- •Әлеуметтану ғылымының нысаны мен пәні
- •2.Әлеуметтанудың гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •6.ХіХғ.ІІжарт. Ресейдегі ә-к ағымдар
- •7. Хх ғ. Ресей ә-у/ң дамуы
- •8.Қазақстандағы әлеуметтік ойлар(қазақ ағартушыларының ә-к теориялары)
- •9.Қазақ зиялыларының әлеуметтік ойлары
- •12.М. Вебердің “Түсінікті әлеуметтануы.”
- •13.Э.Дюркгеймнің ә-уы
- •14.Г.Спенсердің эволюциялық даму теориясы
- •15.ХХғ Іжарт ә-к теориялар(Мэйо, Парсонс,Мертон,Зиммель,Сорокин)
- •18.Әлеуметтанушылық зерттеу бағдарламасы
- •19.Әлеуметтанушылық зерттеудегі болжам ж/е оның жіктелуі
- •20.Әлеуметтанудағы сұрыптау тәсілі
- •21.Сұрақ алу әдісі:анкета
- •22.Сұрақ алу әдісі: сұхбат, оның түрлері
- •23.Тәжірбие жүргізу әдісі
- •24.Бақылау әдісі
- •25.Құжаттарды талдау әдісі
- •26.Алғашқы әлеуметтанушылық ақпараттарды талдау. Зерттеу қорытындысын шығару
- •28.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтар
- •32.Әлеуметтік тәртіп
- •33.Тұлғаның тәртібін әлеуметтік бақылау
- •34.Мәдениет түсінігі және оның түрлері
- •35.Мәдениеттің негізгі элементтері
- •36.Қазақстандағы мәдениеттің даму тенденциялары
- •37.Этнос қауымдастығы
- •38.Ұлттық-этникалық қатынастар
- •39.Қазақстанның ә-к құрылымы ж/е жаңа страттардың пайда болуы
- •41. Маргиналдық процесс
- •42.Отбасы ә-к институт ретінде
- •43.Отбасы-неке қатынастарының тарихи түрлері мен формалары
- •44. Жас отбасы және оның міселелері
- •46.Ұлтаралық қайшылықтар
- •48.Қазіргі білім жүйесіндегі тенденциялар мен мәселелер.
- •49.Экономикалық әлеуметтану
- •50.Нарықтық экономиканың ә-к мәселелері. Жұмыссыздық мәселесі
35.Мәдениеттің негізгі элементтері
Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік элементтеріне әдет-ғұрыптар, адамгершілік, заңдар, кұндылықтар жатады. Алғашқы үшеуі мәдени нормалардың түрлері болып саналады, сондықтан да олар мәдениеттің нормативтік жүйесін құрайды. Бұл жүйе коғам мүшелеріне не істеу керегін, оны қалай істеу керектігін және қандай жағдайда өзін қалай ұстау керегін белгілейді. Өзін ұстау мәнерлері, әдеп (этикет) пен кодекс те мәдениеттің нормативтік жүйесінде, бірақ негізгі есебінде емес, керісінше, оның қосымша элементтері ретінде енеді. Кез келген қоғамда, айталық, қарапайымнан бастап бүгінгі астам (супер) коғамға дейінгі коғамдардың бәрінде әдет-ғұрыптар мен заңдар болған, бірақ мәнерлер, этикет және кодекс кез келген коғамда бола бермейді.
Кұндылықтар мәдени нормалар түріне жатпайды, бірақ мәдениеттің нормативтік жүйесінің өзге де элементтері сияқты осы жүйеге енеді және онда ерекше функция атқарады. Құндылықтар мәдениетте ненің қастерленетінін және сақталып қалатынын көрсетеді, бірақ оларды ешкімге таңбайды. Қоғамдағы ең негізгі құндылықтар ғана әлеуметтік нормалар тарапынан қорғалады. Сөйтіп, мәдени нормалардың өзі әлеуметтік нормалардың түрі болып табылады. Нормативтік жүйеде әдет-ғүрыптар, адамгершілік, заңдар базистік элементтер ретінде дәл осылайша реттілікпен берілуі керек, өйткені қоғамда тәртіп бұзушыларға қолданатын тыйым салулардың (санкциялардың) алғашқы шаң үшіншіге қарай өтуі қатаңдық деңгейінің артқандығын көрсетеді. Әдет-ғұрыптар — ұжымдық әдеттермен бекітілген дәстүрлі тәртіптер.
Адамгершілік - моральдық маңызға ие болған әдет-ғұрып.
Заң — конституциялық негізде мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдарының қабылдаған нормативтік актісі.
Мәдениеттің анықтамасы мен оның құрылымы индивидтер мен қауымдастықтардың, жалпы қоғамның әлеуметтік өміріне ықпалын саралауға мүмкіндік береді. Оның ықпалы мынандай бағыттарда жүзеге асады:
Әлеуметтендіру және жеке тұлғаларды калыптастыру арқылы. Сәби жарық дүниеге қуатты қасиеттері бар тек биологиялық организм ретінде келеді. Ол қасиеттерді тәрбие дамытады, үлгілейді, қалыптастырады, еңбек пен шығармашылыққа қабілетті саналы тіршілік иесі, адамға айналдырады. Тәрбие — тұлғаны қалыптастыратын, оны қоғамдық өмірге бейімдейтін, мәдениетке баулитын мақсатты бағыт. Бұл процесс тұлғаға сол мәдениетті түсінуге және оның шеңберінде саналы әрекет етуге мүмкіндік береді. Дәлірек айтқанда, аталмыш процесс адамды әлеуметтендіреді.
36.Қазақстандағы мәдениеттің даму тенденциялары
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап мәдени өмірде үлкен, сапалы өзгерістер басталды. Біріншіден, тарихи мәдени мұраларымыздың өзіндік орны мен қажеттілігі айқындалды, халықаралық қатынастар дами бастады.
Бұл саланың күрделі мақсаттарының бірі - мәдениетті ұлттың рухани байлығы ретінде дамыту және жандандыру.
Тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстанның мәдени даму барысында ерекше серпіліс пайда болды. Мәдениет, өнер қайраткерлері өз шабыттары мен ұмтылыстарының тек өз шығармашы лық табыстары ғана емес, сонымен бірге бүкіл мәдениетіміздің даму жағдайы сол табыстармен байланысты екендігін түсінді. Көптеген қайраткерлер өздерінің жеке мектептерін аша бастады. Соның ішінде Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованың музыкалық колледжі, өнертанушы Евгений Гуцалюктің көркемсурет мектебі, суреткер Бақыт Талқамбаевтың «Арттерапия» мектебі, »Қызғылт жал» атты халықаралық би фестивалінің қарамағындағы осы аттас би мектебі т. б. Сонымен бірге бірнеше жаңа творчестволық одақтар құрылды. Атап айтқанда:»Театр қайраткерлерінің одағы, »Хореографтар одағы», »Балетмейстерлер одағы». Галерея қозғалысы да жандана бастады, бұрынғы белгілі «Ұмай тәңірі», »Ұлар», »Вояджер», »Ретромен бірге жаңа «Арт-нават», »Ою», »Трибуна» галереялары өз жұмыстарын бастады. Жаңа әдеби қоғамдар құрыла бастады, солардың ішінде Рудный қаласында (Солтүстік Қазақстан облысы) жарық көретін «Пигмалион» әдеби-көркем журналы. Бұл басылым жаңа әдеби ағымдағы тәжірибелерге бағытталған. Еліміздің осы өңірдегі прогрессивті суреткерлерімен тығыз байланыстағы мәдени журнал «Тамыр» қазақ және орыс тілдерінде басылатын мәтіндерін парасатттылық ой-өріске бағыттайды.
Еліміздің негізгі мәдени орталығы Алматының шығармашылық өмірі түрлі мәдени шараларға толы, апта сайын көркемөнер көрмелері, он жыл қатарынан халықаралық ән фестивалі «Азия дауысы», және оның жас орындаушыларға арналған «Жас қанат» фестивалі, классикалық би өнерінің фестивалі, авторлық әндер конкурсы, ақындар айтысы өткізілуде, шоу-бизнес белсенді түрде дамуда.
Жалпы алғанда Қазақстанның кәсіби өнері еуропалық және жергілікті қазақи қалып пен тақырыптарды біріктіре білді, сондықтан хх ғасырда ол өнердің барлық саласында дамып, ойлау ұстанымында еуразиялық болып табылады. Бұның негізінде біздің ұлттық қалып пен мәдени мұраларға толығымен сүйенген орыстың академиялық білімді кәсіби мектебі жатыр. Кеңестік Қазақстанның мәдениет саясатында әрдайым талантты қазақ жастарын Кеңес Одағының ең үздік оқу орындарында білім алуын қамтамасыз ету шаралары болған. Екінші дүние жүзілік соғысы кезінде Қазақстанға, соның ішінде Алматыға көптеген Кеңес Одағының белгілі өнер қайраткерлері үкіметтік жеңілдіктермен эвакуациялануы ұлттық өнеріміздің дамуына өз үлесін тигізді. »Мосфильм» киностудия\сының негізгі бөлігі Алматыға көшірілді. Сол уақытта С. Эйзенштейннің режиссерлігімен «Иван Грозный» фильмі түсірілді. Соғыс алдында ғана құрылған Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде кеңестік үздік профессура(А. Черкасски й, Д. Митрохин)дәріс берді. Сол кездерде алғашқы балалар және жасөспірімдер театры шаңырақ көтерді. Оның негізгі ұйымдастырушысы Наталья Сац есімімен бүгінде орыс балалар және жасөспірімдер театры аталады. Осының бәрі бүгінгі Қазақстан мәдениетінің аяғына тұруына, кәсіби биіктерге көтерілуіне себепкер болды.
Еліміздің мәдени өмірінің дамуыны өз үлесін қосып келе жатқан көптеген мұражайлар мен галереялар бар. Бүгінгі таңда республикамызда 103 мемлекеттік әр бағыттағы, яғни тарихи-ө өлкетану, көркемсурет, әдеби мемориалдық, музыкалық мұражайлар бар.
Астана еліміздің басты мәдени орталығына айналып келеді. Жаңа астанамызда Президенттік мәдени орталықтың шаңырақ көтеруі оның өміріне үлкен жаңалық әкелді. Бұл орталықтың өзгешелігі-өз құрамында мұражай, орталық кітапхана және концерттік залдың болуы. Бұл ТМД мемлекеттеріндегі осы үлгідегі алғашқы орталық.
Астанада халықаралыұ фестивальдар мен конкурстар өткізу әдетке айналды. Атап айтсақ, Қазақстан халықтарының достығы фестивалі, талантты жастардың республикалық «Шабыт» фестивалі, Қазақстанның жылдық ән конкурсы «Алтын диск», Республикалық ақындар айтысы, »Тазша бала» конкурсы, қазақ әндерінің конкурсы т. б.
2004 жылдың қаңтарына Қазақстан мәдениет министрлігінің мәлімдемесі бойынша халыққа мәдени қызмет көрсетуге 48 театр, 21 кинотеатр, 291 жылжымалы және стационарлық киножүйе, 31 концерттік ұйым, 3399кітапхана, 154 мұражай, 1988 клубтық қоғам, 25 демалыс саяжайы, 4 зоопарк өз үлестерін қосты.
Барлық творчестволық үйымдардың материалдық негізі-мәдени құрылыстар сақталып, қайта қалпына келтірілуде. Мәдениет саласында мемлекет аралық қатынастар байланысы қайта жандана түсті. Бүгін Қазақстан өнердің әр бағытында жоғары дәрежедегі халықаралық аренаға көтерілді.
Жақын арада Қазақстанда мәдениетті дамытуға бағытталған «Мәдениет туралы», »Кино туралы» заң жобалары қабылданды. Сонымен бірге осыған байланысты заңды актілер де іске қосылмақ.
Елімізде білімді, терең ойлайтын мамандар даярлауға көп көңіл бөлінген. Осы мақсатпен Қазақ мәдениет өлкетану ғылыми зерттеу институтында ауылдық жерлердегі мәдени орталық қызметкерлерінің білімін арттыру курстары жұмыс істеуде, курстар мен семинар жұмыстары қайта жандандырылуда.
Мәдени дамуымыздың басты мақсаты көп ұлтты Қазақстанда бірыңғай мәдени ақпарат кеңістігін құру. Бұл кеңістіктің ұлтымызды әлемдік деңгейде танытуда, оның рухани байлығын көтеруде, әлемдік қоғамдастықпен тең дәрәжеде болуға қосатын үлесі зор.
Ауыл мәдениетін көтеру ең басты шаралардың бірі болып табылады. Министрлік 2004-2010 жылдары ауыл аймақтарын дамытуға бағытталған Мемлекеттік бағдарлама жұмысына белсенді араласты. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ауылдағы мәдениет ошақтарына көмек көрсетуді қамтамасыз ету.
Қазақстан мәдениет министрлігі отандық мәдениет пен өнерді жандандырумен, дамытумен бірге халықаралық мәдени қатынастарды жақсартуға да көп көңіл бөлуде. Қазақстанның мәдени саясатының басты бағыты елімізді жалпыәлемдік кеңістікте дұрыс дәрежеде таныту, әлемдік даму тенденцияна шығару. Жалпы әлемдік процесске қатысу, еліміздің жеке хабарлама кеңістігінің болуын қамтамасыз ету Қазақстанның, оның жалпы мәдениетінің қоғамда дұрыс пікірде болуына өте қажет. Осы мақсатта Қазақстан Мәдениет министрлігі ЮНЕСКО-ны ң ауызша және материалдық емес біртұма мұралар жөніндегі кезекті үшінші Прокламациясына қатысу үшін қазақтың материалдық емес мәдени мұралық өнер байлығы күй туралы түсініктеме ұсынды. »Біріккен музыкалық ұлттар бас консулдар таңдауы» атты сериялық радиохабарға қатысу мақсатымен Қазақстан Республикасының Мәдениет Министрлігі Гонконгтағы Қазақстанның Бас консулы Б. Сәрсенбаевқа еліміздің музыкалық мәдениеті жөнінде хабарлама жіберді.
Айта кететін жайт, өткізіліп жатқан түрлі фестивальдар мен концерттер ішкі және сыртқы мәдениет саясатына өз үлесін қосатыны. Бұл шаралардың нәтижесі халықтың барлық тегіне өз әсерін тигізеді, яғни қатысушылардың орындаушылық мәнерін көтереді, көрермендерді хабардар етеді, мәдениет институттарының салаларын байытады. Сонымен бірге «достықты нығайту» мәдени өмірде тек фестивальдар мен концерттер өткізумен ғана шектелмейді, сондай ақ еліміздің халқын мәдени білімдар етуге де көңіл бөлінген. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігімен бірлесе мәдени, білім алу жұмыстарын кеңейту мақсатында көптеген мемлекеттермен қарым қатынастар жүргізілуде. Шет елдерде білім алуға бағытталған Президенттік бағдарлама бойынша өнер, мәдениет саласы бойынша сұранымы көп мамандар дайындау ісі қолға алынған. Қазіргі кезде Германиядағы, Ресейдегі(Сургут қаласы), Башқортстандағы, Қырғызстандағы және т. б. мемлекеттердері қандастарымызбен мәдени, ғылыми байланыстар жүргізу ісі де жақсартыла бастады.
Отандық музыка өнерін шет елдерге насихаттау мақсатында да жұмыстар жүргізілуде. Аталған фестивальдар мен концерттерден өзге халықаралық конкурстарға, ғылыми конференцияларға, шығармашылық жобаларға және бұрынғы Кеңестік Одақ кеңістігіндегі ұрпақ пен мәдениет арасындағы өзара диалог орнату туралы жобаға қатысу көзделуде.
Қазақстан мемлекетін толық дәрежеде таныту барысында компакт дискілер жаздыру, бағалы музыкалық аспаптар сатып алу, шет елдерден белгілі өнер шеберлерін шақырту және өз өнер қайраткерлерлерімізбен тәжірибе алмастыру жұмыстары жолға қойылған.
Сондай-ақ Қазақстанда 2004-2006 жылдарға «Мәдени мұрағат» бағдарламасы қабылданған. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ұлттық мәдениетімізге елеулі үлес қосар белгілі тарихи мәдени және сәулеттік ескерткіштерді сақтау, қалпына келтіру , үлкен мәдени мұраларды, соның ішінде қазіргі ұлттық мәдениетті. фольклорды, әдет ғұрыпты зерттейтін біртұтас жүйе құру, ұлттық әдебиет пен жазбаның көпғасырлық тәжірибесін іске қосу. Әлемнің ең үздік ғылыми, мәдени және әдеби жетістіктеріне сүйене отырып мемлекеттік тілде гуманитарлық білім берудің сапалы қорын құру. Бұл бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1933, 6 млн. аса теңге бөлінді.
