- •Әлеуметтану ғылымының нысаны мен пәні
- •2.Әлеуметтанудың гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •6.ХіХғ.ІІжарт. Ресейдегі ә-к ағымдар
- •7. Хх ғ. Ресей ә-у/ң дамуы
- •8.Қазақстандағы әлеуметтік ойлар(қазақ ағартушыларының ә-к теориялары)
- •9.Қазақ зиялыларының әлеуметтік ойлары
- •12.М. Вебердің “Түсінікті әлеуметтануы.”
- •13.Э.Дюркгеймнің ә-уы
- •14.Г.Спенсердің эволюциялық даму теориясы
- •15.ХХғ Іжарт ә-к теориялар(Мэйо, Парсонс,Мертон,Зиммель,Сорокин)
- •18.Әлеуметтанушылық зерттеу бағдарламасы
- •19.Әлеуметтанушылық зерттеудегі болжам ж/е оның жіктелуі
- •20.Әлеуметтанудағы сұрыптау тәсілі
- •21.Сұрақ алу әдісі:анкета
- •22.Сұрақ алу әдісі: сұхбат, оның түрлері
- •23.Тәжірбие жүргізу әдісі
- •24.Бақылау әдісі
- •25.Құжаттарды талдау әдісі
- •26.Алғашқы әлеуметтанушылық ақпараттарды талдау. Зерттеу қорытындысын шығару
- •28.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтар
- •32.Әлеуметтік тәртіп
- •33.Тұлғаның тәртібін әлеуметтік бақылау
- •34.Мәдениет түсінігі және оның түрлері
- •35.Мәдениеттің негізгі элементтері
- •36.Қазақстандағы мәдениеттің даму тенденциялары
- •37.Этнос қауымдастығы
- •38.Ұлттық-этникалық қатынастар
- •39.Қазақстанның ә-к құрылымы ж/е жаңа страттардың пайда болуы
- •41. Маргиналдық процесс
- •42.Отбасы ә-к институт ретінде
- •43.Отбасы-неке қатынастарының тарихи түрлері мен формалары
- •44. Жас отбасы және оның міселелері
- •46.Ұлтаралық қайшылықтар
- •48.Қазіргі білім жүйесіндегі тенденциялар мен мәселелер.
- •49.Экономикалық әлеуметтану
- •50.Нарықтық экономиканың ә-к мәселелері. Жұмыссыздық мәселесі
14.Г.Спенсердің эволюциялық даму теориясы
Орта ғасырлық позитивизмнің негізін салушылардың бірі, ағылшындық психолог – Герберт Спенсер (1820-1903) болды. Ол дүниедегі құбылыстарды танығанымызбен олардың мәнін түсініп біле алмаймыз дейді. Оның эволюциялық тұжырымдамасы әлеуметтік көзқарасымен қоғамның органикалық теориясы деп аталатын іліміне негіз болды. Спенсер социализмге қарсы болып, революцияны қоғамдық организмнің «індеті» деп есептеді. Мемлекет («саяси агрегат», «саяси қоғам») тірі организм сияқты бөлшектері бір-бірімен қатынаста болады. Мемлекетте дифференциация және мамандану да болады. Спенсер капиталистік бәсекені жоғары бағалады. Мемлекеттің екі типін көрсетті: біріншісі – қарапайым немесе жыртқыш; екіншісі – жоғарғы немесе индустриалды. Біріншісінің шұғыл¬данатыны – соғыс, екіншісінікі – ішкі шаруашылық тұрмысты ұстап тұру және бұл ретте құрылатын ұйым кеңінен дамиды. Қазіргі буржуазиялық саясаттануда Спенсердің бюрократия туралы, саяси ұйымдарды зерттеудегі жүйелі, құрылымдық-функциялық талдау, ұқсастық табу әдістері кеңінен қолда¬нылуда.
Спенсер капиталистік бәсекені жоғары бағалады. Мемлекеттің екі типін көрсетті: біріншісі – қарапайым немесе жыртқыш; екіншісі – жоғарғы немесе индустриалды. Біріншісінің шұғыл¬данатыны – соғыс, екіншісінікі – ішкі шаруашылық тұрмысты ұстап тұру және бұл ретте құрылатын ұйым кеңінен дамиды. Қазіргі буржуазиялық саясаттануда Спенсердің бюрократия туралы, саяси ұйымдарды зерттеудегі жүйелі, құрылымдық-функциялық талдау, ұқсастық табу әдістері кеңінен қолданылуда. Герберт Спенсер (1820-1903) XIX ғасырдың эволюционизмнің ірі өкілі. Эволюция құбылыстар әлеміндегі жалпыға бірдей процесс, заңдылық. Эволюция баяу өтетін өзгерістер, яғни айқын емес байланыссыз біркелкіліктен, айқын байланысты әркелкілікке өту процесі. Осы заң тәжірибеден тумайды, оның түп негізі біздің ой-санамыздың табиғатында жатыр, сондықтан оны тану мүмкін емес. Дүниенің құпиясы тәжірибе арқылы берілмейді. Ғылыми танымда құбылыстың мәніне жетпейді. Философия ғылымға жақын, бірақ философиядан метафизикалық сауалдарды (дүниенің, болмыстың мәні, түпнегізі) алып тастау керек. Философияның басты міндеті ғылыми нәтижелерді жинақтау.
Эволюция заңдылығын Г. Спенсер биологияға, психологияға, социологияға, этикаға қолданды: Қоғам – тірі организм. Қоғам “мүшелердің” (орган) үш жүйесінен қажетті өнімдерді шығарып тұрады: яғни қамтамасыз ететін жүйе; еңбек бөлімінің негізінде әлеуметтік организмнің байланысын қамтамасыз ететін жүйе; реттеу жүйесі (мемлекет). Организм сияқты қоғам дамиды, құрылмайды.
15.ХХғ Іжарт ә-к теориялар(Мэйо, Парсонс,Мертон,Зиммель,Сорокин)
ХХ ғасырдың әлеуметтануы 20-30ж бастап 2000жылға дейінгі уақытты қамтиды.
Мэйо өзінің тәжірбиелік зерттеулерін 1927-1932 жылдары Вестерн Электрик Компани»кәсіпорнында жүргізді. Ол АҚШ-тағы өнеркәсіптік әлеуметтанудың негізі қалаушылардың бірі. Мэйоның Хоторн қаласында қолданылған тәжірибесінің басты міндеті өндірістің тиімділігін арттыру бағытындағы қосымша факторларды іздестіру болды.
Теориялық зерттеулерге П.Сорокиннің методологиялық ж/е теориялық тұжырымдамалары да ықпал етті. «Әлеуметтану жүйесі» атты туындысында Сорокин әлеуметтанудың ғылыми принциптерін жан-жақты, толық етіп баяндайды. Сорокин әлеуметтануды теориялық ж/е практикалық деп бөледі теориялық ә-уды ол 3бөлімге: ә-к аналитикаға, ә-к механикаға, ә-к генетикаға бөледі. Өоғамның біртекті еместігі, оның түрлері әлеуметтік топтарға объективтік бөлінуі П.Сорокиннің әлеуметтік стратификация және ә-к мобильділік теорияларынан көрініс тапты. Бұл теориялар б-ша бүкіл қоғам әр түрлі қабаттарға-страттарға бөлінеді, олар өзарасында табыс деңгейлеріне, қызмет түрлеріне, саяси көзқарастарына, мәдени бағдарларына қарай өзгешеленеді. Ә-к стратификацияның негізгі формаларына Сорокин экономикалық, саяси жағдайды және кәсібилікті жатқызған. Оның пікіріне қарағанда ә-к стратификация қоғамның табиғи және әдеттегі қалыпты жағдайы. Ол қоғамда орын алып отырған қоғамдық еңбек бөлінісі, мүлік теңсіздігі, түрлі саяси бағдарлар ж/е тағы басқаларымен объективті түрде қамтамасыз етіледі.Сорокин әлеуметтік мобильділікті де әлеуметтік стратификация сияқты табиғи және сөзсіз болатын құбылыс деп қарайды. Әлеуметтік мобильділік әлеуметтік стратификация негізінде жүреді. Сорокин ірі әлеуметтанымдық тұжырымдамалардың авторы ретінде белгілі болған ғалым. Осы тұжырымдамалардың көмегімен ол дүниедегі өзгерістерді түсіндіруге талпынады. Бұлардың бірі-әлеуметтік-мәлени динамика тұжырымдамасы. Екіншісі-қоғамның интегралдық жақындау түрінің тұжырымдамасы. Әлеуметтік –мәдени динамикалық тұжырымдамасы-әлеуметтік өзгерістердің болу кезеңдері мен қозғаушы күштерін және олардың қоғамдағы диалектикасын талдауға арналған алғашқы әрекеттердің бірі болды. Ал қоғамның тұтастығы туралы теориясында ол келешектің өзіндік нұсқасын ұсынуға ұмтылды. Бұл теория қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары мен жүйелерінің өзара байланысын түсінуге және бұлардың әрқайсысының жақсы жетістіктерін адамзат мүддесіне пайдалануға деген нақтылы шындық түріндегі көзқарастар арасындағы неғұрлым алдыңғы қатарлы теория болды.
Әлеуметтанулық тұжырымдамалардың бірі-шиеленіс теориясы. Оны негіздеген неміс әлеуметтанушысы Зиммель. Мұнда ол қақтығысты әлеуметтік процестерді талдаудың өзекті мәселесі ретіндегі адам қоғамының табиғатына тән құбылыс деп қарайды.
Парсонстың ұсынған көптеген тұжырымдамаларының ішіндегі ең елеулілері 2-еу: 1)әлеуметтік әрекет теориясы 2)құрылымдық функционалдық талдау тұжырымдамасы. Методологиялық жағынан бұл екеуі тығыз байланысты, бірақ біріншісі негіз болып табылады. Әрекеттің өзі Парсонстың пікірінше өздігінен ұйымдастырылатын жүйе. Әлеуметтік әрекет теориясында басты орынды «әрекеттер жүйесі» деген ұғым алады. Бұл жүйе туралы айтқанда Парсонс оның астарынан өзара бір-бірімен байланыстағы әлеуметтік нақтылықтың әр түрлі деңгейлерін түсіндіреді.
Әлеуметтанудағы эмпириялық зерттеуді теориялық зерттеумен біріктіру идеямын Мертон өзінің «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» деген еңбегінде өзекті мәселелрдің бірі ретінде қойды. Мертонның идеялары эмпиризмнің баса-көктеуіне қарсы, зерттеушілерді теориялық ізденістерге қатыстыруға бағытталды.
16.ХХғ 70-80ж ә-к теориялар(Хабермас, Маркузе, Шюц, Дж Мид, Гидденс)
ХХ ғ 70жылдарында Батыс әлеуметтанудың дамуында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. Феномологиялық әлеуметтану ағымының өкілдері-А.Щюц,П.Бергер,Т.Лукман. Бұлардың пікірінше, дүниені және нақты фактіні танып қабылдау адамның қайсыбір оқиғаларды түсіндіруіне болады. Щюц әлеуметтанудың ерекшелігі және индивидтің қандай мәдениетке, әлеуметтік кәсіби топқа жататыны құндылықтардағы өзгерістерге байланысты екендігін атап көрсетті. Щюц түсіну мүмкіндігі күнделікті өмір негізінің өзінде, «күнделікті дүниеде» қаланған деп тұжырымдайды. Оның пікірінше, бұл әлеуметтанудың ең басты міндетін, яғни индивидтердің субъективтік тәжірибесі негізінде әлеуметтік құбылыстардың қалыптасу процесінің объективтілігін ұғыну міндетін шешуге мүмкіндік береді.
Қазіргі Батыс әлеуметтанушыларының бірден бір қызықты және табысты ағымы символдық интеракционизм болып табылады. Бұл ағымды негіздеген-Американ ғалымы Дж.Мид. ол арнайы адам эволбциясы теориясын жасауға тырысты. Оның пікірінше, адамның ерекшелігін мінез-құлықтың негізгі реттеушісі саналатын дамыған инстинктер жүйесінің болмауы анықтайды. Адамның әрекетінің басты сипаты-символдарды қолдану.Мид әлеуметтік әрекеттің екі формасын немесе екі сатысын ажыратады: ишараттың көмегімен адамның қарым қатынас жасау сатысы; жанама қарым-қатынас жасаудың символдық сатысы. Ишарат арқылы қарым-қатынас жасау әрекеттің қысқартылған түрі секілді сипатталады, жекелеген ишараттардан әрекетті толық қалпына келтіруге болады. Символдық жанама өзара әрекет, яғни, ең алдымен, тілдің көмегімен болатын өзара әрекеттердің сипатталуы былайша жүзеге асады:а)кез келген индивидпен қарым-қатынаста бірдей реакцияны тудырады,б) өзін басқа адамның орнына қою арқылы,в)өзіне басқа адамның көзімен қарайды. Символдық жанама өзара әрекеттің пайда болуын Мид функционалдық арқылы түсіндіреді.
Гидденстің тұжырымдамасы б-ша мәдениеттерді олардың аздығына немесе кең көлемде дамығандық белгісіне қарап тізуге болмайды. Олардың бәрі де бір-бірімен тең дәрежеде құқықты.Гидденстің ойынша қазіргі біздің заманымыздағы постмодернистік типтегі қоғамда барлық әлеуметтік процестерді әлеуметтік қауымдастықтардыңмәдени белсенділігімен байланыстырған субъективтендіру идеясы басты рөл атқаратын болады деп есептейді.
Хабермас 70-80жылдары әлеуметтанымдық методология саласы б-ша еңбектер жариялады. Хабермас Франкфурт мектебінің өкілінің бірі, марксизмді жаңаша түсіндіруге тырысқан әлеуметтік-философиялық ағымның өкілі. Әлеуметтік-экономикалық категория ретінде алынған «шеттетілу» ұғымы өзекті ұғым болып саналды.
17. әлеуметтанушылық зерттеу түсінігі Әлеуметтік зерттеулер — әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз, «өзегі» ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау керек; екінші жағынан, қоғам¬дағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы — саясаттану, экономикалық теория, мәдениеттану,әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. — әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекеле¬ген құрылымдары, бөлігі, саласы қарас- тырылады. Ә.З.-ге сай белгілер: әлеу- меттік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай Әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс,әдістеме міндетті түрле қажет. Методология ұғымы гректің «метедос»,яғни таным тәсілі және «логос» ,яғни ілім деген мағына беретін сөздерден тұрады.
Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмприкалық(«эмприя»-грек сөзі тәжірибе деген мағына береді) типтері бар.Тәжірибелік зерттеу іргелі және қолданбалы болып екіге бөлінеді.Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі зерттеліп қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсініктерді жетілдіру мен дамыту болып саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы шешуге арналады.
Бүгінгі күннің назар аударарлық әлеуметтік тұрғысында жаңа білім алуға бағытталған қызмет түрін әлеуметтану ғылымының зерттеуі деп атайды. Әлеуметтік құбылысқа өндірістегі жағдай, қайсібір мәселелер жөніндегі қоғамдық пікір т.б жатады. Ғылыми ізденіске кіріспес бұрын нені зерттейміз, кімдерден ақпарат аламыз, зерттеуді қай жерде өткіземіз т.б сауалдарға жауап қайтаруымыз қажет.
Әлеуметтану зерттеуі ғылыми ізденістің күрделілігіне қарай:барлаушылық,суреттемелік,талдаушылық болып үшке бөлінген.
Бұлардың арасында талдаушылық(аналитикалық) зерттеу әдісі күрделісі болып есептеледі.Талдаушылық зерттеу әдісі кезінде зерттелетін құбылыс суреттелумен қатар оны тудырған баст-басты себептер де анықталуы керек.
Суреттемелік зерттеу ізденістің өте қарапайы түрі болып есептеледі.Мұның басты мақсаты-зерттелетін құбылыс пен оның құрылымдық элементтері жөнінде мағлұмат алу.
Зерттеудің кеңінен тараған түріне барлаушылық зерттеу жатады. Ол күрделі бағдарлама дайындауды талап етеді,алайда шамалы көлемдегі зерттеу құралдарын қолданып,шағын топтарда сауалнама жүргізу мүмкіндігін сақтайды.
Ғылыми ізденістің жолдарын көрсететін және әдістеме шарттарын қамтитын құжаттарды зерттеу бағдарламасы деп атайды. Бағдарлама методологиялық,әдістеме,зерттеуді ұйымдастыру тарауларынан тұрады.
Әлеуметтануда әлеуметтік проблемалар бес белгіге:1)зерттеудің мақсатына қарай;2)проблеманы алға қарай алып жүрушілерге сәкес;3)проблеманың таралу көлеміне қарай;4)қарама-қайшылықтың әрекет ету уақытына қарай;5)оның тереңдік деңгейіне байланысыт топасатды.
1. Зерттеу мақсатына қарай проблемалар гнесологиялық және пәндік сипаттағы деп ажыратылады
2. Өзін «алып жүрушісіне» орай проблемалар әлеуметтік-демографиялық,ұлттық,кәсіптік,саяси және басқа да топтардың т.б мүдделеріне қатысты қарама-қайшылық ты айқындайды.
3. Таралу көлеміне қарай әлеуметтік прблемалар:аудандық,қалалық т.б болады.
4. Қарама-қайшылықтың әрекет ету уақытына сәйкес проблемалар қысқа,орта және ұзақ мерзімді болуы ықтимал.
Зерттеу жұмысына орай жасалатын келесі талап сол-оның мақсаттарын анықтау қажет.
Мақсат-әлеуметтік зертеуді қолданбалы және теориялық салаларға бөліп қарастыруды көздейді.
Нақыт әлеуметтанулық зерттеулеріне бір мақсатқа байланысты әдіснамалық,әдістемелік және ұйымдық –техникалық әрекеттер кіреді. Зерттеулер бір-бірін дәйекті ауыстыратын 4 кезеңнен тұрады:
1)зерттеуді дайындау,2)бастапқы мәліметтерді жинау ,3)жиналған мәліметтерді өңдеуге дайындау-сауалнамалар мен жазбалар түрінде және электронды есептеу машинасында өңдеу,4)өңделген мәліметтерді талдау.
Социологияда зерттеулер жоспарлаудан басталады. Ол түбегейлі құжат болып саналады. Бірінші кезеңде зерттеуді талқылау мен бекіту тәртібі белгіленеді. Екінші топқа жоспарда белгіленетін барлық ұйымдар және әдістемелік жұмыс түрлері кіреді. Төртінші топқа мәліметтерді өңдеп,алынған нәтижелерін сараптау жұмыстарының барлық түрлері кіреді.
Ғылыми болжам (гипотеза)-ол бүкіл зерттеу үдерісін ұйымдастырушы негізгі тәсілнамалық құрал.
Социологиялық зерттеудің бағдарламасыныңәдістемелік бөлігіне зерттелетін жиынтықты анықтау бірінші кезекте тұрады. Одан кейін бастапқы әлеуметтанулық мәліметтерді жинауда пайдаланылатын тәсілдеріне сипаттама беріледі ;осы мәліметтерді жинайтын құралдарының құрылымы енгізіледі. Соңында есептеу құрылғысына жинақталған бастапқы мәліметтерді өңдеуге дайындап береді.
