Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_aleumet.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363.01 Кб
Скачать

46.Ұлтаралық қайшылықтар

Қайшылықтар ұлт табиғатына тән, себебі “біз” бен “олар”, “өзіміз” бен “өзгелер”, “бөтендер” ұлт психологиясына тән қайшылықтар. Оның үстіне біз күрделі, тарихи қайшылыққа толы елдің мұ¬ра¬ге¬ріміз. Орыс тілі, мысалы, бір жағынан, қа¬зақ¬тарды әлемдік ғылым мен мәдениет жетістіктеріне жет¬кізсе, екінші жағынан, оларды ана тілінен алыс¬татты, оқшауландырды. Тың және тыңайған жер¬лерді игеру, бір жағынан, экономикалық, әлеу¬меттік мәселелерді шешсе, екінші жағынан, өз елін¬де қазақтарды азшылық ұлтқа айналдырып, тіл¬дік ортаны ыдыратты. Осы және басқа қайшылықтарды күнделікті санада ақыл-парасат таразысына салып саралаудан гөрі біржақты түсіну орын алады.

Сондықтан ұлтаралық қатынастар талассыз, тартыссыз дамиды деу – утопия. Бұқаралық ақ¬па¬рат құралдары “Қазақстанда ұлтаралық қай¬шы¬лықтар жоқ және болмайды” деп кесіп айтып жа¬тады. Шындығында, ұлтаралық қатынастар ахуалы қоғамдық қатынастардан туындап, әртүрлі қай¬шы¬лықтардың пайда болуына, олардың шиеленісуіне де, шешілуіне де негіз болады. Қайшылықтар әсі¬ресе әлеуметтік, экономикалық салаларда көрініс алады. Мысалы, ел экономикасында ұлттық фак¬тор әртүрлі қырынан көзге түсіп отыр. Қазақ¬тар¬дың ауылдық жерде қоныстануы, олардың ара¬сын¬да жұмыссыздықтың басымдығы, қалалардағы бас¬па-насыздардың да денінің қазақтар болуы, өнер¬кәсіпте де жұмысшылардың кәсіби деңгейінің төмен тобы негізінен қазақтар екендігі, жоғары бі¬лікті жұмысшылардың, инженерлердің, менед¬жерлердің қазақтар арасында аздығы, сөз жоқ, байырғы халықтың көңіл-күйіне өзінің жағымсыз әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, нарықтық экономиканың ұлтаралық қатынастарға әртүрлі ықпалына әлі назар аудара алмай жатырмыз. Елді меншік иелігіне қарай әр түрлі топқа бөлу нарықтың заңдылығы: жер, қаржы, кәсіпорындар, жалпы байлықтың ұлттар арасында әділ бөлінбеуі араздық туғызады. Ұлттардың білімінің деңгейі, өмір жасының ұзақтығы, материалдық игіліктерге қол жеткізуі, демографиялық жағдайы, тіпті қылмыс¬¬тылығы да халық арасында әр түрлі ахуалға негіз болады. Сондай-ақ жұмыссыздық та, жұмыссыз қалу каупі де бәсекелестік туғызып, басқаларға де¬ген сенімсіздік ұялатады. Олардың ұлтаралық қа¬ты¬настарға ойысуы қиын емес. Қалалық жерде, кө¬лікте, сауда және оқу орындарында, мемлекеттік ме¬кемелерде ұлтаралық кикілжіңдер, реніштер бай¬қалып жатады, кейде тіпті ұлтаралық араздықты әдейі қоздырушылар да бар. Қызбалық отыз жасқа де¬йінгі жастардың арасында басымырақ. Өкінішке қарай, біздің статистикалық органдар ұлттардың жағ¬дайын қадағалап отыратын ақпаратқа мән бер¬мейді, ол қосымша қаржы талап етеді, көптеген шы¬ғынға әкеледі деген уәж айтылады. Ал ұлт¬аралық қайшылықтар қақтығысқа ұласса, көп шығынға ұшыраймыз. Ұлтаралық келісім қаржыдан да қымбат құндылық.

Ұлтаралық келісімге сыртқы көші-конның ықпалы зор. Сұрапыл көші-қон тасқыны демо¬кра¬тия¬ны, мемлекеттілікті, этномәдени құн¬ды¬лық¬тарды мойындамайтын факторларға айналып барады. Ол ұлттарды бір қазанда қайнатып, жаңа, бұрын-сонды болмаған нәсілге, этностарға, суперэтностарға айналдырады деген болжамдар бар. Оны орыс тілінде “теория диффузии расс и этносов” дейді. Испан тілді қоныс аударушылардан сескенген АҚШ бүгін мемлекеттік тіл туралы мәселе көтеріп, өз тілін қорғай бастады. Арабтар жайлаған Еуропада бара-бара еуропалық халифат болады деп үрейленушілер көбейді. Көші-қон мәселесінде либералды-демократиялық көзқарас елге қауіп төңдіретін жағдайға жетті. Қазақстанға да қоныс аударушылардың (өз тарихи отанына оралған қазақтардан басқа) саны жылдан-жылға көбеюде. Кешегі босқын, бүгін қонақ, ертең аза¬мат¬тығын алып, өз мүддесін қорғайды, көбейе келе қор¬қытады да. Лек-легімен келіп жатқан қоныс аударушылар еліміздегі ұлтаралық қатынастарды одан әрі күрделендіреді. Олардың арасында қылмысты адамдар, талай алаяқтар, отбасынан безгендер көптеп кездеседі.

Ұлтаралық қайшылықтар бірте-бірте қақты¬ғыс¬тарға ұласуы да мүмкін. Соңғы жылдары еліміздің кейбір аймақтарында дау-дамайлар орын алды. Оларды тұрмыстық талас-тартыстарға қарай ойыс¬тыра бердік, бұзақылықтың салдарымен тү¬сін¬дірдік, ол дұрыс та. Бірақ бұл жерде ұлттық пси¬хол¬огияны ескеру жөн: ұлттың бір адамын қорлау, зәбірлеу бүкіл ұлттың намысына тиеді. Сондықтан ұлтаралық жанжалдарды ормандағы өртпен те¬ңейді. Жел тұрса, ол өрт бүкіл орманды шарпиды. Егер жанжалға қатысушылар екі ұлт өкілі болса, оның жаңғырығы сол ұлттардың арасына тарап, ұлттық намысты қоздырады. Шағын елді мекендегі оқиға бүкіл елді алаңдатады. Онымен қоймай, диаспоралардың шетелдегі тарихи отанына ауысады. Қазақстандағы кейбір жанжалдардың дүмпуі Түркия, Чешенстанға жеткені белгілі. Дау-дамайларды саясаттандыру да, саяси әдептілікті сақтап, шындықты жасыра беру де пайда бермейді. Қақтығыс шағын ортада болса да, ымыраға келмейтін қайшылықтардың бар екендігінен, сол өңірдегі ұлтаралық қатынастардың осал тұстарынан хабардар етіп тұрғанына мән берілуі тиіс. Ұлтаралық жанжалдарға бейім аймақтарда алдын ала этносаяси мониторинг жүргізіліп отырса, артық болмас еді. Қылмыстық топтар, діни бірлестіктер, ұлттық мәдени орталықтар мен саяси ұйымдардың ықпалын қадағалап, этностық топтардың саны мен демографиялық ахуалы, әлеуметтік жағдайын да есепке алу жөн. Бір сөзбен айтқанда, сол елді мекеннің, ауданның дау-дамайға бейімділігін білу керек. Кейбір ауылдық аймақтарда социологиялық, психологиялық сауалдар жүргізу жанжалдардың алдын алуға себеп болады. Егер ұлтаралық қатынастарда өзара сенімнен гөрі үрей басым болса, жағдайдың ушығуы мүмкін. Ал үрей жергілікті биліктің де беделінің төмендігін көрсетеді. Құқық қорғау органдары, әкімдіктердің кейбір қызметкерлері қылмыстық топтармен ауыз жаласып, жемқорлық жайлаған өңірде әділет¬сіздіктен түңілген халық өз үкімін шығарып, заңды бұзуға дейін баруы мүмкін. Кейде жергілікті билік қақтығыстардың алдын алуға, олардың салдарын жоюға да дайын еместігін байқатады. Олардың басым көпшілігі халықпен полиция тілімен ғана сөйлеседі. Ал қақтығысқа қатысушылардың психологиясы ерекше. Әр ұлттың өкілі өзін қақтығыстың құрбанымыз деп есептейді, өздерінің іс-әрекеттерін қорғану мақсатымен түсіндіреді, олардың өз ақиқаттары мен болжамдары бар. Олармен өктем үнмен сөйлесуге болмайды. Мемлекеттік органдардың міндеті – екі жақты да тыңдап, намыстарына тимей, терең түсініп, керістірмей келістіруге ұмтылу. Бұл үлкен өнер, шеберлік, кәсіби психологиялық білімді де талап етеді. Сондықтан да болар, кейбір көпұлтты мем¬лекеттердің университеттері кәсіби этно-психолог, этносоциолог, этнополитологтар дайындай бастады, “Этноконфликтология” пәні енгізілуде.

47. білім ә-уы

Бүгінгі күні білім ә-к институттардың арасында алдыңғы қатардың бірінде жүр. Білім ә-уы-келеңсіз үрдістерді жоюға көмек көрсететін ж/е қазіргі адамның мәдениетіне ықпал ететін жаңа күштерді іздестіретін ілімдердің бірі.білім ә-уы тар көлемдегі дидактикалық мәселелерді зерттеумен тұйықталмайды, бұл саланы педагогиканың еншісіне қалдырып, адамның тіршілік әрекетін ж/е ә-к білім саласындағы процестерді кеңінен қамтуды, олардың өзара ықпалын танып білуді көздейді. Оқу қызметінің өзін ол оқушылар мен білім алушылардың өмірлік жоспарлары, бағыт бағдарлары, өмір салтының ерекшеліктері, ғылымның қоғамның бүкіл мәдени қажеттіліктері тұрғысынан қарастырады. Білім берудің құрылымын әдетте жалпы, кәсіптік, жоғарғы білім беру, техникалық және гуманитарлық білім беру, өз бетімен білім алуы тәрізді болып бөлінеді. Жалпы білім беру оқып үйретудің көлемі мен ұзақтығына байланысты үш денгейден тұрады – бастауыш, негізгі және орташа; кәсіптік білім беру – кәсіпке дейінгі (кәсіптік бағыт алу, іріктеу) және орташа кәсіптік дайындық (кәсіптік техучилищелер); жоғарғы білім беру – жоғары квалификациялы мамандарды дайындау әртүрлі ғылым, техника, мәлениет, денсаулық сақтаудың және т.б салалары үшін; ересектерге білім беру - өз бетімен білім алу.

Білім беру оқып үурету формасына байланысты күндізгі (стационарлық), кешкі және сырттай бөлінеді. Діни білім алуларына байланысты дүнияуи (дін орындарының ықпалдарына байланысты) немесе конфессионалды (дін орындарының бақылауында). Қазақстанда білім беру аясы бір ғана және тұтас мемлекет саясаты негізінде жүзеге асады.

1. Жастар үшін білім берудің барлық түрі қол жетімді;

2. Оқыту формасын еркін тандау үшін жағдайлар жасау;

3. Жалпы адамзаттық құндылықтардың басым болуы;

4. Оқыту мен тәрбие беру негізінде ұлттық-мәдениеттің орын алуы.

5. Ғылым, мәдениет және білім берудің даму денгейінің әлемдік бағытпен сайкес келуі.

6. Дамушы елдердің әдістерін пайдалану мен үйрену, олардың жетістіктері мен стандарттарын шығармашылыққа қабылдау.

7. Гуманизм, тұлғаның қызығушылықтарын арттыру, оның қабілетін дамытып, еркін өзін өзі жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсыну.

8. Қоғамдық тәжірибемен байланыста болып, білім берудің өнеркәсіп орындары, ғылым, техника және мәдениетпен өзара байланысына кепілдік ету, нарықтық эконмикаға сай тұлғаны өмір сүрудің кез келген әртүрлі формаларына дағдыланатындай етіп әлеуметтендіру.

9. Сауаттылықтың өрісін кеңейтіп, білім берудің үзіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.

Әлеуметтік білім берудің өз алдына пән ретінде қалыптасуы Э.Дюркгеймнен бастау алады, яғни атап көрсеткендей білім берудің негізгі функциясы - ұрпақтармен өсіп келе жатырған оқытушы иелік етіп отырған мәдениеттің құндылығы. Білім беру әлеуметтануының қалыптасуына айтарлықтай үлесін қосқан К.Маркс, Дж.Дьюн, Т.Парсонс, Р.Коллинз, П.Бурдье, А.Турэн және басқада XIX-XXғ. атақты әлеуметтанушылары.

Әлеуметтану өзінің қазіргі дамуы денгейінде білім беруді төрт негізгі және өзара байланысқан формада қызмет ететін көп қырлы сапа жүйесінде зерттейді:

1. Жеке адамдарда қалыптасқан үдіріс ретінде білім берудің барлық тармағын (қатысушылар, студенттер), оның өмір сүріп және әрекет етіп отырған әлемі туралы білім жүйесін өзіне қамтыған.

2. Қоғамдық сананың өркениеттік-мәдениет үдірісінің өлшемі ретінде.

3. Тұлғаны әлеуметтендіру, оны тәрбиелеудің күшті факторы ретінді.

4. Тұлға санасының, оның дамуы мен тәжірбиелік жүзеге асуының өзіне тән феноменологиясы ретінде.

Қазіргі қоғамымызда өркениеттің индустриалдық типінен постиндустриалдыққа, ақпараттыққа өтудің жүзеге асырылуында білім берудің әлеуметтік ролі мен мәні тез артып, оның функциялар жиынтығы айтарлықтай ұлғайуда. Білім беру білімді игерудің жемісі мен үдірісі, оқу орындарындағы дағдылары мен игеруі немесе өзін өзі біліммен қаруландыруы ғана емес, қоршаған ортадағы орнының ұғынып, адам дамуындағы жан жақты үдірісі. Немістін белгілі философ-экзистенциалисі М. Хайдеггердің пікірінше, нағыз білім беру адамдардың рухани дүниесін тұтастықта қамтуға, рухани құндылықтар мен мәдениет тарихының барлық байлықтарын қайта жаңғыртып және ұстап тұруға, ақиқат пен болмыстын құпиясын сақтауға,оның мәнің ашуға арналған.

Білім беру қызметтерін әлеуметтік тұрғыдан зерттеу үшін білім беру жүйесінің негізгі құрылымдық компоненттерін бөліп алған айтарлықтай маңызды. Әдетте білім берудегі игеру мен білімді беру, дағдылары мен шеберлігі тәрізді үдірістер өзара байланысқан екі құрылымдық компоненттерді бөліп көрсетеді. Олардың біріншісі, күтілетін нәтижені, базисті, оқып үйрену үдірісін қалыптастырса, нәтижесінде білім алушылар тек білім ғана емес, мәдениеттің де элементтерін игере алады.

Білім беру жүйесінің екінші маңызды компоненті тәрбиелеу үдірісі. Тәрбие өз кезегінде, мақсатты бағытталған әрекеттер үдірісінде мәдениет пен білім құндылықтарын игеру арқылы тұлғаны дамытуға, әлеуметтік әдістер, міңез құлықтың стандарттарын бойына сіңдірте отырып жеке адамды қоғамдық және мәдени қызметтерге, белсенді еңбек етуге дайындау үшін қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]