Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_aleumet.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363.01 Кб
Скачать

22.Сұрақ алу әдісі: сұхбат, оның түрлері

Сұхбат социологтың сұраушы мен тікелей байланысына негізделіп, белгілі бір тақырып бойынша әңгіме өткізу арқылы социологиялық ақпараттар жинаудың барынша қолайлы әдісі.

Әлеуметтік сұхбат жүргізгенде сұхбат алушы социолог пен сұралушы арасындағы байланыс тікелей болады; сұхбатжүргізуші сұхбатты ұйымдастырады, сұрақтар қояды, әңгімелеседі, оны бағыттап отырады, алынған жауаптарды жазып алады. Сұхбатты жүргізуші сұралушы сұрақтарды түсінбеген кезде түсіндіреді, сұралушының көзқарасын нақтылай түседі, оларды сұрау парақшасына толырақ түсіру үшін қосымша мағлұматтар сұрайды.

Бір көлемдегі мағлұматтарды алу үшін анкеталық сұрауларға қарағанда сұхбат әдісін қолданған кезде уақыт көлемі жағынан көбірек қажет етеді.сұхбат жүргіу үшін қосымша қаржы және уақыт шығынын қажет ететін арнайы дайындалған штатағы адамдар керек. Сұхбат ұзақ уақытқа созылуы мүмкін; бірақ бұл барлық уақыттарда сұрау нәтижелеріне оң әсер ете бермеуі мүмкін.

Сұхбат жүргізуші мынандай міндеттерді атқарады:

• Сұраушылармен байланыс орнату;

• Сұхбаттың сұрақтарын дұрыстап қою;

• Жауаптарды дұрыс тіркеу

Сұхбат жүргізушінің міндеті сұхбатты ұйымдық жағынан дайындау, қажетті сұралушыларды табу,оларды зерттеуге қатысуға шақыру. Сұралушылармен жұмыстың өн бойында зерттеуші әлеуметтік- психологиялық жағдайды, достық атмосфераны қамтамасыз етіп отырады; онсыз сұралушының шынайы екендігіне көз жеткізу қиын.Социологиялық мағлұматтар жинауды аяқтаған соң сұхбас алушы зерттеу орталығына сұхбатты толтырылған бланкілерін

23.Тәжірбие жүргізу әдісі

Тәжірибеде зерттелетін оқиғаның жағдайын жоспарлы түрде басқару арқылы себепті байланыстары туралы болжамдар тексеріліп, сыни тұрғыдан қарастырылады. Ол қарастырылып отырған құбылыстың белгілі бір гипотетикалық моделін жасауға негізделіп, оның негізгі параметрлірі, өзара және басқа да құбылыстармен байланыстары, сондай ақ байланыстарының себеп салдары бағыттары айқындалады. Тәжірибеде зерттелетін осы модельдердін көмегімен құбылыс өзгермелі жүйе ретінде сипатталады; оның ішінде іс әрекетті басқаруға бағынып, тәжірибенің бақылпуындағы тәуелсіз өзгермелісі ерекшеленеді.

Экспериметтің бұл жалпы анықтамасы оның социологиялық саласындағы сипаттамасына да қатысты. Сондықтан да әлеуметтік тәжірибенің негізгі белгілеріне:

  • Зерттеушінің зерттеліп отырған құбылыс жүйесіне белсенді түрде араласуы;

  • Шартты түрде дербес тәжірибелік факторларды жоспарлы түрде енгізіп отыру, олардың түрліше болуы, басқа да факторлармен ауыстырыруы;

  • Барлық себепті факторларды жоспралы түрде бақылап отыру.

  • Тәуелді өзгерістердің өзгеру тиімділігі өлшеніп, олардың әсеріне айналуы жатады. Әрине социологтарға жаратылыстану ғылымдарында қалыптаасқан тәжірибелеге қойылатын талаптарды толық көлемінде орындау қиын.

Тәжірибенің құрылымы оны ұйымдастыру мен өткізу кезеңдеріне тікелей байланысы. Алғашқы кезең теориялық сипатта болады. Оның барысында социолог айқындап, оның нысаны мен пәнін, зерттеудің тәжірибелік міндеттерімен болжамдары белгілейді; проблема негізгі міндеттерге қарай анықталады.Екінші кезеңде тәжірибе жасаудың бағдарламасы оның қалай өтетіндігі, барлық элеметтері көрсетілген құжат жасалады. Үшінші кезеңде тәжірибенің бағдарламасы жүзеге асады. Оның барысында ойластырылған тәжірибе, оның кезендерімен барлық жүру тәртібі, яғни экспериментальды жағдай тікелей жүзеге асады.Төртінші кезеңде тәжірибе жасаудыңм барысында алынған нәтижелер талданып, бағаланады, алға қойған мақсат орындалды ма, зерттеу болжамы дәлелденді ме деген сауалдарға жауап береді.

Зерттеу жүргізудің сипатына қарай тәдірибелер реалды және ойша болып бөлінеді. Реалды болжамды тексеру әлеуметтік қызметтің жағдайын жоспарлы түрде басқару арқылы жүзеге асады. Ал тәжірибені оймен жүргізуде болжамды тексеру өмір құбылыстары емес, олар туралы мағлұматтар арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік тәжірибенің кең таралған түріне реалды және ойша экономикалық тәжірибелер жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]