- •Әлеуметтану ғылымының нысаны мен пәні
- •2.Әлеуметтанудың гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •6.ХіХғ.ІІжарт. Ресейдегі ә-к ағымдар
- •7. Хх ғ. Ресей ә-у/ң дамуы
- •8.Қазақстандағы әлеуметтік ойлар(қазақ ағартушыларының ә-к теориялары)
- •9.Қазақ зиялыларының әлеуметтік ойлары
- •12.М. Вебердің “Түсінікті әлеуметтануы.”
- •13.Э.Дюркгеймнің ә-уы
- •14.Г.Спенсердің эволюциялық даму теориясы
- •15.ХХғ Іжарт ә-к теориялар(Мэйо, Парсонс,Мертон,Зиммель,Сорокин)
- •18.Әлеуметтанушылық зерттеу бағдарламасы
- •19.Әлеуметтанушылық зерттеудегі болжам ж/е оның жіктелуі
- •20.Әлеуметтанудағы сұрыптау тәсілі
- •21.Сұрақ алу әдісі:анкета
- •22.Сұрақ алу әдісі: сұхбат, оның түрлері
- •23.Тәжірбие жүргізу әдісі
- •24.Бақылау әдісі
- •25.Құжаттарды талдау әдісі
- •26.Алғашқы әлеуметтанушылық ақпараттарды талдау. Зерттеу қорытындысын шығару
- •28.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтар
- •32.Әлеуметтік тәртіп
- •33.Тұлғаның тәртібін әлеуметтік бақылау
- •34.Мәдениет түсінігі және оның түрлері
- •35.Мәдениеттің негізгі элементтері
- •36.Қазақстандағы мәдениеттің даму тенденциялары
- •37.Этнос қауымдастығы
- •38.Ұлттық-этникалық қатынастар
- •39.Қазақстанның ә-к құрылымы ж/е жаңа страттардың пайда болуы
- •41. Маргиналдық процесс
- •42.Отбасы ә-к институт ретінде
- •43.Отбасы-неке қатынастарының тарихи түрлері мен формалары
- •44. Жас отбасы және оның міселелері
- •46.Ұлтаралық қайшылықтар
- •48.Қазіргі білім жүйесіндегі тенденциялар мен мәселелер.
- •49.Экономикалық әлеуметтану
- •50.Нарықтық экономиканың ә-к мәселелері. Жұмыссыздық мәселесі
18.Әлеуметтанушылық зерттеу бағдарламасы
Қолданбалы социологиялық зерттеулер негізінен төмендегідей кезеңдерге бөлінеді: 1) дайындық кезеңі; 2) жорық кезеңі; 3) мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезеңі; 4) мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі. Қолданбалы социологиялық зерттеудің дайындық кезеңінде әртүрлі жұмыстар, ғылыми және практикалық амалдар атқарылады. Дайындықтың сапалылығы болашақта жиналатын мағлұматтардың сапалылығын қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде тақырып анықталып, теориялық тұжырымдама, бағдарлама жасалады, іріктеу өлшемдері анықталады. Мағлұмат жинауға арналған әдістемелік құжаттар жасалып, зерттеу ауқымы мен құралдары анықталады, зерттеу топтары қалыптасады, жұмыс кестесі жасалады, ұйымдастыру шаралары жүргізіледі, жұмысты материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты мәселелер шешіледі. Жорық кезеңі (немесе алғашқы мәліметтерді жинау кезеңі) мағлұматтарды "алаңнан” (жеке адамдардан, аудиториялардан, сыныптардан, үйден, мекемеден, т.б) жинаумен байланысты. Мағлұматтар зерттеу бағдарламасына сәйкес әртүрлі сұрау жүргізу анкеталық, сұқбаттық, эксперттік,т.б) бақылау, құжаттарды талдау жасау, эксперимент сияқты тәсілдер көмегімен жасалады. Кейбір жағдайларда, (мағлұматтар аз болғанда) мағлұматтарды өңдеу, қолмен атқарылады. Мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезінде жиналған мағлұматтардың барлығы іріктеу өлшемдерінен ауытқуын тексеру тұрғысынан зерттеледі. Тексеру жұмысы әдістемелік құжаттардың дәлдігі мен толықтығына байланысты. Мұнымен қоса бұл кезеңде ашық сұрақтарды кодпен белгілеу жүзеге асады. Мағлұматтарды компьютерде өңдеудің логикалық бағдарламасы жасалады. Кейбір жағдайларда, (мағлұматтар аз болғанда) мағлұматтарды өңдеу қолмен атқарылады.
19.Әлеуметтанушылық зерттеудегі болжам ж/е оның жіктелуі
Болжам дегеніміз – зерттелінетін социологиялық нысанның құрылымы, оның құрамдас бөліктері арасындағы байланыстардың сипаты, әлеуметтік проблеманы шешудің мүмкін жолдары жайлыалдын ала жасалынған пайымдаулар. Болжам – ғылым дамуының деңгейін көрсететін білім түрі де болып табылады. Бірақ социологиялық зерттеулерде нақтылы бір проблеманы қарастыруға қажетті теориялық білімдер қоры барлық уақытта бола бермейді. Жұмыс болжамдары деп құбылыс пен процесті алдын ала түсіндіретін және зерттеудің алғашқы сатысында қолданылатын болжамдарды айтамыз.
Болжам жасауға белгілі бір талаптар қойылады. Болжам арнайы не жалпы социологиялық теорияға сәйкес, ғылыми негізді (яғни дәлелденгенге қайшы келмейтін), зерттелінетін проблема бойынша мағыналы, эмпириялық жолмен тексерілетін, логикалық тұрғыдан қайшылықсыз балуы керек.
Болжам жасаудың негізгі қиындығы оның зерттеу мақсаты мен міндетіне сай келіп, ұғымдарының анық ойдың екі ұшты болмауына байланысты.
Ереже бойынша эмпирикалық зерттеу алдын ала сұрыпталған жиынтық нысанға жүргізіледі. Сұрыптаудың түрі мен тәсілі зерттеудің түріне, оның мақсаты мен болжамына тікелей байланысты. Талдамалық зерттеудегі сұрыптауларға неғұрлым қатаң талаптар қойылады. Олардың ішіндегі ең бастысы – оның репрезентативтілігі, яғни сұрыпталған жиынтық бас жиынтықтың негізгі сипаттамаларын білдіруі қажет.
Сұрыптау тәсілі екі принципті шартқа негізделген: 1) зерттеу нысаны сапалық сипаттамасының өзара байланыстылығы мен шарттылығы; 2) құрылымдық жағынан біртұтас бас жиынтықтың шағын моделі болып табылатын оның бөліктерін қарастыру негізінде алынған тұжырымдардың бүгінге айналуға да қақылығы.
Сонымен, бағдарлама зерттеу жұмыстарының белгіленген бағытта жүргізілуін ұйымдастырып, бағыттап, оның жүзеге асыру жолдарын көрсетіп отыратын өзіндік бір темірқазық сияқты.
Бағдарламаны дайындау жоғары кәсіптік билікті, уақытты қажет етеді. Ереже бойынша, оны жетекші мамандар даярлайды; ал оны жасауға зерттеу ісінің өзіне кететін уақыттан артық болмаса, кем уақыт кетпейді. Эмпириялық социологиялық зерттеудің жетістігі көбіне жүргізу бағдарламасының сапасына байланысты.
