Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВОЛЕЙБОЛ ДА новый.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243.2 Кб
Скачать

Кіріспе

Бүгінгі тандағы қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарында дене шынықтыру мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан-жылға аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғамның да, мемлекет басшыларының да аландаушылығын туғызуда. Осыған орай халықты, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар қолданылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Рсспубликасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" туралы Жарлығына қол қойса (1996 ж.), 1997 жылы "Қазақстан-2030" бағдарламасын жолдады. Ал 1999 жылы "Қазақстан Рсспубликасының дене мәдениеті және спорт туралы" заңы қабылданса, 2001 жылы "Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен зандардың ең өзекті негізгі мақсаты дене тәрбие саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыда анықтап, жеке тұлғаны дамытуды жаңаша көзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым мен ілгерілік деңгейінде білім мен тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтан өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез-құлқы қалыптасқан іскер, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті азамат тәрбиелеу. Сол себепті дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі әлеуметтік ықпалы зор деп есептеуіміз қажет. Сондықтан жастар арасында волейбол спортын насихаттау мен жүргізу бүгінгі күннің басты талабы. Курстық жұмыстың мақсаты- жас волейболшылар арасында волейбол ойынының техникасы мен әдісін үйрету.

1. Волейболдың шығу тарихы

Әр өнердің дүниеге келу тарихы бар.

1895 жылы Америкадағы колледждің мұғалімі Вильям Морган волейбол ойынын ойлап тапты. Талапты оқытушы оны үлкен өнерпаздылық ізденістің перзенті ретінде спорт сүйгіш қауымға сыйлаған еді. Алғашқы кезде бұл ойын қарапайым ережелермен ғана шектелді. Осыдан болса керек, оның даму, өркендеу жолы тым саябыр басталды.

Волейбол өнері біздің елімізге Октябрь революциясының жеңісінен кейін келді. Қазір волейбол өнері мыңдаған, миллиондаған адамдардың сүйікті ісіне айналды. Волейболы әлемде алдыңғы қатарға шықты.

СССР құрама командасы әлемнің үш дүркін чемпионы тұғырына көтерілді. Екі рет олимпиадалық ойындарда алтын медальды жеңіп алды. Бұл, сөз жоқ, волейболшыларының тамаша да татымды жеңісі. Ал елімізде қаншама шеберлер командалары бар десеңізші? Осы командаларда не бір талапты спортшылар қанаттанып келеді.

Республикада волейболшылар қозғалысы отызыншы жылдардың басында басталды. Сонан Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін бірден кең өріс алып кетті. Бұл ойынның жалпы халықтық сипат алуы оның ұжымдық өнер екендігінде. Мұнда команда бір адамның мүддесіндей мақсатқа ойын жүйесін тұжырымдағанда ғана жеңіске жете алады. Сондықтан да ол ұжымдық ойын, ұжымдық жеңіс болып аяқталады. Мұның қуаттылығы мен тартымдылығы осында жатса керек. Ауылдардағы дене шынықтыру ұжымдарында волейболшылар үйірмесін ұйымдастырудың еш қиындығы жоқ. Мұның үш түрлі себебі бар: біріншіден - волейбол алаңын жасап алу қиын жұмыс емес. Екіншіден - волейбол добы мен торы ауылдық жерлерге алдымен жететін спорт құралдарының бірінен саналады. Үшіншіден - үйірмеге екінің бірі мүше болуға әзір тұрады десек артық айтқандық болмайды.

Ендігі мәселе - үйірме құрамын дұрыс іріктеу. Осы арада волейбол ойнауға бейімі бар, оған жан-тәнімен дем қоятындарды аңғара білу керек. Бұл үшін әр түрлі орталарда жарыстар өткізілуге тиіс. Біріншіліктерді өткізу дәстүрге айналып келеді. Мұның өзі халықтың дұрыс демалуына, дене тәрбиесін, денсаулықтың қайнар бұлағына айналдыруына ықпал етеді.

Спорт жарыстарын өткізу жүйесінің тұрақты кестесін жасап, оны ұйымшылдықпен белгіленген уақытта өткізіп тұрудың мәні зор. Бұл спорт өнеріне халықтың дұрыс дем қоюына, үйірме жұмысының сәтті қадамына себін тигізетін жәй болып табылады.

Үйірме жұмысын жастар тілегіне сай біркелкі жүргізіп отыру үшін үйірме кеңесін кұрған жөн. Бұл орта үйірме жұмысының жоспарлы түрде нақты іс төңірегінде реттелуін қамтамасыз етеді. Әрбір ауылда, елді мекенде, волейболшы жастардың өкілі болғаны дұрыс.

Жарыс өтер кезде әдіскер-нұсқаушы төрешілер мен волейбол үйірмесі мүшелеріне жарысқа қатысушылардың тізімін алып тапсыруы керек. Ойыншының туған жылын, мамандығын, қай кезден ойнай бастағанын қысқаша жазып алған жөн. Оның үйірме жұмысына тұрақты түрде қатысып тұруын да әңгіме еткен дұрыс.

Осындай алдын ала жүргізілетін іс үйірме жұмысының белгілі бір жүйеде қалыптасуына үлкен ықпал етеді.

Үйірменің жұмыс жоспарын нақты әрі өміршең етіп құра білу керек.

Дене тәрбиесімен тұрақты түрде шұғылданған ортада еңбек өнімділігі жоғары болып, адамдардың өз ісіне деген жауапкершілігі артады. Ұжымдық еңбек жемісті болады.

Төменгі ұжымдағы әдіскер-нұсқаушы үйірме кеңесімен тығыз байланыста болуы шарт. Үйірме кеңесіне жетекшілік жасап, оларды спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп отыруға тиіс. Сонда ғана жұмыс жанданады, көп қолдауын табады.

Әдіскер-нұсқаушы жастардың денсаулығы мықты, рухани байлығы мол болуы үшін оларға жан-жақты тәрбие беру мәселесіне зор көңіл бөлуі керек.

Айталық, еліміздін, тандаулы волейболшы жігіттері мен қыздарының шеберлікті қалай игергені жайында, халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қалай қорғағандығы жөнінде қысқаша әңгімелеп беруге болады. Мұның өзі жастардын спортқа ынта-ықыласын арттырады. Бір үлгілі ұйымшыл ұжымның өмірінен мысал келтіре кеткен дұрыс.

Тәрбие мәселесіндегі ең басты мәселе- үйірме жетекшісінің мұғалімге тән қағидасы мен оқу-жаттығу жұмысын ойдағыдай ұйымдастыра білуі болып табылады.

Үйірме жұмысы жемісті болуы үшін оқу-жаттығу ісін дұрыс жолға қоя білу кереқ. Кейбір үйірме жетекшілері, мұғалімдер волейболды үйретуді екіжақты ойын тәсілімен бастайды. Олар бұл арқылы әдістемелік және техникалық білім беру жүйесін тым ауырлатып алады. Осыдан барады да шеберлік шыңдау, әрбір әдіс-айланың жеке бөлшектерін терең игеру сияқты тәрбиелік мәні бар талап-тілектер жеңілдеп кетеді. Демек әр ойыншының жауапкершілігі азаяды. Міне, сондықтан үйірме ұйымдасқан күннің алғашқы сәтінен бастап, мұндай дәстүрлерден іргені аулақ салған жөн.

Нұсқаушы оқу-жаттығу жүйесінің жоспарын жасағанда әрбір сабақ сайын спортшының алдына жаңа міндеттер қойып отыру жағын ескертуі керек. Сонда ғана үйірме мүшелері оқу-жаттығу ісіне шығармашылықпен қарайтын болады.

Ең бір мықтап ескеретін жай- спортшының ынталылығы. Ынталылық дегенде алға қойған міндетті игеруге барлық салатын табандылықты айтамыз. Жасыратыны жоқ кейде ең шебер деген команданың өзі әлсіз деген әріптесінен жеңіліп қалады.

Демек, бұл команда мүшелері ең қиын-қыстау сәтте «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» бір кісідей қимыл жасай алмады деген сөз. Міне, ынталылық пен қажырлылықтың ауадай қажет жері осы. Волейболшының төзімді және табанды болуы - ең бір керек қасиет. Әр ойыншыны жарыстың өне бойына біркелкі қимылдайтындай етіп жаттықтыру керек. Сонда жаттықтырушының төккен тері далаға кетпейтін болады.

Волейболшы әрбір әдістемелік және техникалық әдіс-айланы салмақты, сабырлы түрде ақылмен жасауы шарт. Мысалы, жаттығу кезінде допты ойынға қосу, беру, қабылдау және т. б. Сол сияқты тосқауылға соқтырмай допты қиғаштай, құлдилата ұру немесе алаңның ашық қалған жеріне тастау әдістері ойыншыдан үлкен шеберлікті талап етеді. Сондықтан оқу жаттығу жүйесін жарыстың басынан аяғына дейін төтеп бере алатындай деңгейге құрған көп пайдалы.

Теориялық сабақ үстінде жас волейболшылар ең қарапайым әдіс-айланы, тәсілді үйренеді және кейбір командалардың ойынын талдайды. Осыны іс жүзінде байқап көру үшін үйірме жарысын, мектеп оқушылары арасында мектепішілік, аудандық біріншілігін өткізу керек. Тіпті көрші ауылдың жасөспірімдерімен жолдастык, кездесу өткізуге де болады. Бір ескеретін жай - мұндай жарыстарды оқу-жаттығу жүйесінің жарты жылдық бағдарламасын өткеннен кейін ұйымдастырған дұрыс. Өйткені бұл кезде әр ойыншы жекелеген әдіс-айланы, допты қабылдау, беру, құлдилата ұру, сол сияқты тосқауыл қоюды біршама жақсы меңгереді. Сөйтіп, жаттықтырушы әр спортшының жарты жылда жеткен жетістігін өз көзімен көруге мүмкіндік алады.

1.1 Волейбол ойынының ережелері

Жарысқа ерлер және әйелдер командалары қатысады. (Сан жағынан шек қойылмайды).

Балалар мен жас өспірімдер командалары мынадай топтарға бөлінеді: 13-14, 15-16 және 17-18 жастағылар.

Дәрігердің қорытындысы (тұжырымы) бойынша әрбір топтағы командаға ересек топтағылардан 1-2 ойыншы қосылады. Ересек жас өспірімдер тобындағылар дәрігердің рұқсатымен ересектер командасында ойнай алады.

2. Ойыншылардың міндеті мен құқықтары

  1. Ойыншы ойын тәртібін жақсы білуге тиіс.

  2. Ойын кезінде ол төрешімен өз командасының капитаны арқылы сөйлесе алады.

  3. Ойынға қатысатын ойыншыда дәрігер берген рұқсат қағазы болуы керек.

3. Ойыншылардың киімі

Ойыншылардың спорттық формасы- футболка, шорты және спорттық аяқ-киімнен тұрады. Оларға жаттығу костюмдерімен ойнауға рұқсат беріледі.

4. Команда құрамы және ойыншыны айырбастау

1. Алаңға екі команда шығуға тиіс. Әр командада 6 адамнан болады. Ойын үстінде команданың кез келген ойыншысын артық ойыншыларымен айырбастауға болады. Әр командада негізгі құрамға жататын 5-6 ойыншының болуы заңды. Ал, командада артық ойыншы мен негізгі кұрамдағыларды қосқанда ойыншының саны 12-ден аспауы керек.

2. Ойын басталардан бұрын жарыс хаттамасына команданың барлық мүшелерінің тегі жазылуы керек.

Егер артық ойыншылардың бірі жаңағы тізімге ойын басталар алдында ілікпей қалса, оны келесі жаңа ойыны басталғанша жазып қоюға жаттықтырушының еркі бар.

3. Ойыншыларды алмастыру немесе бір минуттіқ үзіліс алу тек доп ойыннан шығып кеткенде команданың капитаны не жаттықтырушының талабы бойынша ғана жасалады. Бұған төрешінің рұқсаты керек.

4. Ойыншыны алмастыру төрешінің рұқсатымен ғана жасалады.

5. Алаңнан төрешінің талабы бойынша қуылған ойыншының қайтып ойынға кіруіне, оны екінші бір ойыншымен алмастыруға рұқсат етілмейді.

  1. Егер екі команданың бірінде бес-ақ ойыншы қалып, артық ойыншылармен толықтыратын мүмкіндігі болмаса, ойын тоқтатылады да, командаға бұл ойында жеңіліс жазылады.

  2. Егер бір команданың ойыншысы қатты жарақаттанып қалса, оның орнын басатын қосалқы ойыншы болмаса, онда команда капитанының өтініші бойынша жарыс төрешісі ойынды 3 минутқа тоқтатады. Осы уақыт өткеннен кейін команданың құрамы толықпаса, ойын онан әрі жалғастырылмайды, командаға жеңіліс жазылады.

5. Ойыншыларды алаңға орналастыру

  1. Әр кез допты ойынға қосар алдында оны қабылдайтын жақтың ойыншылары алаңға үш-үштен екі қатар түзейді. Егер командада бес-ақ адам қалса, жаңағы екі қатардың соққысында екі ойыншы тұруға тиіс. Торға таяу тұрғандарды алаңның алғы сызығының, ал қалғандарын алаңның артқы сызығының ойыншылары деп атайды. Доп ойынға қосылар алдында алаңның артқы сызығы ойыншыларының, алдыңғы сызықтың ойыншыларынан оза тұруына болмайды. Өйткені ойынға қосылатын доп көбіне алаңның артқы сызығының аймағына түседі.

  2. Ойыншылардың алаңдағы орналасу жүйесін ойын өтіп жатқан кезде өзгертуге болмайды. Егер жаттықтырушы қажет деп тапса, жаңа ойын басталар алдында алаңдағы ойыншылардың орналасу жүйесін өзгертуіне болады.

6. Жаттықтырушы, өкіл және команда капитаны

  1. Жарысқа катысушы әрбір ұйымның команданы басқаратын жаттықтырушысы не өкілі болуға тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, онда жаттықтырушы мен өкілдің міндетін команда капитаны атқаруға тиіс.

  2. Жаттықтырушы, өкіл немесе команда капитаны ойыншылардың тәртібі мен жарысқа дер кезінде қатысып отыруына жауап беретін болады.

  3. Жаттықтырушы, өкіл немесе команда капитаны жарыстың өту барысы мен командалардың кездесу жүйесін анықтайтын жеребеге қатысады. Егер жарыс төрешілерінің кеңесі өтетін болып, оған команда басшыларының қатысуы қажет болса, бұл талаптан да команда жетекшісінің бас тартуына қақысы жоқ. Жаттықтырушының немесе команда өкілінің төрешілер мен жарысты өткізушілер алқасының шешіміне қарсылық жасауға қақысы жоқ.

Әрбір қарсы пікірді жарыс аяқталғаннан кейін жарыс төрешілерінің алқасына жазба түрде тапсыруға болады.

5. Команда капитаны ойын алаңындағы бірден-бір жетекші ретінде саналады. Сондықтан да ойын жүйесінің барысы жайлы төрешіге капитан ғана арыз ете алады.

7. Төреші және оның міндеті

  1. Әр кездесуге төрешілі жарысты өткізіп отырған ұйым тағайындайды.

  2. Ойын үстінде кеткен қателікке қолданылған шараға ойыншылар мен көрермендер дау айтатын болса, қателіктің қалай кеткендігін төреші түсіндіріп беруге тиіс.