- •5В070700 - «Тау-кен ісі» мамандығына арналған
- •1 Пәннiң оқу бағдарламасы – sillabus
- •1.1 Оқытушылар туралы берілгені:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттері:
- •1.5 Білімді бағалау жүйесі
- •1.6 Курыстың саяасаты мен процедурасы.
- •Әдебиет тізімі
- •2 Пәннiң мазмұны
- •2.1 Дәрістік сабақтар тақырыбының атаулары және олардың мазмұны.
- •1 Дәріс. Тау-кен саласындағьі негізгі ұғымдар мен түсініктер.
- •2 Дәріс . Шақты үстіндегі құрылыстар мен ғимараттар
- •3 Дәріс. Кеніштің негізгі параметрлерін анықтау
- •4 Дәріс. Көмір және руда кенорындарын ашу
- •5 Дәріс. Тақталы кен орындарын ашу
- •6 Дәріс . Руда кеніштерін ашу
- •7 Дәріс. Шақты оқпандарын салу орындарын таңдау. Негізгі ашу қазбасы түсетін жерді анықтау
- •8 Дәріс. Тақталы кенорындарының қазу жүйелері
- •9 Дәріс. Тау-кен қазбаларын кендіңгектерсіз қорғау түрлері
- •10 Дәріс. Жаппай қазу жүйелері
- •11 Дәріс. Бағаналы қазу жүйелер
- •12 Дәріс. Қысқа кенжарлы қазу жүйелері
- •13 Дәріс. Тақталарды дайындау түрлері
- •14 Дәріс. Дәстүрсіз көмір қазу технологиялары
- •15 Дәріс. Жерасты толтырма жұмыстары
- •2.5 Студенттердің өзіндік жұмысының жоспары
- •2.6 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.7 “Жерасты тақталы кенорындарын игеру” пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •5В070700 – Тау-кен ісі мамандығына арналған «Жерасты тақталы кенорындарын игеру» пәні бойынша
12 Дәріс. Қысқа кенжарлы қазу жүйелері
12.1 Камералы қазу жүйелері
Қысқа кенжарлы қазу жүйелеріне камералы, камера-бағаналы, қысқа бағанды жүйелер жатады. Бұл үш жүйенің негізгі ерекшеліктері-төбе жыныстарындағы тау-кен қысымын үздіксіз және уақытша кендіңгектер арқылы игеруде, ал көмірді қысқа кенжарлармен қазып алуда.
Камералы қазу жүйелерінде тазарта жұмыстары камералар ішінде өтеді, олардың араларында міндетті түрде қайта алынбайтын кендіңгектер қалдырылады. Камералар, қабылданаған қазу технологиясы түрі мен көлік жабдығына сәйкес, тақтаның созылым бағытында қажетті бұрышпен орналасады. Сондықтан, оларды панелдік және этаждық дайындықтың кез келген вариантында пайдалана беруге болады.
Камералар жүйелі және кезеңді түрде орналасулары мүмкін. Бірінші жағдайда, камерааралык өлшемдері бір жобалы технологиялық діңгектер қалдырылса; екіншісінде, олардан басқа этаж немесе панел бойынша учаскелерге бөлетін тағы діңгектер бар. Камерааралық және учаскелік діңгектер тау-кен қысымынан сақтандыру үшін пайдаланылады. Камералар еңі жанасты жыныстар тұрақтылығына байланысты 4-12 м, ал ұзындықтары - 200- 300 м дейін құрайды. Камерааралық діңгектер ені -2-6 м, учаске жағдайында - 5- 10 м.
Қазба учаскелерінің жазылым бағытындағы ұзындықтары (төбе жыныстарының құлау уақытына тәуелді) 50 - 150 м аралығында таңдалып алынады.
Камералар көмірі бұрғылау-жару не механикалық әдіспен қазылып алынады.
Көмір жоғалымының мөлшері жоғары болғандықтан ТМД елдерінде камералы қазу жүйелері сирек пайдаланылады (40 пайыздан аспайды). Осындай технология негізінен тас тұздарын, құрылыс материалдарын, жанба тақта тастарды қазуда қолданылады.
Тақталардың тау-геологиялық жағдайлары қолайлы (саяз және жазық жатуы, орташа қалыңдықты, турақты жыныстар арасында орналасуы, газдың аздығы және тағы басқалар) және жабдықтар өнімділігі мен беріктігі жоғары болғандықтан камералы қазу жүйелері АҚШ, Канада, Австралия және тағы басқа мемлекеттерде кеңнен пайдаланылады.
Негізгі технологиялық жүйеге комбайндармен көмір қазу әдісі жатады. Олар, камера ішінде үздіксіз немесе үзілісті жұмыс істеуі мүмкін. Үзілісті әдісте комбайнның маневр жасауына мүмкіншілік беріледі. Үздіксіз әдісте комбайн жүктиегіш машинамен бірге жұмыс атқарады. Жүктиегіш машинасы арқылы көмір өзіжүргі вагоншаларға тиеледі. Учаскеден көмір тасымалдау үшін камералық, кенжарлық және құранды конвейерлер қолданылады. Құранды конвейрлер бүктелмелі, телескопты және көпірлі болып бөлінеді.
Комбайнмен жұмыс істейтін камералы қазу жүйесінің бір түрі 12.1-суретге көрсетіледі.
1-көмір қазатын комбайн; 2-конвейр
12.2 Камералы – бағаналы қазу жүйелері
Камера-бағаналы қазу жүйелері қалындықтары 1,5-3,0 м, құлама бұрыштары 15 градус, тереңдіктері 300 м дейінгі, бүйір жыныстары тұрақты және орташа тұрақты, ал газдылығы 10м3/т аспайтын көмір тақталарын қазып алу үшін пайдаланылады. Жұмыс қауіптілігін сақтау мақсатында бұл жүйелерді көмірі өздігімен жанатын, кенеттен лақтырыс пен тау-кен соққысына бейімді тақталарда қолдануға тыйым салынады.
Бұл технологияны төбе жыныстары ауыр опырылатын, табан жыныстары ісінгіш, қалындықтары өзгермелі, геологиялық бұзылымдары бойынша жиі шағын учаскелерге бөлінетін (300 м дейін) күрделі тақталарда және қисық пішінді алабтарда пайдалануға болады.
Тазарта және дайындау жұмыстарын толық механикаландыру, сол сияқты, жоғары өнім алу мақсатында бұрғы немесе комбайннан тұратын жылжымалы жабдықтар кешені, өздігімен жүретін жүк вагоншалары, телескопты конвейрлер, қарнақ орнатқыштар мен жүктиегіш машиналар қолданылады.
Камералы-бағаналы қазу жүйелерін дайындау тәртібі келесідей. Шақты алабы тақта жатысы жағдайымен байланыстырыла панельдерге бөлінеді. Панельдік көлбеу үңгірлерден, ендері 3,6-5,4 м, екі трек өткізіліп қарнақтармен бекітіледі (12.2-сурет). Ярустың көлбеу биіктігі 160-200м шамасында жобаланады. Панель ярустары кері бағытта қазылып алынады.
Тазарта жұмыстары камераларды алғаннан кейін кендіңгектерде жалғасады. Ені 5,4 м камералар өрлеме бағытында ярустың бүкіл биіктігі бойынша қазылып, қарнақтармен бекітіледі. Камерааралық діңгектер ені 12-15м құрайды.
Сурет-12.2 Кендіңгектерде кірме қазбалар арқылы қиғаштап алатын камерал-бағаналы қазу жүйесі
1-көмір қазу комбайны; 2-өздігінен жүретін вагонша; 3-өздігінен жүретін бұрғылау арбасы; 4- телескопты конвейердің тартқыш станциясы; 5- конвейер жолы.
Бір-бірімен 35-40м сайын түйіспелер арқылы қосылып тұратын, алғашқы екі камера өткізіледі. Шығыс жолы қызметі мен желдету процесін қоса атқаратын екінші камера өткізілген соң комбайн жедетпе штрек ішімен бірінші камераға бағытталады. Одн төмен қарай диагонал орналасқан кірме қазбалар арқылы камерааралық діңгектердің қазылуы басталады. Кірме қазба дегеніміз – қазылған кеңістікке жанаса орналасқан немесе қазба жұмыстары кезінде шағын кендіңгектер арқылы уақытша ажырасқан, тазартпа үңгі. Кірме неі 7,2м шамасында болса, аралықтарындағы кендіңгектер ені 1,0-1,5м құрайды. Камерааралық кендіңгектер тіреусіз қазылып алынады.
Кендіңгектер алынған соң жаңадан үшінші камера өткізіледі, ал екінші камерадан кезекті кендіңгектің қазба жұмысы басталады.
Камералардағы көмірді тасымалдау мақсатында ярустық штректе ленталы конвейер орнатылады. Алғашқы, ұзындығы 35-40м, камераларды комбайнмен өткізген кезде көмір конвейерге өздігімен жүретін немесе төнкерілетін вагоншалар арқылы тасымалданады.
Камерааралық кендіңгекті қазып аларда телескопты конвейер іргелес камерада қалдырылады. Кендіңгектер қазылып алынған сайын конвейер қысқартылып отырады.
Өздігімен жүретін вагоншалармен артылған көмір, конвейерге түйіспе қазбалар арқылы жеткізіледі. Тасымалдау жолының ұзындығы 15 метрден 60 метрге дейін болуы мүмкін.
Көмір өндіру аусымдарында 7-9 кеншілер жұмыс істейді, ішінде машинист пен оның көмекшісі де бар.
Камералы-бағаналы қазу жүйелерінің негізгі артықшылықтары болып тазарта және дайындық жұмыстарын орындау үшін біртектес жабдықтарды пайдалану мүмкіншілігі мен тазартпа жұмыстарының жоғары техника-экономикалық көрсеткіштері саналады.Кемшіліктері қатарында көмірдің үлкен жоғалымы (35% астам) мен тақталар құлама бұрышы, газдылығы және тау-кен жұмыстары тереңдігі бойынша шектелуін айтуға болады.
Әдебиеттер: 1:нег. [242-247]
Бақылау сұрақтар
1) Қысқа кенжарлы қазу жүйесін қолдану шарты;
2) Камералы-бағаналы қазу жүйесінің артықшылықтары;
3) Кірме дегеніміз не?
