- •5В070700 - «Тау-кен ісі» мамандығына арналған
- •1 Пәннiң оқу бағдарламасы – sillabus
- •1.1 Оқытушылар туралы берілгені:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттері:
- •1.5 Білімді бағалау жүйесі
- •1.6 Курыстың саяасаты мен процедурасы.
- •Әдебиет тізімі
- •2 Пәннiң мазмұны
- •2.1 Дәрістік сабақтар тақырыбының атаулары және олардың мазмұны.
- •1 Дәріс. Тау-кен саласындағьі негізгі ұғымдар мен түсініктер.
- •2 Дәріс . Шақты үстіндегі құрылыстар мен ғимараттар
- •3 Дәріс. Кеніштің негізгі параметрлерін анықтау
- •4 Дәріс. Көмір және руда кенорындарын ашу
- •5 Дәріс. Тақталы кен орындарын ашу
- •6 Дәріс . Руда кеніштерін ашу
- •7 Дәріс. Шақты оқпандарын салу орындарын таңдау. Негізгі ашу қазбасы түсетін жерді анықтау
- •8 Дәріс. Тақталы кенорындарының қазу жүйелері
- •9 Дәріс. Тау-кен қазбаларын кендіңгектерсіз қорғау түрлері
- •10 Дәріс. Жаппай қазу жүйелері
- •11 Дәріс. Бағаналы қазу жүйелер
- •12 Дәріс. Қысқа кенжарлы қазу жүйелері
- •13 Дәріс. Тақталарды дайындау түрлері
- •14 Дәріс. Дәстүрсіз көмір қазу технологиялары
- •15 Дәріс. Жерасты толтырма жұмыстары
- •2.5 Студенттердің өзіндік жұмысының жоспары
- •2.6 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.7 “Жерасты тақталы кенорындарын игеру” пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •5В070700 – Тау-кен ісі мамандығына арналған «Жерасты тақталы кенорындарын игеру» пәні бойынша
13 Дәріс. Тақталарды дайындау түрлері
Көмір тақталарының дайындығы тақталы, далалы (13.1 а,б-сурет), аралас және жекелендіріп әлде топтастырып дайындау түрлеріне бөлінеді.
Тақтаны дайындықта, барлық үңгілер, оның ішінде негізгілер де, пайдалы кеннің тақтасы бойынша өткізіледі.
Далалық дайындықта, негізгі үңгілер (оларға жататын - басты және этаждық штректер, бремсбергтер, еңістер) бос жыныстардың араларында, ал қосалқы үңгілер тақтаның бойымен өткізіледі. Жалпы, далалы мен тақталы дайындықтар бірге орындалады, көпшілік жағдайларда далалы үңгілерге параллел тақталы үңгілер жүргізіледі.
Аралас дайындықта, шақты алабының бөлшегінің (мысалы, панелдің) шегінде көлбеу үңгілер далалы түрде өткізілсе, ярустық штректер тақталы болу мүмкін.
Далалы мен тақталы үңгілер бір-бірімен қарым-қатынас үшін квершлагтар, гезенктер, сырғымалар арқылы қосылып тұрады (13.1в-сурет).
Далалы дайындық, әсіресе, өздігімен жануға бейімді, қалың көмір тақталарын қазып өндіруде жиі пайдаланылады. Кендіңгектер қалдырылмайтын болғандықтан, бұл дайындық, көмір жоғалымдарын азайтуға мүмкіншілік береді. Қазіргі кезде, кендіңгексіз жұмыс істеуге мүмкіншілік беретін далалы дайындық, орташа қалыңдықты тақталарда да кеңінен пайдаланылып жатыр.
Сурет-13.1 Шақты алабының белшектерін дайындау түрлері
а -тақталы; 6 - далалы; в - тақталы мен далалы үңгілерді бір-бірімен жалғастыру әдістері (гезенктермен, сырғымалармен, квершлагтармен); 1 - тақталы тасыма штрек, 2 - параллелді тақталы штрек, 3 - тақталы желдетпе штрек, 4 -параллелді тақталы штрек, 5 - далалы тасыма штрек, 6 -далалы желдетпе штрек, 7 - тақталы мен далалы штректерді қосатын үңгі (гезенк, сырғыма әлде квершлаг).
Жекелендіріп дайындау әдісінде әр тақтада барлық қажетті үңгілер толық өткізіледі. Негізгі үңгілер тақталы да, далалы да болуы мүмкін.
Топтастырып дайындауда барлық немесе кейбір, қызметі ұзак, негізгі тау-кен үңгілері, топтағы тақталар үшін (әлде біразына) ортақ болып өткізіледі. Орындалатын міндетіне байланысты, олар, тасыма әлде желдетпе болады.
Топты кен қабаттарының (свита) қазып алу жүмыстарын жобалауда, ыңғайы келгенше, топтастырып дайындау тәсілін көздеу керек. Негізінде, топты үңгілерді далалық түрде, тұрақты жыныстардың арасында өткізеді. Бірақта, көмірі ырғысқа және өздігінен жануға бейімді болмаса, жанас жыныстар арасында орналасқан тақта ішінде де топты үңгіні өткізуге тыйым салынбайды.
Топтастыру мен далалық дайындауда, үңгілердің жыныстар арасында орналасуымен және олардың ыңғайлы орындарын дұрыс таңдаумен байланыстыра, келесідей ерекшеліктерді ескеру керек.
Тазартпа кенжардың маңайында орналасатын дайындық үңгілердің орналасу жағдайы, ең біріншіден, жөндеусіз пайдалану жағынан қарастырылуға тиісті. Олар, тұйықсыз икемділі тіреумен бекітіліп, айналасындагы жыныстардың жылжыстарына кедергі келтіретін арнайы шараларға қолайлы болуы керек. Өртке, газ бен көмірдің мен кенетті ырғыстарына, тау-кен соққыларына, шаң жарыластарына қауіпті емес жұқа тақталарда тақталық үңгілерді өткізуге ережелер бойынша тыйым салынбайды.
Қалың және жақын жататын топты тақталарды, ережелердің талабтарына сай, төменгі тақтаның әлде қалың тақтаның табанымен (жатпа жағымен) далалық үңгілер өткізіп дайындаған қажет.
Далалық дайындықтың бірнеше артықшылықтары бар: көмір жоғалымының айтарлықтай төменделуі; қазылған кеңістіктен ететін ауа кемуінің азаюы; механикаландырылған комплекстермен үңгілерді амалсыз өту санының қысқартылуы. Кемшілігі: гезенк, квершлаг сияқты қосалқы үңгілердің жиі өткізілуі.
Далалық штректі өткізуде, тақтаның табан жағындағы жыныстар сілемінде немесе қазылған кеңістік бойынша - қысьш азайған аймақта, түрақты (стационарлы) және уақытша тіректі қысым эсерін едэуір төмендету үшін - оның орнын дұрыс табу өте қажетті мәселе болып саналады.
Қысым азайған аймак, қазылған кеңістіктің астында, тақта табанынан 6 - 8 м арақашықтықта байқалады (13.2-сурет).
Сурет-13.2 Қазылған кеңістік астында орналасқан далалы штректің көрінісі
Тазартпа кенжардың бетімен тақтаға тікелей өткізілген АБ шектес жазықтығынан көмір сілеміне қарай биік кернеулер аймағы басталады. Бұл аймақта тұрақты тіректі қысымның әсері өте күшті. Тақта табанынан 25 - 30 м әрі, тіректі қысымның ықпалы төмендейді. Аймақтардағы кернеулер мен күштердің қалыптасуы 3-6 жылға дейін созылады.
Далалы штректің тұрақты болуы (төбе жыныстарының отыру қарқыны мен ұзақтығы, табан жыныстарының көтерілуі, жыныстардың жалпы жылжулары) АБ жазықтығы мен тақта табанынан орналасу аралықтарымен (а, b, һ) байланысты екені айқьш көрінеді.
Тау-кен қысымының әсеріне байланысты, дала штрегінің тиімді орны - тақта табанынан һ = 10 м (бірақта 30 метрден аспай), ал шектес АБ жазықтығынан да 10 м (бірақта 40 метрден аспай), төмен аймақта орналасады.
Үңгілердің орындарын таңдағанда тақта табанының физика-механикалық қасиеттері ескеріледі, мысалы, мықты жыныстардың астында немесе ортасында болу жағдайы қарастырылады.
Далалы мен тақталы үңгілерді қостыратын үңгінің (гезенк, сырғыма, квершлаг) түрін анықтауда, тау-кен жыныстарының тереңдігін есепке алған да қажет. 400 м тереңдікте, тақта табанынан 10-15 м қашықтықта, далалы штректің АБ жазықтығынан 20 - 25° бұрышты жерде орналасуы жеткілікті болады. Ал 700 - 750 м тереңдікте, орналасу бұрышы 65 - 70° болғаны тиімді.
13.1 Тазартпа кенжарлардың өндірістік үдірістері мен жабдықтандыру құралдары
Тік құлама тақталарда
Жұқа көмір тақталарын қазып алу үшін бұрғылап-жару жұмыстары, шой балғалар және
комбайндар қолданылады. Бірінші екі әдістің өнімділігі өте төменде, кеншілердің
жұмысы да ауыр болады.
Геологиялық шарттары жағымды шақтыларда, «Темп-1», «Поиск-2» және тағы басқа жұқа тақталарға арналған таралқымды комбайндар пайдаланылады. Таралқымды комбайндар жекеше тіреулермен немесе механикаландырылған бекітпелермен жұмыс істеулері де мүмкін.
Екібарабанды «Поиск-2» комбайны қалыңдықтары 0,36 - 0,75 м, құлама бұрыштары 35 - 85° кұлама тақталарда, әр қаттылык көмірлерде қолданылады.
Комбайн «Темп-1», қалывдықтары 0,65 - 1,4 м, құлама бұрыштары 30 градустан жоғары (ең тиімідісісі 40 - 60°) көмір тақталарында жұмыс істеуге арналған.
Осы екі комбайнда, кенжар ішінде астыдан жоғары қарай, біржақтық схемамен, жекеше тіреулермен немесе механикаландырылған бекітпемен қоса жұмыс істей алады. Қопарылған көмір өз салмағымен төмен сырғиды. Қазылған кеңістікті бекіту жұмыстары, комбайн көмір опыру жұмысын бітіріп, бастапқы жағдайына (кенжардың темендегі кертпешіне) қайтып оралған соң басталады. «Поиск-2» комбайн өту үшін, кенжардьщ ішінде, ені 0,4 -0,45 м, машиналық жол ескеріледі. «Темп-1» комбайнға бұндай жолдың керегі жоқ. Төменгі машиналық кертпештің өлшемдері: ұзындығы - 4 - 5 м, ені - 0,9 м.
Бұл комбайндар көмір опыру процесін ғана механикаландырады, басқа жұмыстар қолмен орындалады. Олардың қатарларына жекеше тіреулерді орнату жұмыстары да жатады.
Тік құлама тақталарда, жекеше тіреулер тақтаның құлама немесе жазылыс бағытымен орнатылуы мүмкін (13.3-сурет). Көбінесе, тазартпа кенжарында, тіректерден, маңдайша, тартпалардан құралған ағаш рамалары орнатылады (13.3 а,б-сурет). Әдетінше, мандайшаның ұзындығы - 2 м. Оның астынан, 0,7 - 1 м аралықпен, үш тірек ағашы керіледі. Рамалардың аралары - 0,9 м. Төбе жыныстарынан қорғау үшін маңдайшаның үстінен тартпалар төселеді.
Жазық пен көлбеу тақталардағыдай, тік қүлама тақталарда да, төбе қысымын игеру үшін сондай әдістер қолданылады. Олар - төбені толық құлату, баяулап құлату, қазылған кеңістікті толтыру, ағаштан жасалған қалаулармен ұстау.
Сурет-13.3 Тік құлама тақталарда кенжар кеңістігін жекеше жэне арнайы тіреулермен бекіту әдістері
а - құлама бағытты ағаш рамаларымен, 6 - жазылыс бағытты ағаш рамаларымен, в - төрт-бұрышты қалаулармен, г - трапециялы қалаулармен.
Қалаулар - бөрене ағаштарынан айқастырылып қаланған трапециялы элде төртбұрышты ічдрылыстар (13.3 в,г-сурет). Қалаулар, дұрыс қатармен немесе шахмат тәртібімен орнатылады. Олардың аралары жазылым бағыты бойынша - 1,8 - 2,7 м, құлама бойынша - 2 - 6 м. Уақыт өткен сайын қалаулар басыла бастайды, төбе жыныстары әуелі баяулап отырып, біраздан кейін опырылады. Қазіргі кезде қалаулардың орнына пневмобаллондық тіреулер пайдаланылады.
Көпқуысты пневмобаллондар құлама бұрыштары 35° жоғары, қалындықтары 0,4 - 0,9 м, баяулап құлауға икемді жанасты жыныстары бар тақталарда тау-кен қысымын игеру үшін қолданылады.
Жұқа қабатты тақталарда пеневмобаллондарды қолдануы ағаш тіреулерінің шығындарын азайтуға мүмкіншілік берді. Баллондардың ағаш алдында артықшылығы - олар, алғашқы жеткілікті қысыммен орнатылып, әрі қарай жыныстардың қысымдарына өздігімен сәйкестелініп біркелкі орнығады.
Комбайн жұмыс істейтін кенжарларда жекеше тіреулерді орнату мен ағаш материалдарын жеткізу жұмыстары 65% дейін уақыт алады.
КГУ (КГУМ) комплекстері, қалыңдығы 0,6-1,5 м, құлама бұрышы 35° жоғары, жанас жыныстары орташа тұрақты көмір тақталарында көмірді опыру, тіреу және тау-кен қысымын игеру жұмыстарын толық механикаландырады.
Қалқанды тіреу, бір-бірімен жалғасқан секциялардан тұрады. Секциялар екі гидротіреуіштер арқылы табан мен төбеге керіледі. Конвейерлі жоңғыш жетек пен сорғыш станциясының қозғалдыруымен кенжардың төбесін 0,7 м тереңдікке кертіп көмірді опырады, содан кейін тербелу гидродомкратгары арқылы табан жағына бұрылып қалған көмір діңгегін алады. Тақтаның толық қабатымен жэне кенжардың бүкіл ұзындығымен көмірді алып болған соң, атқарушы қүрал тақта табанынан 300 - 400 мм жоғары тартылып бастапқы жағдайға келтіріледі. Секциялар босатылып, конвейерлі жоңғышпен бірге өздік және жыныстар салмақтарымен қайтадан кенжарға керіледі. Секциялар жаңадан керіліп, көмірдің бір жолағын алу жүмыстарының бір циклы аяқталады.
Агрегаттың секцияларының жылжытылуы бірінен кейін бірі; әуелі жұп, содан кейін тақ секциялары. Секциялардың жылжу қадамының ең төмен мөлшері - 0,4 м, ал жанасты жыныстары тұрақсыз болса, онда - 0,6 - 0,7 м. Агрегаттың есепті өнімділігі: ауажетекті болса - 1,5 т/мин, электржетекті - 2 т/мин.
Тіксызықты кенжармен, тік құлама орташа қалыңцықты тақталарды жазылым бағытпен қазып алу үшін АКЗ фронталді агрегаты жэне КПК-ІМ механикаландырылған тазартпа комплексі қолданылады (4.47-сурет).
АКЗ агрегаты құлама бұрыштары 35 - 80°, қалывдықтары 1,6 -2,5 м тақталарда көмірді опыру, тіреу, қысымды игеру процестерін, адамдардың әрдайым қатысуынсыз орындайды. Агрегат, тасыма штректе орналасқан пульт арқылы дистанциялық басқарылады.
Сурет-13.4 Қалқанды агрегаттармен жұмыс істеу технологиясы
1- қалқанды тіреу, 2 - конвейерлі жоңғыш, 3 - желдетпе пеш, 4 -кемір түсіргіш пеш; а - 1АШМ, б- ІАНШ қалқанды тіреулері.
Әдебиеттер: 1:нег. [266-285]
Бақылау сұрақтар:
1) Көмір тақталарының дайындығының түрлері;
2) Тақталы дайындықты артықшылығы;
3) Далалық дайындықтың ерекшелігі;
4) Аралас дайындықтың артықшылығы.
