- •Әлеуметтану ғылымының нысаны мен пәні
- •2.Әлеуметтанудың гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •6.ХіХғ.ІІжарт. Ресейдегі ә-к ағымдар
- •7. Хх ғ. Ресей ә-у/ң дамуы
- •8.Қазақстандағы әлеуметтік ойлар(қазақ ағартушыларының ә-к теориялары)
- •9.Қазақ зиялыларының әлеуметтік ойлары
- •12.М. Вебердің “Түсінікті әлеуметтануы.”
- •13.Э.Дюркгеймнің ә-уы
- •14.Г.Спенсердің эволюциялық даму теориясы
- •15.ХХғ Іжарт ә-к теориялар(Мэйо, Парсонс,Мертон,Зиммель,Сорокин)
- •18.Әлеуметтанушылық зерттеу бағдарламасы
- •19.Әлеуметтанушылық зерттеудегі болжам ж/е оның жіктелуі
- •20.Әлеуметтанудағы сұрыптау тәсілі
- •21.Сұрақ алу әдісі:анкета
- •22.Сұрақ алу әдісі: сұхбат, оның түрлері
- •23.Тәжірбие жүргізу әдісі
- •24.Бақылау әдісі
- •25.Құжаттарды талдау әдісі
- •26.Алғашқы әлеуметтанушылық ақпараттарды талдау. Зерттеу қорытындысын шығару
- •28.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтар
- •32.Әлеуметтік тәртіп
- •33.Тұлғаның тәртібін әлеуметтік бақылау
- •34.Мәдениет түсінігі және оның түрлері
- •35.Мәдениеттің негізгі элементтері
- •36.Қазақстандағы мәдениеттің даму тенденциялары
- •37.Этнос қауымдастығы
- •38.Ұлттық-этникалық қатынастар
- •39.Қазақстанның ә-к құрылымы ж/е жаңа страттардың пайда болуы
- •41. Маргиналдық процесс
- •42.Отбасы ә-к институт ретінде
- •43.Отбасы-неке қатынастарының тарихи түрлері мен формалары
- •44. Жас отбасы және оның міселелері
- •46.Ұлтаралық қайшылықтар
- •48.Қазіргі білім жүйесіндегі тенденциялар мен мәселелер.
- •49.Экономикалық әлеуметтану
- •50.Нарықтық экономиканың ә-к мәселелері. Жұмыссыздық мәселесі
12.М. Вебердің “Түсінікті әлеуметтануы.”
Әлеуметтанудың дамуына он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басында маңызды үлес қосқан неміс ойшылы Макс Вебер (1864-1920) болды. Оның әлеуметтануы қазіргі кезде қайта өркендеуде. М. Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының көптеген жақтары қайтадан ой елегінен өткізіліп, пайымдалуда. Оның дайындаған әлеуметтік таным методологиясы, түсіну концепциясы, идеалдық типтер тұжырымдамасы, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері өмірде қолданылып отыр. М. Вебер түсінуші әлеуметтану концепциясын жасап дамытты, оның міндеттеріне: біріншіден, адамдардың өз талаптарына ұмтылуы қандай ойластырылған әрекеттер арқылы іске асатынын және қандай дәрежеде, қандай себептермен бұларды олардың жүзеге асыра алатынын немесе асыра алмауын ұғынып, түсіндіру; екіншіден, әлеуметтанушыға түсінікті болған олардың талаптарының салдарлары басқа адамдардың мінез-құлқына қалай әсер ететінін ұғындыру негізге алынды. М. Вебер өзінің түсінуші әлеуметтануында құндылықтар проблемаларынан, соның ішінде мораль, саясат, эстетика, діни құндылықтар мәселелерінен айналып өте алмады. Бұл жерде әңгіме аталмыш құндылықтар жөніндегі субъектінің саналы түрдегі түсінігі туралы болып отыр. Өйткені олар субъектінің қызметі мен мінез құлқының мазмұнын және бағытын анықтайды. Сонымен бірге әлеуметтанушы да белгілі бір құндылықтар жүйесін басшылыққа алады. Бұл оның зерттеуінің барысына және нәтижесіне сөзсіз әсер етеді. М. Вебер құндылықтар проблемасын шешудің жолдарын ұсынды. Неокантшылдар аталмыш құндылықтарды тарихтан да бұрын болды деп қарастырды. М. Вебер құндылықты қайсыбір тарихи дәуірдің қалыптасуы ретінде, дәуірге тән мүдделердің бағыттары ретінде қарастырды. Сөйтіп, тарихтан бұрынғы деп жүрген құндылықтар тарихқа қайтарылды. Құндылықтарды осылайша қарастыру - адамдардың санасын, олардың мінез-құлқы мен қызметінің шындығын түсіндіру үшін аса маңызды. Бұл М.Вебердің әлеуметтік әрекет теориясын дамытуда маңызды рөл атқарады.
13.Э.Дюркгеймнің ә-уы
Дюркгейм француз әлеуметтанушысы. Ол қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты. Бұл көзқарастар б-ша адамның мінез-құлқы мен жалпы тарихи процесті саналы түрде ұғынуы, психологиялық факторлар,яғни адамдардың әуестенуі, талаптануы ж/е мүдделері негізгі рөл атқарады. Ол өзінің ә-к реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын ә-к факторлармен түсіндіру керек деп санап, индивидтердің, ә-к топтардың ж/е ә-к институттардың өзара әрекет ету жүйесі ретінде қоғам адамдардың мінез-құлқына, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың түп-төркіні,бастауы б-ды деп санады.
Дюркгейм «социологизмнің» басты принципі мен ерекшелігі-оның ә-кті әлеуметтікпен түсіндіруінде еді. Бұның мәні-құндылықтар мен идеялардың ә-к нормаларда жүзеге асуы мен ә-к реттеушіліктің тұтқасына айналуында. Қалыпты жағдайда сыртқы ә-к детерминация адамның құнды бағдары арқылы іске асады. Нормалар мен ұндылықтар ә-к құбылыстың, жалпы эмпирикалық өмірдің екі жағына айналады.
Дюркгейм у-удың ғылыми әдістерін дайындауды қолдаушылардың бірі болды. Мұндай әдіс кезінде байыптылық, яғни қоғамдық өмірдегі құбылыстарды түсіндіруде қатаң логикалық әдіс сақталуы керек деп есептейді. Оның пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік факторлар туралы ғылым. Дюркгейм қоғамдық құбылыстарды зерттеуде, ә-к фактілерді түсіндіруде себептік ж/е функционалдық талдауды әлеуметтанулық зерттеудің маңызды әдісі етіп қарастырады. Себептік түсіндірудің мәні-әлеуметтік құбылыстың әлеуметтік ортаға тәуелділігне талдау жасау. Осы ережені ол әлеуметтік терминге айналдырып, әлеуметтік құбылыстың н/е институттың функциясы-институт пен қоғамның кейбір қажеттіліктерінің арасындағы сәйкестіктерді жөнге салу деп түсіндіреді.
Дюркгейм социологизмінің айқын көріністерінің бірі-оның дін тұжырымдамасы. Діннің шығу көздерін ол қоғамнан іздеуді ұсынды.дін элементінің басты элементі құдай идеясын жоққа шығарды. Дінді уақыттан тыс тұрған,мәңгі сипатталған, кез келген қоғамдық типте ұқастығымен көрінетін абстрактілі идеологиямен теңестірді.
Оның маңызды зерттеулерінің бірі мораль болды. Моральдің басты белгісі борышты атады, оны қолдау адамның моральдық қасиетін арттырады, қоғам моральдің қайнар көзі ж/еобъектісі екенін баяндады. Дюркгйм қарастырған проблема теориялық әлеуметтанудың іргелі проблемаларының қатарына жататыны даусыз, олар бүгінгі күнде де өз құндылығын жойған емес, әлі де пікір сайыстарын туғызып келеді.
