Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_aleumet.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363.01 Кб
Скачать

37.Этнос қауымдастығы

Қазіргі әлемде 3000 астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мекедейді. Олар 250-дей мемлекеттердебіріккен. Бұл қауымдастықтардың қалыптасуы мен дамуын ә-у ғылымының бір аласы этноәлеуметтану зерттейді.этнос-белгілі бір аумақта тарихи тұрғыда қалыптасқан, мәдени ортақ белгілері мен ерекшеліктері және өзіндік психологиясы бар адамдардың тұрақты жиынтығы. Этникалық қауымдастық-бұл шығу тегінің ортақтығымен және бірлесе өмір сүрудің ұзақтығымен өзара байланысқан адамдардың топтары. Адамдар жылдар,ғасырлар бойы ұзақ бірлесе тіршілік еткен әрекеті кезінде әрбәр топ шеңберінде оларды бір-бірінен ерекшелендіріп көрсететін тұрақты және ортақ белгілері қалыптасады. Мұндай белгілердің қатарына тіл, тұрмыс мәдениетінің ерекшелігі,салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары жатады.Адамдар белгілі бір топтарда бірге және ұзақ өмір сүре отырып, басқа топтардан бөлек ортақ және тұрақты белгілерге ие болады. Ондай белгілерге тіл, өзіндік тұрмыстық мәдениет, қалыптасқан әр түрлі халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жатады. Бұл белгілер адамдардың этникалық санасында орнығып, олар өздерінің бірлігін, ең алдымен өзінің шыққан ортақ тегін, соның негізінде өздерінің туыстық қатынастарын сезініп, осы белгілерімен олар басқа халықтардан бөлектеніп, күрделі этникалық қауымдастыққа айналады. Бұл белгілер халықтың этникалық сана-сезімінде ұдайы жаңғырып, жетіледі, сол арқылы халық өзінің бірлігін,тұтастығын, ен алдымен өзінің шығу тегінің сол адамдардан бөтен еместігін, сөйтіп, әзінің этникалық жағынан туыс екендігін мойындайды. Сонымен қатар, ол өзін басқа халықтардан ажырата алады, өйткені оған өзінің шығу тегі, өз тілі мен өз мәдениеті тән. Халықтың этникалық сана-сезімі ерте ме, кеш пе, әйтеуір оның шығу тегіндегі, мұраланған дәстүріндегі, басқа халықтар арасындағы өзінің орнын түсінудегі бүкіл түйсігі арқылы оянады.

Этникалық қауымдастық деп өздерінің шығу тегі, ортақ белгілерімен және бірге ұзақ өмір сүруімен өзара байланысқа, қарым-қатынасқа түскен адамдар тобын айтамыз. Адамдардың белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы - әлеуметтік объективтік қажеттілік десек, осы қажеттілік адамдардың түрлі топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, мүдде-мұқтажына, мәдениетіне, қызметіне және т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді.

Осы арада "этника" деген ұғымға тоқтай кеткен жөн. Ол ру, тайпа дегендерді білдіретін гректің "этнос" деген сөзінен шыққан. Этностар мәңгілік өмір сүре бермейді, олар туады, дамиды, өзгереді, өледі. Мұндай үдерісті этноәлеуметтануда этногенез деп атайды. Этногенездің негізін қалаған атақты ғалым Лев Николаевич Гумилев "этнос" деген ұғымды биологиялық және әлеуметтік тұтастық ретінде анықтап, оны биосфераның бір бөлігі, оның туындысы ретінде көрсетті. Сондай-ақ ол этногенезді әлеуметтік эволюцияның жемісі, нәтижесі ретінде дәлелдеді. Этностың ағынасы "халық" дегенге өте жақын. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша, жер бетінде 3 мыңнан астам этникалық қауымдастықтар әлемнің 220 мемлекетінде орналасқан. Қазіргі заман ұлттың этникалық қасиеттерінің маңыздылығы артып отырғандығын айқын көрсетіп берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]