Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_aleumet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363.01 Кб
Скачать

34.Мәдениет түсінігі және оның түрлері

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.

Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: Материалдық және рухани.

1. Материалдық - бұл өндірістегі құрал-саймандар, техника, құрылымдар, т.б.;

2. Рухани- бұл ғылым,өнер, әдебиет,;

Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі бір шартқа (жағдайға) байланысты. Дегенмен, олардың арасында тығыз байланы, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайсан, басқа да құрал-жабдық түріне айналады, ал, жаңадан пайда ой-пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызыады.

Адамдар күнделікті өмірде мәдине құбылыстардың әр түрлі түсінеді.

Біреулер мәдениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе,екіншілері- қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның сапалы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды. Осы тұрғыдан олар адамның саяси, құқықтық, кәсіби (мамандық), эстетикалық, т.б. мәдениетті адамның туралы әңгіме қозғайды; үшіншілері, мәдениетті адамның шығармашылық қабілетімен, оның білгіштігімен, көркем әдебиетті, өнерді, басқа тілдерді білумен, кішіпейілдігімен, өзін-өзі ұстап білумен, құқықтың жауапкершілігімен ұштастырады.

Бұл анықтамаларда мәдениет ұғымы бір жақты қаралып бұрмаланған. Шынын айтсақ, бұл жерде жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының нақтылы, негізгі жолдары туралы айтылмақ. Жеке адамның мәдени мұралар мен мұраттарды, яғни алуан түрлі құндылықтарды, ережелерді, нұсқауларды, жоғары адамгершілік қасиеттерді, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, бүкіл адамзаттың озық тәжірибесін жан-жақты меңгеріп, бойына сіңіруі, адамдардың бұларға жаппай тартылуын, оларға белсенді, жауапты қатынасын, араласын, білім мен тәрбинің тығыз байланыстығы туралы айтылмаған. Ол ол ма, жеке адамның мәдениетін, санасын, белсенділігін, жауапкершілігін неғұрлым жоғары дәрежеде арттыратын қоғамдағы өндіргіш күштердің, ғылым мен қоғамды ғылыми басқаруға, мдемократияны дамытуға, күнделікті материалдық тұрмыс-жағдайында, адамның үйлесімді дамуына осылардың тікелей немесе жанама тигізетін әсері туралы да ештеңе айтылмаған. Ақыр аяғында бұл факторлар адамның әлеуметтану процесін құрайтыны естен шығарылған. Қазіргі уақытта мәдениеттің 300-ден астам анықтамалары бар. Осылардың әрқайсысына тоқталмай-ақ, оның негізгі мынандай үш анықтамасына тоқтауды жөн көрдік.

Мәдениет- адам құндылықтарының жиынтығы. Басқаша айтқанда, мәдениет адамдардың іс-әрекет, қимылдарының,еңбегінің, іс-қызмет, жұмысының, тәжірибесінің негізінде жинақталған және адамгершілік қасиеттерінің, ғылымының, білімінің, тәрбиенің, әдет-ғұрып, салттардың бағалы ережелердің, нұсқаулардың, т.б. мұраттардың жиынтығы.

Адамдардың шығармашылық іс-қызметінің тәсілі. Қоғамдағы әрекеттер барысындағы әр түрлі кертартпалық қате түсініктерге, теріс ұғымдарға, ережелерге, ұсыныстарға, жоқ нәрсеге сенуге, ескі көзқарастарға, әділетсіздікке, әдепсіздікке, формализмге қарсы күресін жоққа шығаруды айтады.

К. Маркс айтқандай, мәденит адамның мәнді, маңызды күш-қуатын, яғни оның мақсатын, талап-тілегін, қабілетін іске асырып орындауды, оның өзін-өзі қалыптастыру және жан-жақты дамуын қамтамасыз етіп, күнделікті өмірде қолдануды білдірмек.

Сонымен, мәдениет дегеніміз, жеке адам бойындағы қасиеттердің дамуы және қоғамдағы құндылықтармен ұштастырылып, әлеуметтік процестермен біте қайнасуы болып табылады.

Мәдениет қоғамның ерекше бір салалы жүйесі. Бұл қоғам мен адам дамуының сапалық сипаттамасы ретінде субъектінің қоғамға, табиғатқа қатынасының деңгейін білдіретін категория.

Жоғарыда көрсетілгендей, осыған сәйкес жалпы мәдениет ұғымы нақтыланып, ол еңбек мәдениеті, өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, көркемөнер мәдениет, саяси мәдениет, мінез-құлық мәдениеті, басқару мәдениеті, т.б. түрінде көрініп отырады.

Мәдениет – тұтас бір құбылыс, оны зерттегенде жүйелік талдау әдісі қолданылады. Бұл әдісті негізінде екі тұрғыда қолдануға болады. Бірінші тұрғыда мәдениет қоғамның, оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде болады, екінші тұрғыда – мәдениет жүйе ретінде, яғни оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер, олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді. Мәдени процесте адам тек қана жай жасаушы ғана емес, сонымен қатар ол ешқандай табиғи керемет сырт күштерге қарамастан оны дамытушы, жетілдіруші, өзгертуші, қайта құрушы жасампаз куш. Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]