Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_aleumet.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363.01 Кб
Скачать

41. Маргиналдық процесс

Маргиналдық - өз тобынан тыс жалпыға ортақ қабылданған ережелер мен түсініктерден басқа бірегейлік нормаларын табу, өз тобына тән белгілерден айырылып дүбәрә күй кешу.Маргиналдық (лат. marginalis — шет, жиектегі, шекарадағы) — қоғамдағы әртүрлі процесстердің нәтижесінде (көшіқон, этномәдени әрекеттестіктер, қоғамдық жүйелердің модернизациялануы және басқа) пайда болатын, өзге мәдениет. Маргиналдық дәстүрлер мен нанымдарды иеленуші бола тұра бөтен мәдени құндылықтар мен әлеуметтік рөлдерді меңгеруге мәжбүр аралық, шекаралық әлеуметтік топтардың мәдени құндылықтары, дәстүрлері, нанымдары, бағдарлары және тұрмыс саясатының басқа да әлементтерінің конгломераты. «Маргиналды тұлға» ұғымын 1920 ж. өздері үшін жаңа урбанистік тұрмыс қалпына бейімдеуге мәжбүр жағдайға тап болған иммигранттардың мәдени статусы мен сана-сезімін белгілеу үшін Р. Парк ұсынды. Қоғамдық, ресми мойындалған стандарттардан өзгеше нормалары мен бағдарлары оның көрінетін маргиналды субмәдениеттердің ерекше спецификасы бар, мойындалған стандарттан белгілі бір деңгейде бас тарту — басымдық танытып отырған мәдениет өкілдерінің қабылдамауын, өздеріне күштеп тартуын туғызады (мыс., этникалық азшылықтардың жағдайы). Бұл мәселе 19З0 ж. Э. Стоунквисттің зерттелулерінде қарастырылып, зерттелді. Маргиналдыққа тән, тұлғаның мәдени «екіұдайлануы», оның бағдарларының «мәдениаралық» болуы мәдени тұрғыдан өз-өзіне пара-пар болу процесін күрделендіре түседі. Бұл деперсонализацияға, сананың бөлшектенуі, мәдени потенциалдың фрагментарлығына бастауы мүмкін. Зерттеушілер сонымен қатар Маргиналдықтың жекелеген жағдайларында тұлғаның мәдени баий түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

42.Отбасы ә-к институт ретінде

Отбасы және неке әлеуметтануның адамның тіршілік әрекетінің формасы ретінде отбасының өмір сүруі, дамуы мен өзгеруінің ішкі және сыртқы факторларының жүйесін, сонымен қатар оның құрылымын және қоғамдағы әлеуметтік функцияларын қарастыруды қамтиды. Отбасы және неке әлеуметтануында әлеуметтік қатынас ретінде неке және осы қатынастың негізі болып саналатын әрі тарихи белгілі бір ұйымдасқан ерекшелікті әлеуметтік жүйе ретіндегі отбасы арасында қайсыбір айырмашылықтар қалыптасқан. Осыдан келіп, неке әдетте әйел мен еркектін арасындағы тарихи өзгеріске түсетін қатынастардың әлеуметтік формасы ретінде пайымдалады. Ал отбасын тарихи белгілі бір ұйымдықты меңгерген шағын әлеуметтік топ ретінде және бір мезетте ерекше әлеуметтік институт ретінде қарастыру анықталған. Отбасына деген әлеуметтік қажеттілік ең алдымен қоғамның халықты физикалық және рухани жағынан ұдайы өңдіру мұқтаждығынан туындаған. Отбасындағы көшбасшылық, оны анықтаудың өлшем-бірліктері, отбасының қоғам алдында атқаратын міндеттері, некеге отыру мен ажырасудың уәждері үлкен зерттеуді тудырып келе жатқан мәселелердің қатарына жатады.

Отбасы социологиясы — отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады Отбасы – қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.

Әлеуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру

Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық,эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.

Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сипатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.

Философиялық тұрғыда «отбасы» – қоғамның ажырамас құрамды, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйымы деп санаса, әлеуметтану ғыымында отбасы – некеде және қандас туыстар негізінде құрылған кішігірім топ деп берілген. Оның мүшелері бір-бірімен тұрмыстық, моральдық жауапкершілік, өзара жәрдем көрсету қарым-қатынаста болып, әлеуметтік құрылыс ретінде қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты өзгертіп, жекелей дербестікте болады деп көрсетеді.

Педагогикалық – психологиялық тұрғыда отбасы – ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.

Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сыйпатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.

Отбасы туралы философ, педагог, психолог, әлеуметтанушы, мәдениеттанушы, т.б. ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жазып, осы проблеманың негізін қала

"Отбасы" ұғымы "неке" үғымымен тығыз байланысты. Социологияда неке дегеніміз — отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің, арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]