Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдеби тіл тарихы лекциялары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.88 Кб
Скачать

Лек. №1

Әдеби тіл туралы түсінік

Қарастырылатын мәселелер:

1. Курстың мақсаты.

2. Әдеби тіл туралы түсінік. Ол жайындағы көзқарастар

3. Әдеби тілдің қалыптасып, даму жолдары. Оған әсер ететін факторлар

4. Қазақ әдебиеті пәнін дәуірлеу мәселесі. Ол жайындағы көзқарастар

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. М.Балақаев, Р.Сыздықова, Е.Жанпейісов «Қазақ әдеби тілінің тарихы»,-Алматы, 1974

2. Р.Сыздықова «Қазақ әдеби тілінің тарихы (18-19 ғасыр)»,-Алматы, 1982

3. Қазақ әдеби тілінің проблемалары (ғылыми-терориялық конференция материалдары),-Алматы,1987

4. С.Исаев «Қазақ әдеби тілінің тарихы»,-Алматы, 1988

5. Қазақ әдеби тілінің тарихи көздері (ҚазақССРҒА) ,-Алматы

6. Р.Сыздықова «Қазақ әдеби тілінің тарихы»,-Алматы, 1993

7. С.Исаев «Қазақ әдеби тілінің тарихы»,-Алматы,1994

8. Қазақ әдеби тілінің тарихы,-Астана,2002

І. Курстың мақсаты. Қазақ әдеби тілінің тарихы пәні – ЖОО-ның қазақ филологиясы мамандығы бойынша тұрақты оқытылатын таза ғылыми курс.

Ғылыми курстың мақсаты – қазақтың төл әдеби тілінің қалыптасып, даму жолдары мен кезеңдері, тілдік нормалардың тұрақталу, әлеуметтік қызметі мен стильдік, жанрлық сипатының көрінісі жайында түсінік беру.

ІІ. Әдеби тіл туралы түсінік. Ол жайындағы көзқарастар.

Әдеби тіл – өңделіп,сұрыпталған белгілі бір тілдік нормаларға түскен, жалпыхалықтық тілдің ең жоғарғы формасы.

Әдеби тілдің анықтамасы жайындағы пікірлер, көзқарастар мазмұнына қарай екіге топтастырылады:

1. Әдеби тіл – жазба тіл, жазусыз әдеби тілдің болуы мүмкін емес (М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, С.Аманжолов).

а) Орхон-Енесей жазба ескерткіштерінен бастауды ұсынады (Ғ.Мұсабаев)

ә) Төл әдеби тілдің тарихы бар. Ол Абай,Ыбырай есімдерімен байланыстырылады (М.Балақаев, С.Аманжолов).

2. Әдеби тіл сол халықтың бай ауыз әдеби тілі мен жалпыхалықтық тілдің негізінде қалыптасты.

Осы тұрғыдан келегенде ғалым Р.Сыздықова әдеби тілді екі кезеңге бөліп зерттеуді ұсынады:

1.Ұлттық кезеңге дейінгі әдеби тіл

2.Ұлттық кезеңдегі әдеби тіл.

Осылай зерттеу жұмысы жасалса, әдеби тілгет жан-жақты объективті түрде анықтама беруге болатын сияқты.

Р.Сыздықова әдеби тілді жоғарыдағыдай зерттеуге ұсынады әрі әдеби тілге тән шартты белгілерді анықтап көрсетеді:

1. Әдеби тілдің өңделіп, сұрыпталып, белгілі бір нормаға түскен заңдылықтары болуы тиіс.

2. Қызметі жағынан сол халықтың өмірінде ұйымдастырушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты, яғни жалпыға ортақтық қасиеті болуы тиіс.

3. Сапалық мазмұны мен қолдану аясы жағынан ауызекі сөйлеу тілінен жоғары тұруы керек.

4. Әдеби тілдің қоғамдық қолдану практикасында сыннан өткен, қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған тілдік нормаға сай болуы тиіс және ол нормалар баршаға ортақ болуы тиіс.

Р.Сыздықованың пікірін негізге ала отырып, әдеби тілді 3 топқа бөліп қарауға болады:

1. Ауыз әдеби тілі

2. Жазба алдындағы әдеби тіл

3. Жазба әдеби тілі

М.Әуезов: «Қазақтың әдеби тілін Абайдан бастаймыз деушілерге дау айтамыз. Абайдың алдындағы көп ғасырдан келе жатқан мол эпостардағы, ұзынды-қысқалы салттық өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұқар, Махамбет терде қазақ әдеби тілінің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола ма?», - дейді.

С.Исаев: «Әдеби тіл – белгілі бір халықтың, белгілі бір дәуір кезеңдеріндегі қоғамдық құбылысы, сол халықтың рухани дүниесінің, мәдениетінің өндіріс құралы әрі оны жеткізудің қоғамдық көрінісі», - деген пікірді айтады.

Н.Томанов, С.Исаев, Ә.Ибатов әдеби тілдің көп функционалды, көп салалы тіл екендігін, әдетте цивилизация тарихын бастаудың бір шарты – әдеби тіл екендігін айтады.

ІІІ. Әдеби тілдің қалыптасып, даму жолдары. Оған әсер ететін факторлар. Басқа да қоғамдық құбылыстар сияқты әдеби тілдің де қалыптасып, даму тарихы болады. Әдеби тіл белгілі бір халықтың, қоғамдағы адамдардың бәріне түсінікті, ортақ қатынас құралы болғандықтан, оның туып, қалыптасуы, дамуы сол халықтың шығуы мен тарихына тығыз байланысты. Осы тұрғыдан келгенде дүние жүзінде 6 мыңдай әдеби тіл бар десек, олардың бәрі бірдей, бір кезеңде, бір жолмен, біркелкі қалыптасқан жоқ.

Дегенмен, әдеби тілдің қалыптасуында белгілі бір халыққа әдеби тіл болып қызмет ете алуында көптеген әдеби тілдер арасындағы ұқсастық, ортақ жайлар бар.

Мәселен:

1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін, бір ғана диалектісінің негізінде қалыптасады. Яғни, белгілі бір халық бірнеше диалектіде сөйлейтін болса, диалектілердің біреуі бірте-бірте сол халыққа түгел ортақ бола бастайды да, кейін сол диалект әдеби тілге айналады.

Мысалы, қазақ әдеби тілі солтүстік-шығыс диалектісінің негізінде қалыптасты деген пікір бар (С.Аманжолов).

2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да ықтимал. Әдеби тілдің бұлай қалыптасуы көбіне сол халықтың басынан кешірген саяси, экономикалық жағдайларымен тығыз байланысты. Бөтен тілдің әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа бір елге бағынышты ел болуымен, мәдениетінің мешеу қалуымен байланысты.

Мысалы, Әл-Фараби өзінің трактаттарын, ғылыми еңбектерін араб тілінде жазып қалдырған,т.т.

3. Көп жағдайда әдеби тіл сол халықтың барлық бірнеше диалектісінің негізінде немесе жалпыхалықтық тілдің негізінде,сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасады. Ондайда бұған кейде халықтың я жеке ру-тайпаларының көне дәуірде болған жазба дәстүрі, сонымен бірге әр түрлі әдебиет дәстүрлері де әсер етіп отырады.

ІV.Қазақ әдебиеті пәнін дәуірлеу мәселесі.Ол жайындағы көзқарастар.Бұл күнде мемлекеттік тіл мәртебесін алған, көп жанрлық, стильдік қызметі сомдана түскен, әлеуметтік, функционалдық қызметі артқан, қазақ әдеби тілінің қалыптасып, даму кезеңдерін айқындауда нақты пікір жоқ делінеді.

Қазақ әдеби тілінің тарихы туралы ғалымдардың көзқарастарын 4-ке бөлуге болады:

1. Әдеби тіл тарихы көне дәуірден басталады. Орхон-Енесей деп жүрген көне жазба нұсқаларының қазақ халқына немесе қазақ халқын құрған ру-тайпаларға тікелей қатысы бар. Сондықтан қазақ әдеби тілінің тарихын

V ғасырдан бастау керек дейді (Ғ.Мұсабаев, Б.Кенжебаев,Ә.Марғұлан,т.т.).

Егер қазақ әдеби тілінің тарихын V ғасырдан бастасақ қалай болар еді?

1) Бұл мұралар тілінің қазақ әдеби тіліне қатысы бары рас;

2) Бірақ бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ мұра;

3) Әрі біздің объектіміз – қазақ әдеби тілінің, төл қазақ әдеби тілінің тарихи мұраларын қарау.

2. Ал ғалым Қ.Жұмалиев қазақ әдеби тілінің тарихын ХVІІ ғасырдан бастауды ұсынады. Бұл пікір де жазбаға (Бұқар жырау шығармашылығына) сайып тұр.

3. бірқатар ғалымдар қазақтың төл әдеби тілінің тарихын ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастауды ұсынады (С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, І.Кеңесбаев, Қ.Жұмалиев, т.т.).

Ғалымдардың ойынша, Абай,Ыбырай дәуіріне дейін жазба әдебиеті болған жоқ. Сондықтан, белгілі бір нормаға түскен жүйелі әдеби тіл нормаға түскен жоқ.

Алайда Р.Сыздықованың пікірін негізге алсақ, қазақтың әдеби тілінің басталған кезеңі бұл кезең емес. Ол – жаңа жазба әдеби тілдің басталу кезеңі.

4. Т.Қордабаев Кеңес үкіметі, яғни ұлы қазан қозғалысынан кейін басталды дейді. Ал, бұл кезеңде тіл сандық тұрғыдан да, сапалық тұрғыдан да өзгерді.

Ал әдебиетші ғалымдар қазақтың әдебиетінің тарихын 5-ке бөледі (Б.Кенежебаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин «Ертедегі қазақ әдебиетінің хрестоматиясы»):

1. Көне дәуір (V-XIV ғ.ғ.) – қазақ қауымының рулық, ұлыстық дәуірі.

2. Хандық дәуір әдебиеті (XV- XVIІ ғ.ғ.) – қазақтың төл әдебиетінің басталу кезеңі.

Сонда қазақтың төл әдеби тілінің тарихы нешінші ғасырдан басталады?

3. XIХ ғ.ғ қазақ әдебиеті.

4. ХХ ғас.басындағы қазақ әдебиеті.

5. Кеңстік дәуірдегі қазақ әдебиеті

Біз білеміз, әдеби тіл – белгілі бір халықтың ұлттық мәдениетінің,

ұлттық рухани дүниесінің, ұлттық білімінің көрінісі (С.Исаев).

Әрі әдеби тіл әрбір халықтың өзі жасап отырған дәуіріндегі қоғамдық, экономикалық, саяси өмірінің көрінісі.

Сондықтан әдеби тіл әрдайым өзгеріп отырады. Ол өінің өмірінде күрделі де сен салалы жолдардан өтеді. Сол себепті оған тек тарихи тұрғыдан қарау керек.

Осыған орай, жоғарыдағы әдебиетші ғалымдардың көзқарастарын ескере келіп әрі әдеби тілдің ішкі өзгерістеріне (әр кезеңдегі) қарап оның қалыптасыу, өзгеру, толығу, жетілу дәуірлерін, кезеңдерін үлкен 2 дәуірге бөліп алған жөн:

1. Қазақ халқының ұлттық дәуірге дейінгі әдеби тілі.

2. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасқаннан кейінгі әдеби тілі.

Ғалым әрі кемеңгер жазушы М.Әуезовтің пікірінде бұл оймен мазмұндас.

Тақырыбы мен жанры жағынан сан алуан ауыз әдебиеті XV- XVIІ ғ.ғ. кезеңінен дамыды. Аталған кезеңдегі өлең-жырлар халықтың рухани өміріндегі көрнекті орынды алады. Бірақ ол кезең классификациясынан алынып тасталған. Сол кездегі сөз өнерін халық аса қадірлегенін көрсетеді дегенді айтады.

Осы аталғандарды негізге ала отырып қазақ әдеби тілін 4 кезеңге бөлуге болады:

1. XV- XVIІ ғ.ғ.қазақ әдеби тілі . қазақ хандығы дәуірінің құрылуы мен қалыптасуы, қазақ руларының қауымдасып, тұтасуы.

2. XVІІІ-XІХ ғас. І жартысындағы қазақ әдеби тілі. Қазақ әдеби тілінің бұқаралық бағытта даму кезеңі.

3. XІХ ғас. І жартысы мен ХХ ғ.басындағы қазақ әдеби тілі. Ұлттық жаңа жазба әдеби тілінің даму кезеңі.

4. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдеби тілі.

Лек.№2

ХV- ХVІІ ғ.ғ. қазақ әдеби тілі

Қарастырылатын мәселелер:

1. ХV- ХVІІ ғ.ғ. қызмет еткен тілдің сипаты.

2. ХV- ХVІІ ғ.ғ.қызмет еткен қазақтың төл әдеби тілі,оны зерттеу.

3. а) ХV- ХVІІ ғ.ғ.қазақтың ауызша әдеби тілінің құрамы,нормалануы.

ә) Аталған кезеңдегі әдеби тілдің лексикасында кездесетін көнерген сөздер.б

4. ХV- ХVІІ ғ.ғ. қазақтың төл әдеби тілінің грамматикалық құрылымы.

5. ХV- ХVІІ ғ.ғ. қазақ әдеби тілінің стильдік сипаты.

Қосымша әдебиеттер:

1. «Бес ғасыр жырлайды»,- «Жазушы» баспасынан, 1989 ж.

2. «Ай, заман-ай,заман-ай»

3. «Ақын-жыраулар антологиясы»

1. ХV- ХVІІ ғ.ғ. қызмет еткен тілдің сипаты. Аталған кезеңде өмір сүрген халықтың мәдени, рухани өмірінде жаңа құрыла бастаған халықтың сөйлеу тілі, қазақ халқын құрған ру-тайпалардың ертеден келе жатқан поэзиясы тілінің негізінде қалыптасып, дамыған ауызша әдеби тілі. Сонымен қатар, хан жарлықтары, елдер арасындағы қатынас қағаздары, кейбір жазба құралдарында шежірелердің жазба тіліне қызмет еткен Орта Азиялық түрки тіл өмір сүрді.

Осылардың ішінен ерекше тоқталып, тілді структуралық тұрғыда зерттейтініміз – поэзияға қызмет еткен ауызша әдеби тіл.

Ал қазақ хандарының концеляриясына , кейбір тарихи шежірелер тіліне қызмет еткен ресми тілдің тарихы мүлде бөлек. Ол бірде шағатай тілі, бірде түрки тіл деп аталды.

Сонда негізінен тоқталатынымыз – жоғарыда атап кеткеніміздей ХV- ХVІІ ғ.ғ. қазақ әдеби тілі. Оның себебі, 60-ж.ж. басында ХV- ХVІІ ғ.ғ. өмір сүрген қазақ жырауларының есімдері табылды, еңбектері әдебиет теориясы тұрғысынан зерттелді. Мұралар қазақ әдебиеті тарихына енгізілді (М.Мағауин). Біз білеміз, көптеген ғалымдар осы кезеңде қазақтың әдеби тілі болды дегенге қосылмай келген.

Ал тілші ғалымдар оның тілін, құрылымдық ерекшелігін, жанрлық, стильдік сипатын зерттейді.

ІІ. ХV- ХVІІ ғ.ғ. қызмет еткен қазақтың төл әдеби тілі,оны зерттеу. Қазақтың төл әдеби тілінің тарихын ХV- ХVІІ ғ.ғ. бастасақ, оған хандық кезеңде өмір сүрген көркемсөз шеберлерінің тілі жатқызылады. Олар Сүйінішұлы Қазтуған, Шалкиіз, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Марғасқа, Тәтіқара, Доспамбет,Шобан, т.б.

Әрине аталған кезеңдегі әдеби тіл үлгілерін тілдің құрылымдық қабаттарына қарай толық талдау мүмкін емес. Әсіресе , оның фонетикалық күй қалпын дәл сол кезеңдегідей айту мүмкін емес,қиын. Себебі, бұл әдеби тіл үлгілері ауызша сақталып, ауызша жеткен.

Ал грамматикалық құрылысында дәл сол әдеби тіл үлгілері туған кездегідей деп айтуға болмайды. Олар да азды-көпті өзгеріске ұшыраған.

Тілдің структуралық бөліктерінің ішінде өзгеріске көп ұшырайтыны да, көненің көзіндей сақталатыны да – лексика.

Дегенмен, бұл әдеби тіл үлгілерінің тілдік, стильдік ерекшеліктері де бар:

а) Ол ерекшеліктер ауызша әдеби тілдің ауызекі сөйлеу тілінен жоғары тұратынын көрсетеді.

ә) Әрі белгілі бір дәстүрлілікті, жүйелілікті сақтағандығын көрсетеді.

б) Әрі соңғы дәуірлердегі поэзия тілінен ажыратылатындығынан байқалады.

ІІІ.а)ХV- ХVІІ ғ.ғ.қазақтың ауызша әдеби тілінің құрамы,нормалануы. ХV- ХVІІ ғ.ғ. қазақтың төл әдеби тілінің структуралық құрылымына талдау жасау барысында олардың тақырыбы мен идеялық мазмұнына назар аудару қажет.

Осы тұрғыдан келгенде, мұраларды 3-ке бөлуге болады:

1. Дидактикалық толғау, тақырыбы – ақыл, насихат айту;

2. Арнау толғау, тақырыбы – ел қорғау,батырлық;

3.Портрет өлеңдер.

1. Аталған кезеңдегі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамы қарапайым сөзден (қарапайым лексикадан) тұрады. Ақын-жыраулар ғажап образ жасауда лексиканы қоршаған ортасынан, табиғаттан алғандығы байқалады. Мысалы, Асан Қайғыда:

- Құйрығы жоқ,жалы жоқ-

Құлан қайтіп күн көрер?!

Аяғы жоқ,қолы жоқ-

Жылан қайтіп күн көрер!?

Немесе Шалкиіздің Би Темірге айтқаны:

- Жоғары қарап тас атпа,

Жуық түсер қасыңа.

Жаманға сеніп сөз айтпа,

Күндердің күні болғанда,

Сол жаман айғақ болар басыңа.

Көріп отырғанымыздай, ғажап параллель, аналогиялар жасаған дидактикалық сипаттағы үзінділерде аң-құс, мал, өсімдік атаулары шебер қолданылған.

2. Аталған кезеңдегі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамында жауынгерлік, әлеуметтік ұғым атаулары да кездеседі.

а) Әлуеметтік ұғым атаулары: жұрт, халық, хан, қызметші, дұшпан, би ұлы, бай ұлы,т.т.

ә) Батырлы лексика: найза, алдаспан,ауыр қылыш, қанды көбе,т.т.

Сонымен қатар мынадай қимыл ұғым атаулары да кездеседі: түменді бұзу, жауды қайтару, дұшпанның көзін қамау, атқан оғын оздыру,т.т.

3. Абстракті ұғым атаулары: атақ,даңқ, дәулет, пейіл, жалған, қайрат, т.т.

Бұларды іштей 2-ге бөлуге болады:

І. Қазақтың төл сөздері.

ІІ. Араб-парсы сөздері.

4.Ойды нақтылау, дәлелдеу, салыстыру мақсатында антонимдер қолданғандығы көрінеді: хан-қара, жақсы-жаман, дос-дұшпан, т.т.

5. Сын есімді есімшелі тіркесті эпитет: қалайылаған қасты орда, егеулеген болат найза, т.т.

6. Тұрақты тіркестер: сегіз қиыр шар тарап, жалған дүние, т.т.

Байқаймыз, қазақтың төл әдеби тілінің лексикасында орыс тілінен сөз ауысқандығы көрінбейді.