Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдеби тіл тарихы лекциялары.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.88 Кб
Скачать

Лексиканың нормалануы

а) Талдау барысында айтылған кезеңдегі белгілі бір мағынада тұрақталып, дәстүрлі нормаға айналғандығы байқалады. Мәселен, «жұрт» сөзі «территориялық тұтастық» мағынасында қолданылған.

ә) Мынадай сөздер әлеуметтік термин ретінде қолданылған: хан, құл, аға, шора, би ұлы, бай ұлы, т.т.

Мысалы, Доспамбетте:

Азаулыда аға болған ерлер көп.

«Аға» сөзі – жасы үлкен ер адам деген мағынадан бөлек мағынада қолданылып тұр.

«Аға» сөзі түрік елінде әскери адамға , басшыға айтылады.

Қазір аталған сөз активтену үстінде (аға сержант, аға оқытушы, төраға, ел ағасы,т.т.).

Немесе мынадай қару-жарақ атаулары тілдік норма болды: садақ, жебе, адырна,т.т.

ә) Аталған кезеңдегі әдеби тілдің лексикасында кездесетін көнерген сөздер.

Көнерген сөздер

Біз білеміз, әдеби тілді танытатын үлгілер ауызша сақталып, ауызша жеткен. Сондықтан оны жеткізуші түсініксіз сөздерді түсінікті сөздермен алмастырып жеткізуі мүмкін.

Бірақ көнерген сөздер кездеседі. Оларды 3 топқа бөлуге болады:

1. Бұл күнде мүлде қолданылмайтын сөздер.

2. қазір де түсінікті, бірақ қолданыстан шығып қалған сөздер.

3. қазір де қолданылатын, бірақ өзгеше мағынаға ие сөздер.

Мәселен, сындырау, тебір, абғыту, нараду, күлем сөздерінің мағынасында қолданылмайды.

Ал мына сөздер: ал (көне түркілік - қол), жазы – (дала, жапан дала), салу (қалдыру, тастап кету), т.т.

Төмендегі сөздердің мағынасы түсінікті, бірақ аталған кезеңде өзгеше қолданылғандығы көрінеді:

Қарындас сөзі қазір ер адамнан кейінгі әйел жынысты туысқан деген мағынаны білдіреді,заттық ұғым атауы.

Ал аталған кезеңде қандас, ағайындас деген мағынаны білдіргендігі байқалады.

Мәселен, Асан Қайғыда:

  • Ол күнде қарындастан қайырым кетер.

Немесе Шалкиізде:

  • Ол қарындас, ән жолдас.

Қыршын сөзі – жас өсімдік мағынасында қолданылғандығы байқалады.

Мысалы, Шалкиізде:

  • Жағасына қыршын біткен тал еді.

Осындай мағынада жұмсалып келгендігін эпостар тілінен де байқалады.

Мысалы, Ш.Уәлихановтың зерттеуінде:

  • Құмға біткен қобаршын

Кесіп алып сал еттім.

Немесе Қадырғали Жалайридің «Жамиғат тауарихында»:

  • Дария арасындан,

Қырчынлар йығып,

Сал бағлап

Дарияны кечті.

Ал қазір қыршын – «жас» деген мағынада қолданылады және ол өмірден ерте кеткен адамға ғана айтылады.

Көнерген элементтердің кездесуінің мынадай себептері бар:

1. Әдеби тіл үлгілерінің поэзия түрінде болғандығынан. Себебі, ұйқас, өлшем өзгертуге көне бермейді.

2. Әдеби тіл нормаларының тұрақтала бастауынан.

ІV. ХV-ХVІІ ғ.ғ. қазақтың төл әдеби тілінің грамматикалық құрылымы. Негізгі грамматикалық категориялар қазіргі грамматикалық нормаға жақын. Оның мынадай себептері бар:

1. ХV- ХVІІ ғ.ғ. қазақ әдеби тілі халық ретінде қалыптаса бастағанда басқа түркі халықтарынан ажырап ,орныға бастауынан:тілдік ерекшеліктері нормалайтын

2.Түркі тілдерінің фонетика-грамматикалық жүйесінің баяу өзгеретіндігінен:

3.Әдеби тілді танытатын нұсқаларының ауызша таралып,ауызша жеткендігінен.Себебі,келесі ұрпаққа өтер кезде жаңасымен алмастырылғандығында:

Дегенмен аталған кезеңдегі әдеби тіл үлгілерінде кейбір грамматикалық тұлғаларының өзгеше формада болғандығы заңдылық:

а)Ол есімдіктердің септелуі:мекім, т.т.

ә)Шығыс септігінің –дың, -дің формасында болуы:

М.Шалкиізде :

Ер өзіңдін соқыратын,

Бұ кеткендін қайтпаса.

б)Мақсатты келер шақ жасауда –арға формасының қолданылғандығы байқалады:

в)Есімшенің ауыспалы шағын жасайтын –атын,-етін,-йтін ”тұғын” формасында кездеседі.

М.,

Өлетұғын тай үшін,

Көшетұғын сай үшін.

Сөзжасам жүйесі.

Жаңа ұғым атауларының негізінен синтетикалық тәсіл арқылы жасалғандығы байқалады.

Бірақ,жұрнақ аз.

Жұрнақтар –лық,-лік,-лы,-лі,-дай,-дей, т.т

Стилистика.

ХV- ХVІІ ғ.ғ. қазақтың төл әдеби тілінің стильдік ерекшелігіне талдау жасау кезінде ғалым Құмат Өмірәлиевтің пікірін негізге алған жөн. Ғалым: «Авторларының көрсетіліп жүргеніне қарамастан «ортақ мотивті, көп вариантты авторларын тап басып айтуға қиын шығармалар»,-деп таниды.

Әрі мына тілдік ерекшелігін атап көрсетеді:

1.Өлең-толғаулардың лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық қайталауларға құрылуы;

2.Синтаксистік құрылымы жағынан ауызекі сөзге жақындығы;

3.Ұйқас құрауда,сөз таңдауда еркіндіктің бар екендігі.

Біз білеміз, аталған кезеңде әдеби тілд үлгілері шешендік өнерге жақын. Сондықтан да болар риторикалық сұраулар, параллельдер, аналогиялар, қайталаулар кездеседі.

Мәселен,

а) Асан Қайғыда:

- Көлде жүрген қоңыр қаз,

Қыр қадірін не білсін?

Қырда жүрген дуадақ,

Су қадірін не білсін?

Немесе Шалкиізде:

  • Қоғалы көлдер, қом сулар кімдерге қоныс болмаған.

Немесе Доспамбетте:

  • Айналайын, Ақжайық,

Ат салмай өтер күн қайда?!

Немесе Шобанда:

  • Жиынымның ішінде

Түрлі- түрлі бай да бар,

Түменді бұзар ер де бар,

Суырылып шабар батыр бар,

Суың түсті жүйрік бар.

Немесе Шалкиізде:

  • Менің ием бұлай етсе:

Айналаңды берік етер,

Жиған малын тәрк етер,

Атын, тонын бұлды етер,

Өз басыңды олжа етер.

Немесе Шобанда:

  • Ал дегенде аларға

Алып жерге саларда

Алқалаған ауыр қолдар тоқтауға.

Немесе Шобанда:

  • Саф арғымақ байлаған,

Найзасына жалау байлаған.

Қабардының бағазы

Жүйрігіне шыдамай

Желіп шықты көк тауға.

Қайт - қайт десем қайтпайды,

Қайтқанды намыс көргенге ұқсайды.

Жоғарыдағы аталған көркемдеу тәсілі мен көркемдеу ерекшелігінен басқа ықшамдау да кездеседі.

Мысалы, Асан Қайғыда:

  • Арғымағың жамандап,

Тұлпар қайдан табарсың.

Немесе Доспамбетте :

  • Тоғай қондым өкінбен.

Немесе Марғасқада:

  • Ей, Қатағанның хан Тұрсын,

Кім арамды ант ұрсын.