- •Әлеуметтану ғылымының нысаны мен пәні
- •2.Әлеуметтанудың гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •6.ХіХғ.ІІжарт. Ресейдегі ә-к ағымдар
- •7. Хх ғ. Ресей ә-у/ң дамуы
- •8.Қазақстандағы әлеуметтік ойлар(қазақ ағартушыларының ә-к теориялары)
- •9.Қазақ зиялыларының әлеуметтік ойлары
- •12.М. Вебердің “Түсінікті әлеуметтануы.”
- •13.Э.Дюркгеймнің ә-уы
- •14.Г.Спенсердің эволюциялық даму теориясы
- •15.ХХғ Іжарт ә-к теориялар(Мэйо, Парсонс,Мертон,Зиммель,Сорокин)
- •18.Әлеуметтанушылық зерттеу бағдарламасы
- •19.Әлеуметтанушылық зерттеудегі болжам ж/е оның жіктелуі
- •20.Әлеуметтанудағы сұрыптау тәсілі
- •21.Сұрақ алу әдісі:анкета
- •22.Сұрақ алу әдісі: сұхбат, оның түрлері
- •23.Тәжірбие жүргізу әдісі
- •24.Бақылау әдісі
- •25.Құжаттарды талдау әдісі
- •26.Алғашқы әлеуметтанушылық ақпараттарды талдау. Зерттеу қорытындысын шығару
- •28.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтар
- •32.Әлеуметтік тәртіп
- •33.Тұлғаның тәртібін әлеуметтік бақылау
- •34.Мәдениет түсінігі және оның түрлері
- •35.Мәдениеттің негізгі элементтері
- •36.Қазақстандағы мәдениеттің даму тенденциялары
- •37.Этнос қауымдастығы
- •38.Ұлттық-этникалық қатынастар
- •39.Қазақстанның ә-к құрылымы ж/е жаңа страттардың пайда болуы
- •41. Маргиналдық процесс
- •42.Отбасы ә-к институт ретінде
- •43.Отбасы-неке қатынастарының тарихи түрлері мен формалары
- •44. Жас отбасы және оның міселелері
- •46.Ұлтаралық қайшылықтар
- •48.Қазіргі білім жүйесіндегі тенденциялар мен мәселелер.
- •49.Экономикалық әлеуметтану
- •50.Нарықтық экономиканың ә-к мәселелері. Жұмыссыздық мәселесі
6.ХіХғ.ІІжарт. Ресейдегі ә-к ағымдар
Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIXғасырдың екінші жартысымен XXғасырдың үлесіне тиді.Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жургізген көптеген ойшылдар шықты.Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттарымен ағымдарын қалыптастырды.Л.И.Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның ‘’өркениет және ұлы тарихи өзендер’’деген тірі еңбегінде баяндалды.Социял дарвинизімнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып,зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді.Қоғамдық прогресс идеясы Мечниковтың әлеуметтану тұжырымдамаларында маңызды орынға ие болды.Оның пікірінше прогресс идеясы болмайынша адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы болып қалады.Әлеуметтік прогресс жолындағы қоғамның эволюция дәрежесінің сандық индикаторы ретінде Мечников адамдардың қол жеткізген ынтымақтастық деңгейіне көңіл аударды. Географиялық мектептерге тән тұжырымдама тұрғысынан қарастыруды басшылыққа алған Мечников сытқы орта мен сол ортаны мекендеген адамдардың кооперация және ынтымақтастыққа жеткізетін қабілетінің арасынан өркениет эволюциясының қайнар көзін іздестірді.Орта Мечниковтың пікірі бойынша тек жәй қоршаған табиғат қана емес ,ол адам еңбегі процесіне түскен және соның ықпалымен өзгеріске түскен оның бір бөлігі. Стронин әлеуметтік білімді жаратылыстану ғылымына ең алдымен биологияға ұқсас үлгіде қарау қажет деп есептеді.Ол қоғамды біртұтас организм ретінде қарастыра отырып қоғамдық институттарды оның жекелеген фрагменттері деп есептеледі.Сондықтан оның ''әлеуметтану физиологияға ұқсас болуы қажет''деп түйіндеуі түсінікті еді.Өзі өмір сүрген қоғамды пирамида тәріздес бейнелеу арқылы Стронин адамгершілік және интеллектуалды құндылықтарды жасайтын қоғамдағы жоғарғы құрылым тек саясатпен айналысу қажет деген ой қорытады.
Ә-уда органикалық бағытты пән ретінде жақтаушы «Болашақтың ә-к ғылымы туралы ойлар» атты кітаптың авторы П.Ф.Лилиенфельд болды. Ә-к заңдар ә-к күштердің және табиғаттағы органикалық күштердің арасындағы әрекеттерді ұқсастыру жолымен шығарылуы мүмкін деген қорытынды жасады.
Ресейде ә-улық ойдың дамуында субъективтік бағыт ерекше белең алды, өкілдері: П.Л.Лавров, Н.К.Михайловский.
Әлеуметтанулық плюрализмді басшылыққа алған М.Ковалевский, соның негізінде қоғамдық прогресс теориясын жасады. Ол ә-у/ң негізгі заңы д/з- прогресс заңы деп тұжырымдады.
ХІХғ. Ресей әлеуметтануындағы тұжырымдамалар мен көзқарастарды ХХғ. Ә-шылар байыту керек еді, алайда бұл елде болған Қазан төңкерісі ә-к ойдың дамуна түбегейлі өзгерістер жасады.
7. Хх ғ. Ресей ә-у/ң дамуы
Қазан төңкерісінен кейін Ресейде ә-у ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді.кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ә-у ғылымының өрлеуі байқалды. Зерттеулер жасалды, ә-у кафедралары құрылды.
М.М.Ковалевский атындағы Ресей ә-у қоғамы өз жұмысын қайта жалғастырды. Теориялық мәселелер қарастырылған ә-улық әдебиеттер жарыққа шықты.Сорокин, Бухарин, Сальнский шығармаларын айтуға б-ды. Бұлардың еңбектерінде ә-у білімінің пәні, теориясы және құрылымы жөнінде әртүрлі көзқарастар сарапталды, ә-у мен маркстік қоғам теориясының арасалмағын ажырату мәселесі қойылды.
20- 30жылдары қоғамдық өмірдің саласына көңіл бөлінді. 20-30жж ұлт және ұлттық қатынастар проблемасына арналған теорялық жұмыстарда И.В.Сталиннің «Марксизм ж/е ұлт мәселесі», «Ұлт мәселесі ж/е ленинизм» еңбектерінде қалыптасқан көзқарастар орнықты.
Әлеуметтанудың жандана бастағаны, ғылыми пән ретінде алғашқы еске алынуы 1955 ж басталды. Академик В.С:Немчинов зерттеу пәні- қоғамның дамуы дей отырып, әлеуметтанушы философиялық білімнің бір саласы ретінде сипаттады. Бұдан кейін 1965 жылы әлеуметтану қоғам дамуының заңдары мен қозғаушы күштері туралы ғылым ретінде айқындалды. Оның пәніне бірін-бірі алмастыратын тарихи қоғамдық формациялар, қоғамдық заңдылықтар, соның ішінде адамдардың әлеуметтік қатынастарының қалыптасуы мен даму заңдылықтары, олардың әлеуметтік өзара әрекет етуінің формалары жатқызылды.
60 жылдары әлеуметтанудың пәні туралы пікір сайыстар өрбіді, алайда оның ғылым ретіндегі өзіндік пәнін анықтаудан гөрі, әлеуметтанудың философия мен маркстік дүниетанымға қарама-қарсы тұжырым екендігін дәлелдеуге көңіл бөлінді. Осыдан келіп ә-уды тарихи материализм тұрғысында тұсіну, ал оның әдістері диалектикалық-материалистік әдістемелік екендігін анықтау бекіді.
Сонымен, 60ж 3деңгейлік ә-у тұжырымдамасы жасалды:тарихи материализмді жалпыәлеуметтанулық теория ретінде қарау деңгейі , одан жеке әлеуметтанулық теориялар құру деңгейі, бұдан ә-к фактілерді қортындылау деңгейі шықты. Аталмыш тұжырымдама кеңестік әлеуметтанудың қалыптасуында белгілі бір рөл атқарды.
