала алмаған тіл (Егер жалпыхалықтық сипат алса, әдеби тіл дәрежесіне көтірілер еді). Ол жекелеген шығармалар тілінде қолданылған араб –парсы сөздері мен формалары, туыстас түркі тілдерінен кездесетін жеке сөздер мен грамматикалар.

2. Қазіргі тілімізде қолданудан шығып қалған көне тіліміздің қалдықтары. Бұл топқа Орта ғасырлық түркі тілдерінің қалдықтары ғана емес, жалпы көне түркі тілінде дербес қолданылып келген, кейінгі кезде белгілі бір шығарманың немесе белгілі бір дәуірдің жазба тілінде ғана кездесетін жекелеген сөздер мен көне формалар жатады.

3. Біз білеміз, кітаби тіл, яғни жазу мәселесі сөз болғанда, сауатты жазу, орфографиялық заңдылықтар айтылуы керек. Бұл қазақ әдеби тіліне тән орфографиялық дәстүр, заңдылықтар сақталмаған тіл. Себебі, көптеген түркі халқы (татар, өзбек, қазақ,т.т.) араб алфавитімен жазып, бірақ әр халықтың тілінің ыңғайына қарай әр түрлі оқыды.

Сондықтан кітаби тіл грамматикалық жағынанкөптеген түркі халықтарына ортақ дәстүрі бар тіл. Ал қазақ әдеби тілінің орфографиялық заңдылықтары үндестік заңына негізделеді.

Негізінен кітаби тіл дәстүрі 20 ғасыр басына дейін қазақтың төл әдеби тілімен қатар қолданылып келді.

Қазақтың төл әдеби тілімен салыстырғанда кітаби тілдің мынадай тілдік ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:

  1. Сөз басы қысқы «й»-ден басталуы: йол, йігіт, йақшы, йамур,т.т.

  2. Кейбір сөздердің көне тұлғаларда жұмсалуы: тауға (тағға), тиді (тейді), т.т.

  3. Қосымшалардың үндестік заңына бағынбай жалғануы: дұшпанлық қылды; досчылық етшті; йгітлікте өлді; тағлы-ташты йер; қарындашлар; бекләр,т.т.

Немесе бұндай дыбыстық ерекшелік септік жалғауларында да кездеседі: Қоңыратының патшағы ерді (Қоңыраттың патшасы еді). Бұл тілдік ерекшеліктер аталған кезеңдегі іс-қағаздар тілінде де, шежірелер тілінде де байқалады.

Мәселен, «Шежіре – и түрікте»:

- Ғақыллы уа мағрифатлы кіші еді. Йақшы уа йаман халық баршасы

келгенден соң ол Оғыз хандан қалған уәлайатлар, уа өрік, уа тірік маллар – баршасы бұ айтқан патшаһ задаларының ұлығына ұлықша уа кішісіне кішіше берді.

Құжаттар тілінде:

-Орал йуыртындағы башқұртлар да бузулуб шыққанлардүр. Аны да күш-қуатыңыз бірлән алғаныңыз йоқдүр. Біз өзіміз оқ қайтаруб йбергәнбіз. Біздің ол йақшылық ішләріміз де умыт болуы тұрадүр.

Байқаймыз, екеуінің де стилі бір, дыбыстық ерекшелігі де ұқсас.

Лек. №3 XVIII ғасырдағы қазақтың төл әдеби тілі

Қарастырылатын мәселелер:

  1. XVIII ғасырдағы тарихи –әлеуметтік жағдай

  2. XVIII ғасырдағы тілді танытатын үлгілер

  3. XVIII ғасырдағы қазақ төл әдеби тілінің алдыңғы кезеңнен айырмашылығы.

  4. XVIII ғасырдағы қазақтың төл әдеби тілінде кезедесетін текстологиялық қайшылықтар.

І. Алдыңғы дәрістерде сөз еткеніміздей, қазақ әдеби тілінің қазақ қоғамына, мәдениетіне, рухани дүниесіне және халықтық мүддесіне қызмет етуі мен дамуы қазақ халқының саяси –экономикалық және мәдени өмірімен, сол кездегі тарихи жағдаймен тығыз байланысты.

Біз білеміз, XVIII ғасырдағы қазақ халқының сыртқы жауларға, жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі ғасыры болды. Әрі солтүстіктегі қуатты көрші орыс мемлекетінің қол астына енуінің басталу кезеңі болды. Осыған орай, С.Датұлы бастаған ұлт азаттық көтерілісі сияқты ірі оқиғалар кезеңі болды.

Россиямен болған қарым –қатынас қазақ халқының экономикалық өміріне сауда –саттық сияқты жаңалықты әкелді.

Орыс ғалымдары қазақ байлығын, тұрмыс–салтын зерттеуге кірісті.

1798 жылы Омбыда тілмаш, писарь дайындауға «Азия» мектебі ашылды.

XVIII ғасырда қазақ жеріне ана тілде оқытылатын ұлттық мектептер, баспа орындары болған жоқ, қазақ тілінде кітаптар шығарылған жоқ.

Алайда сол кезде қоғамға қызмет еткен тілдің типтерін, оның жай-күйін, оның нормалану процесін танытатын үлгі –нұсқалар болды.

ІІ. Оған көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға қызмет еткен ауызша әдеби тілді жатқызуға болады. Оның өкілдері: Ақтамберді, Шал, Бұқар, Көтеш,т.т.Аталған кезеңде өмір сүрген сөз зергерлері мұнысымен шектелмейді. Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде «Ертедегі әдебиет нұсқалары» атты еңбекте Жанкісі, Есет, Қобылан жырауларды атауға болады. Бұған қоса, шешендік сөздің авторы ретінде танылған Байдалы шешенді де жыраулар қатарына қосады. Әдебиет зерттеушісі Қ.Мұхамедханов: «Байдалы Бұқардың замандасы, сөз өнерінің өрен жүйрігінің бірі. XVIII ғасырдағы ақын-жыраулар қатарынан орын алатын адам» - деп көрсетеді.

Бірақ осы аталған ақын-жыраулардың бәрінің әлеуметтік үні бірдей болмаған. Сондықтан бір ғасырлық қыруар сөз дариясын бізге жеткені, сүзіп алынған маржаны – аты аты атлған ақын-жыраулар. Олардың ішінде шығармасының көбі жеткені – Бұқар жырау. Оның себебі:

  1. Үлкен тарихи –әлеуметтік мәселелерді көтере алуында;

  2. Мұсылманша хат тануында;

Әңгіме етіп отырған дәуірде қазақ ауыз әдебиетінің мол мұралары болды. Өкінішке орай, сол кездегі жазып алынған варианттары болмағандықтан тарихын дөп басып айту қиын.

Сонымен қатар ресми іс-қағаздары болды. Бұлар хан-сұлтан, старшындардың патша үкіметіне жазған, бір –бірлеріне жазған арыз –өтініштері, мәмілелері.

Аталған кезеңде орыс саяхатшылары мен чиновниктері орыс тілінде жазған материалдары болды. Бұлардың тілінде жекелеген қазақ лексемалары кезедесіп қалады.

Әрі кейінгі кездерде архив қазыналарынан табылған сөздіктер болды. Мәселен:

а) Парсы және татар диалектілері сөздігі;

ә) 49 орыс сөзінің қазақша және орысша аудармалары берілген аударма сөздігі;

б) Хиуа және мешер, бұқар, қырғыз тіліне аударылған орыс сөздерінің тізімі;

в) 1774 жылы жазылған орысша –қазақша сөздік.

Осы аталған мұралар қазақ тілінің тарихын зерттеуде пайдасы тиер құнды екені сөзсіз.

Дегенмен көркем әдебиетке, поэзияға қызмет еткен ауызша әдеби тіл негізгі болды.

ІІІ. Қазақтың ауызша қалыптасып, ауызша дамыған төл әдеби тілінің XVIII ғасырда да алдыңғы кезеңдегідей өрісі, қолдану аясы, жанрлық сипаты, әлеуметтік қызметі, т.т. әлі де шағын болды.

Көріп отырғанымыздай, әдеби тіл көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға қызмет етті.

Әдебиетті зерттеушілердің айтуына қарағанда XVIII ғасырда қазақ поэзиясының дамыған кезеңі. Сондықтан да алдыңғы кезеңмен салыстырғанда сапалық мазмұнында айтарлықтай өзгешелік бар. Ол мынадан көрінеді:

  1. Тақырып кеңейген: ел қорғау, батырлықты дәріптеу;

  2. Үлкен тақырып – әлеуметтік, қоғамдық жағдайды суреттеу;

  3. Тақырып мұсылмандықты насихаттау.

(Ұқсастығы – лексикалық құрамында. Негізінен қарапайым лексикадан тұрады).

Тақырыптың айқын болуы және көбеюі сапалық мазмұнына өзгеріс енгізді. Себебі әр тақырыптың оны ашатындай лексикалық құрамы болады. Сонымен қатар аталған кезеңде қазақ әдеби тілінің алдыңғы кезеңнен тағы бір айрмашылығы – нақтылық, даралық бар. Нақты тарихи оқиға, нақты тарихи тұлға, нақты тарихи жер-су аты кездеседі.

IV. Аталған кезеңдегі әдеби тіл үлгілеріне текстологиялық қайшылықтар негізделеді. Оның себебі мынада:

а) әдеби тіл үлгілері ауызша сақталып, ауызша жеткендіктен;

ә) әдеби тіл үлгілері дидактикалық сиптта болғандықтан, нақылға, афоризмге айналып, бір ақынның айтқаны екіншісінен табылу, ааторын жоғалтудан. Оны төмендегі үлгілерден байқауға болады:

Адам жасы жайында Бұқарда:

  • Жиырма деген жасының,

Ағып жатқан бұлақтай.

Отыз деген жасының,

Жарға ойнаған лақтай.

Қырық деген жасының,

Ерттеп қойған аттай.

Шал ақында:

  • Он бес деген жасым-ай,

Жарға ойнаған лақтай.

Отыз деген жасым-ай ,

Таудан аққан бұлақтай.

Қырық деген жасым-ай,

Байлаулы тұрған құр аттай.

Ал Дулатта:

  • Он бес деген жасым қайда,

Жарға ойнаған лақтай.

Қайда кеттің жиырма бес,

Тастан шыққан бұлақтай.

Жиырма бес барма маңайда,

Жайлаған жасыл құрақтай.

Байқаймыз, тақырып біреу, идея да біреу, жеткізудің формасы да біреу. Осы тұрғыдан келгеде де ғалым Қ.Өмірәлиев Бұқар жыраудың «Бұл,бұл үйрек, бұл үйрек», «Ей, айтшы,Алланы айт», «»Ай, заман-ай, заман-ай» сияқты шығармаларын жыраудікі емес деп таниды. Тіпті, «Көк көгершін, көгершін» деген толғауын Бұқардікі емес, мұндағы образдар оған жат, «Еділдің арғы жағын алты ай жүріп айналдым» -деген жолдар Еділ –Жайықты мекендеген Доспамбет, Шалкиізге,т.т.тән деп есептейді.

Бірақ ғалымның бұл пікірімен келіспеуге де болады. Себебі тура осындай жолдар эпостарда да кездеседі.

Мәселен, Бұқарда:

  • Көк көгершін,көгершін,

Көк кептер ұшар жер үшін.

Көгала қамқа жамылып

Ерлер жортар мал үшін.

Тең тең үшін, тең үшін,

Терек кестім сал үшін.

Еділдің арғы жағын алты ай жүріп айналдым.

Немесе «Ер тарғын» жырында:

  • Көк көгершін,көгершін,

Көк кептер ұшар жер үшін.

Баданамды басқа бөктеріп,

Күн –түн қатып жортқанмын.

Балтаға бардым тал үшін,

Талды кестім сал үшін.

Айналасы алты айшылық Еділге

Тарланды талай-талай салғанмын.

Немесе «Алпамыс батыр» жырында:

  • Ақ сұңқар ұшар жем үшін,

Ерлер жортар ел үшін.

Байқаймыз, фольклор тіліндегі оралымдар Бұқар тілінде де кездеседі. Ғалым Қ.Өмірәлиев Бұқардың дінге қатысты айтылған өлеңдері де Бұқардікі емес дегенді айтады. Бірақ жыраудың мұсылманша хат танығанын білеміз. Әрі дін туралы ойлары «Бірінші тілек тілеңіз» өлеңінде де көрінеді. Мысалы:

  • Бірінші тілек тілеңіз

Жер қайысқан қол келіп,

Желкілдеген ту келіп,

Одан да бір сасып қалмасқа.

Несеме

  • Үшінші тілек тілеңіз

Үшкілсіз көйлек кимеске.

(Үшкілсіз – мезгілсіз ажалдан сақта дегенді білдіреді ).

Немесе

  • Бесінші тілек тілеңіз

Бес уақытта бес намаз

Біреуі қаза болмасқа.

Немесе

  • Алла деген ар болмас,

Ақтың жолы тар болмас.

Көріп отырғанымыздай, жырау дін, мұсылмандық туралы ойларын бірнеше өлеңдерінде дәлелдей алған.

Лек. №4