- •5В070700 - «Тау-кен ісі» мамандығына арналған
- •1 Пәннiң оқу бағдарламасы – sillabus
- •1.1 Оқытушылар туралы берілгені:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттері:
- •1.5 Білімді бағалау жүйесі
- •1.6 Курыстың саяасаты мен процедурасы.
- •Әдебиет тізімі
- •2 Пәннiң мазмұны
- •2.1 Дәрістік сабақтар тақырыбының атаулары және олардың мазмұны.
- •1 Дәріс. Тау-кен саласындағьі негізгі ұғымдар мен түсініктер.
- •2 Дәріс . Шақты үстіндегі құрылыстар мен ғимараттар
- •3 Дәріс. Кеніштің негізгі параметрлерін анықтау
- •4 Дәріс. Көмір және руда кенорындарын ашу
- •5 Дәріс. Тақталы кен орындарын ашу
- •6 Дәріс . Руда кеніштерін ашу
- •7 Дәріс. Шақты оқпандарын салу орындарын таңдау. Негізгі ашу қазбасы түсетін жерді анықтау
- •8 Дәріс. Тақталы кенорындарының қазу жүйелері
- •9 Дәріс. Тау-кен қазбаларын кендіңгектерсіз қорғау түрлері
- •10 Дәріс. Жаппай қазу жүйелері
- •11 Дәріс. Бағаналы қазу жүйелер
- •12 Дәріс. Қысқа кенжарлы қазу жүйелері
- •13 Дәріс. Тақталарды дайындау түрлері
- •14 Дәріс. Дәстүрсіз көмір қазу технологиялары
- •15 Дәріс. Жерасты толтырма жұмыстары
- •2.5 Студенттердің өзіндік жұмысының жоспары
- •2.6 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.7 “Жерасты тақталы кенорындарын игеру” пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •5В070700 – Тау-кен ісі мамандығына арналған «Жерасты тақталы кенорындарын игеру» пәні бойынша
2.7 “Жерасты тақталы кенорындарын игеру” пәні бойынша емтихан сұрақтары
«Пайдалы қазбаларды жерасты қазу технологиясы» пәнінің мақсаты мен міндеттері, басқа пәндермен байланысы.
Тау кен жыныстарының пайда болу табиғаты.
Кенорнындарыныі морфологиялық түрлері.
Кенорнының жаларым элементтері.
Тау кен жыныстарының физика-механикалық қасиеттері.
Жер қыртысындағы кен қоры. Барлану дәрежесіне байланысты кен қорларының бөлінуі.
Пайдалы қазбалардың жоғалымы мен құнарсыздануы.
Пайдалы қазба кенорндарының кен геологиялық сипаттамалары.
Кенорныдарының жатыс өлшемдеріне сипаттама беріңіз.
Кеннің жоғалымы мен құнарсыздануын анықтау әдістемелері.
Кеннің жоғалымының және құнарсыздануының экономикалық зардабы.
Кенорнын қазу тәсілдері?
Кенорнын қазу тиімділігінің негізгі көрсеткіштері.
Профессора М. М. Протодьяконовтың тау жыныстарының беріктілігі сыныптамасы
Кен денелерін қуаты және құлау бұрышы бойынша болу?
Кеніштің негізгі шама шарттары (параметрлері).
Шақты алабының ұзындығын анықтау.
Кен мен жыныстардың төзімділігі, тұрақтылығы бойынша бөлінуі.
Опишите, на какие группы делятся руды и вмещающие породы по устойчивости.
Шақты алабының ұзындығын нұсқалық әдіспен анықтау.
Кен кесектерінің кесектілігі (градаций).
Кеннің қопсу коэффициентіне сипаттама берініз
Жерасты кен қазу кезеңдері.
Қабат биіктігін анықтау. Қабаттың биіктігін анықтауға әсер ететін факторлаор.
Қабаттағы кен қорын алу тәртібі.
Қабаттағы блокты қазып алу кезеңдерінің негізгі сұлбалары
Кен орнын өазу барысындағы жоғалымдар.
Кеннің құнарсыздануы және оны анықтау әдістері.
Ашу тәсілдерінің сыныптамасы.
Кенорнын ашудың қарапайым тәсілдері. Артықшылығы мен кемшіліктері.
Тау жыныстарының жылжуы (сырғуы) және оның ғимараттарға әсері.
Ашу тәсілдерінің сыныптамасы (классификация).
Кенорнын ашудың күрделі тәсілдері. Артықшылығы мен кемшіліктері
Шоғырланған (топтастырылған) деңгейжиектермен ашу. Артықшылығы мен кемшіліктері
Терең кеніштерді ашу ерекшеліктері.
Кенорнын штольнялармен ашу. Қолдану жағдайлары. Артықшылығы мен кемшіліктері
Кенорнын көлбеу оқпандармен ашу тәсілдері. Қолдану жағдайлары. Артықшылығы мен кемшіліктері.
Кенорнының ашу тәсілдерін таңдау.
Кенорнын сатылап ашу. Қолдану жағдайлары. Артықшылығы мен кемшіліктері.
Бас (негізгі) ашу қазбасының орналасу орнын таңдау.
Оқпан албарының түрлері
Кенорнын даярлау тәсілдері.
Кенорнын даярлауға қойылатын талаптар.
Уату тәсілдерінің сыныптамасы. Уату тәсілдерінің маңызы.
Уату тәсіліне қойылатын талаптар.
Шпурлық уату. Негізгі кқрсеткіштері.
Шпурлар мен ұңғымаларды бұрғылау.
Шпурлар мен ұңғымалардың орналасу сұлбалары.
Ұңғымалалық уатудың шама шарттарын есептеу. Ұңғымалалық уатудың артықшылығы мен кемшіліктері.
Кенді миналық және механикалық.тәсілдермен уату. Артықшылығы мен кемшіліктері.
Кенді жеткізу тәсілдері. Артықшылығы мен кемшіліктері.
Кенді өздігінен жүретін жабдықтармен тиеу және жеткізу.
Өздігінен жүретін жабдықтармен кенді жеткізумен салыстырғанда ысырмалап жеткізу тәсілінің қандай артықшылығы мен кемшіліктері бар.
Ысырмалап жеткізу тәсілімен салыстырғанда, өздігінен жүретін жабдықтармен кенді жеткізу тәсілінің қандай артықшылығы мен кемшіліктері бар?
Тазарта қазу жұмыстарының негізгі тезнологиялық процестері.
Кенді атылыс күшімен және өзінің салмақ күшімен жеткізу тәсілдері.
Кенді конвейрлермен және дірілдеуіктермен жеткізу.
Кенді екінші қайтара уату, оның қажеттілігі.
Тау кен қысымын басқару.
Қазым кеңістікті толтырмалау технологиясы.
Терең кеніштерде тау кен қысымының пайда болу ерекшеліктері.
Қазым кеңістікті күтіп ұстау.
Тұтас қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі.
Тұтас қазу жүйесінде панелдің ені қалай (неге байланысты) анықталады.
Жасанды бекітпелермен қазым кеністікті күтіп ұстау.
Кенорындарын қазу жүйелерінің сыныптамасы?
Камералы діңгекті қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі.
Кенорындарының қазу жүйелерін класстарға бөлудегі басты критерийлер.
Қабаттық-кенүңгірлік қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі.
Қабат аралық қазу жүйелері. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі.
Қабат аралық қияқазды (ортты) қазу жүйелері.
Кенді атылыс күшімен жеткізе қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі.
Кенді қоймалап қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі.
Қабаттық-кенүңгірлік кенді тік қатпарлармен қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі.
Кенді қоймалап терең ұңғымалармен қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі.
Жазық қатпарлап (қабаттап) және толтырымдап қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі..
Толтырмалау материалдары.
Кенүңгірлік және толтырымды қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі.
Керме тіреуішті қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі.
Қатпарлап қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі..
Қабат аралық қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі..
Қабаттық-кенүңгірлік қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі.
Толтырмалау материалдарында ұсақ кен кесектерінің жоғаламының алдын алу шаралары.
Бекітпелі қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі.
Кенді және жанас жыныстарды құлата қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі.
Құрамды қазу жүелері. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі.
Қабаттық-кенүңгірлік қазу жүйесі. Қолдану жағдайлары (шарттары), параметрлері. Артықшылығы мен кемшілігі.
Қазу жүйелерін таңдау әдістемелері. Академик Ө. А. Байқоңыровтың қазу жүйесін таңдау әдістемесі.
Кеніштің өндірістік алаңы.
Қазу жүйелерінің техника экономикалық көрсеткіштері.
Жер бетінің бас жоспары.
ГЛОССАРИЙ
Анкер бекітпелері (анкерны крепи)- қазбаның төбесі немесе қабырғалары қопсып қопарылып түспеуі үшін оларды бұрғыланған скважина немесе шпурлардың ішіне темірден, ағаштан, темірбетоннан немесе полимерден жасалған өзектер кигізіліп бекітіледі.
Арқалы бекітпе (крепь арочная)- қазбаның төбесі мен бүйірлеріне түсетін салмақты ұстап тұруға арқалы, доға тәрізденіп жасалынған рамалы бекітпе.
Аттыру жұмыстары (взрывные работы)- тау жыныстарын бұзу үшін атылғыш заттарды пайдаланып орындалатын жұмыстар.
Бай кен (богатая руда)- кендегі металдың мөлшері оның орташа мөлшерінен жоғары болса, ондай кен бай кен деп аталады.
Бекітпе (крепь)- кені алынған кеңістікті ұстап тұруға арналған құрал.
Бекітпе материалдары (крепежные материалы)- бекітпелерді дайындау үшін қолданылатын материалдар.
Блок (блок)- кенді қазып алу жүйесінде қолданылатын көлемі шағын қабаттың бөлігі.
Бүйір жыныстары - пайдалы қазбаларды шектеп олармен тікелей жанаса біткен тау жыныстары.
Бұрғы - шпурларды немесе ұңғымаларды (скважиналарды) бұрғылауға арналған аспап.
Бұрғылау қазбалары - бұрғылау жабдықтарын орналастыруға және олармен жұмыс істейтін адамдарға арналған қазба.
Газданған қазба - кен қазбаларында кеніш газдарының мөлшері (метанның, көмір қышқыл газының, т.с.с.) қауіпсіздік ережелерде белгіленген мөлшерден (нормадан) жоғары болуы.
Гезенк (гезенк) – тікелей жер бетіне шықпайтын, пайдалы қазбаларды өз салмағының әсерімен түсіруге немесе арнайы ыдыспен механикалық тәсілмен жеткізуге арналған тік қазба.
Деформация (деформация)- пішін өзгерту – сыртқы күштің әсерінен дене көлемінің немесе формасының өзгеруі.
Есепке алынбаған кен (забалансовые руды)- құрамында бағалы заттың проценттік үлесі өте төмен болғандықтан байыту техникасының даму деңгейінде тиімсіз байытылатын кендер.
Екінші қайтара уату (вторичные дробление)- пайдалы қазбалардың немесе бос жыныстардың шартты көлемнен үлкен кесектерін қайталап ұсату.
Жазық қазбалар (горизонтальные горные выработки) – кенорнының ішінде немесе бос жыныстарда жазық немесе көлбеу жүргізілетін қазбалар.
Жарылыс (взрыв)- өте қысқа уақытта шектелген көлем ішінде аса үлкен қуаттың бөліну процесі.
Жоғалым (потери)- кенді қазып алуда жер қойнауында алынбай қалған, қазылып алынып бос жыныстар үйіндісіне жіберілген, тиеу және тасымалдау барысында қалып қойған пайдалы қазбалар есебіндегі қордың бөлігі.
Оқтау – атылғыш заттарды оқтау камерасына (шпурға, скважинаға) орналастырып, оны жаруға дайындау процесі.
Оқтамдық қуыс (зарядная полость)- шпурдың, скважинаның немесе камераның атылғыш заттарды орналастыруға арналған бөлігі.
Кенүңгір (камера) – көлденең қимасы едәуір, ұзындығы шамалы жер асты қазбасы.
Кенжар (забой) – кен орнын жер асты тәсілімен қазып алу барысында ұңгілеп қопаратын кен немесе бос жыныстардың беті.
Кентіректерді алу (погашение целиков)- уақытша қалдырған кентіректердігі пайдалы қазбаларды толығымен немесе жартылай алу.
Күрделі қазбалар (капитальные выработки) – күрделі қаржы есебінен жүргізілетін жер асты қазбалары.
Қазба қабырғалары (бока выработки)- тау кен қазбаларының бүйір жақтарын шектеп тұрған тау жыныстарының беттері.
Қазба төбесі (кровля)- қазбаның үстіңгі жағы шектесетін тау-кен жыныстарының беті.
Қазып алу жұмыстары (добычные работы) – пайдалы қазбаларды алуға қажетті жұмыстар жиынтығы.
Қауға (бадья)- оқпан мен шурфтарда тау жыныстарын шығару, материалдарды, адамдарды түсіріп-көтеру үшін қолданатын ыдыс.
Қоймаланған кен (замагазинированная руда)- тазалап қазып алу барысында қазба кеңістігіне жиналған кен..
Лезде аттыру (мгновенное взрывание)- бірнеше оқтамдардан (зарядтан) тұратын бір топ оқтамның бір мезгілде лезде атылуы.
Оқпанды бекемдеу (армирование ствола) – оқпаның басқыш бөлімін жабдықтау, кабельдерді орнату, құбырларды ілу, кергіштерді орнату жұмыстары.
Оталдырғыш (детонатор)-бастапқы қозғаушы күштің (импульстің) көмегімен жарылғыш дәрінің атылуын қамтамасыз ететін құрал.
Орт (орт)-кен орнының ұзындық бойына кесе көлденең жазықтықта жүргізілетін қазба.
Пайдалы қазбалар (полезные ископаемые)- халық шаруашылығына қажетті, экономикалық тиімді табиғи минералды заттар.
Пайдалы қазбаларды қазу (добыча полезных ископаемых) пайдалы қазбаларды қазу нәтижесінде оларды жер қойнауынан алу.
Сутөкпе (водоотлив) шахтадағы суды жер үстіне тартып шығару жұмысы.
Тау қысымы (горное давление) –кен қазбаларының айналасындағы массивте пайда болатын қысым.
Тау қазбаларының тұрақтылығы - қазбаларды пайдалану мерзімінде оның алғашқы пішінін, көлемін сақтап қалу қабілеті.
Тік қазбалар (вертикальные горные выработки)- тік бағытта жүргізілетін қазбалар.
Тау-кен қазбаларын бекіту (крепление горных выработок)- жер асты қазбаларының бекітпелерін жөндеу, қайта бекіту, орын ауыстыру, жылжыту жұмыстары.
Өрлеме (восстающий) – пайдалы қазбаларды немесе бос жыныстарды түсіру, адамдардың жүріп-тұруы, материалдар мен жабдықтарды жеткізу, т.б. тіке немесе көлбеу жүргізілген тау қазбасы.
Ірі кесектер (валуны)- ұсату машиналардың түсіру қуысына симайтын, яғни қабылданбайтын ірі кен кесектері.
Штольня (штольня)- жер бетінен тікелей кенорнына баратын жазық жүргізілген тау-кен қазбасы.
Ысырма қондырғысы (скреперная установка)- пайдалы қазбаларды және тау жыныстарын тасымалдау қазбаларына жеткізуге арналған қондырғы.
СП ОӘК Пайдалы қазбаларды жерасты игеру
кафедрасының 2009 ж. « » № хаттамасы
СП ОӘК Тау-кен институтының
2009 ж. « » № хаттамасы
